2.2 Адамды саудаға салу қылмысының себептері мен жағдайлары
Әйелдерді жасырын көші-қонға әкету немесе тартудың себептері, әдетте, олардың қоғамдағы төмен мәртебесі, жұмысының жоқтығы және еңбекке орналасуға ұмтылуы болып табылады.
Қолда бар статистика бойынша, "Қазақстандағы 7 752 300 әйелдің 15 жасқа дейінгісі -1 762 083, 15-тен 59 жасқа дейінгісі - 4 682 400, зейнеткерлер - 1 307 817 құрайды. 1997 жылы 1 71 500 әйел ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген. 3 438 960 адам кедейлік күнкөріс күйін кешуде. 1999 жылдан 2000жылға дейін шамамен 300 мың әйел ажырасқан. 3 139 500 әйел еңбек етеді, оның 2 473 900-ы жалданып істейді.
Жұмысқа қабылеті бар 1 542 900 әйел жұмыспен қамтылмаған, 1997 жылы некеден тыс 48 804 бала дүниеге келген. 4 мыңға жуық әйел – жалғыз басты аналар. Бұл 700 мың әйелдің отбасын жалғыз асырайтынын, 3 139 500 жұмыс істейтін әйелдің 1 307 817 зейнеткерді, 3 438 960 кедейлік күн көрісі төмендерді қамқорлыққа алатынын көрсетеді.
Оған қосымша 14 жасқа дейінгі 1 946 370 бала бала бақшаға алынбаған, 174 230 баланың қымбат бала бақшаға төлемақысы жетпейді, ІЖӨ жан басына шаққанда 1 542 мың теңге және 1997 жылғы ақшаның құнсыздануы 101,9%-ды құрайды.
Оралмандардың әзірше Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтынын, шетел қызметкерлері болып табылатынын, тиісінше салық салу тұрғысынан пайдасыз деп есептелетінін ескере отырып, тек 37% әйел мен 46% ерлері жұмысқа орналастырылған, ал 15%-ның тұрғын үйі жоқ. Бұдан оралмандардың ел бойынша сыртқы көші-қон тенденциясына ие болатынын, жұмыс берушінің алдында қорғансыз екенін және сыртқы траффик кезінде пайдалану үшін алдау құрбаны болу мүмкін екенін айта кету керек» [4].
Эмиграция себептері де осы тұрғыда: Қазақстандағы қиын экономикалық жағдай және басқа елде жақсы өмір сүруге деген үмітке құлшыныстан туындауда. Әйелдерді мұндай қадамға итермелейтін негізгі дәлел – бір үзім нанын табу және өзінің отбасын асырау. Кәсіпкер адамдар осы жағдайды өз бизнесінде пайдалануда [20].
Шекарадан тыс жерге еңбекке орналасу, біздің әйелдеріміз үшін күңдікке айналады. Енді "секс-туризм" термині жарыққа шығып, мейлінше көңілге қонымсыз ассоциациялар тудырып отыр. Бүгінгі таңда экзотикалық кәсіптің әуесқойларына ғаламның әр түкпірінде әр түрлі мүмкіндіктер ұсынылады.
Қазақстанның адам тауарының транзитіне айналуы, бұл да өз кезегінде құрылымының күрделілігімен көзге түсуде. Бұған ең алдымен еліміздің тоқсан жолдың торабында орналасып,
Азия мен Еуропаның арасындағы «алтын көпірге» айналып отырғаны басты себеп болуды. Бұл тұрғыда тек адам саудасы ғана емес, наркотрафиктің, қару жарақ айналымының да жолы екенін айта кету керек.
Кейбір фирмалар тарапынан сұлулық байқауына қатысушы, модель ретінде шетелдік турларға қатысушы ретінде жұмыстар ұсынылатыны белгілі жағдай. Әдетте, фирмалар ресми тіркелген және жасырын түрде заңсыз бизнес - әйелдер саудасымен айналысады.
Мұны құл саудасымен айналысатын жалғыз адамның ісі немесе басқа елден гастрольге келген адамдардың жекелеген істері деп айтуға болмайды.
Траффик құрбаны болуға аз-ақ қалған әйелдер мен қыздардың айтуы бойынша, әр түрлі кеңселердегі бірнеше адам оларға адам қызығарлық ұсыныстар айтып уәде беріп, иландырады. Құжаттарды ресімдеудің қалыптасқан тетігіне, әуежайлар арқылы кідіріссіз өту, т.б. жайларды есепке ала отырып, олардың қалыптасқан желісі, тіпті жоғары жақта «көкелері» мен осыған орай жұмыс істейтін штаттық қызметкерлердің арнайы кеңсесі бар деп айтуға болады.
Шетелге жұмысқа барудың негізгі себебі, бұл өз отбасының тұрмыстық жағдайы үшін ақша табуға ұмтылыс болып табылады. Еліміздің экономиклық жағдайының төменгі деңгейі тиісінше азаматтарға өз қажеттілігіне сай жұмыс істеп, қаржы табуына мүмкіндік бермеуде.
Аз қаржыға ешкім де жұмыс жасағысы келмейді, жағадайы жетсе бизнес пен ғылым саласында жұмыс істегісі келеді. Біліктілігі аз, төлемақысы төмен жұмыстарды атқарудан бас тартуда.
Елімізде қалыптасқан әлеуметтік құрылымның жоқтығынан әйелдерге дербес және жауапты жұмыс іздеуіне бөгет жасалуда.
Жалпы қоғамдағы құқықтық-саяси сананың мешеулігі, іс құжаттарын жүргізу тілінің әлі де дұрыс жолға қойылмуы, азаматтардың заңға деген сенімділігінің ақталмауы, сыбайлас жемқорлық, жең ұшынан жалғасу экономикалық жайсыздықтар сияқты қоғамдық індеттердің тұрғындардың жалпы әлеуметтік жағдайларына үлкен әсерін тигізіп жатқаны анық.
Әйелдер мен балаларды заңсыз сыртқа шығару және сату, балалар мен әйелдер траффигі ретінде анықталған әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде көзге түсіп отыр, сондай-ақ Қазақстандағы әлі зерттелмеген құқықтық мәселеге айналды десем қателеспеспін.
Қазақстандағы әйелдер мен балалар траффигінің ресми статистикасының болмауы, өз кезегінде халық арасында бұл мәселе туралы ұғымның толық таралмауы, зорлық пен құлдыққа салу мақсатындағы пайдалану қылмысы, яғни траффиктің Қазақстанда өркендей беруі үшін ыңғайлы жағдай туғызып отыр.
Жоғарыда айтылғандай, әйелдер траффигі біздің еліміз үшін, ең алдымен, әлеуметтік және экономикалық сипаттағы себептермен шарттастырылған жаңа құбылыс. Әйелдің жұмыссыздығы, төмен жалақысы, өз елінде жұмыс жасау мүмкіндігінің шектеулілігі және басқа да жағымсыз факторларды, криминалдық элементтерді, сутенерлар кандидаттарды іріктеу үшін пайдалануд. Бұл мақсатта төмендегідей әдістер қолданылады:
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жоғары білікті мамандарды шетелде жұмыс істеу үшін жоғары төлемақылы жұмысқа шақырып жарнама жасайды;
- неке агенттіктері мен халықаралық танысу қызметтерін ұйымдастырады;
- халықаралық жарнамалық агенттіктермен және сән салондарымен ұйымдастырылған сұлулық пен фотомодельдер конкурсының іріктеу турлары өткізіледі.
Шекарадан тыс жерге келгеннен кейін қыздар түгелдей өз қожайындарына тәуелді болып қалады. Олардың құжаттарын тартып алынып, тіршілік қаражатынсыз қалады, үнемі полицияға ұсталып қалу қаупімен жүреді. Олардың бұдан кейінгі тағдырлары бізге белгілі [21].
Осылай, Қазақстандағы траффиктің негізгі себептері кедейлікке, жұмыссыздыққа және ішкі көші-қонға келіп тірелуде. 2002 жылғы деректерге қарағанда орта есеппен Қазақстан бойынша 100 жұмыссыз еркекке 163 жұмыссыз әйел сәйкес келеді екен.
Бұл деп отырғанымыз әйел қауымының қолы бос, уақыты көп және мүмкіндігі де кең деген сөз. Қоғамымыздағы осындай олқылықтарды өз пайдасына шешіп отырған «кәсіпкерлер» барлық мүмкіндіктерді пайдалану үстінде.
Бұл қылмыстың алдын алмау және нақты жұмыстар жасамау, кейіннен бізге үйірілгелі тұрған үлкен індет жайлы ескертеді.
Бұл тұрғыда мысал іздеп, алысқа барып қажет жоқ, елде жайлап жүрген есірткі саудасының даму қарқыны барлығын да анықтап берген сияқты. Және де аурудың батпандап кіріп, мысқылдап шығатынын есте ұстау артық болмас еді, яғни қоғамға кірген қуіпті дерт оңай жазылмайды, тіпті жазылған күннің өзінде үлкен салдарын қалдырып кетері анық.
Достарыңызбен бөлісу: |