1.4 Адамдарды саудаға салу қылмысының субъективтік белгілері
Қылмыстың субъективтік жағы ниет пен мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар бұған сезімдер мен эмоцияларды да жатқызады, алайда олар кінәнің құрамына енеді.
Қылмыстың субъективті жағының белгілері негізгі (міндетті) және факультативтік (қосымша) болып бөлінеді. Біріншісіне кінә, нақтырақ алғанда, оның нысандары: қасақаналық және абайсыздық кіреді.
Нақты шындықта бұл қасақаналық пен абайсыздық (олардың түрлері тиісінше тікелей және жанама, менмендік пен немқұрайдылық) қылмыстың мәні мен сипатына қарай кез-келген құрамда белгілі орынға ие болады, субъективтік жақтың міндетті белгілері ретінде орындалады.
Қылмыстың субъективтік жағы, адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі өзінің адамдарды пайдалану үшін алдау жолымен жалдап отырғанын сезінеді, біледі және оны қалайды.
Демек, туристік фирманың қызметкері нақты тұлғаны жұмысқа қабылдау немесе оның құжаттарын шетелге шығу үшін рә6сімдеу салдарын сезінбей тұрып, жауапкершілікке тартылуы мүмкін емес. Алайда, тәжірибе шетке әкетілетін қыздардың пайдаланылуы туралы болжамдардың болмауы өте күрделі екенін көрсетіп отыр.
Мұндай кінә, тұлғаның олармен жасалатын қылмыстық заңда қаралған қоғамға қауіпті әрекетке (әрекетсіздікке) психикалық қатынасы және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленетін оның салдары болып табылады. Бұл дефиниция құқықтық ғылыммен әзірленіп, шын мәнінде заңгерлермен қабылданған.
Белгілердің екінші тобы – қылмыстың ниеті мен мақсаты кейбір құрамдар үшін міндетті, ал екіншілері үшін құрамның факультативтік белгілері қызметін атқарады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабының құрылымының өзі ниет пен мақсаттың зерттеліп отырған қылмысты саралау үшін міндетті мәні бар екенін баяндайды, ол дегеніміз – пайдаға кенелу, нәпсіқұмарлық немесе өзге де мақсатта пайдалану.
Ниет – тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекет жасау пиғылынан туындаған ішкі ниеті, мақсат – қылмысты жасау кезінде неге ұмтылатынын, нені қалайтынын білу.
Айыптының әрекеттерін Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша саралауда жәбірленушіні алдауда, азғырып-көндіру кезінде ненің орын алғанын анықтау қажет.
Сондай-ақ, азғырып-көндіруге бірнеше адамның (екі немесе одан да көп) тартылғаны қажет.
Мұндай қорытынды көпше түрдегі жәбірленушілер туралы айтылатын Қылмыстық кодекстің 128-бабының диспозициясына тұжырым жасаудан туындайды. Адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит қылмысының субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға болып табылады [14].
Бұл ұғымның мәтінінде, егер қылмыс субъектісі қылмыстық- құқықтық ұғым деп түсінідірілсе, онда қылмыскердің тұлғасын криминологиялық деп айтуға болады.
Алғашқысының негізгі белгілері: жеке тұлға, есінің дұрыстығы және қылмыстық заңмен белгіленген жасқа толуы.
Екінші ұғым тұлғаны сипаттайтын қасиеттерді қамтиды: әлеуметтік-демографиялық, білім беру - мәдени, функционалдық, адамгершілік-психологиялық, қылмыстық-құқықтық.
Тұлғаны аталған қылмыстың субъектісі деп тану үшін ең алдымен нақ осы жеке тұлғаның қандай әрекет жасағанын – қоғамға қауіпті ме және қылмыстық-құқыққа қайшы әрекет пе – соны анықтап алу қажет.
Қылмыстың субъектісі болып қылмысқа қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші), алдын ала қасақана қылмыстық әрекетке кінәлілер (дайындық және шабуыл жасау кезеңінде) және қолданыстағы Қылмыстық кодекс бойынша қылмысқа өзге де қатысушылар (хабарламаушылық – тұлғаның пассивтік тәртібі, жасырушылық, ертерек уәде жасалған – оның белсенді тәртібі) саналады.
Сондай-ақ, қылмыстың субъектісінің басқа екі ортақ белгілері туралы да айта кеткен жөн: жасы мен есі дұрыстығы – адамның психофизикалық қасиеттері. Біріншісі бойынша – белгіленген жасқа жеткені немесе жетпегені туралы фактінің нақтылығы анықталады. Екіншісі бойынша - тұлғаның өз әрекеттеріне есеп бере алатын немесе оларды басшылыққа алатыны мақұлданады.
Осы тұрғыдан алғанда қазіргі кездегі қылмыс фактісінің белең алып кетуіне осы бөлімде қарастырып жатқан субъектілердің жалпы жауаптылықтан оңай құтылуының барлық жолдары солардың пайдасына шешілуде деуге болады.
Өйткені енді ғана заңнамалық тұрғыдан азда болса жетілдірілген құқықтық реті әлі де болса толық түрде емес екенін айқын көрсетіп отыр. Статистикалық мәліметтің дерегі бұл қылмыстың біздің елдегі үлес салмағы 0,02 % көрсеткішті көрсетіп отыр. Неге?
Біріншіден, құқық қорғау органдарының бұл қылмыстың құрамын ашып, тергеуге толық дәрежеде мүмкіндік бермеуде, себебі қылмыскерлердің өзара үлкен ұйымдасқан синдикаттары және жүйелі әрекеті, тек бергі жақтағы шабақтарының ілінуіне ғана мүмкіндік беруде.
Тамырын тереңге жайған сыбайластық, ел ішіндегі туристік фирмалардың бейберекет әрекеттері олардың бұл саланы пайдалы табыс көзіне айналдыруына себепкер болуда.
Келесі саралау бойынша қоғамдық қауіпті және құқыққа қарсы әрекеттер субъектілері төмендегідей құрамдарға бөлінеді: нақты субъектілер және арнайы субъектілер (лауазымды тұлға, әскери қызметші, өкімет өкілі) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабында қаралған қылмыстарды жасау кезінде жалпы субъект қолданылады [14].
Қылмыс субъектісінің белгілеріне (жасы, есі дұрыстығы) В.Н. Кудрявцев тұлғаның сотталғандығын, қылмыстардың қайталануы мен рецидивін жатқызады. Бұл қылмыстың арнайы субъектісінің ұғымы мен белгілерінен бөлек [18].
Теория жүзінде мұндай айқындаманы адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит жөніндегі қылмыс құрамына қолдануға болады, алайда іс жүзінде 1997 жылғы статистика бойынша ҚР ҚК-нің 128-бабымен бірде бір адам сотталмаған. Қазір де бұл бап бойынша жауапкершілікке тарту фактілері өте аз.
Қылмыстың құрамы формальды, яғни ол азғырып-көндіру сәтінен бастап (азғырып-көндіру туралы шартқа қол қойылған, еңбек келісімі, жәбірленушінің құжаттары еңбекке орналастыру жөніндегі фирмаға жіберілген) аяқталған болып есептеледі. Айыптының өз мақсатына қол жеткізуі, яғни пайдаланудан мол пайда алуы міндетті емес.
Аталған қылмыс құрамының формальдылығынан, яғни Қылмыстық кодекстің 128-бабының 3-тармағында қаралған қылмысты мойындау үшін аяқталуы міндетті емес.
Адамдарды алдау жолымен болашақта пайдалану мақсатында адамдарды азғырып-көндірудың, сыртқа шығарудың және транзиттің өзі қаншалықты орын алатынын анықтау жеткілікті.
Бұл жағдайда тараптардың келісім-шарт жағдайлары туралы ауызша келіссөздерінің, әдетте, қаралып отырған бап бойынша айыптының әрекеттерін саралау үшін жеткіліксіз.
Дегенмен, қорқыныштан гөрі, мақсатқа жетем деген құлшыныстың басым болуы, менің осы проблеманы қарастыруыма себеп болды. Ал, тақырыпты зерттеудегі басты мақсатым, бұл проблеманың барлық тұстарын ашып, қоғам алдында түсініксіз болып табылатын жалпы тақырыптың мәнін ашып, оны өзімше тұжырымдап, осы мәселені зерттеудегі белгілі бір жолды ашу еді. Сондықтан, мен, өз жұмысымда негізгі ұғымдар мен тақырыптың құқықтық санаттарын, оның пікірталастық сәттерін, тақырып бойынша нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін халықаралық және қазақстандық тәжірибені барынша қарастыруға әрекет жасадым.
Еске сала кететін жай 128-бап адамдарды нәпсіқұмарлық немесе өзге де мақсатта пайдалану үшін азғырып-көндіру тек алдау жолымен жасалса ғана жазаланады, осыған орай, қылмыстық жазаға тартылтындардың шеңбері де тарылады, яғни тек сатушылар мен азғырушылар ғана жазаланды. «Адал» жасалған (егер осы сөзді қолдану мүмкін болса) азғырып-көндіру қылмыстық емес әрекет деп танылады [14].
Мұндай траффик құрбандарының бұлай жалдануға саналы түрде өте жиі баратыны ешкімге құпия емес. Әрине, олар соның салдарынан келетін қиындықтарды көз алдына елестете алмайды ғой.
Достарыңызбен бөлісу: |