Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы мен өзектілігі


Дипломдық жұмыстың құрылымы



бет6/19
Дата09.01.2022
өлшемі453,5 Kb.
#110647
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ДИП Адам саудасы
дип
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АДАМ САУДАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ қылмыстық ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ


1.1 Адам саудасы және заңсыз миграция
Адам саудасы бүгінгі таңда адамның ең басты құқықтары мен бостандықтарын бұзып отырған өзекті проблемалардың бірі. «Адам саудасы» - қанау мақсатында жүзеге асырылатын адамдарды азғырып-көндіруді, тасымалдауды, біреулерге беруді, жасыруды немесе күшпен қорқытуды, оны қолдануды немесе мәжбүрлеудің басқа түрлерін, ұрлауды, алаяқтықты, алдауды, билікті немесе жағдайдың осалдығын өрескел пайдалануды қолданy жолымен, не болмаса басқа адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін төлем немесе тиімділік беру түрінде сатып алу жолымен алуды білдіреді. Сонымен қатар заңсыз миграция халықаралық және еліміздің заңдарына қайшы келетін үрдіс болып табылатындықтан бұл да маңызды мәселелердің бірі. Ал, «Заңсыз миграция» - тікелей немесе жанама жолмен қандай да болмасын бір қаржылық немесе басқа материалдық пайда алу мақсатында, қандай да болмасын мемлекетке оның азаматы болып табылмайтын немесе оның территориясында тұрақты түрде тұрмайтын кез келген тұлғаның заңсыз түрде кіруін қамтамасыз ету дегенді білдіреді [4].

Дүниежүзі бойынша адамдарды өз еркінен тыс құлдыққа салушыларға қарсы заңнамалар қатаңдатылып, түрлі конвенциялар күшіне енді. Бірақ адам еңбегін қанау тыйылмақ түгілі, жыл санап өсіп отыр. Халықаралық ұйымдардың мәліметінше, табыстылық жағынан алып қарағанда адам саудасы әлемде қару мен есірткі саудасынан кейін үшінші орында тұр. Халықаралық еңбек ұйымының статистикасы бойынша әлемде 21 млн. адам құлдықта күн кешіп жүр екен. Ал осы жылы адам саудасынан түскен табыс 150 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны құраған. Жыл сайын 800 мыңнан аса адам саудаланады [5].

Әр жыл сайын дүниежүзі бойынша 4 миллионға жуық адам құлдыққа сатылады. Алдап-арбау жолымен өз Отанынан сырт мемлекеттерге әкетіліп, тегін жұмыс күші ретінде немесе жезөкшелікпен айналысуға итермелеу жағдайларын қазіргі заманның құлдығы дегеннен басқаша атау мүмкін емес. Ішкі мазмұны, орындалу механизмдері тіпті түсініксіз – сәби саудасы, шетелдерге жұмысқа жалдану, т.б. адам саудасының кеңінен жайылған түрлері бар. Өкінішке орай, уақыт ағымынан түсініксіз күй кешкен кез-келген мемлекет ХХІ ғасырдың құлдығына қарсы тұра алмауда. Мұның көрінісін мынадан-ақ байқауға болады: біріншіден, адам саудалаушылар өздерінің қылмыстық қызметтерін сырт көзге байқалмайтындай етіп, ұйымдастыра алды. Екіншіден, экономикасы тұрақсыз, әлеуметтік жағдайы төмен елдің халқы құл иеленушілердің құрбандығына бірінші болып шалынады. Үшіншіден, соғыс өрті тұтанған немесе тұтануға жақын жаңжалды аймақ – «қарабазардың» қызған орталығы деуге болады. Тұрақсыз аймақта адамды ешбір кедергісіз ұрлауға да, осында әкеліп сатуға да болады. Тіпті, «тірі тауарды» өлтіріп тастау да қиын емес. Жұмсартып айтқанда, адам құны арзандаған қоғамда, екі аяқты пенде қорғаныссыз қалып отыр. Бүгінгі күннің ең қатал, ең сұмдық, бірақ даусыз ақиқаты «ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ» формуласы – адам саудалаушылардың қолындағы таптырмас құралға айналды.

Мамандар пікірінше, адам саудасы мынандай 9 топқа бөлінеді екен:

- жыныстық қанау мақсатында жасалатын әйелдер мен балалар саудасы;

- еңбекте қанау, құқыққа немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тарту мақсатында;

- сурогаттық ана болуға мәжбүрлеу үшін жас әйелдерді, қыздарды сату;

- мәжбүрлі қайыршылыққа тарту;

- қарулы қақтығыстарға пайдалану;

- дене мүшелері мен тіндерді трансплантациялау;

- заңсыз бала асырау арқылы кәмелетке толмағандарды сату;

- бала туу мүмкіндігін қанау;

- жұмыс пен қызмет жасауға мәжбүрлеу мақсатымен некеге тұру, оның ішінде «пошта арқылы қалыңдық іздеу» жүйесін ұйымдастыру және неке агенттіктерін пайдалану арқылы адам саудасын жүзеге асыру.

Адам саудасы құрбандарын қанаудың типтік салалары:

- құрылыс;

- ауыл шаруашылығы;

- төмен білікті өндіріс (мысалға, тігін өндірісі);

- қоғамдық сервис (мысалға, қонақ үйлер, мейрамханалар);

- үйді күту қызметін көрсету;

- көңіл-көтеру индустриясы және секс-қызмет көрсетулер [5].

Осындай заңсыз әрекеттері арқылы құныққандар пайда табу үшін ешкімді де аямайды. Олардың қақпанына көбінесе жұмыссыз жүрген жастар түседі. Қаныпезерлер аңқау да албырт жастарды «Мол жалақы төлейтін жұмыс тауып беремін» деп немесе «Шетелге барып оқысаң, тіл үйренесің, онда жұмыс түрі де көп, жалақысы да жоғары» деген секілді сөздерді айтып, өздерімен бірге жүруге көндіреді. Барған жерінде алданған жастар еліне жетуге зар болады. Осы мақсатта кейде қара ниетті адамдар жер-жерге хабарландыру жазып, жастарды тегін ағылшын курстары мен компьютер үйрететін орталыққа шақырады. Мұндайдасақ болған жөн. Сонымен бірге жастарды киноға түсуге, түрлі конкурстарға (кастинг) қатысуға шақырған хабарландырудың артында да сондай адамдар болуы мүмкін. Кейбіреулер, тіпті органын сатса, көп ақшаға кенелетінін айтып, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарды көрер көзге тура жолдан тайдырады. Басында баспанасы жоқ, әр үйдің босағасын сағалап жүрген адамдар үй алып, тұрмысын жақсартып алу үшін амалсыз бұған да келіседі. Бірақ көп жағдайда олардың мұндай «армандары» орындала бермейді. Онсыз да тұрмыстың тауқыметін тартқан, жағдайлары қиын адамдарды әлгі айуандар діттеген жерге жеткізіп алғаннан кейін құжаттарын тартып алып, оларды жоғарыда аталған жолдармен ақша жасауға зорлайды. Адам саудасын күнкөріс көзіне айналдырушылар қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан қиын жағдайды «ұтымды» пайдалануда [6].

Адам саудасы Қазақстанды айналып өтпеді. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның статистикалық мәліметтері бойынша, еліміз әлемдегі адам саудасы ең көп тіркелген елдердің арасында көш бастап тұр. Құзырлы орындар елімізде адам саудасы жаппай сипатта емес, алайда, жыл сайын бұл бағыттағы қылмыстар саны артуда дегенді айтады. Бас прокуратураның мәліметінше, осыдан екі жыл бұрын адам саудасына қатысты 267 қылмыс ашылса, былтыр – 350 қылмыс тіркеліпті. Адам саудасына қатысты қылмыстарды жасағаны үшін сотталған азаматтар саны артқан. 2012 жылы – 116, 2013 жылы – 166, 2014 жылы 134 адам, 2015 жылы - 161 заңсыз әрекеті үшін темір торға тоғытылыпты [7].

Халықаралық миграция жөніндегі ұйымның статистикасы бойынша, 2004–2015 жылдар арасында осы ұйымнан көмек алған адамдардың 50 пайызы қазақстандықтар екен. Екінші орында Ресей, Молдова, Филиппин және Қытай елі тұр. Ұйымның дерегіне қарағанда, адам саудасы бойынша жәбір көретін әрбір жетінші адам кәмелеттік жасқа толмаған және олар Қазақстан азаматтары болған [8].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет