5В011000 «Физика» мамандығының
«Физика және физиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН
1-күн сұрақтар
Емтиханға ұсынылатын сұрақтар тізімі:
3.1
3.1. 1 Координата және санақ жүйелері. Материалық нүкте кинематикасының негізгі теңдеулері.
3.1.2 Қатты дене динамикасы. Денелердің оське қатысты инерция моменті. Штейнер теоремасы. Қатты денелердің айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы.
3.1.3 Материалық нүкте динамикасы. Ньютон заңдары.
3.1.4 Қатты дененің айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы.
3.1.5 Тұйық жүйеге арналған импульс моментінің сақталу заңы. Галилей және Лоренц түрлендірулері, түрлендірулердің инварианттығы.
3.1.6 Күш жұмысы, потенциалық және кинетикалық энергиялар, энергияның сақталу заңы.
3.1.7 Сұйықтар мен газдар механикасы элементтері. Тұтас ортадағы механикалық тербелістер мен толқындар.
3.1.8 Тұйық жүйедегі импульстің сақталу заңы.
3.1.9 Галилей және Лоренц түрлендірулері, түрлендірулердің инварианттығы.
3.1.10 Нүкте кинематикасы мен қатты дене кинематикасы.
3.1.11 Механикалық толқындар, қума және көлденең толқындар. Механикалық толқын теңдеуі.
3.2
3.2.1 Қысым, температура. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі.
3.2.2 Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Рейнольдс саны.
3.2.3 Тасымалдау құбылыстары, теңдеулері. Тасымалдау коэффициенттері.
3.2.4 Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер және олардың графиктері.
3.2.5 Термодинамиканың бірінші бастамасы, жылу сиымдылық, идеал газдардағы процестер.
3.2.6 Термодинамиканың екінші бастамасы, дөңгелек (циклдік) процестер.
3.2.7 Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс заңы. Ван-дер-Ваальс изотермалары.
3.2.8 Политроптық процестер.
3.2.9 Дальтон заңы.
3.2.10 Идеал жүйелердің статистикалық теориясы. Идеал емес жүйелердің статистикалық теориясы.
3.2.11 Газдар мен плазмалардағы элементар процестер.
3.2.12 Энтропия. Клаузиус теңсіздігі. Қайтымсыз процестердегі энтропияның өзгерісі.
3.3
3.3.1 Диэлектриктер.
3.3.2 Электромагниттік сәулеленудің еріксіз күшейтілу принциптері.
3.3.3 Тұрақты токқа арналған дифференциаль түрдегі Ом, Джоуль-Ленц заңдары.
3.3.4 Металдардың электрондық жылу сиымдылықтары.
3.3.5 Электромагниттік толқындар. Пойнтинг векторы.
3.3.6 Максвелл теңдеулері. Физикалық тұрақтыларды тәжірибе жүзінде анықтау.
3.3.7 Электромагниттік индукция құбылысы. Өздік индукция. Индукциялық эқк пайда болу себебі.
3.3.8 Айнымалы ток. Активті, сиымдылық, индуктивті кедергілері бар айнымалы ток тізбегіне арналған Ом заңы.
3.3.9 Заттардағы магнит өрісі, магнетиктер. Кюри температурасы.
3.3.10 Тұрақты токтың магнит өрісі. Магнит өрісінің индукциясы мен кернеулігі. Био-Савар-Лаплас заңы.
3.3.11 Тұрақты электр тогы, дифференциал формадағы тұрақты ток заңдары.
3.3.12 Кулон заңы, суперпозиция принципі.
3.4
3.4.1 Френель дифракциясы. Оптикалық кескіннің дифракциялық табиғаты.
3.4.2 Жарықтың интерференциясы. Ньютон сақиналары. Өткен және шағылған жарықтағы максимум және минимум шарттары.
3.4.3 Сыртқы және ішкі фотоэффект. Фотоэффект заңдары. Эйнштейн теңдеуі.
3.4.4 Дифракция.
3.4.5 Лазерлік сәулелену және сызықты емес оптика.
3.4.6 Жарықтың интерференциясы мен дифракциясы.
3.4.7 Геометриялық оптика элементтері. Көз және көру.
3.4.8 Поляризация құбылысы. Малюс және Брюстер заңдары.
3.4.9 Жылулық сәулелену заңдары. Планк теңдеуі.
3.4.10 Дисперсия, жарықтың жұтылуы және шашырауы. Бугер заңы.
3.4.11 Кристалдардың анизотропиясы. Жарықтың қосарланып сынуы.
3.5
3.5.1 Газдар мен плазмалардағы элементар процестер.
3.5.2 Мазерлер мен лазерлер.
3.5.3 Атомдық жүйелерді кванттық механикалық бейнелеу.
3.5.4 Материяның кванттық -толқындық дуализмі. де Бройль толқыны.
3.5.5 Атомдардың электр және магнит өрістерімен өзара әсерлесулері.
3.5.6 Атом ядроларының жалпы қасиеттері. Ядролық моделдер.
Достарыңызбен бөлісу: |