Ақмола облысының Әділет департаменті Көкшетау қаласының мемлекеттік нотариалдық кеңсесі
Қор 277, 65 сақт. бірл., 2009-2012 жылдары
2009 жылдың 01 қыркүйектегі № 150 ҚР Әділет департаменті бастығының бұйрығымен бекітілген, ережеге сай құрылды. 2012 жылдың 22 ақпандағы Ақмола олысының Әділет департаменті бастығының м. а. бұйрығы негізінде жабылған.
Мемлекеттік нотариалдық кеңсе заңды тұлғаның құқығы жоқ, Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылған, оның міндеті нотариалдық әрекет жасау жолымен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылды.
Нотариалды әрекеттерді тіркеу үшін реестрлер. Нотариалды куәландырылған өсиетнамалар, мұрагерлік істер, тұрғын үй, пәтер, саяжай, гараждар мен жер телімдерін меншіктен шығару және кепілдікке салу туралы шарттар, ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктегі үлесіне құқығы туралы куәліктер. Мұрагерлік істер мен өсиетнамаларын есепке алу әліпбилік кітаптар.
Қазақ, орыс тілдері.
Дербес нотариус Кубитаева Гүлжан Мұратқызы
Қор 452, 176 сақт. бірл., 1999-2002 жылдары, Көкшетау қаласы
1999 жылдың 3 мамырында дербес нотариустардың қызметіне рұқсат берген Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 14 шілдесіндегі «Нотариат туралы» Заңына сай Г. Кубитаеваға нотариалды қызметпен айналысу құқығына лицензия берілген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылдың 4 ақпанындағы Жарлығына сай Щучье аудандық соттың қазышы болып тағайындалғанына байланысты қызме-тін тоқтатқан.
Мәмілерге дұрыстығын беру мақсатында олардың заңды ресімдеуін және ерекше нотариалды нысанын талап ететін құжаттарды куәландыруын жүзеге асырған.
Нотариалды әрекеттерді тіркеу үшін реестрлер. Мұрагер-лік істер, нотариалды куәландырылған өсиетнамалар, мұрагер-лік істер мен өсиетнамаларын есепке алу әліпбилік кітаптар. Тұрғын үйді, мүлікті, жерді, т. б. жатырқау, жалға беру туралы шарттар.
Қазақ, орыс тілдері.
2. ЖОСПАРЛАУ, СТАТИСТИКА, ЕҢБЕК ПЕН ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ
2.1. Жоспарлау
«Көкшетау қаласының экономика мен бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қор 438, 737 сақт. бірл., 1992-2010 жылдары
1945 жылдың 18 қаңтарында қалалық еңбекші депутат-тар Кеңесінің шешіміне сай қалалық жоспарлы комиссиясы құрылған. Қалалық кеңестің 1991 жылдың 16 шілдесіндегі 21-інші шақыру 6-ыншы сессия шешімімен жабылып, эконо-мика бойынша комитет құрылған, 1993 жылдың 29 қазанынан экономика басқармасына қайта құрылған. Көкшетау қаласы әкімінің 1999 жылдың 25 ақпанындағы шешімі негізінде жабылды да, экономика бөлімі құрылған, 2001 жылдың 20 ақ-панынан Көкшетау қаласы әкімінің экономикалық реформалар бөліміне өзгертілген, 2003 жылдың 7 қаңтарынан – «Көкше-тау қаласының экономикалық реформалар бөлімі» ММ, Қала әкімінің 2004 жылдың 27 шілдесіндегі шешімімен «Көкшетау қаласының экономика, өндіріс және кіші бизнес басқармасы» ММ деп атала басталған. Қала әкімдігінің 2004 жылдың 31 желтоқсанындағы қаулысы негізінде «Көкшетау қаласының экономика мен бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қайта құрылған.
Негізгі міндеті мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық және салааралық үйлестіру негізінде әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу, қаланы дамыту-да стратегиялық жоспарларды және жеке бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыру, бюджеттік жоспарлау мәселелері болып табылады.
1945-1991 жылдарғы құжаттар сақталмаған.
Басқарма (1993) және экономика бөлімі (1999-2000, 2003) туралы қағидалар.
Жедел кеңестердің, мемлекеттік сатып алу бойынша бюджеттік, конкурстық комиссия, кіші және орта бизнес кәсіпорындарын қаржылық қолдау бойынша комиссия отырыс-тарының хаттамалары.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағ-дарламалардың төлқұжаттары, қаланың әлеуметтік-экономика-лық дамуына индекативті жоспарлардың жоспарлары мен жобалары, өндіріс, білім беру, мәдениет, ұлтаралық тұрақты-лықты нығайту, рухани келісім, кедейлерге көмек көрсету мәселелері бойынша мақсатты бағдарламалар. Қаланың әлеу-меттік-экономикалық дамуына негізгі көрсеткіштер, анықтама-лар, экономикалық анализдер, мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру туралы есептер. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы, шығарылатын өнімнің көлемі, бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуі, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстар туралы ақпараттар, анықтамалар, мәліметтер. Реконструкциялаудың инвестиция-лық жобалары, Бурабай-Петропавл автожолды, қаланың су құбырын және канализациясын, т. б. салуы бойынша құжаттар.
Штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есептер. Кадрлардың құрамы, саны мен ауысымы туралы статистикалық есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің жоспарлы комиссиясы
Қор 367, 93 сақт. бірл., 1940 - 1966 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
1928 жылы Көкшетау ауданының құрылуына байланыс-ты құрылған.
Жергілікті өндіріс, ауыл шаруашылығы, тауар айналы-мы, денсаулық сақтау мен әлеуметтік-мәдени шараларды қоса, аудандағы халық шаруашылықтың перспективті және ағымдағы даму жоспарларын әзірледі және оларды орындау бойынша бақылау еткен.
1928-1939 жылдарғы құжаттар сақталмаған.
Комиссия отырыстарының хаттамалары. Халық шаруа-шылық пен оның салаларының перспективті және жылдық даму жоспарлары: ауыл шаруашылық, мал шаруашылық, құрылыс, коммуналды шаруашылық, халыққа білім беру, т. б. Аудан колхоздарының өндірістік жоспарлары.
Халықтық-шаруашылық жоспарларды орындау туралы есептер, мәліметтер, анықтамалар. Аудан бойынша агрометео-рологиялық бюллетендер, кестелер, жауын-шашын схемалары, ауа райы сипаттамалары.
Облыстық жоспарлауымен жоспарлау мәселелері бойынша хат алмасу.
2.2. Статистика
Көкшетау қалалық мемлекеттік статистика инспектурасы
Қор 120, 58 сақт. бірл., 1945 - 1951 жылдары
1944 жылы құрылған. Облыстық статистикалық басқармасына бағынды.
Қала мекемелерінің, ұйымдарының, кәсіпорындарынығ есеп-статистикалық жұмысына нұсқау және бақылау жасаған.
Статискалық жұмыстардың жоспарлары.
Өндіріс, толық құрылыс, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, денсаулық сақтау, халыққа білім беру, мәдениет, малды есепке алу, егін жерлерінің бары, тұрғын қоры, халық қозғалысы бойынша статистикалық есептер және мәліметтер.
Көкшетау аудандық мемлекеттік статистика инспектурасы
Қор 369, 141 сақт. бірл., 1935 - 1962 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
1932 жылы аудандық кеңес атқару комитетінің жанындағы жоспарлау комиссия жүйесінде халықтық-шаруашылық есеп инспектурасы құрылған. 1941 жылы ОСЕ аудандық инспектурасына атауы өзгертілген, 1948 жылдан - мемлекеттік статистика инспектурасына, облыстық ста-тистика басқармасына бағынды.
Аудан жерінде статистикалық мәліметтерді жинау мен өндіруін жүзеге асырған.
Ауыл шаруашылық бойынша жоспарды орындау, мал, егін шаруашылығы жағдайы, егін жерлерінің бары мен пайда-лануы, тракторлар мен басқа ауыл шаруашылық машиналардың саны туралы, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру мекеме-лерінің жұмысы туралы есептер, мәліметтер, анықтамалар. Халық қозғалысы, халық саны, әлеуметті, ұлттық және жасы бойынша құрамы туралы жинақтар, шолулар. Колхоздардың экономикалық көрсеткіштері. Аудан шаруашылықтарында малды санау қорытындылары.
2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қор 350, 162 сақт. бірл., 1945-1965, 1988-1989, 1992-2005 жылдары
[1944] жылы мемлекеттік қамтамасыздандырудың қалалық бөлімі ретінде, 1946 жылдың тамыз айынан – әлеу-меттік қамтамасыздандырудың, 1994 жылдың қаңтарынан халықты әлеуметтік қорғау қалалық бөлімі түрінде құрылған. Қалалық әкімшілік басшысының 1994 жылдың 9 қыркүйегіндегі өкімімен халықты әлеуметтік қорғау қалалық басқармасы деп өзгертілген. Көкшетау қаласы әкімінің 1997 жылдың 1 жел-тоқсанындағы өкіміне сай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау қалалық басқармасы етіп аталған. Қала әкімінің 1999 жылдың 19 қаңтардағы шешімі негізінде «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау қалалық басқармасы» ММ болып тіркелген. Қала әкімінің 1999 жылдың 7 маусымдағы шешімі-мен «Көкшетау қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне өзгертілген.
Негізгі мақсаттары: мұқтаждыларды әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуін ұйымдастыру, халықты жұ-мыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша түсін-діру жұмыстарын өткізу.
1966-1987, 1990-1991 жылдарғы құжаттар сақталма-ған.
Басқарма туралы қағида (1999). Басшының алдында өткен жиналыс хаттамалары. Бөлімнің жұмыс жоспарлары.
Зейнетақы, жәрдемақы тағайындау, төлеу туралы, зейнеткерлер саны мен оларды жұмыспен қамтуы туралы, дәрігерлі-еңбекші сараптамалық комиссиясының (ДЕСК), үй ішіне әлеуметтік жәрдем бөлімдерінің жұмыстары туралы есептер.
Штаттық кестелер, бюджет бойынша шығын сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі
Қор 255, 84 сақт. бірл., 1991-2005 жылдары
1991 жылдың 5 маусымында облыстық атқару комите-тінің шешімімен қалалық жұмыспен қамту орталығы құрыл-ған. Қалалық атқару комитетінің 1992 жылдың 31 қаң-тардағы шешімімен қалалық жұмыспен қамту орталығы –еңбек биржасына қайта құрылған. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 1997 жылдың 1 қазандағы бұйрығына сай қалалық модельді жұмыспен қамту орталығына өзгертіліп, ал 1998 жылдың сәуірінен қалалық жұмыспен қамту орталығы – еңбек биржа-сы деп атала басталған. Көкшетау қаласы әкімінің 1999 жыл-дың 31 мамырдағы шешіміне сай «Көкшетау қаласы бойынша еңбек биржасы» МҚКК, 2000 жылдың 31 мамырынан «Көкше-тау қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесіне өзгертілген. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2004 жылдың 31 желтоқсанындағы қаулысы негізінде 2005 жылдың 1 қаңтарынан қызметін тоқтатқан.
Жұмыспен қамту жағдайы мен болжамын анализдеуді, жергілікті еңбек нарығын бағалауды, еңбек ресурстарының баланстарын жасауды, жұмыспен қамту бағдарламаларын қалыптастыруды, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша азаматтарға көмек көрсетуді және есептеуді жүзеге асырды.
Қағида (1992, 2000), жұмыспен қамту орталығының жарғысы (1999). Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
Жұмыс жоспарлары мен оларды орындағаны туралы есептері, қала халқын жұмыспен қамту, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу бағдарламалары. Бөлшек жұмыссыз-дық, еңбек нарығы және жұмыссыздыларды әлеуметтік қолдау туралы жылдық статистикалық есептер. Негізгі қызмет бойынша ақпарат.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржылан-дыру жоспары, жылдық бухгалтерлік есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің әлеуметтік қамтамасыздандыру бөлімі
Қор 309, 16 сақт. бірл., 1941,1957-1966 жылдары, Көкшетау ау-даны Қызылжар селосы
[1937 жылы] құрылған.
Зейнетақы мен жәрдемақыны жүргізуді, тағайындыру-ды және төлеуді, мүгедектердің жұмысқа жарамдылығын анықтау үшін дәрігерлік-еңбек сараптамасын ұйымдастыруды жүзеге асырған.
Зейнетақыларды және жәрдемақыларды тағайындау бойынша комиссияның отырыс хаттамалары.
Аудандық әлеуметтік қамтамасыздандыру бөлімінің, дә-рігерлік-еңбек сараптамалық комиссиясының (ДЕСК) жұмысы туралы есептер. Зейнеткерлердің саны, оларды жұмысқа орна-ластыру туралы статистикалық есептер. Жылдық бухгалтерлік есептер.
Жалақыларды есептеу тізімдемелері.
3. ӨНДІРІС МЕКЕМЕЛЕРІ, ҰЙЫМДАРЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАРЫ
3.1. Электр энергетикасы
«Целинэнерго» басқармасының Көкшетау энергетикалық пойыздары Дирекциясы
Қор 220, 39 сақт. бірл., 1961-1964 жылдары
Қала кәсіпорындарын электрмен жабдықтауды орта-лықтандыру мақсатында Тың кеңес халық шаруашылығының өкіміне сай 1961 жылдың 1 қазанда құрылған. Қазақ КСР энергетика мен электрификация Министрлігінің 1964 жылдың 19 қазандағы бұйрығына сай Көкшетау электр желістері басқармасының функцияларына тапсырысымен жойылған.
Қаланы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етті.
Техникалық мәжілістер хаттамалары.
Жұмыс жоспарлары, Күрделі жөндеу бойынша титульді тізімдер және оларды орындағаны туралы есептер. Объектілерді іске қосу актілері. Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
Шығындар сметалары, штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есептер. Статистикалық есептер.
Көкшетау электр желістері
Қор 227, 468 сақт. бірл., 1962-1996 жылдары
Қазақ КСР энергетика және электрификация Министр-лігінің 1964 жылдың 19 қазандағы бұйрығымен электрлік желіс-тер басқармасы құрылған. Басқармаға бағынды, 1972 жылдан – «Целинэнерго» энергетика және электрификация бойынша өндірістік бірлестігіне. «Целинэнергоның» 1972 жылдың 4 ақпа-нындағы бұйрығына сай электрлік желістер кәсіпорны деп атала басталған. «Целинэнергоның» 1980 жылдың 10 маусым-дағы қаулысымен Кокчетав, 1993 жылдан - Көкшетау электрлік желістері болып қайта құрылған. Көкшетау аумақтық мемлекеттік мүлікті басқару комитетінің 1996 жылдың 1 қазандағы қаулысымен қызметтерін тоқтатқан. Функциялары «Көкшетау тарату электр желістері компаниясы» акционерлі қоғамына тапсырылған.
Тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз жабдық-тау, тасымалдау мен таратуы, электр қондырғыларын, электр тасымалдау желілерін, электр жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарын түзу жағдайда ұстауын жүзеге асырды.
Қорда Көкшетау энергия поездері Дирекциясының 1962-1964 жылдарғы құжаттары бар.
Электр желістері туралы қағида (1994). Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Техникалық кеңестің отырыс хаттамала-ры.
Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойын-ша, еңбек бойынша, жаңа техниканы енгізу, алға басқан техно-логия, құрал-жабдықтардың модернизациясы және өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша жылдық жоспарлар.
«Целинэнерго» баланстық комиссияның кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі туралы шешімдері. Жылдық техникалық есептер, еңбек, толық құрылыс бойынша есептер. Негізгі көрсеткіштердің салыстырмалы аналитикалық кестелер. Электр станцияларының жұмысы туралы, отын, жылу мен электр энергиясын шығындауының нормаларын орындау тура-лы есептер.
Ғылыми-техникалық қоғамы кеңесінің отырыс хаттама-лары және оның жұмыс есептері. Жаңа технологияларды және рационалистік ұсыныстарды енгізу бойынша анықтамалар, есептеулер, актілер.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер.
Кадрлар бойынша есептер, басқарушылық және инже-нерлі-техникалық жұмыскерлерінің қорытынды тізімдері. Еңбек заңнамасын сақтауына тексеріс бойынша анықтамалар, актілер.
Ұжымдық шарттар. Кәсіподақ конферецияларының, жалпы жиналыстарының, кәсіподақ комитеті отырыстарының хаттамалары.
«Көкшетау қалалық электр желістері» филиалы
Қор 220, 56 сақт. бірл., 1990-1996 жылдары
«Целинэнерго» энергетика және электрификация бойынша Өндірістік бірлестігінің 1990 жылдың 25 қаңтардағы бұйрығы негізінде құрылған. «Целинэнерго» Тың энергетикалық жүйесі Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 1996 жыл-дың 29 ақпандағы бұйрығына сай қалалық электр желістері 1996 жылдың 1 сәуірінен «Көкшетау электр желістері кәсіп-орны» бөліктік мемлекеттік кәсіпорнының, ал 1996 жылдың 1 қазанынан «Көкшетау тарату электр желістері компаниясы» ашық түріндегі ақционерлік компаниясының филиалына қайта құрылған. 1998 жылдың 25 мамырында оның негізінде «Көкше-тау қалалық электр желістері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» бөліктік кәсіпорнының құрылуына байланысты жабылған.
Қызметтің негізгі бағыты – Көкшетау қаласын электр энергиясымен жабдықтау, тарату және тапсыру.
1997-1998 жылдарғы құжаттар сақталмаған.
Кәсіпорынның жарғысы (1991). Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
Еңбек және жалақылар қоры бойынша жылдық жоспарлар.
Негізгі қызмет, толық құрылыс, объектілерді, негізгі қор-ларды іске қосу, капитал салымдарын пайдалану бойынша жылдық есептер. Электр энергияны пайдалану туралы статисти-калық есептер. Штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есептер.
Кадрлар бойынша есептер, басқарушылық, инженерлі-техникалық жұмыскерлердің қорытынды тізімдері.
3.2. Машинажасау және металлөндеу
Көкшетау оттегі-тыныс алу аппаратураларын жасау зауыты
Қор 394, 229 сақт. бірл., 1956-1968, 1984-1993 жылдары
КСРО Министрлер Кеңесінің 1956 жылдың 20 сәуірдегі өкіміне сай жаңа салынатын оттегі-тыныс алу аппаратура-ларын жасау зауытының дирекциясы құрылған. Солтүстік Қа-зақстан Халық шаруашылығы Кеңесінің 1961 жылдың 16 қаң-тардағы өкімімен дирекция жабылып, зауыт басқаруының штаты бекітілген. 1961 жылдың наурыз айынан Тың халық шаруашылығы Кеңесі Өндіріс басқармасының бағынуында бол-ған. КСРО Министрлер Кеңесінің 1965 жылдың 26 қарашадағы қаулысына сай КСРО Авиациялық өндіріс Министрлігінің жүр-гізуіне тапсырылған.
Медициналық приборларын, ұшақ жасауға бұйымдарды, стандартты емес құрал-жабдықтарын, кең қолданудағы тауарларды шығаруын жүзеге асырған.
Зауыттың өндіріс қызметі бойынша бұйрықтар, өкімдер. Техникалық секцияның отырыс хаттамалары.
Жұмыстың перспективті жоспарлары, Техникалық өнді-ріс-қаржылық жоспарлары, жылдық өндіріс жоспарлары, еңбек бойынша, жалпы және тауар өнімін шығару бойынша жоспар-лар. Шығындар сметалары және штаттық кестелер. Еңбек өнім-ділігін жақсарту бойынша жоспарлар, графиктер, нормалар, шаралар. Бұйым бағасының калькуляциялары, есептеулері. Өндіріс тәртібі және өнімнің жаңа түрін шығару туралы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы қағидалар.
Негізгі қызмет, өнімнің өзіндік бағасы мен жеткізуі бо-йынша жылдық есептер. Зауыттың, цехтердің және негізгі өнді-ріс учаскелерінің қызметтерінің техникалық-экономикалық көр-сеткіштері. Еңбек өнімділігінің өсуі, өндіру нормаларын орындауы туралы мәліметтер. Өнімді экспортқа жолдау туралы құжаттар (нарядтар-тапсырыстар, есептеулер, хат алмасу). Өнімнің сапасы бойынша жеткізушілерімен хат алмасу.
Кадрлар бойынша есептер. Ұжымдық шарттар.
Көкшетау металл бұйымдары зауыты
Қор 134, 45 сақт. бірл., 1952-1962 жылдары
1932 жылдың мамырда «Металлист» артелі құрылған. Көкшетау облыстық өндіріс-кооперативтік кеңесінің бақыла-уында болған. 1960 жылдың шілдесінен металл өндіру ком-бинатына қайта құрылған. Қазақ КСР Жергілікті өндіріс Министрінің 1960 жылдың 17 желтоқсандағы бұйрығы негізін-де металл бұйымдары зауыты деп өзгертілген. Облыстық жергілікті өндіріс басқармасына бағынған.
Негізгі өнімі – металл кереуеттері, бөшкелер, шелектер, құрылыс скобалары, шегелер және басқа өндірістік және тұрмыстық арнаудағы металлды бұйымдар.
«Металлист» артелінің 1932-1951 жылдарғы құжат-тары тапсырылмаған.
Артельдің жалпы жиналыстарының және басқарма оты-рыстарының хаттамалары.
Техөндірісқаржылық жоспарлар, жалпы өнімді шығару, еңбек бойынша жоспарлар.
Өндіріс жоспарларының орындалғаны, өнімді өткізуі туралы есептер.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер.
3.3. Асыл металлдардың өндірістік табуы
«Васильков таукен-байыту комбинаты (ТБК)» ашық акционерлік қоғамы
Қор 441, 751 сақт. бірл., 1975-2006 жылдары, Көкшетау қаласы
Қазақ КСР түсті металлургия Министрлігінің 1975 жылдың 26 маусымдағы бұйрығына сай салынып жатқан Ва-сильков таукен-металлургиялық комбинатының дирекциясы құрылған. Министрлігінің 1981 жылдың 7 мамырдағы бұйры-ғымен дирекция «Васильков таукен-байыту комбинаты» әрекет ететін кәсіпорынға қайта құрылған. 1987 жылдың қарашасынан «Қазалтын» Мемлекеттік өндірістік бірлестік-тің, ал 1993 жылдың қаңтарынан «Алтыналмас» Ұлттық акционерлі компаниясының бағынуына тапсырылған. Жекеше-лендіру және мемлекеттен мүлікті алу Ұлттық бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылдың 5 наурыздағы «Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құру бойынша ұйымдастырушылық шаралар туралы» Жарлығына сай 1994 жылдың 7 ақпанынан комбинат акционерлік қоғамға, 1999 жылдың желтоқсанынан «Василь-ков таукен байыту комбинаты» ашық акционерлік қоғамға қайта құрылған.
Васильков алтынрудалы кен орнын өңдеуді жүзеге асырады, асыл металдарды алу үшін рудаларды шығару мен өндіруімен айналысады.
Кәсіпорынның жарғылары (1988,1991,1994), бөлімдер туралы қағидалар. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Техни-калық, жедел мәжілістердің, басқарма отырыстардың хаттама-лары.
Түсті және асыл металлдарды өндірудің перспективті жоспарлары, өндірістік өнімнің өндіріс жоспарлары, еңбек бойынша.
Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер, негізгі және қаржылық-шаруашылық қызмет бойынша, еңбек, толық құрылыс, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, айналадағы ортаны қорғау бойынша жоспар орындау туралы есептер.
Жаңа техника мен технологияны, шығарып ашу мен рационализация туралы құжаттар (жоспарлар, есептер, баяндамалар, анықтамалар, қараулар).
Штаттық кестелер, кәсіпорындар мен бағыныш ұйым-дардың шығындар сметалары. Жылдық бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер.
Ұжымдық шарттар. Кәсіподақ конференцияларына, жал-пы жиналыстарға, кәсіподақ комитеттің отырыстарына хаттама-лар. Кадрлар бойынша есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
3.4. Ағаш өндіру өндірісі
Көкшетау жиһаз фабрикасы
Қор 26, 74 сақт. бірл., 1961-1968 жылдары
Жергілікті өндіріс Министрлігінің 1960 жылдың 17 желтоқсанындағы бұйрығы негізінде құрылған. Көкшетау облыстық жергілікті өндіріс басқармасына бағынды, 1963 жылдан – Тың халық шаруашылығы кеңесіне. 1964 жыл-дың сәуірінде «Прогресс» Щучье жиһаз фабрикасының филиа-лына таратылған, 1965 жылдың қаңтарынан – «Прогресс» өзіндік фирмасы. 1965 жылдың қарашасынан Қазақ КСР ор-ман, целлюлоза-қағаздық және ағаш өндіру өндірісі Министр-лігінің қарамағына өтті, соның 1966 жылдың 10 қазанындағы бұйрығымен Көкшетау жиһаз фабрикасына өзгертілген.
Қызметтің негізгі түрі – жиһаз шығару.
Өндірістік мәжілістер хаттамалары.
Техникалық өндіріс-қаржылық жоспарлар, жалпы және тауар өнімдерін шығару, еңбек бойынша жоспарлар.
Кәсіпорын жұмысының техникалық-экономикалық көр-сеткіштері, өнімді шығару мен өткізу жоспарын орындау туралы, толық құрылыс бойынша, еңбек бойынша есептер.
Штаттық кестелер, табыстар мен шығындар теңгерімдері, жылдық бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер.
Ұжымдық шарт (1966).
3.5. Құрылыс материалдар өндірісі
«Тыңқұрылысбөлшек» тресінің № 1 Көкшетау кірпіш зауыты
Қор 357, 110 сақт. бірл., 1940-1969 жылдары
[1932 жылы] құрылған. 1950 жылға дейін «Қазжол-құрылысжол» Қазақ жол-құрылыс монтажды тресіне бағынды, 1950 жылдан – «Оралтрансөндіріс» Орал-Сібір тре-сіне, 1957 жылдан – Солтүстік Қазақстан халық шаруашы-лығы кеңесінің «Құрылысматериалдар» тресіне. 1961 жылы Тың халық шаруашылығы кеңесі құрылысиндустрия мен өнді-рісқұрылысматериалдар Басқармасының қарамағына өтті. Бастыөндірісқұрылыстың 1963 жылдың 18 маусымындағы бұйрығы негізінде «Көкшетауқұрылыс» тресіне тапсырылған. 1965 жылдан «Тыңқұрылысбөлшек» тресінің қарамағында болған.
Кірпіш, бетон, қиыршық тас, ұсақ қабырға блоктарын және басқа құрылыс материалдарын жасауды жүзеге асырған.
1932-1939 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтар. Өндірістік мәжілістердің хаттамалары.
Өндірістік, өндіру-қаржылық жоспарлар және оларды орындау туралы есептер.
Негізгі қызмет баланстары, негізгі көрсеткіштер, еңбек бойынша, толық жөндеу бойынша жоспарды орындау туралы есептер.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер.
Кадрлар бойынша есептер, Ұжымдық шарттар.
Достарыңызбен бөлісу: |