1. мемлекеттік билік пен басқарма органдары


Көкшетау темірбетонды бұйымдар комбинаты



бет7/18
Дата08.09.2017
өлшемі3,04 Mb.
#30374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Көкшетау темірбетонды бұйымдар комбинаты
Қор 72, 134 сақт. бірл., 1954-1967 жылдары
1955 жылы КСРО қала мен ауыл құрылысы Министрлі-гінің бұйрығы негізінде салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясы құрылған. 1958 жылдан дирекция негізінде темірбетонды бұйымдар зауыты қызметін жүргізе бастаған. Солтүстік Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің «Құры-лысматериалдары» тресіне бағынды, 1961 жылдың наурызы-нан – Тың халық шаруашылығы кеңесінің құрылыс-индустрия мен өндірісқұрылысматериалдар Басқармасына, 1962 жыл- дан – «Көкшетауқұрылыс» тресіне. Бастыөндірісқұрылыс-тың 1964 жылдың 23 қыркүйегіндегі бұйрығымен темір-бетонды бұйымдар комбинатына өзгертілген. 1964 жылдың 1 желтоқсанынан «Тыңқұрылысбөлшек» тресінің қарамағына тапсырылған.

Ұсақ және ірі бетонды блоктарын, плиталарын, арма-тураны және басқа темірбетонды бұйымдарды шығарған.
Салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясы туралы қағида (1955). Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.

Техөндірісқаржыжоспарлары, еңбек және өндірістік өнімдерді шығару бойынша жоспарлар.

Өнімдерді шығару, өндірістік-эксплуатациялық қызмет бойынша жоспар орындау туралы есептер, анықтамалар, мәліметтер. Еңбек бойынша жылдық есептер. Еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, кадрлар бойынша есептер.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер.

Ұжымдық шарттар. Кәсіподақ жиналыстарының хатта-малары.
3.6. Прибор жасау өндірісі
Көкшетау прибор жасау зауыты
Қор 30, 770 сақт. бірл., 1938-1993 жылдары
1917 жылы Кредиттік кооперативтер Одағына жата-тын шойын құю шеберханалар негізінде құрылған, 1925 жыл-дан «Смычка» кредиттік серіктестігінің қарамағына тапсы-рылған. 1928 жылдан 1942 жылға дейін Қазақ КСР жергілікті өндіріс Халық Комиссариаты БМСБ ат. құю-механикалық зауыты. КСРО қаруландыру Халық комиссариатының 1942 жылдың 30 сәуіріндегі бұйрығына сай - № 621 автоном-дық зауыт. 1943 жылдың сәуірінен зауыт КСРО жеңіл өндіріс Халық комиссариатының қарамағына тапсырылған. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1947 жылдың 12 қарашасындағы зауыттың қызмет профилі өзгертілген және ол механикалық болып атала басталған. КСРО машинажасау мен прибор-жасау Министрлігіне бағынды, 1957 жылдың маусымынан – Солтүстік Қазақстан халық шаруашылық Кеңесіне, 1961 жыл-дың наурызынан – Тың халық шаруашылық Кеңесіне. 1965 жылдан КСРО приборжасау, автоматтандыру құралда-ры мен басқару жүйесі Министрлігінің қарамағында болды, соның 1974 жылдың 29 наурызындағы бұйрығымен прибор-жасау зауытына атауы өзгертілген. 1992 жылдың қаңтары-нан Қазақстан Республикасы қорғаныс кешені қазақ электртехникалық машинажасау кәсіпорындарының Мемле-кеттік корпорациясына кірген. 1993 жылдың 20 желтоқса-нында «Көкшетау приборжасау зауыты» акционерлік қоғамы-на қайта құрылысымен жабылған.

Зауыттың негізгі өнімі – салмақ өлшеу приборларын шығару.

1917-1937 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Зауыттың өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтары, өкімдері. Өндірістік, техникалық мәжілістердің, шығарылатын өнімнің сапасы бойынша комиссияның хаттамалары.

Зауыттың перспективті даму жоспарлары, өндіріс және өнімнің өзіндік бағасы бойынша, еңбек бойынша, толық құры-лыс бойынша жоспарлар, техөндірісқаржыжоспарлар. Бұйым-дардың номенклатурасы, зауыт әзірленген өнімге прейс-куранттар және калькуляциялар.

Зауыттың қызметі, өнім шығару, жаңа техника енгізу, еңбек бойынша жоспарды орындау, толық құрылыс туралы жылдық есептер, баяндамалар, шолулар, мәліметтер, ақпараттар. Зауыт бойынша, цехтер бойынша негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер. Өнімді экспортқа шығару тапсы-рыстары-нарядтары. Салмақ өлшеу өнімнің жаңа үлгілерін сынау бойынша құжаттар (хаттамалар, есептеулер, есептер, актілер).

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер.

Аттестациялау және тарифтік-квалификациялау комис-сиялардың отырыс хаттамалары. Кадрлар бойынша жоспарлар, есептер. Үкімет наградтарымен марапатталған қызметкерлер тізімі.

Ұжымдық шарттар. Әлеуметтік міндеттемелер.



«Көкшетау прибор жасау зауыты» акционерлік қоғамы
Қор 30, 19 сақт. бірл., 1994-1999 жылдары
1994 жылдың 1 қаңтарында Көкшетау приборжасау зауыты негізінде құрылған. Қазақстан Республикасы қорғаныс кешені қазақ электртехникалық машинажасау кәсіпорын-дарының Мемлекеттік корпорациясы қарамағында болған, 1994 жылдың тамызынан – Қазақстан Республикасы өндіріс және сауда-саттық Министрлігінің, 1995 жылдың маусымы-нан – Қазақстан Республикасы Оңалту Банкінің. Ақмола облы-сы Әділет басқармасының 2000 жылдың 16 маусымындағы бұйрығына сай банкротқа ұшарағанына байланысты қызметі тоқтатылған.

Негізгі өнімі – салмақ өлшеу приборлар, халықтық пайдалану тауарлары.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Өнімді шығару бойынша перспективті жоспарлар. Жылдық бухгалтерлік есептер.
3.7. Жеңіл өндіріс
«Комсомолға 40 жыл» ат. Көкшетау тігін фабрикасы
Қор 5, 28 сақт. бірл., 1958-1962 жылдары

1958 жылы қалалық өндіріс комбинатының тігін цехі негізінде құрылған. Көкшетау облыстық жергілікті өндіріс басқармасына бағынды, 1962 жылдың қарашасынан – Тың халық шаруашылық Кеңесі жеңіл және тамақ өндірісі Басқармасына.

Ерлер, әйелдер және балалар сыртқы киімдерін, бас киімдерін, төсек жиынтығын және басқа тігін бұйымдарын шығаруын жүзеге асырған.
Техөндірісқаржыжоспарлар. Өндірістік жоспарлар және олардың анализдері. Тігін бұйымдарына уақыт нормалары, бағалауы.

Бұйымды, жалпы және тауар өнімін шығару бойынша есептер, мәліметтер. Жылдық бухгалтерлік есептер.



Көкшетау тоқыма-галантереялық фабрикасы
Қор 217, 118 сақт. бірл., 1978-1993 жылдары
Қазақ КСР жеңіл өндіріс Министрлігінің 1978 жылдың 31 тамызындағы бұйрығымен лентатоқыма фабрикасы құрыл-ған, 1979 жылдың 1 сәуірінен тоқыма-галантереялық фабрика-сына атауы өзгертілген. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру Ұлттық бағдарламасына сай 1993 жылдың 30 қарашасынан «Көкше Бау» ашық типтегі акционерлік қоғамына қайта құрылуымен жабылған.

Фабриканың қызмет тақырыбы лента, енсіз таспа мен бау шығару болыпты.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.

Техөндірісқаржыжоспарлар, технологияны жетілдіру және өндірістің сапасын көтеру бойынша, фабриканың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша, еңбек, толық құрылыс бойынша жоспарлар, қаржылық жоспарлар. Тұрпатты технологиялық тәртіптер, ассортиментке операциондық толты-ру карталар, фабрика өнімін техникалық баяндаулары.

Тауар өнімін шығару және өзіндік бағасы, ұйымдасты-рудық бригадалық нысанын әзірлеу, енгізу және еңбекті төлеу бойынша жоспарларды орындау туралы жылдық есептер. Толық шаруашылық есептеу мен өзіндік қаржыландыру жағдайларда фабриканың жұмысына анализ. Негізгі қызмет бойынша ақпараттар, анықтамалар.

Штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есептер, кадрлар бойынша есептер.

Ұжымдық шарттар, әлеуметтік міндеттемелер, оларды орындау туралы анықтамалар, рапорттар, есептер.

Кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалары.


«Көкше Бау» ашық акционерлік қоғамы
Қор 217, 23 сақт. бірл., 1993-2001 жылдары, Көкшетау қаласы
1993 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республика-сында мемлекеттік мүлікті мемлекеттен алу мен жекешелен-дірудің Ұлттық бағдарламасына сай «Көкше Бау» ашық типтегі акционерлік қоғамы құрылған, 2001 жылдың 4 ма-мырынан «Көкше Бау» ашық акционерлі қоғамына қайта құрылған. Көкшетау қалалық соттың 2002 жылдың 1 нау-рызындағы шешімі негізінде банкрот деп есептелініп жабыл-ған.

Лента, енсіз таспа мен бау, тігін бұйымдарын шыға-руын, сауда-саттық, делдалды қызметті жүзеге асырған.
Қоғамның жарғылары (1996, 2000). Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Қоғамның бақылау Кеңесі, Директорлар кеңесі, шығынды және ахуалсыз кәсіпорындарды қайта құру мен тоқтату бойынша комиссия отырыстарына хаттамалар.

Әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жобасы, өнім шығару бойынша жылдық жоспарлар, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер.

Негізгі қызмет бойынша анықтамалар.

Штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есептер.


3.8. Тамақ өндірісі
Айдабыл спірт зауыты
Қор 354, 208 сақт. бірл., 1934-1964 жылдары, Зеренді ауданы Айдабыл поселкесі
1908 жылы құрылған. 1934 жылдан 1937 жылға дейін «Қазспірттрест» Қазақ спірт және арақ өндірісі тресіне бағынды, 1938 жылдан – «Қазликерарақтрест» Қазақ ликер-арақ өндірісі тресіне. 1942 жылы Қазликерарақтрест спірт зауыты жанында арақ цехін ұйымдастырып, зауыт спірт-арақты комбинат деп өзгертілген. 1953 жылдан «Қазспірт-трест» Қазақ спірт пен ликер-арақ өндірісі өндірістік тресінің қарамағында болған. Қазақ КСР азық-түлік тауарлар өндірісі Министрлігінің 1957 жылдың 17 маусымындағы бұйрығы негізінде Солтүстік Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесіне тапсырылған, осы кезден бастап спірт зауыты деп атала басталған. 1961 жылы Тың халық шаруашылығы Кеңесінің бағынуына берілген.

Негізгі өндірісі: спірт шикізаты, спірт-ректификат, арақ өнімдері.

1908 – 1933 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, өндірістік мәжіліс-тердің хаттамалары.

Өндірістік-қаржылық жоспарлар, орындау туралы есептер, мәліметтер. Негізгі көрсеткіштер, өндірістік қызметтің, өнімнің өзіндік бағасына анализдер. Негізгі қызмет, өндірістік шикізаттың қозғалысы, еңбек жоспарын орындау бойынша есептер.

Рационализация мен ойлап шығарулар бойынша хаттамалар, жоспарлар, есептер.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер.

Ұжымдық шарттар, әлеуметтік міндеттемелер және оларды орындау қорытындылары.

Жалпы кәсіподақ жиналыстарының, комитет меңгеру-шісі отырыстарының хаттамалары, оның жұмысы туралы есептер.


Көкшетау диірмен комбинаты
Қор 88, 154 сақт. бірл., 1948-1974 жылдары
[1948 жылы] құрылған. 1948-1949 жылдары «Ауыл-шаруашылықұн» Ақмола зауыт басқармасының Көкшетау диірмендер тобы ретінде аталған, 1950 жылдың тамызынан – «Басауылшаруашылықұн» Бас ауыл шаруашылық ұн тарту мен жармалар өндірісі басқармасының «Ауылшаруашылықұн» Көкшетау облыстық диірмен басқармасы. Қазақ КСР министрлер Кеңесінің 1957 жылдың 27 шілдесіндегі қаулысы-мен басқарма Қазақ КСР нан өнімдері Министрлігінің Көкшетау облыстық зауыт басқармасына қайта құрылған, 1959 жылдың 28 маусымынан – Көкшетау облыстық нан өнімдері басқармасының диірмен комбинаты.

Бидайды қабылдауын, орналастыруын, өндіруін жүзеге асырған, нан өнімдерін сақтауды қамтамасыз еткен.
Диірмен комбинаттың жарғысы (1970). Өндірістік мәсе-лелер бойынша бұйрықтар.

Бидай өндіру мен өнім шығарудың өндірістік жоспарлары, еңбек, толық құрылыс бойынша жоспарлар және оларды орындау туралы есептер.

Негізгі қызмет бойынша баланстар, диірмендердің жыл-дық есептері. Өнімнің өзіндік бағасы бойынша есептер, конъюктуралық шолулар. Статистикалық есептер.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер.

Кадрлар бойынша жоспарлар, есептер, ақпараттар. Жергілікті комитеттің жалпы жиналыстарына және отырыс-тарына хаттамалар. Әлеуметтік жарыстар бойынша құжаттар.
3.9. Ет және сүт өндірісі

Көкшетау ет және сүт өндірісі кәсіпорындарының ассоциациясы
Қор 76, 14 сақт. бірл., 1994-1995 жылдары
Көкшетау облыстық әкімшілік басшысының 1994 жыл-дың 15 наурызындағы қаулысына сай құрылған. Облыстық әкімшілік басшысының 1995 жылдың 16 қаңтарындағы қаулы-сына сай қызметі тоқтатылған.

Сала кәсіпорындарының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырған.
Жарғы (1994). Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.

Ассоциацияға кірген кәсіпорындар басшыларының мәжілістеріне, техникалық кеңестің отырыстарына хаттамалар.

Еңбек бойынша жоспарлар және есептер. Өнімді шығару бойынша жылдық статистикалық есептер. Сүт өнімін шығару мен өткізу, сүт өндіру зауыттырының «Асар» біріккен кәсіп-орынмен өзара қарым-қатынасы туралы анықтамалар, ақпарат-тар.

Штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есеп (1994).

Ұжымдық шарт. Кәсіптік комитет отырыстарының хат-тамалары.

Көкшетау ет комбинаты
Қор 37, 395 сақт. бірл., 1944-1994 жылдары

1944 жылы құрылған. «Қазбасет» Бас ет өндірісі басқармасының қарамағында болған, 1957-1960 жылдары - Солтүстік Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің, 1961- 1964 жылдары – Тың халық шаруашылығы кеңесінің. 1965 жыл-дан «Қазбасет» Бас ет өндірісі басқармасына бағынды. Ет пен сүт өндірісі Министрлігінің 1980 жылдың 18 желтоқсанындағы бұйрығымен Көкшетау ет өндірісі өндірістік бірлестігі оның құрамына Пески және Щучье ет комбинаттарының қосылуы-мен ұйымдастырылған. Көкшетау облыстық агроөндіріс коми-тетінің 1986 жылдың 30 желтоқсанындағы бұйрығымен бірлестік жабылып, Көкшетау ет комбинаты өзіндік заңды тұлғаның құқығын алды. 1994 жылы «Игілік» акционерлік қоғамына қайта құрылуымен қызметі тоқтатылған.

Негізгі қызметі: ет өнімдерін шығару, өндіру, өткізу.

Тауар өнімін шығару, көлемі, өткізу, өзіндік бағасы, жаңа техника мен технологияны енгізу бойынша жоспарлардың жобалары. Техөндірісқаржыжоспарлар, өнімді шығару сапасын көтерудің перспективті жоспарлары, шұжық өнімдерін және ет шикізаттарын шығару жоспарлары. Штаттық кестелер және шығындар сметалары.

Жаңа ет комбинатын салу бойынша сметалар, шарттар, актілер (1957 – 1962).

Өндіріс жоспарын орындаудың негізгі көрсеткіштері, өндірістік есептер, қор өткізу, ет өнімдерінің, шикізаттары мен материалдарының қалдықтары және қозғалысы, еңбек бойынша жоспарды орындау туралы статистикалық есептер. Жинақ және жылдық бухгалтерлік есептер. Негізгі қызмет және материалды-техникалық жабдықтау мәселелері бойынша анықтамалар, ақпараттар, хат алмасу, өнімнің өзіндік бағасына анализдер.

Кадрлар бойынша жоспарлар, есептер. Ұжымдық шарт-тар, әлеуметтік жарыстар туралы құжаттар (міндеттемелер, еңбек рапорттар, анықтамалар).

Кәсіподақ конференцияларының, жалпы жиналыстары-ның, кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалары.


«Игілік» ашық акционерлік қоғамы
Қор 201, 81 сақт. бірл.,1994-2002 жылдары, Көкшетау қаласы
«Игілік» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындарын акционерлік қоғамдарға қайта құру бойынша ұйымдастырушылық шаралар туралы» 1993 жылдың 5 наурызындағы Жарлығына сай Көкшетау ет комбинаты негізінде құрылған, 1999 жылдың қаңтарынан «Игілік» ашық акционерлік қоғамға қайта құрыл-ған. Көкшетау қалалық соттың 2002 жылдың 18 қаңтарын-дағы шешімімен банкрот деп саналған.

Ет өнімдерін шығару мен өткізуді жүзеге асырған.

Акционерлік қоғамның жарғылары (1994, 1999), негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.

Басқарма, директорлар Кеңесі отырыстарының, құрыл-тай конференцияның, акционерлер жалпы жиналыстарының хаттамалары.

Қоғамының даму бизнес-жоспарлары, техөндірісқаржы-жоспарлар, өнімді шығару жобалары мен жылдық жоспарлары.

Жоспарды орындаудың негізгі көрсеткіштері, өнім шығару бойынша, еңбек бойынша жылдық статистикалық есептер. Негізгі қызмет бойынша ақпараттар, анықтамалар. Кадрлар бойынша, өндірісте жарақат, кәсіптік аурулар туралы есептер.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары. Жылдық бухгалтерлік есептер.

Ұжымдық шарт (1995). Кәсіподақ конференцияларының, кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалары.
Бурабай мемлекеттік консервілер зауыты

Қор 324, 49 сақт. бірл., 1920-1923 жылдары, Көкшетау уезі Бурабай урочищесі


1904 жылы негізі қаланған. Сібір халық шаруашылығы кеңесінің 1920 жылдың 10 маусымындағы қаулысымен ұлт-шылданған және № 1 Сібір мемлекеттік консервілер зауыты деген атау алған. Сібір азық-түлік комитетінің қарамағында болған, 1921 жылдан – Сібір халық шаруашылығы кеңесінің. Уәкілетті қырғыз өндіріс бюросының 1921 жылдың 20 тамы-зындағы нұсқамасына БХШК Қырғыз өндіріс бюросының № 1 Қырғыз консервілер зауыты деп атала басталған, 1923 жыл-дың наурызынан – Ақмола губерниясы өндіріс басқармасының Бурабай консервілер зауыты. 1923 жылдың қарашасында жабылған.

Зауыттың негізгі өнімі: ет консервілер, шұжық және сүрлеу өндірісі.

1904-1919 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Зауыт бойынша бұйрықтар, жалпы жиналыстардың, әкімшілік мәжілістердің хаттамалары.

Өндірістік-эксплуатациялық және техникалық сметалар. Шаруашылық жұмыстарды жүзеге асыруға, материалдар мен өнімдерді жеткізуге шарттар.

Зауыттың қызметі туралы баяндамалар, өндірістік жи-нақтар, анықтамалар. Зауыттың қабылдау-тапсыру тізбелері, оқиғалар мен қайғылы жағдайлар туралы актілер. Өндірістік, әкімшілік-шаруашылық, қаржылық мәселелер бойынша, кадр-лар бойынша хат алмасу. Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдері, куәліктері, мандаттары, рапорттары.

Жалақы бойынша тізімдемелер.


«Ақсаға» ашық акционерлік қоғамы
Қор 185, 31 сақт. бірл., 1994 – 1999 жылдары, Көкшетау қаласы
1993 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындарын акционерлік қоғамдарға қайта құру бойынша ұйымдастырушылық шаралар туралы» Жарлығына сай Көкшетау облыстық сүт комбинаты негізінде «Ақсаға» акционерлік қоғамы құрылған, 1999 жылдың 10 ақпанынан «Ақсаға» ашық акционерлік қоғамға қайта құрылған. Көкшетау қалалық соттың 2001 жылдың 17 қаңта-рындағы шешімімен банкрот деп саналып, қызметі тоқта-тылған.

Сүт өнімдерін шығару мен өткізуімен айналысқан.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, басқарма, директор-лар Кеңесі отырыстарының, акционерлер жалпы жиналыстары-ның хаттамалары.

Өнімді өткізу, қаржылық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша, еңбек бойынша, қоғамының қаражат құрамы және олардың құру көздері, өзара есептеулер жағдайы туралы, негізгі қорлар мен құрал-жабдықтардың нарықтық бағасын негіздеуі бойынша жинақы және жылдық есептер. Сүт өнімдерін шығару және өткізу туралы анықтамалар, ақпараттар.

Штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есептер.

4. АУЫЛ, СУ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМА ОРГАНДАРЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАРЫ, ЖЕР РЕСУРСТАРЫ


    1. 4.1. Ауыл шаруашылығы




      1. 4.1.1. Ауыл шаруашылығы басқарма органдары



Көкшетау аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы
Қор 368, 459 сақт. бірл., 1946-1970 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
Көкшетау аудандық атқару комитетінің 1947 жылдың 1 наурызындағы шешімімен аудандық ауыл шаруашылық бөлімі құрылған, 1953 жылдың шілдесінде аудандық ауыл шаруашы-лық және дайындық басқармасына қайта құрылып, 1954 жыл-дың 1 қаңтарынан қызметі тоқтатылған. Тың аймағы атқару комитетінің 1962 жылдың 29 наурызындағы қаулысына сай Көкшетау аумақтық ауыл шаруашылық өнімедерін шығару мен дайындау совхоздық басқармасы құрылған, 1965 жылдан аудандық ауыл шаруашылық өндірістік басқармасына өзгер-тілген, 1969 жылдан – аудандық ауыл шаруашылық басқарма-сына. Аудандық атқару комитетіне және облыстық ауыл шаруашылық басқармасына бағынған.

Аудан колхоздарымен, совхоздарымен ауыл шаруашылық өнімдерді шығару мен дайындау жоспарларын орындауына басшылық және бақылау еткен.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.

Ауданның, совхоздар мен колхоздардың ауыл шаруашы-лығы дамыту перспективті, бесжылдық, жылдық жоспарлары. Колхоздар мен совхоздардың өндірістік-қаржылық жоспарлары, егін шаруашылығы, мемлекеттік нан тапсыру, себу айналымына көшу, ғылым жетістіктері мен озат тәжірибелерін енгізу бойынша, мал шаруашылығын дамыту бойынша жоспарлар. Толық құрылыстың титулді тізімдері мен жоспарлары, құрылыста еңбек бойынша жоспарлар.

Колхоздар мен совхоздардың қаржылық-шаруашылық қызметі, агротехникалық шараларды өткізу туралы, егістік жерлерін пайдалану, мал шаруашылығы жағдайы, ауыл шаруа-шылық өнімді шығару, озат тәжірибесін енгізу туралы жылдық есептер, анықтамалар, мәліметтер. Ауданның жер баланстары.

Штатық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер.

Колхозшылардың жалпы жиналыстарына хаттамалар, ауыл шаруашылық озаттарының тізімдері.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық имнспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Қор 238, 124 сақт. бірл., 1999-2010 жылдары
1999 жылдың 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Көкшетау қалалық аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ) құрылды, 2006 жылдың 2 тамызында «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы» ММ-не, 2007 жылдың 02 наурызынан «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Минитрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы» ММ-не атауын өзгертті. 2011 жылдың 23 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының қаулысымен қайта құрылды.

Ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырған.
Негізгі қызметке жататын, жоғары тұрған органдардың шешімдері, бұйрықтары.

Жұмыс жоспарлары, бос қызмет орындарын ауыстыру бойынша конкурстық комиссиялар отырыстарының хаттамалары, эпизоотияға қарсы іс-шаралар туралы статистикалық есептер, өсімдіктер карантині бойынша, кадрлар құрамы мен саны туралы жылдық статистикалық есептер, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспары.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер, аса қауіпті зиянкестер бойынша қорғау шаралары жөнінде орындалған жұмыстар актілері.

Қазақ, орыс тілдері.


Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің аудандық ауыл шаруашылық бойынша инспекциясы
Қор 418, 28 сақт. бірл., 1958 – 1961 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
Көкшетау облыстық атқару комитеттің 1958 жылдың 12 маусымындағы шешіміне сай құрылған. Аудандық атқару комитеттің 1961 жылдың 24 мамырындағы өкімімен қызметі тоқтатылған. Аудандық атқару комитеттің және облыстық ауыл шаруашылық басқармасының қарамағында болған.

Аудандық атқару комитеттің бөлімі бола тұра, аудан колхоздары мен совхоздарына басшылық еткен.
Бидайлыларды жалпы жиналыстыру жетіжылдық жоспа-ры (1959 – 1965). Колхоздар мен совхоздардың егістік жерлерін пайдалануы туралы, мемлекеттік өнімдерін дамыту мен мемлекетке тапсыру туралы, совхоздар бойынша сорттылы тұқымдардың бары туралы анықтамалар, мәліметтер. Аудан колхоздары мен совхоздарын ішкі шаруашылық жерреттеуі бойынша құжаттар. Жер баланстары.

Жүгері өсіру бойынша звено бастықтарының тізімдері (1961).

Жалақы бойынша жеке есепшоттар, тізімдемелер.
Көкшетау мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибелі станциясы
Қор 366, 139 сақт. бірл., 1933-1966 жылдары, Көкшетау ауданы Чаглинка селосы
1929 жылы № 47 Атзауыт ұйымдастырылған, 1935 жылдың қарашасында оның құрамынан № 111 атты зауыт бөлінген. Алма-Ата, 1949 жылдан – Қазақстан атты зауыттар тресіне бағынды. Жоғарыбағалы асылтұқымды аттарды өсіруін қамтамасыз еткен. Қазақ КСР совхоздар Министрлігінің 1954 жылдың 29 қазанындағы бұйрығы негізін-де Көкшетау совхоздар тресінің қарамағына тапсырылған. 1956 жылдың қаңтарында зауыт сүт-ет пен бидай бағыт-тағы совхозға өзгертілген. 1958 жылдан облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бақылауында болған. 1959 жылы совхоз негізінде Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдар Академия-сының Көкшетау мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибелі станциясы құрылған.

1929-1932 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Селекциондық-асылтұқымдас жұмыс жоспарлары, аттар-дың асылтұқымдас куәліктері, совхоздың бесжылдық даму жоспарлары, өндірістік-қаржылық жоспарлар, егін егу мен жинау компаниялардың жоспарлары, агротехникалық шаралар мен зоотехникалық жұмыс жоспарлары.

Негізгі қызмет бойынша жылдық жоспарлар, экономика-лық көрсеткіштер, өндірістік-шаруашылық қызметке анализдер, агрономиялық және ветеринарлық есептер.

Титулді тізімдер, толық құрылыс бойынша сметалар мен есептер.

Шығындар сметалары, штаттық кестелер, бухгалтерлік есептер.

Ұжымдық шарттар. Жалпы жиналыстардың, жұмысшы-лар комитеті отырыстарының хаттамалары.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар, жеке істер, жалақы бойынша жеке есепшоттар.




Каталог: sites -> kokshetau-archive.akmo.gov.kz -> uploads
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
uploads -> АҚмола облысы архивтер мен қҰжаттамалар басқармасының «КӨкшетау қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдык мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет