2 Менеджменттің даму кезеңдері
Алғашында менеджментті жалпы алғанда адамдар топталып жұмыс істеген жерде адамдардың қоғамдық үш сферасында болған.
А) Саяси сфера – топтар арасында тәртіпті қабылдау үшін болды.
Ә) Экономикалық сфера – өндірісті және ресурстарды топтау және анықтау.
Б) Қорғаныс сферасы – бұл жаулардан және жабайы аңдардан қорғану үшін.
Ерте қоғам кезінде адамның қызметін бағыттап отыру үшін адамдар қажет болды. Мысалы: Египеттік пирамида басқарушы өнердің ескерткіші болып табылады. Өйткені ондай құбылыстарды мұқият жоспарлау, көп адам жұмыс жасағандықтан солардың қызметін қадағалау қажет болды.
Менеджмент даму кезеңдерін теория және практикаға қарап отырып мынадай тарихи кезеңге бөлуге болады.
1. Ежелгі кезең б.з.д. 9 – 7 ғ. бастап бұл ең ұзақ дамыған кезең. Қазіргі 18 ғасырға дейін қамтыды. Кезең бастапқыда басқару тәжірибесі өте баяу жиналды. Алғашқы қауымдық құрылыс бірігіп етуді басқару және ұйымдастыру үшін 9 – 7 мың. жылдары таяу Шығыста шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне көшу барысында, яғни өндіруші экономикалық басталды. Менеджменттің дамуынан осы өндірістік экономикалық көшу көп әсерін тигізді. Ежелгі Египетте мемлекеттік шаруашылықты басқарудың үлкен тәжірибесі болды. Бұл уақытта (б.э.д 3000-2800 жж) дамыған мемлекеттік басқару аппараты және оларға қызмет ететін топ қалыптасты.
Ең алғаш басқаруды ерекше қызмет саласы ретінде сипаттаған Сократ грек философы.Ол әр түрлі басқару формалар талдай отырып, басқарудың әмбебап принципін алға қойды.
Платон (428-348ж.ж.) мемлекеттік басқару формаларын классификациясын жасады.
Александр Македонский б.з.д. 356 – 323 ж. ж. Әскери басқару теориясын және практикасын жасады.
Аталған материалдар мен даталар басқару саласындағы білімнің жинақталу процесін сипатайтын барлық жағдайларды қамтымайды, бірақ та бұл мәліметтер ежелгі өнер және жаңа ғылым-менеджменттің даму кезеңдеріне ерте кезден-ақ көңіл бөлінгендігін көрсетеді.
2. Индустриялық кезең (1776-890ж.ж.) Бұл кезеңге мемлекеттік басқарудың дамуын А. Смит ол тек классикалық өкілі ғана емес. Ол еңбектің әр түрлі формалардың бөлінуі мемлекет пен мемлекет басшысына сипаттама берді. Қазіргі заманға ғылыми бағыттармен менеджмент мектептері қалыптасты. Р. Оуэннің еңбектері көп әсер етеді. Р. Оуэннің өндірісті басқару әділеттілігі және жұмысының еңбек және жұмыс жағдайын жоғарлату мәселелері қазір маңызды байланысты.
Басқару теориясындағы алғашқы өзгерістер есептеу техникасының шығуы және оны пайдаланумен байланысты. 1883 жылы ағылшын математигі Ч.Беббидж қазіргі заманғы цифрлы машинаның үлгісі аналитикалық машина жобасын жасады. Оның көмегімен сол уақыттан бастап, басқару шешімдері оперативті түрде қабылдана бастады.
Жүйелеу кезеңі 1856 – 1960 ж. ж. Басқару туралы ғылым үнемі қозғалыста болды. Жаңа бағытта мектептер қалыптасты. Ғылыми аппараттар өзгерді. Уақыт ағымына байланысты менеджменттің басқару тәсілдерінің зерттеуінің бағыттары өзгереді. Негізінен алғанда менеджмент 19 ғасырда өндірістік революция нәтижесінде пайда болды. Өндірістің алғашқы типі фабриканың пайда болуын көптеген адамдарды жұмысын қамтитын қажеттілігі жекелеген қожайынның олардың басқаруынан мүмкіндік болған жоқ. Соның нәтижесінде ең жақсы жұмысшылар таңдап, оларды оқыта бастады. Олар алғашқы менеджер болып табылады.
3-сұрақ. Менеджмент саласындағы алғашқы зерттеулер классикалық мектеп арқылы жасалынады. Алғашқы менеджерлер өндірістің тиімділігіне қатысты мәселелерге көңіл бөлді. Олар өздерінің қызметтерін жұмысшылардың бейімделуіне (адаптациясына) бағыттады. Осы мақсатта жұмыс орындарының дизайндары жасалып, әртүрлі операцияларға кететін уақыт шығындары зерттелді.
Сол кездегі көптеген зерттеушілер менеджментті-өнер ретінде қабылдады.
Менеджментке ғылым ретінде қарау құралы алғашқы қадамды Ф. Тейлор (1856-1915жж) жасады. Ол адам тиімділігі емес, ұйым қызметінің тиімділігіне қарады және бұл ғылыми басқару мектебінің дамуына әкелді. Ғылыми басқару тұжырымдамасының пайда болуына байланысты, менеджмент ғылыми зерттеулердің жеке саласы ретінде мойындалды. Өзінің «Фабриканы басқару» және «Ғылыми менеджмент» принциптері атты еңбектерінде Тейлор хронометраж (қол және машина операцияларына кететін жұмыстық уақытты өлшеу әдісі. Хронометраж секундөлшермен жүргізіледі. Ол уақыт нормасын, операцияны орындау режимін білуге мүмкіндік береді.), еңбек құралы мен еңбек әдістерін стандарттау көмегімен жұмысшының қозғалысын зерттеуге негізделген, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың әдістерін шығарды. Оның негігі басқару принципі келесідей: егер ғылыми тұрғыдан жұмысшыларды таңдап, оларды ғылыми тұрғыдан дайындап, оларға кейбір стимулдар бере отырып, жұмыс пен жұмысшыны біртұтас біріктірсежиынтық өндіріске қол жеткізуге болады,-деп есептеген.
Басқару туралы ғылымның дамуына Ф. және Л Джильберт есімдерімен байланысты. Олар еңбек қозғалысы саласында зерттеулер жүргізді. Хронометраж әдісін жетілдірді, сонымен қатар жұмыс орнының ұйымдастырудың ғылыми принцпін жасады.
Осылайша 1916 жылы «ғылыми менеджмент», «Классикалық», «дәстүрлі менеджмент» деген атауларға ие алғашқы ғылыми мектептердегі зерттеулердің бағыттары қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |