1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет70/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

2-мәтін
Силинші деген ханым
Қытай патшасының ханымы Силинші жібек құрттарын қарап жүрсе, бұл құрттар өлерінде өзінің өрмегіне кіріп өледі екен. Ханым сол өрмекті алып ширатып, жіп істеді, содан тоқып орамал жасайды. Содан соң назар салып қарап жүрсе, тұт деген ағаштың жапырағын жеп күнелтеді екен. Ханым тұт ағашының жапырақтарын жинап, құрт жиып асырап, ақырында, бұл құрттың пайдасын халыққа үйретіпті. Сөйтіп, жібектің шығатын орнын ең әуелі сол ханым тауыпты-мыс.
Сол уақыттан бері қанша уақыт өтсе де, Қытай халқы әлі күнге дейін данышпан ханымын ұмытпай, жыл сайын оның құрметіне той етеді екен.


3-мәтін
Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. Осы көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлактар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Көл жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты,ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Төңірегінің климаты континенттік: қыс мезгілінде ауа температурасы кейде –55°С-қа дейін төмендейді. Қазан – мамыр айлары аралығында көл қатады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында: йод, фтор, бром, т.б. бар. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр.


4-мәтін
Жапондар наурыз айындағы зілзала мен цунамиден зардап шеккен аймақтардағы үйінділер астынан табылған 3,7 миллиардтай иенді (48 миллион АҚШ доллары) полицияға апарып берген.
Билік орындарының айтуынша, сонымен қатар 5700 сейф табылған, олардың ішінде 2,36 миллиард иен көлемінде ақша болған.
Жергілікті тұрғындар тапқан ақшаларын өз еріктерімен полицияға тапсырыпты. Полицияның баспасөз хатшысы «бұл - таң қаларлық жайт емес, Жапонияда табиғи нәрсе» дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет