1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет68/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

8-мәтін
Тарихтан төбет туралы
Төбет иттердің шығу тегі жайындағы мәлімет көздері б.э.б. 1121 жылдардан басталады. Қазақы төбет қаңқалары Шығыс Еуропадан Қиыр Шығысқа дейінгі мұздақ дәуірі алдындағы климаттық зоналы өлкелерден табылған. Көшпенділер өмірі дәстүрлі түрде жылқы малымен тығыз байланысты.
Марко Поло ХІІІ ғасырдағы қазақтар туралы жазбаларында ойға сыймайтын алып денелі, ерекше күшті иттер жайында былай деп жазып кеткен: «Тайыншадай биік денелі иттер тағы аңдарды аулауда, күзетте және ауыр жұмыстарда тамаша серік». Шағатай ұлысынан саяхатшы қасқыр алатын бұл иттерді хан сарайынан кезіктірген. Оларды өсірумен ханның екі бауыры айналысқан. Ит саны 10 мың бас көлемінде болған. Қасқыр алар иттердің хан сарайында осынша мән беріліп, арнайы өсірілуі еріккеннің ермегі емес, жыртқыштармен жағаластырған көшпенді өмір талабы еді.
Түрікпендер алабайы мен ақалтекесін, аруанасы мен кілемін ұлттық мақтанышы етіп әлемге әйгіледі. Ондай мақтанар жәдігерлеріміз бізде де аз емес. Тек соны бағалай алмай жүрміз. Қазақы төбеттің тұқымы құрып кетпеген шығар, әлі де малшы ағайындардың сенімді серігі болып, алыс ауылдарда жүрген шығар деген үміт бар. Соны түгендеп, неге дәріптемеске? Сонда алабайдың атасы қазақы төбет екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеп алар едік-ау...
9-мәтін
«Возрождение» орталығының директоры Любовь Ксенофонтова өзін «он бес жыл өтілі бар маскүнем», қаңғыбас адам деп атайды.Ол бір кезде өзінің бар өмірін ішімдікпен біткен шығар деп есептейтін. Бірақ бір жолы дінбасы кеңес бергеннен кейін оның өмірі өзгеріп сала берді.
Ол сұхбат беруден біраз уақыт бас тартты. Ал бұған келіскен соң оның өзіне көп назар аудармауымызды өтінді.
Любовь Ксенофонтова басқаратын маскүнемдер, нашақорлар, баспанасыз қалғандар мен бұрынғы сотталғандарды өмірге бейімдеу жөніндегі «Возрождение» орталығы осыдан үш жыл бұрын құрылған болатын.
«Мен ол кезде шаруасы біткен маскүнем едім. Күйеуім мені тастап, балаларды алып кетті. Екі жыл бойы қоқыстарды жағалап жүрдім. Содан реті келген уақытта қайырымды адамдар менің өзіме кім екенімді, адасып жүргенімді түсінуіме жәрдем берді. Қазір мен басқалардың өмірлерін жаңадан бастауларына көмектескім келеді. Маған не түрлі адамдар келеді. Негізінен баспанасы, жатар орыны жоқтар келеді. Біреулері қалады, ал екінші біреулері кетіп қалады», - дейді Любовь Ксенофонтова.
Бүгінде «Возрождение» орталығында үш үй бар. Оның біреуінде - әйелдер, екіншісінде - ерлер, ал үшіншісінде - директор тұрады. Мұнда қайтадан жөнделген монша, он сегіз сотық жерде бақша бар. Директордың ________, адамдар мұнда жұмыс істеп, көкөніс өсіреді. Ал еңбек адамды жаман ойлардан арашалайды.
«Адам жұмыс істей бастаған кезде өз нанын өзі тауып жей алатынын, кәдімгідей адам екендігін түсінеді. Оның үстіне өткен өмірін де естен шығара тұрады. Осылайша кейбіреулер қазір ішімдіктен, есірткіден бас тартып, адамша өмір сүруде», - дейді Любовь Ксенофонтова.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет