1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет65/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

10-мәтін
Жер шарының үштен екісі – су. Оның 97%-ы жарамсыз тұзды теңіз суынан тұрады. Бізде су көп пе, аз ба? Демек, жердің физикалық-географиялық картасына қарағанда көгілдір түс көбірек болғанымен, су ресурстары көп емес. Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр. Жаңа ғасырда таза су тауарға айналды. Германия тұщы суды Швециядан сатып алады, АҚШ бір текше метр тұщы су үшін Канадаға 5 центтен төлейді. Гонконг ауыз суды Қытайдан алады. Тасымал сумен Алжиртіршілік етіп отыр.
11-мәтін
«Қазақ вальсі» - қазақ биі. Биді қойып, алғаш сахнаға шығарған – Шара Жиенқұлова. Музыкасы Латиф Хамидидікі. Ырғағы жеңіл ... екпінді. Бидің екі нұсқасы бар. Алғашқы нұсқасын автордың өзі кезінде одақтың және шетел сахналарында биледі. Бір топ қыздардың билеуіне арналған екінші нұсқасы 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Үлкен театрда көрсетілді.
Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Шара Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Ол 1936 жылы Мемлекеттік филармония жанынан би ансамблін құрды.


12-мәтін
Бесік жыры – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырының басты қызметі – сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тербете жұбата отырып, оның санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, ... 1-5 жасар алығында, баланың жанына жағымды әуен мен айтылады. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп жариялаған. Бесік жыры – қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын жанр. Бесік жыры кәсіби қазақ музыкасында ән жанры ретінде дамыды.


1-мәтін

Бірде аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнатып: «Осы суды кім ішеді соған сыйлық беремін», − дейді. Аңдар бірінен соң бірі келеді. Қанша өжеттенсе де, қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында қоян келеді. Қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:


− Суды ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, − деп жан-жағына қарайды.
− Ендеше, іше ғой, − дейді аңдар аң-таң қалып. Қоян ұзыннан-ұзақ тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:
− Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер, − деп бас-басына көрсетіп шығады. Қоян аңдардың барлығына көрсетіп шыққанша, қазандағы су суып қалады. Ал, содан кейін қоян суды басына
бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмады. Алданған арыстан қоянға көп сыйлықтар беріп: «Міне, нағыз ер!» − деп мақтапты.
2-мәтін

І. Бір құмырсқа өз илеуіндегі тобынан бөлініп, ара, қоңыз сияқты жәндіктермен дос болыпты. Бірде құмырсқа


жол үстінен бір дән тауып алады. Жалғыз өзі көп әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмайды.
ІІ. Араға жолығып, көмек сұрайды. − Достым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмадым. Маған
көмектесші, − деп өтінеді. − Көріп тұрсың ғой, мен де жұмыс істеп жатырмын, − дейді ара.
− Солайы солай ғой, мейлі. Құмырсқа әрі жүріп кетеді. Ол енді қоңызды кездестіріп, көмек сұрайды.
− Сен үшін өз еңбегімді еш қылмаймын, − деп қоңыз да ұшып кетеді.
ІІІ. Құмырсқа жаңа достарына қатты ренжіп үйіне қайтады. Жолда құмырсқа бұрынғы достарымен кездеседі.
ІV. − Жалғыздық деген сол, − деп басқа құмырсқалар оны жұбатып, дәнін көтерісіп көмектеседі.
Осылай ол өз үйіріне қайта қосылады.


3-мәтін

... қандай тамақ түрін жейтініміз тұрған жерімізге байланысты. Мәселен, Қытайдың оңтүстіндегілер күріш, ал солтүстігіндегілер кеспені көбірек жейді. Жапон елінде адамдар балық, ал теңізден қашық жатқан Орталық Еуропада ет тағамдарын молырақ пайдаланады.


Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек. Тамақ арқылы адам ағзалары белок, май, көмірсу, минералдық заттар, түрлі витаминдермен қамтамасыз етіледі.
Осылардың ішінде белоктың алатын орны ерекше. Белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық клеткалары осы белоктан тұрады. Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей белоктан тұрады.
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішінде айран, қаймақ, ақ ірімшік, құрт, жент, қымыз, шұбат, тағы басқалар ерекше бағаланады. ........., «Ағы бардың бағы бар» − деп, сүті бар үй «бақытты үй» болып саналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет