Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Тӛлен Әбдіктің «Қайырсыз жұма»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#199476
  1   2
Байланысты:
Қайырсыз жұма Т.Әбдік



Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Тӛлен Әбдіктің «Қайырсыз жұма» әңгімесінің осы электронды 
нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris ұйымдастырған 
кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. 
Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
Ескерту! 
Танымал жазушы Тӛлен Әбдіктің бұл шығармасы терең философиялық 
ойларға құрылған. Ал оны түсініп, пайымдауды парасатты оқырманымыздың 
еншісіне қалдырдық! 
Әбен Ілиясович әлдебір құжатқа сүйкектете қол қойды да, осыным дұрыс 
болды ма дегендей күмәнді жүзбен қайта шолып шығып, содан кейін қағазды 
кӛмекшісіне ұсынды. 
- Күтіп отырғандар бар ма? - деді есікті кӛзімен кӛрсетіп. 
- Бар. Мұнтаздай киінген сұлуша жас жігіт бастығының әр қимылын 
қалт жібермей бағып тұр. 
Әбен кӛмекшісінен басқа ешкім байқамайтын бір қимылмен басын 
болмашы изегендей болды. Кӛп ұзамай кабинетке қырықтар шамасындағы қара 
торы, толықша кісі кірді. 
- Кешіріңіз,- деп ол әлденеге абдырап, есік алдында тұрып қалды да, құлап 
кететіндей қалтақтап келіп, министрдің қолын алды. 
- Отырыңыз,- деді Әбен жұмсақ үнмен. 


- Кешіріңіз. Келген адам шегініп, алыстау отырды. Екінші рет ӛтінген кезде 
министрдің қарсы бетіндегі орындыққа келіп жайғасты. Бірақ осы жер мен 
отыратын орын ба деп қысылғандай, қалтасынан орамалын алып, тершіген 
маңдайын сүрте береді. 
- Шаруаңызды айтыңыз,- деді Әбен түсін жылыта сӛйлеп. 
- Мен бір ӛздеріңізге қарасты Ащысайдағы комбинатта істеуші едім. Сізге 
кіруге жазылғаныма бірнеше ай болды. Әйтеуір бүгін бір, сәлем де сәтімен 
дегендей... 
Әбен «ықыласпен тыңдап отырмын, айта беріңіз» дегенді білдіре басын 
изеді. 
Одан әрі келген кісінің сӛзі түсініксіздеу болып кетті. Ӛзінің қай жақтан 
екенін, жетім ӛскенін, адал еңбегімен күн кӛріп келе жатқанын, тағы сол сияқты 
ӛзіне қажет болғанмен, Әбенге қажеті жоқ бір әңгімеге түсіп кетті. Ақыры ӛзінің 
комбинатта он жылдан астам істейтінін, бірақ соған қарамастан, комбинат 
директорының ӛзіне күн кӛрсетпей, қуғындап жүргенін айта бастаған кезде 
Әбен әлдебір жіптің ұштығына қолы жеткендей болып, әңгіменің не туралы 
екенін жобалап, енді соның шындығын білгісі келгендей, алдында отырған 
адамның түріне барлай қарады. 
Жұқалау шашын бір жағына мұқият тараған, бұғағы мен екі шықшыты 
бұлтиып тұрғаннан тӛбе жағы шошақтау кӛрінеді. Шолақ мұрын, қой кӛз - кӛшеде 
ең кӛп кездесетін, сосын да есте қалмайтын елеусіз бет пішін. Адамға тура 
қарамайды, жасқаншақ, бірақ кӛзге іліне бермейтін әлдебір қимыл-қозғалысынан, 
сӛз саптасынан министрден басқа адамға, әсіресе, қарамағында істейтіндерге бір 
кӛрсетіп қалатын мінезінің де жоқ емес екені байқалып тұр. 
- Қанша ӛліп-тіріліп істесең де, бір ӛсірмейді, - деді ол айтар арызының 
тобықтай түйініне жақындай түсіп. - Ӛсу үшін пара беру керек. Жағымпаздану 
керек. Не туысы болуың керек. Әйтпесе, кӛретін күнің осы... 
- Пара алатынын дәлелдей аласыз ба? - деді Әбен манадан бергі жұмсақ үнін 
сәл-пәл қатайтып. 
- Не дәлелдейтіні бар, жұрттың бәрі біледі. 
- «Жұрттың бәрі біледі» - дәлел емес. 
- Енді қайтып дәлелдеуге болады? Оның параны маған кӛрсетіп алмайтыны 
белгілі. 
- Пара алу - қылмыс. Қылмыстыны соттау керек. Ал жұрттың бәрі біледі 
деген айыппен адам соттау заңға тура келмейді,- деді Әбен талай айтып жүрген 
сӛзін қайталағандай селқос үнмен. Үйткені мұндай арызбен келетіндер кӛп бо-
латын. 
Келген адам тағы да орамалын алып, бетін сүртті. 
- Мен енді, шынымды айтсам,- деді жалынышты үнмен,- оның пара алған, 
алмағанын дәлелдейін деп келгенім жоқ. Соттату да ойымда жоқ. Жұрт білетін 
шындық болған соң, ел басқарып отырған ӛзіңізге айтып жатқаным ғой. Ал менің 
арызым - тек сол кісінің қудалауынан қорғасаңыз екен... Әп-әдемі цехтың 
бастығы болып істеп жүргенмін. Менің орынымды ӛзінің бір кӛңілі жақын 
адамына әперді де, мені мастер қылып ауыстырды... 
- Жалақыдан қанша ұтылдыңыз? 


- Ұтылғам жоқ,- деді ол «мәселе онда емес» дегендей маңдайын тыжырайта, 
басын шайқап,- қайта қазір бұрынғыдан кӛбірек табамын. Мәселе моральдық 
жағында болып тұр. Түк жазығым жоқ. Бар тапқаны: «жұмысыңда кемшілік бар» 
дейді. Ондай кемшілік кімде жоқ? Ӛзінде де бар. 
«Түсінікті,- деді ішінен Әбен,- кішкентай да болса, бастық болғым келеді дейсіз 
ғой... Әйтсе де, орынбасарыма тапсырайын, обал боп жүруі де ғажап емес». Әбен 
соны ойлап, қолына қаламын алып, ашулы жатқан блокнотын алдына 
жақындатты. 
- Фамилияңыз? 
- Қойбағаров... Қойбағаров Аман Қойбағарович. 
- Жақсы, жазып алдым. 
Әбен Қойбағаровты тағы да ӛзі жайлы ұзын-сонар әңгімеге түсіп бара 
жатқан жерінен тоқтатты да, «Аман» деген аттың қазақы сыпайылыққа салғанда 
қалай аталатынын жӛппелдемеде есіне түсіре алмай, ойланып барып: 
- Әбеке, - деді даусын кӛтере,- мен жазып алдым. Шаруаңызды тапсырамын. 
Тек уақыт жағы тығыз. Басқа да адамдар күтіп отыр. 
Қойбағаров бір сәт үнсіз қалды да, келген шаруасының іс болып шығатынына 
сенбей қалғандай, ұнжырғасы түсіңкіреп, міңгірлей қоштасып, кабинеттен 
кӛңілсіздеу шықты. 
Лып етіп кӛмекшісі кірді. 
- Орталық Комитеттен телефон соқты. Сізді отыр ма деп сұрады,- деді есік 
алдында тұрып. 
- Кім? 
- Хатшының кӛмекшісі. 
- Маған неге телефон соқпайды? - деді Әбен «әлде осыдан болып тұр ма» 
дегендей қызыл телефонға таңырқай қарап. 
- Білмеймін, - деді кӛмекші, - осымен екінші рет телефон соғып отыр. 
Кететін болса, бізге айт деп маған тапсырма беріп қойды. 
Әбен сағатына қарады. Жеті жарым. Бүгін қысқа күн - жұма екені есіне түсті. 
Бірақ жұмысқа берілген адамға үйден кеңсе жақын. Үйге барса, телевизордан 
басқа ермек жоқ, екі қолын қайда сыйдырарын білмей, сенделіп жүретін кездері 
болады. Ал кеңседе ӛзін суда жүзген балықтай сезінеді. 
Әбен әлде де бірер сағат отыра тұрмақ оймен: 
- Кірсін, - деді тағы да есікті кӛзімен кӛрсетіп... 
Сағат сегізде «Кремлевка» шыр ете қалды. Екінші рет шырылдағанда Әбен 
трубканы кӛтерді. 
- Алло. 
- Әбен Ілиясович? 
- Тыңдап тұрмын, - деді Әбен хатшыны даусынан танып. 
- Маған келіп кетіңізші. 
- Жарайды. 
Хатшы басқа сӛз айтпай трубканы қоя салды. 
Әбен кнопканы басып, кӛмекшісін шақырды да: 
- Машина тұр ма? - деді алдындағы қағаздарды жинап жатып. 
- Тұр. 


Әбен қабылдау бӛлмесіне кіргенде хатшының кӛмекшісі бұған әлдебір 
құпия түрмен: 
- Отыра тұрыңыз, - деді креслоны кӛрсетіп. - Қазір шақырады. 
Әбен хатшының мұнысына ренжіп қалды. «Тап қазір ешкім жоқ қой ішінде. 
Есігінің алдында екі минут болса да кідіртіп қойғаннан ләззат ала ма екен?» 
Бірақ бұл ойы қате болды - іштен екінші хатшының кӛмекшісі шықты да, 
мұны кӛріп, керемет қуанған адамдай: 
- О, Әбен Ілиясович, халіңіз қалай? - деп қолын қайта-қайта қысып, мәз 
болған түр кӛрсетті. «Актер». 
- Кіріңіз. 
Әбен қабырғалары оюлы ағашпен қапталған, залға ұқсас үлкен кабинетке 
кірді. Тұғжиып бірдеңе жазып отырған хатшы бұл кірген соң да жұмысын 
жалғастыра берді. Әлден соң қаламын жауып, креслосына шалқая отырды да: 
- Жағдай қалай? - деді ойы басқа жақта отырған адамның түрімен бұған 
айдалаға қарағандай қарап. 
- Жағдай бір ауыз сӛзге сыймай тұр-ау, - деді Әбен күліп. 
Хатшы сӛзден тосылып қалғандай бір сәт үндемей қалды. 
- Денсаулық қалай? - деді «қарап отырғанша әңгіме болсын» дегендей бір 
үнмен. 
- Жақсы, - деді Әбен оған таңырқай қарап. 
- Биыл демалысқа шығып па едіңіз? 
- Жоқ. 
- М-м... Ендеше былай болсын, - деді хатшы столға еңкейе түсіп. Соны 
айтып тағы да үндемей отырды да: - Министр болып істегеніңізге неше жыл? - 
деді. 
- Алты жыл. 
- М-м... Алты жыл - біраз уақыт. Кӛп еңбек еттіңіз. Оны ешкім жоққа 
шығара алмайды. Иә. Бірақ... ӛзіңіз білесіз, ӛмір бір орында тұрмайды. Уақыт, 
заман ӛзгеруде. Кешегі іс, кешегі ақыл бүгінге жарамай жатыр... 
Алдында түкке түсінбей отырған Әбеннің жүрегі кенет су ете қалғандай болды. 
- Әнеугүні ӛзіңізге де кӛрсеттім,- деді хатшы сӛзін жалғап, - үстіңізден арыз 
кӛп... Сізге бұдан бұрын да ескерту жасағанбыз. Одан нәтиже болмады. Бәлкім 
шаршаған да боларсыз. Адам темір емес қой. Ешкімнің маңдайына жазылып 
қойған қызмет жоқ. Ертең бәріміз де кетеміз кезегіміз келгенде. Сондықтан сізге 
ауыр да болса, айтуға тура келеді... - Хатшы «келесі айтатын сӛзіме жүйкесі 
шыдар ма екен» дегендей Әбеннің жүзіне барлай қарады.- Сізге бұл жұмыстан 
құтылу керек... Алда да ғұмыр бар. Кейінірек бір қызмет тауып берерміз. 
Аяқ астынан бұлай болар деп ойламаған Әбен сілейіп отырды да қалды. 
Бірдеңе дегісі келіп еді, тамағы құрғап, дыбысы шықпады. 
- Ӛзіңіз білесіз, жұмыстан аянған күнім жоқ, - деді әлден соң. - Кемшілік 
болса, бар шығар. Бірақ ол кімде жоқ. - Әбен ӛзінің манағы алдына келген 
адамның сӛзін қайталап отырғанын сезіп, таң қалды. - Соншалықты ақсап жатқан 
ештеңе жоқ секілді. Оны ӛзіңіз де білесіз. - Даусының жалынышты шығып, 
жанын қорлап жатқанын, айтып жатқан сӛзіне хатшы түгілі ӛзінің де сенбей отыр-
ғанын байқады. Бірақ бұл сӛзінің жалғандығынан емес, құты қашқаннан еді. - 


Басқа жұмыс дейсіз... Қалайша енді аяқ астынан... Егер сенім білдірсеңіздер, әлі 
де істей берер ем... - Әбен кілт тоқтады. Үйткені ӛзінің мүлде
абдырап, сӛзінен береке қашқанын анық сезді. 
Хатшы: 
- Тәжірибелі адамсыз, жағдайды түсінуіңіз керек, - деп еді, Әбен жеңілгенін 
білмейтін ақылсыз баладай жағдайды түсінгісі келмеді. 
- Не жазығым бар, айтыңызшы? - деді даусы шәңкілдеп. - Кімнің жолына 
бӛгет болдым? Кімге керек болып қалды менің орыным? 
Хатшының жүрегі қылп ете қалды, үйткені Әбеннің соңғы сӛзі алдын орап 
кеткендей болды. 
Ӛткен жолы бір үлкен мекеменің бастығы «мені түсірмек болып, материал 
дайындап, соңыма түсіп жүр» деп тура бюроның үстінде екінші хатшыға бас 
салған. Екінші хатшы амалсыз: «Ондай материал дайындалған емес», - деп жауап 
беруге мәжбүр болды. Ал шын мәнінде дайындалып жатқаны рас еді. Оны анаған 
жалпы бӛлімде істейтін бір жігіт жеткізіпті. Бюрода ресми түрде жауап 
берілгеннен кейін, іс қозғалмай, мекеменің бастығы орынында қалды. Оның 
орынына жалпы бӛлімдегі жігіт жұмыстан шықты. 
Соны ойлаған хатшы мынау істі бүлдіріп алар ма екем деп шошып қалды. 
«Біраз арбасуға тура келді-ау» деді ішінен министрдің оңайлықпен жан 
бермейтінін байқап. Енді ол ләм-мим демей, үн-түнсіз Әбеннің айтарын айтып, 
арыны басылуын күтті. 
Ӛзінің сіңірген еңбегін, адалдығын, әділдігін айтып біраз шаршаған Әбен: 
- Сіз шешім қабылдамай тұра тұрыңыз, - деді сабасына түскендей болып.- 
Мен Біріншіге ӛзім кіріп шығайын. 
Хатшы әлі үнсіз. Алдында тұрған тетігі кӛп аппаратты шұқылап, Біріншінің 
қабылдау бӛлмесімен сӛйлесті. Біріншінің қалада жоқ екенін, мына мәселені дәл 
осы кезде шешіп қою ӛзіне тапсырылғанын айдан анық біліп тұрса да: 
- Үлкен кісі бар ма? - деді актерше роль ойнауға мәжбүр болып.- Ә-ә, солай 
ма? Қашан? Әлгінде ме? - Тағы да біраз үнсіз отырғаннан кейін: -
Кетіп 
қапты ғой, - деді Әбенге қарап. - Сәрсенбісіз келмейді деп отыр. 
Әбен жан-жағынан қоршаған аңшылардың қатары ӛзіне тақап, ғұмыр 
шеңбері тарыла түскен аңның бейдауа күйіндей сасқалақтай бастады. 
Хатшы жүйке тайталасы ӛзінің пайдасына шешіліп жатқанын сезіп: 
- Әбен,- деді бейбіт үнмен, - ӛзіңіз білесіз, сіз де, біз де мина іздеген 
саперлар секілдіміз. Әр қателігіміз ең соңғы қателік болуға тиісті. Ал, шыны 
керек, сізде бір емес, бірнеше қателік болды... Ӛткен жылғы жұмысшылардың 
ереуілі. Оны жария қылмай, басып тастадық. Бірақ біз оны білеміз ғой. Ащысай 
комбинатындағы ӛрт. Асылып ӛлген бухгалтер. Ағылып жатқан анонимкалар. 
Осылардың қай-қайсысы қураған қау секілді тамызық тисе-ақ, ӛртке айналуы оп-
оңай нәрселер. Егер бұл осылай созыла берсе, мәселе ертең мүлде басқаша 
қойылуы мүмкін. Қазір ең қолайлы кез. Сондықтан балалық жасамаңыз. - 
Хатшының үні бұрынғыдан да жұмсақ шықты. - Біз сені мүлде жүген-құрықсыз 
босатып жібергелі отырған жоқпыз ғой. Сәл шыдасаң, бірдеңе тауып береміз... 


Хатшы осы сӛзбен бүкіл әңгімені бітірмесе де, мәселе негізінен шешілер 
деп ойлаған еді. Бірақ Әбен әлгі екі ортада тынығып алған адамдай, ышқынып 
қайта кӛтерілді. 
- Жо-оқ, тоқтай тұрыңыз, - деді алдында отырған адамның хатшы екенін 
ұмытып 
кеткендей 
ӛршелене. 

Жұмысшылар 
ереуілі, 
біріншіден, 
қылмыстылардың ұйымдастырған шаруасы. Екіншіден, ереуілдің қойып отырған 
мәселесі мен шешетін нәрсе емес, мына ӛздеріңіз шешетін мәселе. Соноу 
Ащысайдағы ӛртке мені кінәлі қылмақсыз, менің орнымда болсаңыз, сіз не істер 
едіңіз? Түк те істей алмайсыз. Ал бухгалтер, кешірерсіз, ӛзінің семья жағдайымен 
әлгіндей болды... Енді соған да күйдіресіздер ме? - Әбен ӛзін қолдайтын адам 
іздегендей алақтап жан-жағына қарады. - Ал енді, анонимка дегенге қалайша мән 
беретіндеріңізге тіпті де түсінбеймін. Егер ол адам шын мәнінде әділ болса, аты-
жӛнін неге жасырады? 
- Қалай десеңіз де, анонимкалардың 75 проценті шындық болып шығып 
отыр. Ал, екіншіден, сіздің участокте болып жатқан қылмысты оқиғаларға сізден 
басқа ешкім де жауап бере алмайды. 
- Жақсы, жауап бермей-ақ қойсын. Ӛзім-ақ берейін. Бірақ неге мәселені 
міндетті түрде осылай қою керек? Жалпы жоспар орындалды ма, орындалды. Ал 
әлгі айтылған нәрселер басқа министрліктерде жоқ па? Айтып берейін... - деп 
саусағын бүге берген Әбенді хатшы тоқтатты. 
- Жарайды, жарайды, оның керегі жоқ. Қазіргі әңгіме сіз туралы. 
- Апыр-ау, неге тек қана мен туралы? Ашық айтыңызшы маған, кім үшін 
мені күйдіргелі отырсыздар? Жоқ мен мұны бұлай қалдыра алмаймын. Арыз да 
жазбаймын! 
- Жазасыз, - деді хатшы тұңғыш рет даусын қатайтып. 
- Жазбаймын! - деді қызынып алған Әбен райынан қайтпай. - Шығарсаңыз, 
шығарыңыз. Бірақ мен ертең Біріншінің ӛзіне барамын. 
- Барғанда не бітіресіз? 
- Ол жағын ӛзіме қалдырыңыз. Сізден де басқа мәселе шешетін адамдар бар. 
- Слушай, - деді хатшы бӛтен бір дауыспен орысша сӛйлеп.- Ты не ребенок, 
и не первый год работаешь министром. Пора понять, что достоинство нужно не 
только для победы, но и для поражения. Надо уметь проигрывать, а не устраивать 
дурацкую сцену. 
Хатшының орысша сӛзі шындықтың бетін біржола ашқан, тура әңгіме 
болды: манадан бергі айтылған сӛзге қарағанда әлдеқайда әсерлі шығып, ұрыстың 
ең соңына сақталған құпия қарудай Әбеннің есін бірден жиғызды. 
- Ымға түсінбеген дымға түсінбейді деп... - Хатшы кеще адамға кейігендей 
басын шайқады. 
- Үлкен кісінің тапсырмасы ма? - деді Әбен әлде таңырқағандай, әлде 
үрейленгендей бір үнмен. 
Хатшы Әбенге үнсіз тесіле қарады. Істің мәніне Әбен сонда түсінді; күш-
қуатынан айрылып, құр сүлдері қалғандай, бүкшиіп, басын кӛтермеген күйі 
хатшыға қолын созды. Хатшы, күні бұрын дайындап отырғандай, бір парақ ақ 
қағаз бен қаламды қолына ұстата салды. Әбен есеңгіреген күйде айбақ-сайбақ 
жазумен ӛз еркімен жұмыстан босатуды ӛтініп, арыз жазды. Сосын әлі ұйқыдан 


оянбаған адамдай үн-түнсіз орнынан тұрып, хатшымен қоштаспастан, кабинеттен 
шығып, әлдене деп үн қатқан кӛмекшінің де сӛзіне түсінбестен, теңселе басып 
сыртқа шықты. 
Содан кейін-ақ бүкіл ой-сезімі ӛзгеріп сала берді. Әлгінде ғана мынау 
ғимаратқа министр болып кірген адам енді министр болмай далаға шықты. Бір ӛзі 
ғана емес, бүкіл ӛмір ӛзгеріп кеткендей. Қарапайым адам күйінде қалай қарай 
жүрерін білмей дағдарып тұрған секілді. Замандастарының аузынан әлдебір 
министр орнынан түсіп, тұңғыш рет үйіне машинасыз қайтуға тура келгенде қай 
транспорттың қайда баратынын білмей, «Апыр-ау енді үйге қалай жеттік?» - деп 
күйзеліпті дегенді естіп еді. Әзірге астында машина болғанымен, ертең ӛзінің де 
басында осы жағдай болатыны анық. «Шынында да, біздің үйге қандай автобус 
барар екен» дегендей жол жиегінде қалып бара жатқан аялдамаға тұңғыш рет 
үңіле қарады. 
Әбен тіпті ӛзінің машинаға қалай отырғанын сезген жоқ. Шопыры: 
- Әбен Ілиясович, бір жеріңіз ауырып келе ме? - дегенде «сен қайдан шықтың» 
дегендей оған ажырайып, таңырқай қарады. 
Әбен бір жері ауырған адамдай қинала ыңырсығанын ӛзі де естіді. 
Шопырының сұрағына не деп жауап берерін білмей, ойланып отырғанда тағы да 
қинала ыңырсыды. Сонда барып ӛмірі ауырмаған тісінің сыздап ауырғанын сезді. 
Неге ыңырсығанына енді түсінді. 
Кенет есіне әлдене түскендей: 
- Тоқташы, - деді шопырына айдалада адасып жүрген адамның кӛңілінде 
әлдебір үміт оты жарқ ете қалғандай бір үнмен. 
«Мәскеуге неге телефон соқпаймын? Орталық министрлік қоя тұрыңдар 
десе, бұл жақтағылар не істейді?!» Бірақ ол ойы ұзаққа бармады. Машинаны 
тоқтатып, ӛзіне сұраулы жүзбен қараған шопырына бірдеңе айтқысы келіп тұрды 
да, кенет кӛзі машинаның сағатына түсті. Түнгі он! Ешкімге телефон соғу мүмкін 
емес. Сол кезде барып Әбен ӛз мәселесін шешу үшін аптаның соңғы күні - 
жұманы олардың бекер таңдап алмағанын, осының бәрі әңгімеден кейін ешқайда 
телефон соғылмауы үшін, сырттан ӛздеріне де телефон соқтырмау үшін әдейі 
істелгенін және мұның бәрі бұрыннан жасалып келе жатқан үлкен тәсілдің бірі 
екенін енді түсінді. 
Тісі тағы сыздады. 
- Кеттік, - деді шопырына ақырын ғана. 
Министрдің даусы бұрынғы қожайындық еркіндігін жоғалтып, бейтаныс 
жолаушының ӛтінгеніндей жұмсақ шыққанын шопыр да байқады. 
Үйге келген соң әйеіліне не дерін білмеді. Астаң-кестең болған жан-дүниесі енді 
үй ішіне ауысатынын, оның да осылай астаң-кестең болатынын, бұрынғы ұғым, 
бұрынғы кӛңіл-күй, бұрынғы мінез-құлықтың мүлде басқаша болып ӛзгеретінін 
сезген кезде әлде бірдеңе үзіліп кеткендей ішкі сарайы солқ етті. Ол тіпті 
жайшылықта «ертең министрліктен түскенде» деп жолдастарының алдында емін-
еркін қалжыңдап жүрсе де, шынтуайтқа келгенде дәл мынандай бар үмітін 
үздіріп, бар жарықты сӛндіретінін сезген жоқ еді. Және осы бір үрейлі сезім бірте-
бірте басылудың орнына барған сайын, ӛзінің қандай жағдайға тап болғанын 
түсінген сайын жан-дүниесін талқандап, кесепат дауылдай үдей түсті. 


Ӛзінің арыз жазып, хатшыға тастап кеткенін әйеліне айтпақ болып екі-үш 
рет оқталса да, жүрегі дауаламады. Үйткені одан кейін қайтадан басынан 
басталатын күйзеліс ӛзіне тым ауыр тиетін кӛрінді. Баяғыда азғантай уақыт ми-
нистрдің орынбасарлығынан түсіп қалғанда әйелі түнімен ботадай боздап, 
орыннан түсіп қалудың қандай қасірет екенін ӛзі сонда барып түсінгендей болған. 
«Сондықтан шыдай тұрайын, - деп ойлады ол. - Тым болмаса, ӛзіме ӛзім 
келіп алайын...» Бірақ ӛзіне ӛзі келу оңай ма екен? Уайым жайлаған ӛз ішіне ӛзі 
бір кіріп алғаннан кейін, інге қамалған жәндіктей қайтып сыртқа шыға алмай 
қалды. Егер шықса, ана әйелімен, балаларымен дұрыстап адамша сӛйлессе, мына 
бір жарылған ӛттей ӛзегін қыжылдатқан ащы уайымнан бір сәтке болса 
да босанар ма еді... 
Әйелі ас үйден шығар емес. Орта үйде қызы мен балдызы телевизор кӛріп 
отыр. Ӛңкей бір қырғын, апат жайындағы фильмдер. Бәленбай қабат үйді ӛрт 
шалып, адамдар отқа күйіп, балконнан құлап ӛліп жатыр. 
Әбен жан дүниесіндегі жағдайды осындай бір аласапыран апатқа ұқсатты. 
Кинодағы ӛрт сӛндірушілер секілді бұл да ӛз ішіндегі ӛртті сӛндірмек болып 
тырысып еді, оған шамасы жетпеді. Ұмытуға, ойламауға болмайтын бірдеңе. 
Осыдан кейін әбден шарасы таусылып, жанып жатқан үйіне үн-түнсіз қарап 
отырған үй иесіндей қарсыласуды доғарып, ой-сезімін күйзелістің қолына 
біржола ұстатып қоя берді. 
Тісі сыздады. Енді байқады, тек тісі емес, бүкіл жақ сүйегі, тіпті мойын 
омыртқасына дейін сыздап ауыратын секілді. 
Бір ғажабы, тән азабы жан азабын аздап жеңілдеткендей болды. Бірауық 
әлгі оқиғаны ұмытып, жақ сүйегі мен тісінің сыздағанын қайтсем қойдырам деген 
оймен ӛзін ӛзі аутотренинг тәсілімен емдей бастады. «Ауырған жерім басылды, 
ауырғаны басылды, басылды» деп іштей тынымсыз қайталай берді. Әлден соң, 
шын басылды ма, әлде ӛзіне әшейін солай болып кӛрінді ме, әйтеуір, сыздаған 
жері сәл саябырлағандай болып, бірақ оның есесіне ӛз басындағы жағдай есіне 
қайтадан түсті. Жазықсыз зәбір кӛрген адамның сезіміндей бір әсермен болған 
істің себебін, түпкі тамырын іздеді. 
Әбен тумысында жалғыз жігіт болатын. Қол ұшын беретін ықпалды 
ағайыны да болған жоқ. Ӛзінің пысықтығының арқасында ағаны да, досты да 
кейін тапты. Іскер де бейнетқор еді. Атқа ерте мінуіне себепкер болған да осы 
қасиеті. Ең алғаш комбинатқа келгенде директордың кӛзіне түсті. Директор баяғы 
40-жылдардағы от пен суға түспесе отыра алмайтын, тесік ӛкпе ескі кадрлардың 
бірі болатын. Күн-түн демей, үйіне де, қара басына да қарамай, қызметте жүреді. 
Алғашқы ӛмір мектебі содан басталып, Әбен де ӛлген-тірілгеніне қарамай жұмыс 
істеуді үйренді. Соның арқасында жақсы атқа ілігіп, бұған жоғарғы жақ кӛңіл 
аудара бастады. Қолдаушылар, жанашырлар табылды. Жиырма жеті жасында 
комбинатқа директор, одан министрдің орынбасары, ақыры министр болып 
тағайындалды. Енді міне алты жыл дегенде орнынан түсіп, елсіз қу медиен далада 
қаңғып қалғандай болып отырған отырысы мынау. 
«Қалайша түк қызық қалмады бұл ӛмірде, бар шығар әлі де?» - дегендей 
ӛзінің кӛңіл түпкірінен бірдеңе іздегендей болады. Ештеңе таба алмайды. Бәлкім, 
мұның бәрі алғашқы әупірім сезім болар, артынан басылар, жалғыз мен емес 


шығармын қызметтен түскен деп ӛзін ӛзі жұбатқысы келеді, бірақ осының бәрі 
далаға айтылып жатқан сӛздей, ӛзіне түк қатысы жоқтай, бойына дарымайды. 
Әбен сырт кӛзге шын бақытты адам болып кӛрінуге тиісті. Сүйген жары 
кӛрікті. (Әбеннің ӛзі де келбетті, ажарлы жігіт). Ӛзінен айнымайтын ұлы, әйелінен 
айнымайтын қызы бар. Алғаш отау кӛтергеннен бастап қатты мұқтаждық кӛрген 
емес. Байлықтың қызығын кӛріп жүр деу де қиын. Ӛйткені тоқшылыққа әу бастан 
үйренген. Сол себепті адамды дүниеқоңыз қылатын артық ашқарақтық, қиғаш 
пейіл бұларда бола қоймады. 
Алайда, «тұяғы бүтін тұлпар, қанаты бүтін сұңқар жоқ» деп қазақ 
айтқандай, іштен үңілген адамға бұл үйдің де ӛзіне жетер қайғысы баршылық. 
Қайғының басы - жалғыз ұл. Ол туғанда қуанышында шек болған жоқ. 
Отбасының базары болды. Жұмыстан шаршап келгенде соны аймалап, жаны жай 
табатын. Командировкада жүргенде кішкентай шұлығын қалтасына салып, иіскеп 
жүретін. Сәбиінің жұпар исі тынысын ашып, жүрегін сағыныш толы бір 
сезімдерге бӛлеуші еді. Әлпештеген, үміт артқан сол ұлы ӛсе келе сабындай 
бұзылды. Мектепте сабағынан ақсады. Жүре-бара түзелер деп, оны кӛп уайым 
қылмаған. Кӛше балаларына қосылып кетіп, одан әрең айырып алды. Институтқа 
түсіріп еді, оны оқи алмады. Ішімдікке үйір болды. Тӛбелеске араласып, біреуге 
пышақ салып, ісі сотқа түсті. Әйтеуір бар беделін салып, одан да алып шықты. 
Қай ұлт екені белгісіз бір жезӛкшеге үйленем деп, ең үлкен қайғы сол болды. 
Ақыры айтқанға кӛнбей, үйленіп тынды. Қазір бӛлек тұрады. Осындай қасіреті 
бар отбасын кім айтар бақытты деп. 
Әбен ұлының тағдырын кӛп ойлаған. Үлде мен бүлдеге бӛледі. Не ішем, не 
жеймін деген жоқ. Рас, күнделікті тәрбиесіне араласа алмады. Мектебіне барып 
кӛрген емес. Қу қызмет босатты ма. Таңертеңгі сағат сегізде кеткеннен үйіне түнгі 
он-он бірде бір-ақ келеді. Бұл келгенде де, кеткенде де баласы ұйықтап жатады. 
«Папам командировкада ма?» - деп сұрайтын кӛрінеді шешесінен. 
Әбен осы тұста әлдебір шындықты мойындауға тура келгендей, басын 
шайқап, ауыр күрсінді. Апыр-ай, ӛз баламды тәрбиелеуге уақытым болмаса, 
онымен күнделікті ӛмірдің ауыр-жеңілін бӛліспесем, қуаныш-қайғысына ортақ 
болмасам, сырласпасам, мұңдаспасам, балам шын мәнінде тірі жетім болып ӛскені 
ғой. Тәрбиені кӛшеден алған бала кӛшенің баласы болмағанда, кім болады? 
Бір ойды бір ой түртіп, Әбеннің кӛңілі одан бетер құлазыды. Ӛз ӛміріне 
үңілген сайын, бұрынғы кӛрген қызық, сүрген дәурен мүлде басқаша елестейді. 
Бәрі де мәні жоқ, нәрі жоқ бірдеңелер секілді. «Сонда сен осы тірлігіңнен не 
таптың?» - дейді ӛз ішінде баяғыда ұйықтап қалған біреу жаңа оянып, басын 
кӛтергендей. Бұл оған міңгірлеп, дұрыс жауап бере алмайды. Жар қызығы... Иә, 
жар қызығы бар екен-ау. Бірақ әйелімен арадағы байланыстың ұлы мен екеуінің 
арасындағы қарым-қатынастан ұзап кеткені шамалы. Үнемі сыртта жүргендіктен, 
сырттың қызығы жүрегін кӛбірек жаулап, үйдегі қызық мойындағы бір міндет 
секілді кӛрінетін. От басының бар ырысы отағасының лауазымы арқасында келіп 
жатқандықтан, барлық тілек, мақсат сол лауазымға тікелей бағынышты еді. 
Бірдеңе болса, «папаңның қызметіне зиян болады», «папаңның жұмысына кедергі 
болады» деген сӛздер бұл үйде құранның шариғатындай естілетін. Тіршіліктің бар 


жағдайын жасаған, абырой, беделге жеткізген әлгі Лауазымды әйелі кейде мұның 
ӛзінен де артығырақ кӛретін секілді... 
Тісінің сыздағаны басылар емес. Кешкі тамақ батпаған соң, тӛсегіне келіп 
қисайды. Ӛзі сӛйлемесе, мұның тыныштығын бұзуға үй ішінде ешкімнің дәті 
бармайтын. Қызмет бабында бірдеңе болған шығар. Соны ойлап отырған болар... 
Әйелі келесі сәрсенбіде ӛзіне машина керек екенін айтты. Әбен іштей мырс етті: 
«Бейшара, келесі сәрсенбіде машина түгілі басыңмен қайғы болып отырарсың, 
амандық болса». Бір ғажабы, үй ішіндегі адамдармен әрегідік тілге келсе де, 
олардың бойларынан тіршілік белгісін - дем алысын, жүрек жылуын сезіп 
отырған жоқ. Олар оқ ӛтпейтін шыны қабырғаның ар жағында, басқа бір әлемде 
тек түрі ғана кӛрініп жүргендей. Жақындайын десе, жақындай алмайды. Ғайыптан 
пайда болған беймәлім жалғыздық қасынан үйріліп шықпай жүр. 
Ойлап отырса, шын сенісіп, сырласатын досы да жоқ екен. Баяғы достардың 
орнына қызметтес достар келді. Олар тап бір ауысып тұратын киім секілді. Ескі 
достармен араласып тұруға уақыт жоқ. Екіншіден, олардың кӛбі бұдан тек 
дәметкеннен басқа ештеңе білмейді. Кӛмек, қызмет сұрайды, бәленшеге айт, 
түгеншеге айт, бітпейтін бір ӛтініш. Туыс келеді - ол да бірдеңе сұрайды. Қол 
ұшын бермесе, кӛлеңкесіне ит жатпайтын қайырсыз дейді. Олар кӛп, бұл жалғыз - 
қайсысына жетеді? Айтқаныңды екі етпейтін, ақырып қалсаң, жаны шығып 
кеткелі тұрған бағынышты, жалынышты жандар бар. Оларды дос дей алмайсың. 
Анда-санда бір келетін, ат құйрығын біржола үзбеген бір досы бар еді, оның ӛзі 
сыртынан: «Министр болам деп жақын-жуықтың бәрінен айырылды, байғұстың 
менен басқа ешкімі жоқ», - дейтін кӛрінеді. 
Ешбір қисынға, ешбір заңға сыймайтын бұл ӛмірдің сырына кімнің кӛзі 
жеткен? Кейбіреулер адам ӛз тағдырына ӛзі қожа деп даурығады. Күнделікті 
жоспармен жасалып жатқан іс-әрекетің тағдыр емес. Тағдыр - сенің қу тірлігің 
мен сыртқы жағдайдың шайқасынан туған бұйрықты несібең. Сенің ырқыңа 
бағынбағаннан кейін де ол тағдыр болып есептеледі. Бұл да ойлайтын: «Ӛмір 
табалдырығынан аттағаннан кейін, алдан сан тарам жол шығады, әр жолдың 
қайда баратыны белгілі, қалаған жолыңа түс те, жүре бер" деп. Сүйтсе, олай емес 
екен. Ӛмір деген ну жыныс орман секілді. Сол орманның арасынан саған қандай 
сүрлеу бұйырады - ол ӛзіңнің бақ-талайың. Әбен дәл осы жолды таңдап алсам деп 
ойлаған емес. Маңдайына бұйырды. Рас, оңай жол болған жоқ. Тұңғыш 
мойынына бұғалық түскен асаудай талай бұлқынған. Талай балалық арман, 
қиялдарының күлі кӛкке ұшқан. Қысқасы, қоғам илеп-илеп, бұдан ӛзіне керек 
адам жасап алды. Әбен үндемеуді үйренді, ӛтірік құптауды, іштегі сӛзін жасырып, 
басқаның сӛзін айтуды үйренді. Жұрт мұның мінезін орнықты, сабырлы деп 
ойлайтын, шын мәнінде, артық сӛйлеп қоюдан қорыққан бассауғадан басқа түк те 
емес еді. Бірақ бұл бір ғана адамның емес, бүкіл қоғамның басындағы жәйт емес 
пе? Ӛзге емес, ӛз билігің ӛзіңе жетпейтін заманда кім не тындырғандай? Билік 
дейді-ау, кімде бар ол билік? Министр түгілі әлгі хатшыңда да жоқ. Манағы қалт-
құлт етіп алдына келген Қойбағаровтан оның артық жері қайсы? Қайта хатшыға 
қарағанда Қойбағаровтың ұйқысы да, жүйкесі де тынышырақ шығар. Тіпті сол 
билік Біріншіңнің ӛзінде бар ма екен? Біреуге күжірейіп, біреуге кішірейген 


заманда билік туы тігілген жер біздің кӛзіміз жететін жерде емес. Әріде, тым 
әріде. Осыны білсек, кінәласудың орнына бір-бірімізді аяйық... 
Әлдеқалай жүрегі қыжылдады. Асқазаны болар. Студенттік кезден қалған 
гастриті бар. «Дегенмен дәрігер шақыртса қайтер еді» деген ой келді басына. 
«Апыр-ау, дәрігер бар екен ғой, оны қалай ұмытып кеткенмін» деп іштей 
тіпті қуанғандай болды. Бірақ дәрігерді еске алуы мұң екен, тісі де, асқазаны да 
бірте-бірте басыла бастағандай болды. Жалпы үйде отырғанда бір жері ауырса, 
дәрігердің алдына барғанда жазылып кететін әдеті бар-ды. Дәрігер әр жер-бір 
жерін сипалап, «қалай, ауырып тұр ма» дегенде, «жоқ» деп амалсыз мойындауға 
тура келетін. 
Бойы сәл-пәл тыныстап еді, кезек менікі дегендей, уайым қайта оралды. 
Уайымның басы – «енді не істеуім керек» деген жауабы жоқ сұрақ еді. Не шаруа 
күйттеп, не кӛрген-білгенін кітап қылып жазып, ел қатарына қосылатын бір де бір 
қасиеті жоқ екен. Тіпті министр болғаннан басқа ештеңе қолынан келмейтін 
секілді. «Енді қайттім?» - деді ол торығып. Мұң шағатын ешкім жоқ. Бәрі де әдіре 
қалды. Әлдеқандай бірдеңе санасында кӛлбеңдеп, «мұңдасатын, сырласатын мен 
бар» деп, ӛзінің бар екенін сездіргендей болады. Әлгі «бардың» не екенін түстеп 
айыра алмай тұрды да, ақыры таныды. Онысы - ӛзін ӛмір бойы құл қылған, арына 
да, жанына да кісен салған, бауырдан, достан айырған, елден айырған тақсыр 
Қызмет екен. Енді ол да жоқ. Мынау тұрған оның кӛлеңкесі ғана... 
Ішкі әлемінде дауыл қайта басталды. Үйлерді қиратып, теңіздерді 
арнасынан шығарып, бӛгеттерді бұзатын, елді мекенді топан суға қарық қылатын 
дүлей дауыл. Ол ӛз ішінен осындай бір апатты сезді. Қайтуы жоқ, дауасыз апат. 
Әлдебір ӛкініш секілді жетім сезім кӛңіл түпкірінде адасып жүрген секілді. 
«Әттеген-ай!» - деді ыңырсып. Оны жаны қиналып айтты ма, тәні қиналып айтты 
ма - ӛзі де айыра алмады. Тегі екі ауру қосылып кеткенге ұқсайды. 
Асқазанының қышқылы кӛбейді-ау - қыжыл күшейіп кетті. Сірке суын 
ішкендей қолқасына дейін ашытып, тесіп барады. Бұл бір тоқтамайтын, 
басылмайтын ұшы-қиыры жоқ күйзеліс болды. 
Әбен ӛзінің түсетін жерінен ӛтіп кеткен пойыздағы жолаушының сезіміндей 
бір күйде: «Қап, манадан бері дәрігер шақыртуға болатын еді-ау!» - деп ойлады. 
Енді қазір жыланға арбалған бақадай аурудың ықпалынан шыға алмай жатыр. 
Қозғалғысы келеді - қозғала алмайды, сӛйлегісі келеді - үні шықпайды. Әбеннің 
жан тері шықты. Беймәлім дерт ағаш кескен арадай тӛзімін жұқартып, біржола 
тауысуға жақындап қалған секілді. 
Әйелі, бала-шағасы ӛзінен бӛлініп, қол жетпейтін, дауыс жетпейтін жерге 
алыстап барады. «Әттеген-ай!» - демек болды, тағы да үні шықпады. «Ӛкінішті...» 
Кенет әлдекім ӛзегін ыстық темірмен күйдіріп ӛткендей болды да, Әбен 
есінен танды. Тек осы азаптың немен бітсе де, тезірек біткенін тілеп үлгірді. 


* * * 
Әбеннің инфарктан қайтыс болғанын хатшы сенбі күні таңертең жұмыста 
отырып естіді. Кеше кешкілік ӛз алдынан сап-сау кеткен адамның қалай ӛліп 
қалғанына түсінбей: 
- Қалайша, қалайша? - дей берді абыржып. 
- Түн ортасында ұйықтап жатқан кезде болған секілді. Семьясы да бүгін 
таңертең бір-ақ біліпті, - деді ұйымдастыру бӛлімінің меңгерушісі мемлекеттік 
құпияны айтқандай сыбырлай сӛйлеп.- Маған ауруханадан осы әлгінде телефон 
соқты. Екіншіге хабарладым. Қазір ӛзі де шақырып қалар. 
Хатшы тым-тырыс, ұзақ отырды. Қалтасынан дәрі алып ішті. Хатшының 
денсаулығын ӛзінен кем білмейтін кӛмекшісі дәрігер шақыртты. Дәрігер осылай 
боларын біліп, коридорда күтіп тұрғандай, лезде келді. Қан қысымын ӛлшеп, 
жүрегін тыңдап болғаннан кейін, ауруханаға жатқызбақ болды. Хатшы келіспеді. 
Министрдің ӛліміне байланысты құрылған комиссияны ӛзі басқарды. Жер 
алу, оркестрге заказ беру, жаназа асына қаражат бӛлу, мекемелерден венок 
әкелдіру, туған жеріндегі мектепке, қаладағы бір кӛшеге марқұмның атын беруді 
арнайы қаулыға кіргізу тағы басқа шаруалардың бәрін мұқият қадағалады. 
Хатшының жалғыз бауырын жӛнелтіп жатқандай мынау іске аянбай 
кіріскенін жұрт үлкен адамгершіліктің белгісі деп таныды. 
Келесі күні ӛзінің кӛмекшісін ертіп, хатшы кӛңіл айтуға Әбеннің үйіне 
келді. Марқұмның отбасы қазаның құдіретін мойындап, оның орнын ӛлікке 
жұмсаған қызметтерімен толтырғысы келгендей, кіріп-шыққан кісілерді күтіп, 
тыным таппай жүгіріп жүр. 
Марқұмның қара жамылған әйелі кӛзіне жас алғаны болмаса, дауыс қылып 
жылаған жоқ. Әбеннің қазасын естіп, хатшы ауырып қалыпты дегенді естіген 
болатын. 
Кӛңіл айту рәсімінен кейін, марқұмды жӛнелту шаралары тӛңірегінде бірер 
сӛз болды. Қаралы әйел хатшыға рақметін айтуды ұмытқан жақ. Бүкіл зиялы 
қауым, қалың ел қабырғалары қайысып, қайғыға ортақ болып жатыр екен. 
Әсіресе, Үлкен кісінің хабарды естісімен, командировкасын тастап, әдейі 
келгенін, таңертең үйге кіріп шыққанын айтқанда осыны ӛзіне зор бедел, 
мақтаныш тұтатынын жасыра алмады. 
- Дәм-тұз таусылып тұрса, оған кім араша бола алады?- деді әйел тағдырдың 
бұйрығына келіскен бір үнмен. - Кешеден бері бұған да үйрендік. Шүкірлік еттік. 
Әйтеуір мынандай қызметте жүріп кеткенінің ӛзі жұбаныш секілді. Әйтпесе, 
осынша үлкен құрмет болар ма еді... - Әйел тағы да кӛзіне жас алды. 
Қабырғада қара лентамен кӛмкерген Әбеннің суреті тұр. Сәл жымиып 
түсіпті. Кешеден бергі оқиғаның осылай болып аяқталғанына ӛзі риза болып 
тұрған секілді. 
Хатшы суретке ұзақ қарады. Оның ӛзiмен ең тағдырлас, ӛзiне ең жақын 
адам екенiн қалай байқамағанына iштей қайран қалды. Сол сәтте келесi ӛлiм 
кезегi ӛзiнiкi екенiн сезгендей, жүрегi болар-болмас шым еттi. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет