Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Биология және химия кафедрасы
28.58
С 89
Сұлтанғазина Г.Ж.
Регионалды флористика
Оқу-әдістемелік құрал
Қостанай, 2011
ББК 28.58 С 89
Құрастырушы: Г.Сұлтанғазина б.ғ.қ, биология және химия кафедрасының доценті
Рецензенттер:
Қонысбаева Д.Т., б.ғ.қ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының биология және география кафедрасының меңгерушісі
Жарлығасова Г.Д. биология ғылымының кандидаты, экология кафедрасының доценті
Сулейманова К.У., б.ғ.к, ветеринарлық медицина кафедрасының доценті
Сұлтанғазина Г.Ж.
С 89 Регионалды флористика. Студенттерге арналған оқу - әдістемелік құрал. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011.- 99 бет.
Студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралында «Регионалды флористика» пәнінің мақсаты мен міндеті, жергілікті өсімдіктердің морфологиялық құрылысы, шығу тегі, туыстық қатысы, таралуы, экологиялық жағдайы, сондай-ақ түрлі шаруашылық саласында пайдалануы және олардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы жан-жақты баяндалады. Тәжірибиелік және зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау енгізілген.
Биология мамандығының студенттеріне арналған.
ББК 28.58
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ОӘК талқыланып, баспаға ұсынылды (мәжіліс хаттамасы № ___.___. 2011 ж.)
© А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттiк университетi
КІРІСПЕ
Ботаника ғылымдарының алдында тұрған мақсаттың бірі адам өміріне қажетті табиғи өсімдіктер қорын толық зерттеу болып табылады. Осыған байланысты әртүрлі өсімдіктер тобын, Қостанай аумағында зерттеп, біздің өңірде пайдаланылмаған өсімдік түрлеріне ерекше көңіл аудару қажет.
Адам қоғамының өркені табиғи ортаның өзгеруіне күшті әсер етуіне байланысты табиғи қалыптасқан өсімдіктер тез, қауырт өзгерістеріне әкеп соқты. Соның нәтижесінде кей аудандарда мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи ландшафт бұзылды. Әсіресе кейінгі бір жиырма жылда өсімдіктерді жинап, олардың тіркелуінің жүргізу жұмыстары болмады. Өсімдіктердің әртүрлі тобын, жан-жақты терең флоралық зерттеулер жүргізу, белгілі бір жер көлеміндегі нақты түр құрамын, таралуын, экологиялық ерекшелігін, химиялық құрамы мен практикалық маңызын анықтау, ботаника ғылымының дамуында ерекше орын алды.
Автордың негізгі мақсаты студенттерді республикамыздың Қостанай аудандарында таралған практикалық маңызы зор, жеткілікті зерттелмеген, тіпті кейбір аймақтарда зерттелмей қалған өсімдіктермен таныстыру.
1 тақырып «Флора» және «өсімдіктер» туралы түсінік
Мақсаты:
- ботаникалық география пәнінің мақсаттарымен, әдістерімен, даму тарихымен таныстру
- ботаникалық географияның басқа пәндермен байланысын көрсету
Жоспар:
1 Ботаникалық география, оның максаттары, галымдар жүйесіндегі орны, дамуының негізгі кезеңдері және зерттеу обьектілері
2 Флоралық құрамы
1 Ботаникалық география - жер бетіндегі өсімдіктер және олардың кауымы туралы және фитоценоздардың құрамы, құрылысы, өнімділігі. пайдаланылуы, өзгеруі туралы ғылым. Бұл пәннің негізгі мақсаты өсімдік кауымдарының кұрылысын, олардың табигат және адам әркеттеріне байланысты факторлардың әсерінен белгілі уақыт аралығында кеңістіктегі езгеруін зерттеу. «Геоботаника» деген терминді ғылымға 1866 жылы бір-біріне байланыссыз Ф.Н.Рупрехт және А.Гризебах еңгізді. Рупрехтің бойынша геоботаника өсімдік жабынының физико-географиялык ортамен, ең алдымен топыракпен қарым-қатынасы туралы ғылым.
ХХ-шы ғасырдың бірінші жартысында геоботаникамен фитоценологияны синонимдер тұргысынан қарастыратын немесе геоботаниканы ботаникалық география мен фитоценологияның бірлестігінен тұратын пән ретінде түсіну керек деген көзқарастар болды.
Әдетте геоботаниканы - тарихи геоботаника, экологиялык геоботаника; хорологиялық геоботаника деп бөледі.
Геоботаниканың негізгі зерттеу объектілері фитоценоздар және олардан құрылған жер бетіндегі есімдік топтары. Геоботаника фитоценоздардың структурасын, олардың ішіндегі биотикалық қарым-қатынастарын, фитоценоздардын ішкі ортасының ерекшеліктерін, дам тарихын зерттейді жэне фитоценоздарды классификациялаумен айналысады.
Геоботаника өсімдіктер жэне жануарлар экологиясымен, топырақ тану және климатологиямен; өсімдіктер және жануарлар географиясымен, геоморфологиямен жэне т.б.ғылым тармақтарымен тығыз байланысты.
Жер бетіндегі өсімдіктер жабыны әр алуан өсімдік түрлерінен және олардың бірлесуінен түзілетін өсімдік кауымдарынан құрылады.Өсімдіктер жабынын зерттегенде оны «флора» және «өсімдіктер» деген екі түрлі ұғымға бөледі. Бұл өсімдіктер жабынының әртүрлі екі жағы. Әдетте бұл екі ғылымды жиі шатыстырады.
Флора дегеніміз, ол белгілі бір аймақта, өлкеде, ауданда, жерде тіршілік орындарының барлық типтеріне орналысып, сол жерге тән барлық өсімдік қаумдарын құратын өсімдік түрлерінің жиынтығы.
Әр флораның негізгі белгісі - ол оның түрлік құрамы. Белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктердің түрлерін есепке алу, демек флоралық
өсімдіктердің сабағының ірі болып келетіндігінде. Сол себепті оны көк конвейер ретінде жас кезінде, яғни сабағы іріленіп кетпеген, жапырақ мөлшерінің (өсімдік салмағының 60-70% құрағанда) көбірек болғанында пайдалану тиімді.
Жаңа мал азықгықдақылдардан дайындалған сүрлемді мал жаксы жейді. Оның қоректілігі жүгері сүрлемінен кем түспейді. Олардың сүрлемдік ерекшеліктері әр түрлі де, ол өсімдік құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты.
Ең жақсы сүрлемге салынатын өсімдіктер аю балдырғанының түрлері күн түйнегі, максары ұқсас марал шөбі. Бүлардың кұрамында қант мөлшері сүрлемге салуға керекті мөлшерден 1,5-2,5 еседей жоғары. Майлы шалқан, күлқайыр, майтамыр сияқты өсімдіктерді таза күйінде тек қана тұқым салған кезінде сүрлемге салуға болады.Өйткені бұлардың құрамында қант мөлшері аздау, сондықтан бұл өсмдіктерді жас кезінде баска жақсы сүрленетін өсімдікгермен қосып сүрлемге салу тиімді.
Майтамырдың, ешкі шөбінін, құлқайырдың, марал шөбінің, таранның және басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге бай шөп ұнтағын дайындауға пайдаланады.
Қорыта келгенде жаңа өсімдіктерді көк балаусаға, сүрлемге, витаминді шөп ұнтақтарын дайындауға өсіруге болатынын зерттеулер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер көрсетті. Көпшілік жаңа өсімдіктер жақсы бал жинағыш ретінде де белгілі. Және де кейбір жана өсімдіктердің гүлдену кезеңінің жүруі баска бал жинайтын дақылдардың гүлденуінің азайып кеткен кезінде болатыны анықталды.
Жаңа мал азықтык өсімдіктерге биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, олардың табиғатга белгілі бір жерде өсуіне қарамай әртүрлі экологиялық аймақтарда өсіруге бейімді болатындығы.
Ылғалды аймактарда жақсы өсіп, жоғары өнім беретін өсімдіктер тобына: аю балдырғаны, Вейрих тараны. сильфия, майтамыр, жер алмұрты, шыгыстың ешкі шөбі, марал шөбі, күлқайыр, майлы шалқан жатады.
Аю балдырғаны, май тамыр, марал шөбі, ешкі шөбі сиякты өсімдіктер өздерінің мезофидділер тобына жатуына қарамай, алғашқы өсу қарқынының жақсы жүруінің нәтижесінде құрғақ (ксерофитті) аймақтарда да жақсы өнім қалыптастырады.
Жалпы, барлық жаңа мал азықтық өсімдіктер жақсы алшын беруімен, яғни орып алғасын қайтадан қарқынды өсе бастауымен ерекшеленеді. Алшын есуі олардың ағзаларының дамуының ерекше өтуіне байланысты. Кейбір өсімдіктерде бұл ерекшеліктер жақсы дамыған да оларды вегетация кезеңінде 3-4 рет орын алуға болады (майтамыр, ешкі шөбі). Көпшілік жаңа өсімдіктерді көбінесе 2 рет орып алады. Бірінші орын өнімді болады. Бірақ, жазғы маусым кезінде өсімдік қоректік заттармен, ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген және де бірінші ору ертерек жүргізілген кезде екінші және одан кейінірек алшынның өнімдері де жоғары болуы ықтимал. Айта кету керек, өсімдіктің жақсы алшын түзуі оның шаруашылық маңызын көтеретін ерекшелігі.
Барлық жаңа өсімдіктер: біржылдық болсын, көпжылдық болсын, күздің инвнтаризация жасау - ол әр бір флоралық зерттеу жұмыстарының негізгі болып саналады.
Флорадағы түрлердің құрамын есепке алу олардың жалпы саны туралы және олардың қандай туыстарға, тұқымдастарға жататындықтары туралы түсінік береді.
Флораны құратын түрлердің саны онын байлығын тікелей көрсетеді.
«Өсімдіктер» немесе өсімдіктер жабыны дегеніміз - орман, батпақ, дала, шөл, тундра сияқты жерлерде қалыптасқан әртүрлі өсімдік қауымдарының жиынтығы. Ол типтердің әрқайсысы көптеген өсімдік турлерінен тұрады, сондықтан оларды зерттеу кезінде, ең алдымен олардын флорасын білген жөн.
Геоботаниканың жеке бөлімдері өсімдіктердің негізгі типтерін зерттейді.
2 Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір тур биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мағлұмат алу оның флоралық кұрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндерді де есепке алу керек.
Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе еліміздің оңтүстік аудандарында (дала, шөл тағы с.с). өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін, ондағы түрлерді тізімге алу (инвентаризация) жұмысын өсімдіктердің вегетациялык кезеңі ішінде екі (көктемде, жазда) немесе үш (көктемде, жазда, күзде) рет жүргізген дұрыс. Тек сонда ғана вегетациялық кезеңі ұзақ және қысқа (көктемгі және күзгі эфемерлер және эфемероидтар) өсімдік турлерін толық қамтуға болады. Бірақ өсімдіктерді тізімге алған кезде, осы жерде кездесетін өсімдіктердің кейбір түрлерінің болмай қалуы мүмкін. Өйткені қауымның флоралық құрамының тізімін жасаған кезде олар тек дән (тұқым) түрінде топырақ бетінде кездесуі мүмкін. Сондықтан оларды анықтап есепке алу керек. Жинаған өсімдік дәнін өсіріп керіп тек қана осы жағдайда өмір сүруге икемі барларын ғана тізімге кіргізу қажет.
Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы (егер түр саны аз болса) және бай флоралы (егер түр саны көп болса) фитоценоздар болады. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың (гректің dіаsроrа - таралу деген - өсімдіктің таратылуға арналған кез-келген бөлігі) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына байланысты анықталады.
Әдебиеттер тізімі: Н.М.Мухитдинов Геоботаника негіздері 11-15 б.
Пысықтау сұрақтары:
1 Кедей флоралы және бай флоралы фитоценоздарды қалай ажыратады?
2 Инвентаризацияны қалай өткізеді?
2 тақырып Экологиялық факторлардың топталуы
Мақсаты:
- өсімдіктердің экологиялық типтерімен таныстыру
- ылғалға қатысты өсімдіктердің ерекшеліктерің білу
- субстратка және жарыққа қатысты экологиялық топтарға түсінік жасау Жоспар:
1 Өсімдіктердің экологиялық типтері
1 Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктің айқын сырт көрінісі, кейпі, онын тіршілік формасы қалыптасады. Егер біз өсімдіктің бар түрін алып қарайтын болсақ, оның ареалының әртурлі экологиялық жағдайында әртүрл тіршілік формаларының бар екендігін байқауға болады. Мысалы, көптеген ағаштар-өзінің ареалының шекарасына жақын жерлерде формаларын өзгертіп бұталарға немесе тіпті төселіп өсетін формаларға айналады. Басқаша айтқанда. өсімдіктердің тіршілік формасы онын өмір сүретін жағдайының - экологиялық факторлардың өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Өсімдіктің пішіні мен құрылымы, оның Жер бетінде таралуы, олардың фитоценоздардағы түрлік құрамының әртүрлілігі және эволюциясы өмір сүру жағдайына тікелей тәуелді.
Өсімдіктің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым өсімдіктер экологиясы деп аталады. Өсімдік құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар әртүрлі, олар - ауа, топырақ, ылғалдылығы, жарық т.с.с. Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтерге бөледі.
Ылғалға қатысты өсімдіктердің мынадай топтарын ажыратады:
1. Гидрофиттер - сулы ортаға бейімделген өсімдіктер. Бұл экологиялық топтың өсімдіктерінің қайсы бірі су түбіне бекінеді де, жапырақтары оның бетіне қалқып, ал енді бірі түгелімен суға батып, тек олардың жекелеген гүлдері су бетіне қалқып шығады. Гидрофиттердің барлық вегетативтік мүшелерінде клеткааралық жүйелер жақсы жетілген, осы ауалық кеңістіктер арқылы олардың денесі оттегімен қамтамасызданады. Толық су қабатында өсетін өсімдіктердің газалмасуы біршама қиын, сондықтан олардың жапырақтары өте жұқа, эпидерма клеткаларында хлоропластары бар, кутикуласы болмайды. Жапырақта түтіктер (сосудтар) нашар жетілген немесе мүлдем жок, өсімдік суды бүкіл денесімен сіңіреді. Денесі толығымен суға батып өсетін өсімдіктерді гидатофиттер деп атайды.
2. Гигрофиттер - ылғалы мол топырақта (батпақты шабындықта, өзен арнасында (руслореки), ылғалды ормандарда) өсетін өсімдіктер. Бұлар ылғал тапшылығын сезінбейді (не чувствительны к недостатку), сондықтан оларда транспирацияны бояулататын, бейімделушіліктер (приспособление) жоқ. Жұқа қабырғалы эпидерма клеткалары аздап кутикулаланған, устьицелері көтеріңкі (приподнетые), жақсы жетілген клетка аралықтары оның сулану ауданын ұлғайтады.
3. Мезофиттер (грек. мезос - орташа) - ылғалы жеткілікті, қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер.
4. Ксерофиттер (грек. ксерос - құрғақ) ылғалдылықтың ауада, топырақта тұрақты немесе уақытша тапшылық жағдайында өсетін өсімдіктер. Оларда (недостача, нехватка) денесіндегі судың жетіспеуін реттеу үшін, әр түрлі беуімдеушілік ерекшеліктер қалыптасады. Эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғалары қалың, ол қалың қабаты кутикуламен жабылған. Вегетативтік мүшелер сыртындағы қалың түктер, олардың беткі ауданында өзіндік микроклимат қалыптастырады. Көпшілік жағдайда олардың устьицалары көміле орналасқан. Ксерофиттер жапырағының ішкі ұлпаларының клеткалары ұсақ, суректтелген клетка аралықтары жоқ болады.
Ксерофиттердің тамыр жүйелері топырақ қабаттарында кен және терең таралып, басқа экологиялық топтар пайдалана алмайтын ылғалды сініреді.
Өсімдіктерді өсетін субстратка және жарыққа қатысты да экологиялық топтарға беледі. Мысалы, минералды тұздарды жеткіліксіз субстратта өсетін өсімдіктерді олиготрофтар (грек. олигос - аз санды, трофе - қорек) деп атайды.
Тұзы мол топырақта өсетін өсімдіктерді галофиттер (грек. галос - түз) деп атайды. Бұл өсімдіктерде ксероморфоздық белгілер жақсы жетілген. Өйткені тұзы мол топырақта өсімдіктің суды сіңіруі қиындайды. Галофиттерге бұзаубас сораң (солерос), бүйыргын (ежовник), көкпек (лебеда), қараматау (камфоросма) жатады.
Қалың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер - сулофиттер (грек. суло -көлеңке) деп аталады. Бұларға орманның төменгі қабаттарында өсетін өсімдіктер жатады. Көлеңкеде есімдік ұзындыққа белсенді өседі де, оның жуандауы, ұлпаларының сүректенуі, ұзындыққа өсуден қалып отарады. Вегетациялық кезендегі жербеті мүшелерінде хлорофилл денгейі біршама төмен. Сабақта арқаулық ұлпаның нашар жетілуінен, ол тік өсе алмайды. Көлеңкеде өсе алмайтын, жарық неғұрлым мол болса, солғұрлым жақсы өсетін өсімдіктерді гелиофиттер (грек. гелиос - күн) деп атайды (Сарбас жоңышқа және т.с.с.).
Әдебиеттер тізімі: Н.М.Мухитдинов Геоботаника негіздері 7-10б.
Пысықтау сұрақтары:
1 Ылғалға қатысты өсімдіктерді қандай топтарға ажыратады?
2 Өсімдіктің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым не деп аталады?
З тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары
Мақсаты:
- өсімдіктердің тіршілік формаларымен таныстыру
- Раункиер классификацйясына түсінік жасау
Жоспар:
1 Тіршілік формалары туралы ғылымның дамуы
2 Раункиер ұсынған тіршілік формаларының үлгісі
1 Тіршілік формалары туралы ғылымның дамуы А.Н. Краснов, А.Б. Келлер, И.Г. Серебряковтың есімдерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник -эколог А.Б. Келлердің (1933) айтуы бойынша, «тіршілік формасы» деп өсімдіктердің дене құрылымымен, онын белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек.
А.Б. Келлердің анықтамасында екі негіз: генетикалық (белгілі бір системалық топка жатуы) және экологиялық бейімделу қамтылған. И.Серебряковтың (1962) анықтауында осы екі негіз қамтылады және де тіршілік формасының морфологиялық мәні жете сипатталады.
Өсімдіктердің физиологиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесін төмендегідей қарастыруға болады:
1. Ағаштар - Жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық есімдіктер, куатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.
2. Бұталар - Жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдык өсімдіктер. Ағаштардың айырмашылығы, ерекше жеке-дара діңі болмайды, өзара шамалас бірнеше діңі бар, бұтақтануы Жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.
3. Бұташықтар - бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қар жидек, вереск).
4. Жартылай бұталар - өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар, жебір).
5. Лиандар - сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқытшөп, шырмауық).
6. Жастықша өсімдіктер - қоректік заттарға кедей тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген. Негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі — тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, аласа, өркендері бір-біріне тығыздалып, жақындаған, өркеннің жоғарғы жағы дөңгеленіп шырпылған тәрізді. Сондықтан жастық пішіндес болады. Жастықша өсімдіктер іш жағында ылғал, жылу сақтайды. Бұлар биік тау шыңдарының, мұхиттағы тасты аралдардың, теңіз жағалауларының, арктикалық тундраның өсімдіктері.
7. Суккуленттер - су қорын сақтайтын шырынды өркенді көп жылдық өсімдіктер (түбіртек, кактустар, агавалар).
8. Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық, бұлар тіршілік формаларының мынадай топтарына бөлінеді: кіндік тамырлар, шашақ тамырлар, ұзын және қысқа тамырсабақтылар, жуашыктылар, шымдылар, түйнек түзушілер, Жер бетінде төселмелі және Жер бетінде столондылар.
Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктің сыртқы ортаның әсерінен пайда болған өсуінің сыртқы көрінісі және вегетативтік мүшелері тіршілігінің ұзақтығы алынған.
2 "Тіршілік формасы" деген терминді бірінші рет Варминт (1884) ұсынды. Ол өмір бойы сыртқы ортамен үндестікте болатын индивидтің вегетативтік денесінің формасын тіршілік формасы деп атады. Сол уақыттан бері бұл терминнің көптеген анықтамасы және тіршілік формаларының әртүрлі
жүйелері немесе классификациялары ұсынылды. Сол тіршілік формаларының көптеген классификацияларының ішіндегі дүние жүзінде дұрыс қабылданып кең тарағаны ол Раункиер классификациясы.
Рауникиер тіршілік формаларын бөлшектегенде жылдың қолайсыз уақыттарына өсімдіктердің шыдап , төзу ерекшеліктерінің ішінен бір белгісін негізге алған. Ол тоқтаған (жаңару) бүршіктердің немесе төбе өркендерінің жылдың қолайсыз уақыттарында топырақ (немесе су) бетінде қатысты орналасуына байланысты тіршілік формаларын 5 топқа бөледі.
1. Фанерофиттер (Р) - бүршіктері топырақ бетінен 30 см және одан да жоғары ауада орналасқан. %.
2. Хамефиттер ( Сһ ) - колайсыз кезенде бүршіктері топырақ бетіне жақын (20-30 ем ) орналасқан.
3. Гемикриптофиттер ( Н ) - жаңару бүршіктері және төбе өркендері тікелей топырақ бетінде, төсеніш астында орналасқан.
4. Криптофиттер ( К ) - "жасырын" жер үстіндегі өркендері толық өледі, жаңару бүршіктері жер астында, әртүрлі терендікте сақталады; криптофиттер тармақтары: Теофиттер (С) - жер астында, тамырсабақтар, баданалар және т.б гел офиттер - батпақты жердегілер, өркендері су үстінде жаңару бүршіктері су астында.
5. Терофиттер (ТҺ) - біржылдықтар қолайсыз кезеңді тұқым күйінде басынан өткізеді.
Раункиердің ұсынған тіршілік формалары өсімдіктер структурасының негізгі үлгілері болып табылады. Олар флора және өсімдіктер жабыны тарихының өте ерте кезеңінде дифференцияланған. Олар таралған аймақтарына және климат жағдайында тәуелсіз әрбір үлкен таксон ішінде қайталанып отырады мысалы, пальманың біржылдық терофиттен басқа, барлық тіршілік формалары табылған.
Аталған тіршілік формалары осы климат режиміне бейімделуі нәтижесінде пайда болған деп есептеп, Раункиер осы аймақтың климатына тиісті, соның климатының "индикаторы" бола алатын жеке топтарды ұсынды.Ол климатқа байланысты өсімдіктер формалар топтарының таралуын көрсетіп және олардан әртүрлі аймақтар мен эоналардағы проценттік ара-қатынасын есептеп, биологиялық спектр тәсілін ұсынады. Биологиялық спектр %
Зоналар
|
Р
|
СҺ
|
Н
|
К
|
ТҺ.
|
Тропикалық
|
61
|
6
|
12
|
5
|
16
|
Шел
|
4
|
8
|
1
|
5
|
82
|
Жерорта теңізі аймағы
|
12
|
6
|
29
|
11
|
42
|
Қоңыржай Орталық, Европа
|
8
|
6
|
52
|
25
|
9
|
Арктикалық
|
1
|
22
|
60
|
15
|
2
|
Біркелкі жылы жане ылғалды климаты бар тропикада фанерофиттер басым ( 61 % ) екендігін көреміз. Қолайсыз ұзақ. Жаздың құрғақ кезеңі басым
шөл және жерорта теңізі аймақтарында терофиттер басым ( 82 және 42% ). Қоңыржай климаты бар аймақ және Арктика гемикриптофиттерге бай (52 және 60 % ), бұл жерлерде оларды қар қабаты қорғайды.
Өсімдіктердің тіршілік формаларын зерттеуге кеп көңіл бөлінуі қажет. Қазіргі кезде тіршілік формаларын зерттеудеге негізгіі проблемалар мыналар олардың әртүрлі фитоценоздардагы жэне әртүрлі систематикалық таксондардағы спектрін жасау; тіршілік формаларының фитоценотикалық ролі; тіршілік формаларының негізгі белгілерін айқындау, филогенетикалық негізде олардың классификациясын жасау, таксондар ішінде тіршілік формаларының шығуын және эволюциясын білу және тағы с.с.
Әдебиеттер тізімі: Н.М.Мухитдинов Геоботаника негіздері 17-19 б.
Пысықтау сұрақтары:
1 Раункиер тіршілік формалар классификация негізінде не жатады?
2 И.Серебряковтың тіршілік формалар классификация негізінде не жатады?
4 тақырып Фитоценоз туралы түсініктер
Мақсаты:
- фитоценоз туралы түсінік жасау
- биогеоценоз туралы түсінік жасау
- экосистема жөнінде ұғым беру
Жоспар:
1 Фитоценология - фитоценоздар туралы ғылым
2 Биоценоз. Биогеоценоз
3 Экосистема
1 Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспей бір-бірімен әр түрлі дәрежеде күрделі байланысып қауым құрады. Орман, батпақ, егіс даласы, бауша, парк – бұлардың барлығы өсіміктер қауымы, немесе фитоценоз /гректің Phyton - өсімдік, koinos-жалпы/ деп аталады, олардың әрқайсысының құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар. Өсімдіктер қауымдарының құрылу заңдылықтарын білу – оларды қорғаудың, өнімділігін арттырудың және ғылыми түрде дұрыс пайдаланудың негізі болып табылады. Өсімдік қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым фитоценология /фитоценоз және гректің logos – ілім/ зерттейді. Геоботаника өсімдіктер жабыны туралы ілім, ал өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады. сондықтан А.П.Шенников /1964/ «Геоботаника» және «Фитоценология» терминдерін синонимдер деп қарайды.
Сонымен фитоценология – фитоценоздар туралы ғылым. Фитоценоз немесе өсімдіктер қауымы дегеніміз біршама біркелкі учаскедегі белгіл бір флоралық құрамы бар ортамен және өзара белгілі қарым-қатынасы бар өсімдіктер тобы. Олардың өздеріне тән құрлысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда өмір сүре алатын түрлерден құрылған.
Фитоценоз ашық биолгиялық жүйе, ол өзінен жоғары реттегі жүйелерге оның бір тармағы есебінде қатыса алады. Фитоценоз, зооценоз және микробоценозбен бірге биоценоз құрады. Биоценоз /гректің био - өмір, койнос – жалпы/ дегеніміз тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер бірлестігі. «Биоценоз» термині 1877 жылы Кильск университетінің профессоры К. Мебиустың жұмысында бірінші рет қолданылды /Федоров, Остроумов, 1984/.
Биоценоз абиотикалық немесе сыртық ортадағы бейорганикалық компоненттермен /жер бедері, температура, ылғалдылық, атмосфералық ауа қысымы, топырақтың физико-химиялық құрамы және т.б./ бірге биогеоценоз құрады.
Бейорганикалық немесе өлі компоненттерді бір сөзбен экотоп деп атауға болады.
Биогеоеноз /гректің био - өмір, гео – жер және ценоз – жалпы/ дегеніміз зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе.
Биогеоценоз туралы түсінікті ғылымға енгізген В.Н. Сукачев /1940/. Биогеоценз экотоптан және биоценоздан тұрады. Экотоптың өзі климатопқа /аэротоп/ және эдафотопқа /жердің қатты қабығындағы жағдай/ бөлінеді. Биоценоз жоғарыда айтылғандай фитоценоздан, зооценоздан және микробоценоздан тұрады. Ғылыми әдебиетте мағынасы жағынан биогеоценозға жақын кейбір ұғымдар бар. Олардың ішінен экосистеманы атап өткен жөн.
Экосистема /гректің Dicos – үй, орын және система – жүйе/ - тірі организмдердің бірлестігінен және олардың тіршілік ортасынан тұратын функциональдық жүйе. Бір фитоценоз ішінде /шекарасында/ экосистема мен биогеоценоз бір-біріне дәл келеді. Фитоценоздың шекарасынан жоғары не төмен болса онда биогеоценоз және экосистема бір-біріне дәл келмейді. Практика жүзінде экосистема термині масштабы жағынан өте кішкентай мысалы, аквариум немесе космос кораблі және өте үлкен /мысалы Каспий теңізі/ объектілерге қатысты қолданыла береді. Экосистема терминінің авторы ағылшын экологы А.Тэнсли /1935/.
Барлық экосистемаларды үш топқа бөлуге болады:
1/ бөлектенген жүйелер қоршаған ортамен энергияда, материяда алмаспайды /жасанды экспериментальдық экосистемалар/;
2/ жабық жүйелер, қоршаған ортамен тек энергия айырбастайды /мысалы, космос корабльдері және станциялары экосистемасы/;
3/ ашық экосистемалар қоршаған ортамен энергия және зат айырбастайды. Ашық экосистемалар классификациясы толық жасалып бітті деп айтуға әлі ерте. Б.А.Быковтың /1988/ пікірі бойынша ашық экосистемалардың ең басты элементі биотаның автотрофтық бөлігі болып табылады, сондықтан экосистемалар классификациясын өсімдіктер классификациясын негізге алып жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |