Мақсаты:
- өсімдіктер жабындарының зоналығы геоботаникалық аудандастыру
Жоспар:
1 Зоналықты жалпы географиялық (В.В.Докучаев)
1 Өсімдіктер жабындарының зоналығы сол территорияның континнентальді климат ерекшеліктерімен эрекеттестікте болады. Ал белгілі бір территорияның климат ерекшеліктерін ол жердің мұхиттан қанша жерде орналаскандығына, жауын-шашын мелшеріне, климаттық режимінін карама -қарсылығына және өсімдіктердің әртүрлі тау биіктігінде белдеуленіп орналасуына байланысты қарау керек.
Өсімдіктер жабындарының зоналығы геоботаникалық аудандастыру жүйелерінде бейнеленіп көрсетіледі, олар негізінен геоботаникалық аймақтар ретінде көрсетіледі.
Зоналықты жалпы геграфиялық заң ретінде В. В. Докучаев (1898) дәлелдеді, соның ішінде ол әрбір зонаның климаты. топырағы, өсімдіктер және жануарлар әлемдері арасында занды байланыстар бар екндігі туралы жазды.
Біздің елімізде (ТМД) өсімдіктер жабындарының төрт зонасын жақсы ажыратуға болады: тундра, орман, дала және шөл.
Әрбір зонада жазыктыктағы тіршілік ететін орындарда осы зонага тән өсімдіктер жабынының зональдык типтері болады. Шөлдер зонасына бұта және бұташа типтері, дала зонасына - бұта және шөптесін, орман зонасына - қына, мүк және бұташа типтері тән.
Жоғарыда аталған зоналар арасында немесе шекараларында өтпелі алқаптары болады. Ол өтпелі алкаптарды әдетте тип тармактары есебінде қабылдайды.
Тундра және орман зоналары арасында өтпелі алқап-орманды тундра, орман және дала зоналары арасында өтпелі алқап-шөлді дала бар екендігіне көз жеткізуге болады. Осы етпелі алкаптарда фитоценоздардың комплекстерімен комбинациялары ерекше жиі кездеседі.
Өсімдіктер жабындарының зоналық типтерінің зонаның әрбір геоботаникалык провинцияларында сол жерге тән ерекшеліктері болады. Геоботаникалық провинциялар өз кезегінде геоботаникалық округтерге, округтер геоботаникалық аудандарға белінеді. Геоботаникалык округтерге өсімдіктер формацияларының топтары, геоботаникалық аудандарға формациялар тән болады.
Егер өсімдіктер жабындарының зонадағы типтері жазықгықтағы тіршілік ету орындарында кездесетін болса, тіршілік етудің басқаша жағдайларында өсімдіктер жабындарының интерзональды типтері дамиды. Интерзональды фитоценоздарға, өсімдіктер топтарына мысалы, суаттардағы, арна жынындағы жайлымалардағы, сортаң және кышқыл топырақтардағы өсімдіктер жатады. Кейбір зоналарда экстразональды өсімдіктер жабындары кездеседі. Мысалы, дала зонасындағы қарағай орманы.
Климат тек кана горизонталь бағытта ғана емес вертикаль бағытта да өзгереді. Климатпен бірге өсімдіктер де өзгереді. Жазықтыктагы кейбір зоналар өсімдіктеріне таудың әртүрлі биіктігіндегі белдеуленуі сәйкес келеді.
Зоналық өсімдіктер орналасқан ареалы бойында онтүстікке және солтүстікке жылжыған сайын олардың климаттық жағдайы өзгереді. Бұл түрлердің және өсімдіктер қауымдарының ландшафтағы алатын орнына, роліне едеуір әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда Г. Вальтер - В. Алехин дәлелдеген тіршілік ету орнынаң тұрақталығы ережесін байкауға болады. Бұл ботаникалық- географиялық әдебиетте өте кең тараган ереже. Ереженің мәні Солтүстік беткейлерде солтүстікке тән. ал онтүстік беткейлерде оңтүстікке тән өсімдіктер қауымдарының пайда болу фактілерін түсіндіруде. Бұл зоналық ережеден ауытқу күн сәулесінін түсу бұрышына байланысты. Бұл ереже таулы территорияларда да орын алады. Мысалы, тауда онтүстік беткейлерде алқаптар шекарасы солтүстік беткейлерге қарағанда биігірек болуы немесе кейде тіпті кейбір алқаптардың толық шығып, болмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда солтүстік және онтүстік беткейлер үшін әртүрлі вертикаль алкаптар бағанасын тұрғызуға мәжбүр боламыз. Геоботаникалық аудандастыруға жоғарыдағы ережені қолданудың үлкен маңызы бар. Өйткені табиғи геоботаникалық аудандарды бөлгенде жазықтықтағы өсімдіктер қауымының типтерін ғана емес, сонымен қатар беткейдегі өсімдіктер қауымдарын да есепке алу керек. Экстразональды өсімдіктер жабынының климат жагдайының индикаторы есебінде өсімдіктер жабынының үйлесімділік структурасын дұрыс түсінуде маңызы үлкен.
Әдебиеттер тізімі: 1, 133-135 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Зоналықты жалпы географиялық заң ретінде дәлелдеген ғалымды атаңыз?
2 Интерзональды фитоценоздар дегеніміз не?
13 тақырып Дала өсімдіктері
Мақсаты:
- далалы жерлермен танысу
- дала жазығының доминантты өсімдіктерінің ерекшеліктері
Жоспар:
1 дала жазығының доминантты өсімдіктері
1 Дала – ағаш өсімдіктер өспейтін тек ксерофильді ерекшелігі бар шөптесін өсімдіктер өсетін жазық жер. Далалы жерлер: Европада батыстан шығысқа қарай Обь өзеніне дейін, Дунай /Венгрия/ Дунай ойпаты /«пушта» деп аталады, солтүстік Америкада «пререй», Оңтүстік Америка /Аргентина, Уругвай /«пампа» деп аталады. Африка, Австралия, Азия жерлерінде де дала жазықтығы баршылық. Дала шөлге қарағанда ксерофильді қасиеті азда, ал орманды жерлерге қарағанда ксерофильдік ерекшелігі көбірек.
Дала жазығының өсімдік доминанты селеу, бозбетеге/ковыль-Stipa/, Европа, Солтүстік Америка прериясында, Оңтүстік Америка пампасында барлық материк даласында кездеседі. Континенттердегі өсімдіктер экологиялық, физиологиялық ксерофильді тіршілік ету бейімделгіштік ұқсастығы болғанымен - өсімдік түрлері, факторлар әсер ету жағынан айырмашылықтары бар. Жылдық жауатын, жаңбыр мөлшеріне жылдың төрт мезгілдерінің ұзақ, қысқалығы, жел, қарлы суық кезеңдеріне қарай – дала жазықтығын Европа, Солтүстік Америка жерлерінде деп екі типке бөледі. Солтүстікке қарай далалы жазықтығы – шабындық, оңтүстікке қарай бетегелі жазықтық деп бөлінеді.
Дала жазықтығының басқа ареалдарға қарағанда жыл бойына ыстық, суықта да өсімдіктер өз вегетациясын тоқтатпайды.
Дала – шым түзетін астық тұқымдастар, кей жерлері тақыр, сирек жағдайда бұталар, эдификатормен ксерофитті көпжылдық өсімдіктер өсетін, уақытқа тәуелді өзгерістерге ұшырап отыратын арнайы құрылымы бар, үлкен алқапты кеңістікке орналасқан өсімдіктер ассоцияциясы – бар, жазық, жайылымдық өңір.
Дала топырағы әр түрлі қаратопырақты, каштанды. Топырақ құнарлығы өте жоғары. Осы қасиеті үшін көптеген далалық жерлер жыртылып, ауыл шаруашылық дақылдары егіліп келеді. Негізінен дала өсімдіктері түрлері әр түрлі шымды злактар, жартылай бұта өсімдігі аз. Эфемерлер /бір жылдық/, эфермероидтар /көп жылдық/ алғашқы көктем топырақ ылғалдылығымен өсіп, жеміс беріп үлгереді. Даланың бір ерекшелігі орман ағаштары жоқ. Себебі, орман ағашы өсетіндей ылғал жетіспеуі және ауа райының қолайсыздығы деп түсіндіріліп келеді.
Дала зонасы солтүстік ғаламшарда, Евразия мен солтүстік Америка жерінде үлкен аумақты жерлерді алып жатыр. Даланың тағы бір ерешелігі қандай материк болмасын, материк ортасына орналасқанда, ешбір дала, мұхит, теңіз жағалауына жақындамайды. Оңтүстік ғаламшарда да дала аумағы үлкен емес.
Евразиядағы дала зонасының ауа райы біркелкі, бірдей деуге болады. Тек, аудандарына, алып жатқан аумағына байланысты климаты өзгермелі. Жылдық жаңбыр 160-600 мм жауады да, өсімдік вегетация уақыты 160-190 күнге созылады. Жаңбырдың көп жауатын мезгілі маусым-шілде айлары. Жаңбыр кейде нөсерлетіп жауады да, топыраққа сіңбей, жер бетімен ағып кетеді соңынан буланып, тез құрғап қалады.
Евразия даласында доминант болып аумақты ландшафт алып жататын боз бетеге /ковыль/. Бетегенің Евразия жерінде 15-ке тарта түрлері өседі. Барлығы да шым құрап, жіңішке жапырағы бұралып, түтікшеге ұқсап тұрады. Устьицасы «түтікшенің» іш жағына орналасқанда, өсімдікті мөлшерден тыс буланбауын тежеп, тіршілігін қамтамасыз етеді де, өсімдікті құрғақ аңызақтан сақтайды.
Бетегеден басқа Евразия далалы жерінде – кәде, қоңырбас сияқты шым түзейтін злактар өседі. Евразия далалы жерінде солтүстікке қарай жалпақжапырақты орман мен шектеседі де бұл жерлер ылғалдылау, ал оңтүстікке қарай құрғақшылық арта түседі. Климатына байланысты дала өсімдігінің құрамы да, түрлері де солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеріске ұшырайды.
Бұл региондағы дала зонасы 3 аймаққа бөлінген: 1. Солтүстік шабынды дала аймағы. 2. Оңтүстік бозды – бетеге бірлестігі өскен дала. 3. Шеткі, шекарадағы оңтүстік аймағы - шым құраған дала өсімдіктері.
Әдебиеттер тізімі: 2, 82-95 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Дала жазықтығының өсімдік доминанттарына жататын өсімдіктерді атаңыз?
2 Дала жазықтығының өсімдіктерінің ерекшеліктері
14 тақырып Шөл және шөлеитті жерлер өсімдіктері
Мақсаты:
- шөл-дала аймактарымен таныстыру
- эфемерлер,эфемероидтар туралы түсінік жасау
Жоспар:
1 Шөл-дала аймақтары. Шөл-дала аймактарының негізгі ерекшеліктері.
1 Өсімдік, жан-жануарлар үшін өмір сүруге өте қолайсыз, ағаш өсімдігі өспейтін, бұта, шөптесін өсімдіктері сирек, кей жерлерде мүлде өсімдік өспейтін, климаты құрғақ, жазы өте ыстық, қысы суықтау, температурасы тәуліктің өзінде өзгеріп, ауытқып тұратын, өсімдіктер ылғида судың, ылғалдың жетіспеуін сезінетін, материкте үлкен территорияны алып жатқан шөлді жерлер. Шөл жағдайы, шөл заны өте қатал.
Шөл-дала аймактары Африканын оңтүстігі, Австралияның орталығы, Орта Азияда, Американың орталық аудандары, Аравия, Туран-Каспий ойпаты, Қазақстан жерінің 80%, Өзбекстанның 70%, жерлерін шамамен шөл алып жатыр. Кейбір шөл далаларда өсімдіктер едәуір қалың болыпта өседі. Бұлар тек ерте көктемде ғана қаулап өседі де, қуаншылық мерзімі басталысымен қурай бастайды. Мысалы: Мырзашөлде, Туркменстандағы Көпет-Даг беткейлерінде өсетін өсімдіктердің даму сатысы осындай.
Орта Азия мен Қазақстан шөлді ертедегі Сармай және Хволын теңіздерінің табаны. Кейіннен биологиялық, тектоникалық жағдайлардың әсерінен ойпатта Амудария, Сырдария арналары, салалары, пайда болған. Орта Азия мен Қазақстан шөлі үстірт тегістігі, үштік дәуірдегі теңіз табаны, үлкен территорияны алып жатыр. Материктегі басқа шөлдермен салыстырғанда плиоцен, төменгі үштік кезеңдерде Пра-Амудария суының табанынан үздіксіз соққан жел эрозиясынан пайда болған ең «жас»туран аймақ, ойпаты.
Солтүстіктегі шөл-үстірт, Сырдария ойпаты, Бетпакдала, Арал Қаракұмы, Мойынкұм, Балқаш құмдары. Жазы ыстық, қысы суық, жаңбыр 160-250мм жауады. Қазақстан республика территориясының 70% шөл. Қысында қар жауатынымен ерекшеленеді. Оңтүстіктегі шөл - Каспий Қаракұмы, Қызылқұм, Үстірттің оңтүстік бөлімі, Красноводск - қысы жылы, қары_жоқ, көктемде 60-200мм жаңбыр жауады, ылғалды, жазғы ыстықтық 3-4 айға созылады.
Шөлде: бұйырған, көкпек, изен, сарсазан, солерос, сорқанбақ, баялыш.
Шөлді жердерді шаруашылық мақсатында дұрыс игеру, оның барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін, осы ерекше жағдайда қалыптасқан өсімдіктердің даму заңдылықтарын түсініп білу қажет. Биоморфогенетикалық формалардың пайда болу процесінін заңдылықтардың шөлді жер өсімдіктерінің ертедегі тарихи және осы кездегі өсу жағдайларын еске алмай түсінуге болмайды. Жер шарында кездесетін шөлдала аймақтарына сипаттама:
Орталық Азия шөлдалаларына Гоби шөл даласы Алашань, Такла-Макан мен Қытай Жоңғариясы, Қашкария, Тибет, Оңтүстік Памир жэнне орталык Тянь-Шань шөлдалалары жатады. Бұл аймақтардың климаты өте континентальды, ауа температурасының тәулік аутқулары өте жоғары. Ең суық кезеңнің орта айлық температурасы -І0°-18° ыстық кезеңнің - 20°-32° ка дейін жетеді. Ең төменгі температура 43 -ка дейін жетсе, ең жоғарғысы - 48° ка дейін жетеді.
Жылдық жауын-шашынның мөлшері Гоби шөлдаласында 100мм-ден, ал Такла-Макан шөлдаласында 50мм-ге жетпейді. Онын үстіне бұл жерлерде аңызақ жиі болып тұрады, сондықтан топырақ тез құрғақ, өсімдіктің тіршілігіне аса үлкен кедергі жасайды.
Иран-Туран шөлдалаларына оңтүстік және Батыс Қазакстан, Орта азия, Кіші Азия, шығыс және оңтүстік Закавказье шөл далаларының климат жағдайы да континентальды өсімдік тіршілігіне аса қолайсыз, бірақ орталық Азиямен салыстырғанда жұмсақтау. Сондықтанда мұнда өсімдіктердің түрлері де анағұрлым көп. Жылдың температураның аутқуы 90° жетіп қалады. Әсіресе, онтүстік аймақтарда жаз өте ыстық болады. Мысалы, Ташкентте жаз айларында топырақ 40-50 дейін қызады. Жылдық жауын-шашынның мөлшері солтүстік аймақтарында 247 мм-ге жетсе (мысалы Ақтобе), онтүстік аймақтарда 180мм-ден (Түркменстанда) аспайды.
Құмды шөл жерлер өз ерекшеліктеріне байланысты өсімдік түрлеріне бай, әртүрлі өсімдік формалары кездеседі. Құмды жерлерде бір-екі жылдық шөптесін өсімдіктерге қарағанда бұталы өсімдік, биіктігі 1,5-2м келетін өкілдері көбірек кездеседі. Доминант - жүзгін. Жүзгіннің оншақты түрі өседі. Жүзгіннің жапырағы өте нашар жетілген кішкентай қабыршықтар, жемісі -сыртынан былқылдап тұратын қоныр шар пішіндес. Сонымен қатар құмды жерлерде бұталы өсімдіктер кішігірім ағаш - қоянсүйек, шенгел, эрмоспортон. Құмды шөлде кәдімгі бұта ағаш - ақ сексеуіл. Сексеулдің сыртқы морфологиялық құрылысындағы ерекшелік - діні қисық, білеуленіп, түсі сұр, шұбар, дін төменгі жуандауда жоғарылаған сайын жіңішке жасыл бүтакка айналады да қамшы сияқты төмен салбырап тұрады, көлеңке бемейді. Сексеуіл сүрегі ауыр болғандықтан балта өтпейді, суға батып кетеді. Көктем айларында шөлді де жасыл кілем жауып тұрады. Әсіресе көбірек кездесетін өсімдік - қияқ. Сабақтарының жоғарғы жағында қоңыр-қара шар пішіндес қалталары бар.
"Жабылымдық маңызы өте жоғары, бірақ бұл өсімдікте жаз, ыстық шыға қурайды. Қысқа мерзімдік вегетациясы эфемерлер: мортық, малькольмия, мүйізжапырақ, бөдене шөп. Аты аталған өсімдіктер жаз шыға толық вегетациялық кезеңін өткізіп, тұқымын шашып, қурайды. Экологиялық жағынан бұзылған өсімдіктер құрып азайған кезде, құм қозғалысқа келеді де желмен бірге уілдеп, сусымалы құмға айналады. Козғалмалы құмды барханға да бейімделген арнайы пионер өсімдіктер — злак өкілі — селеу.
Ауа райына байланысты солтүстік және оңтустік шөлі болып екіге бөлінеді. Бөлінген территория Арал, Балхаш көлдері аркылы өтеді. Ауа райы айырмашылығы: солтүстік шөлінде жаңбыр жыл мезгілдерінде бір келкі жауын тұрады, ал оңтүстікте тек көктем мезгілінде ғана жауады. Сондықтанда оңтүстікте эфемерлі өсімдіктер көп. Орталық Азия, Қазақстан шөлі ондағы өсіп тұрған өсімдіктері де жауған жаңбыр мөлшерімен қатар-эдафикалық субстратқа тікелей байланысты. Сазды топырақты жерлерде: жусан, бұйырған, қара сексеуіл.
Орталық Азия, Қазақстан - эфемелі шөл. Көктемде, күзде өсімдіктері мезофитті. Жаз шыға, ыстықка байланысты, эфемерлер вегетациясын өтіп, жер беті кайтадан тақыр, құрғаққа айналады: қияқ, баданалы қоңырбас өсімдіктері өседі.
Амудария, Сырдария өзен жағалау террасасын — галофитті суккуленттер өседі де, жапырақ беттеріне тұз шағып күн сәулесімен шағылысып тұрады. Құмды жерлердің біраз аумағын 2-Зм терендікте гипс қабаты, кейбір жерлердіп 50% үлкен аумақты алып жатыр.
Біздің елде топырағында тұздылығы көп далалы сораң жерлер баршылық. Олар тұзы мол ылғалды топырақта ойпатта ойыс, қазан шұнқырларда пайда болады. Мұндай жерлерде алабұта тұқымдас өкілдері суккулентті галофиттер: сарзасан, сорқанбақ, ақсора. Бұл өсімдіктерді шырынды сораң өсімдіктер деп атайды. Тұздылығы мол сораң топырақта өсімдіктер бір келкі жиі болып өсіп тұрады. Бір ерекшелігі өсімдіктер турлерінің өте аздығымен ерекшеленеді, және бұл өсімдіктер ерте кектемде кектегеннен күздің суығына дейін көктеп өсіп тұрады.
Шөл солтүстікке қарай бірте-бірте далаға ауысады. Шөлмен дала арасында шөлейтті аймақ орналасқан. Өсімдік бірлестік құрамына - жусан, алабұта тұқымдас өкілдері, топырак, құм құрамына, рельефке байланысты өсімдіктер кейде топталып, кейде сирек, кейде шоқталып өседі.
Азия материгінде шөл, шөлейтті жерлер үлкен аумақты алып жатыр Орталық Азия, Монголия, Батыс Қытай. Климаты континентальды — жазы өтс ыстық, ал қысы қатал, суық, ызғарлы-28-32°дейін жетеді. Жауын өте аз жауады да оның жылдық мөлшері әр жерде әр түрлі кей жерлерде 200-250мм болса басқа жерлерде 10-44мм. Орталық Азия шеліндегі ылғи қайталанатын көктемдегі құрғақшылық - ерте көктемде өсіп шығатын эфемерлі және эфемероидты өсімдіктердің шықпауы оңтүстік Орта Азия шөліне тән қасиеттер. Орталық Азия шөлі өсімдіктерге өте кедей де, селдір де жұтан. Негізгі өсетін, кездесетін Шығыс Қытай-Монғол элементтеріне жататын өсімдіктер. Негізінен бұталы, жартылай бұталы псаммофитті өсімдіктер өкілі. Қараған
Жоғарыда келтірелген сипаттамаға сәйкес өсімдіктер де селдір-сирек құмды жерлерінде - ақ сексеуіл, ойпатты жерлерінде түйетабан тұқымдас өкілі, ақтікен, колидиум.
Орталық Азия шөлі - Памирден бастапып Тянь-Шань, Үлкен Хинганмен ұзара жалғасып, биіктігі 1000-1500м 4000км жерді алып жатыр. Биік таулы болғандықтан ауа райы континетальды. Арал-Каспий шөліне ұқсас жаңбыр жыл мезгілдерінде бірдей, біркелкі жауып тұрады. Өсімдіктерден - жусан, алабұта, крестгүлділер, кермек тұқымдастар өкілі.
Такла-Макан, Алашань, Ордос. жонғар шөлінде доминант алабұта және жұпжапырақтылар тұқымдастары. Осы екі тұқымдасты панэремей, регельсимпегмасы, жоңғар реомюриясы, адыраспан, тиынтақ, сексеуіл, аксора, құмаршық, жүзгін.
Әдебиеттер тізімі: 2, 95-126 бет.
Пысықтау сұрақтары:
1 Эфемерлерге жататын есімдіктерді атаңыз?
2 Эфемероидтарга жататын өсімдіктерді атаңыз?
15 тақырып Тайга, тундра
Мақсаты:
- орман құрап тұрған жерлерге сипаттама беру
- тундра өсімдіктерінін биологиялық ерекшеліктерін білу
Жоспар:
1 Қылкан жапырақты өсімдіктер ареалы
2 Тундра өсімдіктері
1 Тайга - қылқан жапырақты орманды ағаш өсімдіктер жапырақтары қабыршақ, ұзында, жіңішке, ине тәріздес, ішкі механикалық клеткалары жақсы жетілген ағаш, бұта өсімдіктерден құралған. Жер шарында географиялық таралу жағынан - Европа, Солтүстік Азия, Солтүстік Америка, Қиыр Шығыс, Солтүстік Евразия жерлеріңде орман құрап тұрған жерлерді тайга деп атайды.
Тайга топырағында аэрациясы тежелген, күлгін түсті, батпақты жерлері көп, тек осындай эдефикалық факторға бейім өсімдіктер ғана өседі. Қылқан жапырақты орман ағаштары ылғалды да, суық территория жерінде өсіп тұр. Жаңбыр буланатын ылғалдылық көбірек, қысы қаталда, суық жазы ыстық емес.
Қылқан жапырақты тайгада ауа райы көпшілік жерлерде біркелкі, тек кейбір таулы, сулы, теңіз, мухит жағауларында өзгерістер болады. Мұхиттан алыстаған сайын климат континентальды - қыстан жазға қарай температурада адшақтық байқалады. Мысалы, Якутияда жаздың температурасы +30 С болса, қыста суық -400 С-қа дейін барады.
Тайга үлкен аумақты алып жатқандықтан қылқан жапырақты ағаштардың да өсу, топталып өсу, түрлеріне, жеріне байланысты өсу ерекшеліктері болуы тән қасиеттер: сондықтан, ландшафтына, доминантына, кронасына қарай ерекшеліктері бар: шырша, майқарағай кронасы конус тәріздес, Сібір майкарағайы жоғарғы жағы үшкір, қарағай кронасы эллипс, шар пішіндес.Орманды алкап болғанды0тан Евразия жерінде үлкен бір алқапты тек қана бір қылқан жапырақты шарша, қарағай немесе балқарағай өкілі өсіп тұруы да мүмкін.
Ресей жеріндегі оңтүстік тайгадағы орман ағаштары биіктеу болып келеді. Қылқан жапырақты ағаштармен аралас жалаңашжапырақты ағаштарда еменнен басқа үйеңкі мен шегіршін аралас өседі.
Батыс Сібір елінде орман - Сібір балқарағайынан құралған көптеген жерлерді батпақ алып жатыр. Мұнда әлемдегі ен үлкен массив - Васюган батпағы.
Шығыс Сібір табиғаты қатал. Қысы өте суық, мәңгілік мұз жауып тұрады. Шығыс Сібір тәрізді топырағы қатты жерлерде тек төзімді де қолайлы жағдайларды қажет етпейтін өсімдік Даур балқарағайы ғана төтеп бере алады.
Қиыр шығыстағы теңіз жағалауындагы қылқан жапырақты орманда ауа райы Шығыс Сібір тайгасына қарағанда қаталдау. Өсімдік түрлеріне де байырақ. Солтүстік Америка жерін де қылқан жапырақты ормандарда үлкен аумақты территорияны алып жатыр. Бірақ Евразия жеріндегіден көлемі көп аз.
2 Тундра ареалы - Скандинавия түбегінің солтүстік жағалауы Кола түбегі, Пона өзені, Ак теңіздің солтүстік жағалауы, Канин түбегі, Салехард, Таз, Енесей, Анабар, Пур, Лена, Индигирка, Корфа шығанағы.Солтүстік мұзды мұхит жағалау аралдары, солтүстік Америкада, шығыс Сібір таулы аудандары, Европалық және Америкаға тундрасы, суық шөлдер барлығы тундралық циркумполярлық биогеографиялық облысқа кіреді.
Тундра суық шел өсімдіктер үшін өте қолайсыз жерлер, жазы қысқа 2-3 ай, қысы суықта, ұзақ 8 ай. Жер шарының басқа жерлерімен салыстырғанда жылылық екі есеге кем. Жаз күндерінің өзінде өсімдік өсіп тұрған вегетациялық уақытында да температура кенеттен күрт төмендеп, қатты үскірік аяз болып кететін сәттерде жеткілікті.
Тайганың жоғарғы солтүстік бөлігінің барлық территориясын тундра алып жатыр, яғни Евразия мен Солтүстік Америка полярлы аудандары тундра зонасына кіреді.
Тундра өсімдіктері үшін ең қажетті лимит - ол жылылықтың аздығы. Дегенмен жаз айларында күн сәулесінен топырақ беті жылынады да жерге жақын ауа да жылынады. Жер беті топырағының жылынуы, жерге жақын ауаның жылынуы - өсімдіктердің төселіп өсуіне, жапырақтың бүрленуіне қолайлы жағдай туады.
Тундрада өсімдіктерден психрофиттер, яғни суық топыраққа, олиготрофты - құнарсыз торфты топыраққа бейімделген өсімдіктер өседі.
Солтүстік тундрада сол жерлерге бейімделген, терістіктен орманды зоналан басталған оз морфологиялық ерекшеліктері бар өсімдіктер өседі. ғасырлар бойы суық климат, жыл мезгілдерінде де айтарлықтай өзгеріс болмағандықтан, тек тундраға тән өсімдіктер өседі: ағаш өсімдіктер жоқ, тек бұталар, мүктер қыналар, баданалы. Топырақтың өте салқын болуына байланысты біржылдық өсімдіктер жоқтың қасы. Орманды зоналарда мүктер, қыналар, көлеңке сүйгіш ағаштар ығында көлеңкесінде симбиозды тіршілік етсе, тундрада керісінше бұта, жартылай бұта өсімдіктер тамыры, төменгі сабағы, мүк пен қына массасына еніп, «тығылып» сол жерден «жылу» тауып тіршілік етеді. Өсімдіктердің бүрлері тығыз қына мүк шымында өсіп жетіледі. Сондықтанда тундрада споралы өсімдіктер - доминант. Осы өсімдіктер «қорғауында» басқа өсімдіктерде өсіп шығады.
Визнер - тундрада ағаш өсімдігінің болмауы жарык жетіспеушіліктен десе, Шрен - жылда қайталанатын қатты суықтан; Миддендорф – төменгі температура, ылғалдылық, қатты желден; Чилбман - қысқы суық қатты желден булану процесі өте «күшті» жүреді де, ал қатып қалған топырақтан тамыр булануға кеткен суды толтыра алмайды да ағаштар өледі, тіршілік ете алмайды.
Солтүстік Америка тундрасындағы үлкен аумақты жерді - қыналар алып жатыр. Евразия және солтүстік Америка тундра өсімдіктерінің түрлері мен туыстарында ұқсастық дара және қосжапырақтарында бірдей. Мысалы, қияқ, қоңырбас.
Әдебиеттер тізімі: 2, 143-171 бет.
Пысықтау сұрақтары:
1 Тундра есімдіктері үшін ең қажетті лимитті атаңыз?
2 Орман құрап түрған жерлерді не деп атайды?
Тәжірибиелік жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Ботаникалық географиясының элементтері
Мақсаты:
- өсімдіктердің таралуы мен бөлінуінің заңдылықтарымен танысу
- түрлердің шығу тегі мен тарихи даму барысын зерттеу
Жоспар:
1 Фитогеографияның элементтері
2 Өсімдіктердің географиясының көлемі мен міндеттері
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау
Бұл ботаниканың ең маңызды бөлімі, оның міндеті біздің планетамыздағы өсімдіктердің таралуы мен бөлінуінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Бұл міндетті орындаудың континенттердегі (құрлықтардағы) және әлемдік акваториадағы өсімдіктердің тарихын зерттеуде манызы үлкен. Флора мен оның жекелеген компоненттерінің — түрлердің шығу тегі мен тарихи даму барысын зерттеу, осы түрлерді пайдалану мен оларды қорғаудың ең қажетті ғылыми негізі болып табылады. Себілетін ауылшаруашылық дақылдарының ассортиментін пайдалану жабайы өсімдіктерді мәдени жағдайға ендіру (интродукция) арқылы байыту, олардың ботаникалық-географиялық ерекшеліктерін ескермейінше іске асыру мүмкін емес. Бұл мәселелерді шешу үшін бірқатар проблемалары жақын ғылымдардың: тарихи геология мен палеонтологияның, өсімдіктердің морфологиясы мен физиологиясының және т.б. негізгі тұжырымдары мен озық тәсілдерін пайдалану қажет. Өсімдіктердің географиясы - биогеография деп аталынатын жалпы ғылымның бір бөлігі болып табылады. Ал "биогеография" биосферадағы организмдердің таралуы мен табиғи үйлестіктерін - биоиеноздарды зерттейді. Биоценоз дегеніміз, осы территорияны мекендейтін жане бір-бірімен күрделі биотикалық қарым-қатынаста болатын (түрлерді биотикалық жолмен сұрыптауды қоса есептегенде) есімдіктер мен жануарлардың жиынтығы.
Өсімдіктердің географиясының көлемі мен міндеттерін бір ғалымдар кең ауқымда түсінеді, ал екінші біреулері - біршама келте түсінеді. Өсімдіктердің географиясының негізін салған ғалымдар К.Вильденов пен А.Гумбольт болған. Олар өсімдіктердің географиясьш аса үлкен көп салалы (комплексті) ғылым ретінде қарап, оны: флористикалық география, экологиялық география және тарихи география деп үш бөлімге бөлген. Осы бөлімдердің әрқайсысының өзінің алдына қойған мақсат міңдеттері және зерттеу тәсілдері бар ерекшс ғылым салалары болып табылады. Өсімдіктердің географиясының барлық салалары бір-бірімен және проблемалары жақын ботаникалық ғылымдармен, ең алдымен өсімдіктердің систематикасымен тығыз байланыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |