С 89 Сұлтанғазина Г. Ж. Регионалды флористика



бет2/8
Дата19.02.2017
өлшемі1,85 Mb.
#10869
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиеттер тізімі: Н.М.Мухитдинов Геоботаника негіздері 11-18 б.

Пысықтау сұрақтары:

1 Фитоценоз дегеніміз не?

2 Экосистемаларды неше топқа бөлуге болады?

5 тақырып Фитоценоздардың қалыптасуы

Мақсаты:

- фитоценоздардың және биотоптың қалыптасуы туралы ұғым беру

- фитоценоздардың қалыптасу заңдылықтарымен таныстыру

Жоспар:

1 Фитоценоздардың қалыптасуы және оның компоненттерінің қарым-қатынасы


1 Фитоценоздардың қалыптасуы туралы ұғымды филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан қарауға болады. Егерде қазіргі кездегі бар, нақтылы фитоеноздардың жаңа субстраттарда пайда болып қалыптасу процесін қарастыратын болсақ онда, ол онтогенетикалық тұрғыдан қарау болып табылады. Субстраттар алғашқы немесе бірінші және екінші болып бөлінеді. Біріншіге бұрын еш уақытта өсімдіктер болмаған /мысалы тасты шөгінділер, өзен бойындағы құм үйінділері/, ал екіншіге - өсімдіктері ортаның күшті әсерінен /жырту, өрт т.б. себептер/ жойылып кеткен субстаттар жатады.

Екінші субстраттарда кейде жойылған фитоценоздың вегетативтік мүшелерінің қалдықтары және тұқымдары сақталуы мүмкін, ал бірінші де - өсімдіктің бастамасы тек айналадағы фитоценоздардан келіп түседі. Олардан өсімдік тұқымдары су, жел, жануарлар және адам арқылы жеткізіледі. Субстратты шөп басу процесі биосфера өмірі заңдылықтарының бейнесі болып табылады. Фитоценоздың қалыптасу жылдамдығы субстраттың жағдайына және қоршаған кеңістіктен өсімдік бастамаларының келіп түсу мүмкіншіліктеріне байланысты. Фитоценоздың қалыптасу заңдылықтарын бейнелейтін ғылыми әдебиетте кең тараған екі үлгіге тоқталуға болады. Ол үлгілердің авторлары орыс геоботанигі А.Б. Шенников /1964/ және американ ғалымы Клементс.

А.П. Шенников /1964/ фитоценоздың қалыптасу процесін үш сатыға бөледі:

1. Пионерлік топталушылық. Көрші өсімдіктер арасында бір-біріне елеулі әсер ету байқалмайды.

Бірінші субстратты шөп басу процесі, ол жерде алғашқы жекеленген өсімдіктердің – пионерлердің пайда болуынан басталады. Өсімдіктердің қандай түрлерінің пайда болуы көп себептерге байланысты: біріншіден экотопқа /климатқа, субстраттың қасиетіне/; екіншіден экотопты қоршаған учаскелердің флорасына /олардан жел, су, жануарлар және адам арқылы тұқымдар, споралар және басқада өсімдік бастамалары келіп түседі/; үшіншіден қоршаған учаскелердің флорасының тарихына /егер бұрын мәдени өсімдіктер егілген учаскелер болса онда арамшөптер топырақта өздерінің тұқымын қалдырып кетуі мүмкін/.

Әртүрлі географиялық жағдайларда климаттың ерекшеліктері және субстраттың қасиеті пионерлік флораның құрамына өз әсерін тигізеді /мысалы солтүстікке қарағанда оңтүстік аймақтарында пионерлік флораның құрамы өте бай болады/. Субстратқа көптеген өсімдік түрлерінің бастамалары келіп түседі. Бірақ, оның барлығы бірдей өніп өсе бермейді. Өйткені субстраттың экологиялық жағдайы іріктеу жұмысын жүргізеді. Сол экотоптың іріктеуінен өткендері ғана тірі қалады да, ал қалғандары өледі. Тірі қалған өсімдік бастамалары өскіндер береді, бірақ экотоптың іріктеу жұмысы одан әрі жалғаса береді. Соның нәтижесінде кейбір өсімдік түрлерінің өскіндері әртүрлі қолайсыз жағдайларға /өте күшті күн радияциясына немесе субстраттың кедейлігіне, құрғақтығына тағы с.с./ байланысты өледі. Екіншілері тірі қалсада жағдайлары өте нашар болғандықтан гүлдемейді де, көбейе де алмайды. Үшіншілері өте жақсы өніп, өсіп көбейіп жатады. Сөйтіп өсімдіктердің түр құрамының тіршілікке бейімделуіне, сандық ара қатынасына байланысты дифференциялануы басталады. Бұл процесте экотоптың әсерінен басқа өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, оның ішінде ерекше көбею энергиясының үлкен маңызы бар.

2. Топтала – теңбілденген /группово-пятнистый/ қауым.

Субстраттағы өсімдіктер особьтарының санының көбеюі бірте-бірте олардың жақындасуына, тамырларының немесе бұтақтарының және жапырақтарының тығыз тұтасып кетуіне мүмкіншілік туғызады. Фитоценоздың қалыптасу процесінде экотоп бірте-бірте биотопқа айналады. Биотоп /гректің bios-өмір және topos-орын/ - жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің тіршілік орны.

Сонымен, фитоценоздың және оған тән биотоптың қалыптасуы қатар жүреді.

3. Диффузиялы қауым.

Диффузиялы қауымның алғашқылардан айырмашылығы ол популяциялардың /ең болмағанда үстем түрлердің/ азды көпті біркелкі таралуы.

Фитоценоздың және биотоптың қалыптасуы кезінде биотоптық немесе фитоценотикалық іріктеу басталады. Фитоценотикалық /биотоптық/ іріктеу экотоптық іріктеуден көп жағдайда қаталдау болады.

Фитоценоздың қалыптасуымен қатар биоценоз қалыптасып биогеоценоз дәрбестенеді.

Клементс /Миркин, Розенберг бойынша, 1983/ фитоценоздың қалыптасуында мынадай фазаларды ажыратты:


  1. Өсімдіктер бастамаларының бос субстратқа миграциясы;

  2. Эцезис немесе мигранттардың өніп, тамырланып жаңа жерде орнығуы;

  3. Агрегация немесе мигранттардың аналық особьтарының айналасында ұрпақ топтарының пайда болуы;

  4. Инвазия немесе мигранттардың бір тобының екінші топтарға араласып өнуі;

  5. Стабилизация немесе өзін реттеуге қабілетті, тұрақты структура жасау.

Көпжылдық жайылымдықтар мен шабындықтарды қолдан жасау үшін, күл үйінділерін, террикондарды /француз сөзі – жер бетіндегі бос тау жыныстарының үйіндісі/және де тағы басқа өндірістік субстраттарды көгалдандыру үшін фитоценоздардың қалыптасу заңдылықтарын білу өте қажет.

Әдебиеттер тізімі: 1,19 -32 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Клементс фитоценоздың қалыптасуында қандай фазаларды ажыратады?

2 Фитоценоздардың компоненттерін атаңыз?


6 тақырып Фитоценоздың құрамы

Мақсаты:

- өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі туралы мәлімет беру

- өсімдіктердің бір-біріне әсерлерін салыстыру

Жоспар:

1 Фитоценоздың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері

2 Флоралық байлығы

3 Фитоценоздың экобиоморфтық құрамы


1 Белгілі бір районның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасымен жалпы танысып қана қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоциацияның флоралық құрамына баса көңіл аудару керек. Ассоциация /латын сөзі association – қосылу, қосылған/ - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз – белгілі орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым.

Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық құрам – фитоценоздардың маңызды белгісі. Көп жағдайда оған сипаттама бергенде тек қана күрделі өсімдіктерге және қыналарға көңіл бөледі. Олармен бірге қауым құрамына балдырлар, саңырауқұлақтар, бактериялар және актиномицеттер кіретінінде ескерген жөн.

Өсімдіктер қауымдарына терең талдау жасау үшін және әртүрлі қауымдарды бір-бірімен салыстыру үшін олардың флоралық құрамын, флоралық байлығы және флоралық толықтығын білу өте қажет.

Фитоценозға кіретін әр өсімдік, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты, коршаған ортаға өзінің белгілі әсерін тигізеді. Фитоценоз компоненттерінің бір-біріне әсер етуі оның негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Бұл белгі әлі фитоценоз ретінде калыптаса қоймаған басқа өсімдік топтарынан фитоценоздың негізгі айырмашылықтарының бірі болып табылады. Егер де өсімдіктер өздерінің жер үстіндегі немесе жер астындағы мүшелері арқылы тұтасып байланысқан болса ондай учаскелерді өсімдіктер қауымы (фитоценоз) деп санау қабылданған.

Өсімдіктердің бір-біріне әсерлері әр алуан, олардың классификациясын үш тұрғыдан (Миркин, Розенберг, 1978) қарауға болады:

1) бір-біріне әсер ету жолдары;

2) өсімдіктердің бір-біріне әсер етуін көрсететін нәтижелері;

3) өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің онтогенез процсінде өзгеру

ерекшелігі.

Фитоценоздағы бір-біріне әсер ету жолдары.

Өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдарының толық классификациясын

В.Н.Сукачев (1954) жасады.

Фитоценозда бірге өмір сүрстін өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің негізгі үш формасы бар:

1) тікелей немесе түйіскен (контактные);

2) трансабиотикалық немесе жанама орта арқылы:

3) трансбиотикалық.

Өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификациясы.

Екі организмнің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификацияны Г.Кларк (Воронин бойынша, 1973) ұсынды.

Организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы олар бір-бірімен түйіскенде немесе белгілі бір қашықтықта орналасса да бола береді. Ол қарым-қатынастар өмір бойы тұрақты немесе қысқа, уакытша болуы мүмкін.

Егер бір-бірімен түйіскен әр түрлі түрлерге жататын организмдердің қарым-қатынастары сол екі организмге немесе біреуіне пайда әкелсе, ал екіншісіне ешқандай зиян болмайтын болса оны біз симбиоз деп атаймыз. Егер симбиоз екі организмге де пайда әкелетін болса оны мутуализм, ал тек біреуіне пайда әкелетін болса - комменсализм деп атаймыз.

Егер әр түрлі түрлерге жататын организмдер арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде бір организм екінші организмге зиянын тигізсе (мысалы, екінші организмге зиянды зат бөліп шығаруы арқылы) және өзі ешқандай пайда көрмесе оны антибиоз деп айтамыз.

Б.М.Миркин, Г.С. Розенберг (1978) өсімдіктердің бір-біріне әсерін және оның онтогенез процесі кезінде өзгеруінін мынадай классификациясын береді:

А) бейтараптық-антибиоз;

Б) бейтараптық-антибиоз-антогонизм;

В) симбиоз-бейтараптық-антибиоз;

Г) симбиоз-бейтараптык-антибиоз-антогонизм тағы с.с.

Бейтараптық және симбиоз өсімдіктердің ювенильді особьтары арасында, ал антогонизм мен антибиоз жасы ұлғайған особьтары арасында су және минералды тұздар үшін бэсеке кезінде болуы мүмкін. Антогонистік қарым-қатынаска антибиоз, паразитизм, жыртқыштық және конкуренция сияқты бір немесе екі организмге де зиян келетін қарым-қатынастар жатады.

2 Флоралық байлық дегеніміз белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жасау үшін әрбір систематикалық топтар /қыналар, мүктер, папоротниктер, жалаңаш тұқымдылар, жабық тұқымдылар/бойынша түрлердің санын есептеп шығару керек.

Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай флоралы және күрделі флоралы фитоценоздар болады: жай флоралы фитоценоз – бір немесе бірнеше түрлерден, ал күрделі флоралы фитоценоз – көптеген түрлерден тұрады.

Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты /мысалы, осы ауданның флорасының түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін жерінің микроклиматына, экотоп жағдайына және оның өсімдіктердің өмір сүруі нәтижесінде өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне тағы с.с./. Тропикалық ормандар өсімдік түрлеріне ең бай қауымдардан саналады, ал альпілік және арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне ең кедей қауымдарға жатады.

Фитоценоздың барлық компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын жағдайда өсімдіктердің бірде-бір түрі доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралық құрамы жағынан өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі.

Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% жуығы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейміз /Раменский, 1925/. Флоралық байлықты табу ауданы қауымды құратын өсімдіктердің мөлшеріне, үлкен-кішілігіне /ағаш өсімдіктері үшін үлкен, шөптесін өсімдіктер үшін кіші/, олардың өсу ерекшеліктеріне, молдығына және таралуының біркелкілігіне және тіршілік ететін жағдайының бірыңғайлығына байланысты. Сондықтан берілген қауымның флоралық байлығын табу ауданын алдын ала есептеп шығаруға болмайды. Оны тек қана мөлшері бірте-бірте ұлғая беретін сынау аудандарының сериясын салу тәжірибесі негізінде есептеп шығаруға болады. Мысалы, 1, 4, 16, 25, 36, 64, 100, 400, 1000 м2 сынау аудандары. Олардың әрқайсысында кездесетін түрлерді қайта санау керек. Жоғарыда айтылғандай осы аудандардың ішіндегі қауымда өсетін өсімдіктер түрлерінің бәрі немесе 90% кездесетін ең аз аудан мөлшері флоралық байлықты табу ауданы деп аталады.

Қауымның немесе ассоциацияның флоралық байлығын табу ауданның ассоциацияны анықтау ауданымен шатастырмау керек. Ассоциацияны анықтау ауданы дегеніміз ассоциацияның барлық негізгі белгілері /флоралық құрамы, құрылысы тағы с.с./ айқындалатын ең аз аудан /Раменский, 1925/.

3 Экобиоморфа (экоморфа жэне биоморфадан: Быков: 1988) - белгілі бір сырткы және биоценотикалық ортаның жағдайында табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмдері және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушылық ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. Түрлердің және формалардың ұқсастығы олардың жақындығымен (туыстығымен), ал оданда жиірек адаптациялық конвергенциясымен қамтамасыз етіледі. Сонын салдарынан бір экобиоморфаға жататын түрлердің популяциялары биоценоздың құрылысын түзуде бір бағытта ұқсас қызметтер атқарады (заттар және энергия тасымалдауда, биоценотикалық ортаны жасауда тағы с.с). Экобиоморфа - бұл биоморфа және экоморфаның бірлігі. Көбінесе биоморфа (гректің bios-өмір және morphe-форма) түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы. Биоморфаның ерекше тобына мысалы, қыналар, мүктер, плаундар, папоротниктер жатады. Күрделі жоғары сатылағы/өсімдіктердің ішінде негізгі биоморфаларға ағаштар, бұталар, бетіндегі өсімдіктер үшін ең алдымен бұл ылғалдылық. Ылғалдылыққа қатысы жөнінде өсімдіктер мысалы, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер және ксерофиттер болып бөлінеді. Сол сияқты жылуға, сортандыққа және субстратқа қатысты да өсімдіктер тіршілік формаларына бөлінеді.

Фитоценоздар әдетте әртүрлі экобиоморфтарға жататын түрлерден тұрады. Бұл фитоценоздың құрылуының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Фитоценоздардын экобиоморфтық құрамының біркелкі еместігі ормандарда айқын көрінеді. Өйткені орман фитоценоздарының құрамына ағаштардан басқа бұталар, бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар және балдырлар кіреді. Сонымен бірге көптеген орман типтерінде жоғарыда аты аталған тіршілік формаларының әркайсысы өз кезегінде бірнеше экобиоморфалардан тұралы (мәңгі жасыл қылканжапырақтылар, жапырағы түсетін ағаштар және тағы с.с.)-

Шөптесін фитоценоздарды (шабындық, дала және тағы с.с.) алсақ олардың да экобиоморфтық құрамы әртүрлі болады. Бұлардың құрамына кіретін өсімдіктердің өсу формаларына, тамырынын тереңдігіне, көбею жолына, маусымдық вегетациясының ритміне қарай бір-бірінен үлкен айырмашылықтары болады.

Бұлардың құрамына кіретін өсімдіктердің өсу формаларына, тамырынын тереңдігіне, көбею жолына, маусымдық вегетациясының ритміне қарай бір-бірінен үлкен айырмашылықтары болады. Олар өскен ортасының ылғалдылығына. сортандығына және тағы с.с. байланысты әр түрлі болып келеді.

Кейде өсімдіктер қауымының құрамына фитоценоздардың әр түрлі типтеріне сәйкес келетін өсімдік түрлері кіреді. Мысалы, шабындықта -шабындыққа, орманға және далага тән өсімдік түрлері кездеседі. Бұл ортаның біркелкі еместігіне ғана емес сонымен қатар кейбір өсімдік түрлерінің бұл 1 жерде бұрын болған өсімдіктерден қалған қалдықтар (реликт) екендігіне де байланысты.



Әдебиеттер тізімі: 1, 33-39 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдарының классификациясын жасаған ғалым

2 Экобиоморфтық құрамы дегеніміз не?

7 тақырып Фитоценоздар географиясы

Мақсаты:

- экотоп, биотоп туралы түсінік беру

- өсімдік қауымдарының жер шарындағы таралу заңдылықтарымен танысу

Жоспар:

1 Өсімдіктер ареалының мәні

2 Ареал типтері

3 Комполитті өсімдіктер


1 Өсімдіктер және олардың қауымының жер шарында таралуын және сол таралудың зандылықтарын зерттейтін ғылым саласы ботаникалық география деп аталады. Ботаникалық география екі салаға бөлінеді:

1/ Өсімдіктер географиясы - өсімдік турлерінің және ipi систематикалық таксондардың жер шарындағы таралу заңдылықтарын зерттейді;

2/Фитоценоздар географиясы - өсімдік қауымдарының жер шарындағы таралу заңдылықтарын зерттейді.

Аталган ғылым салаларының негіздері, олардың алдында түрған проблемалар арнаулы курстарда /өсімдіктер географиясы, картаға түcipy және т.б./ толық қаралып, беріледі. Сондықтан бұл тарауда тек өсімдіктер ареалы, фитоценоздар флорасының географиялық элементтер, картаға түcipy және аудандастыру туралы гана қысқаша тоқталып қтеміз.

Ареал - өсімдіктер түрлері, туыстары жене басқа да категориялары таралған аймақ. Егерде біз өсімдіктің 6ip түрiнің мекен жайын алсақ, мысалы, Туркістан термопсисiн /Thermopsis turkstanica Gand/ алып оларды нукте/ немесе үшбұрыш/ түрінде картаға түсіріп ең сыртқы нүктелерді сызықшамен қосу арқылы оның ареалын анықтауға болады, яғни сол сызықтың ішіндегі аудан өсімдіктің осы түрінің таралған аймағы немесе ареалы болып табылады /сурет № 20/. Бірақ мұндай нуктелі картаны тек сирек кездесетін өсімдік түрлеріне пайдалануға болады; кездесетін түрлерді ерекше «даңдылы», «сиректеу» және басқа белгілермен көрсетеді. Кейде торлынүктелі карталар жасалынады. Мүндай торлармен түрдің барлық таралған аймақтары жабылып, тордың ішіндегі осы түр кездесетін тор кездеріне нүкте қойылады. Мысалы, Британия флорасының осындай карталары бар. Keйбip мекен жайлар алыста ареалдың сыртында орналасқан болуы да мүмкін, мұндай жағдайда ареалдың шет форпостары деп айтады. Негізгі ареалдан алыста орналасқан олардың фрагменттері болуы мумкін, олар эксклавтар деп аталады; кейде букіл ареал бірнеше бірдей бөлшектерге бөлінген болады. Мұндай тарихи себептерге байланысты пайда болган ареалдар дизьнктивті ареалдар деп аталады

Kөп жағдайда ареалдың түйық оңашаланған немесе дизьюнктивті екенін ажырату қиын. Егерде диаспораларымен /таралуға арналған элементтер: тұқымдар, споралар, вегетативтік бөлшектер /алмасу мүмкіншілігі жоқ болса оларды дизьюнктивті ареалдарға жатқызады. Бірақ диаспоралар қаншалықты жерге тарай алатындығын аньқтау оңай емес. Өйткені диаспоралар желмен, сумен, құстар және адамдар арқылы талай жерге таралуы мүмкін . Түрлердің ғана емес одан ірі ткасондар туыстардың және тұқымдастардың да ареалын сызуға болады. Әрине түрдің ареалының. территориясында тіршілік жағдайы біркелкі емес, сондықтан түр өз ареалына бүтіндей таралмайды . Әpбip фитоценоздың құрамына және әрбір ассоциацияға тек қана осы экотоптың немесе биотоптың жағдайына бейімделген толерантты /шыдамды/ түрлер ғана өне алады . Сондьқтан түрдің ареалының бірнеше аймағы болуы мүмкін /Быков,1953/; формациялық аз жерде түр өзінің формациясын құрады ;ингрегациялық, бұл аймақта түр ассоциацияға субдоминант ролінде енеді, ассектаторлық, бұл аймақта түр тек ассектатор / өсімдіктер қауымында үшіншіt дәрежелі орын алатын топтар / немесе ингредиент ролінде енеді; және перфорациялық, бұл аймақта түр кездеспейді. Мысалы, май қарағайдың ареалының территориясы 27 млн га болса, оның формациялық бөлшегінікі – 10,1 млн. га /35 %/

Ареалдың көлемі әртүрлі болуы мүмкін. Өсімдік түрлері барлық континенттерде кездеседі /космополиттер/, басқалары кішкентай ғана территорияда кездеседі /эндемдер/.Туыстардың ареалдарының көлемі оларға жататын түрлердікінен, тұқымдастар ареалы оларға жататын тұыстардың аркеалдарынан молырақ болады .Coндықтан космополитті тұқымдастар космополитті туыстарға қарағанда, ал соңғылары-космополитті түрлерден жиірек кездеседі және кейбip басқа тұқымдастар жершарында түгeл тараған десе де болады.

Эндемдер палеэндемизм және неоэндемизм деп ажыратылады Палеоэндемизмге /реликті эндемдер/ бұрын кең тарап қазір

құрып бітуге айналған таксондар жатады, олар қ.aзіp тек кейбір шамалы территорияларда ғана кездеседі. Мысалы /гинкго/- юра кезеңінде кең тараған туыстың жалғыз өкілі қазір тек Сычуань провинциясында / Қытай / ғана кездеседі.

Неоэндемизмге көрісінше белсенді түрде пайда болып жатқан тұыстардың жас түрлері жатады. Мысалы, оңтүстік Альпаның кейбip алқаптарында жэне т.б. туыстарға жататын

неоэндемдер табылып жатады.

Фитоценоздардын. формациянын, және басқада өсімдіктер жабынының бөлімдерінің флорасында түрлердің үш тобын ажыратуға болады /Быков, 1978/ : эндемдер, аэндемдер жене эйремдер .

Эндемдер - географиялық шағын аймаққа ғана таралған , басқа жерде кездеспейтін түрлер ; аэндемдер - осы шағын аймақта пайда болған-, бipaқ қазіргі: ареалы ол аймақ; терраториясының, сыртына шығып кеткен; эйремдер - бұл аймақ территориясынан сырт жерде пайда болған түрлер. Сонымен бірге, сирек және реликті турлердi көрсету қажет. Eкi формацияның немесе екі аймақтың флораларының айырмашылығын немесе ұқсастығын ортақтьқ коэфициент арқылы көрсетуге болады :

К = а+в-с

а+в+с

мұндағы a-бірiншi аудандағы түрлердің саны; в- екінші аудандағы түрлердің саны;



с-түрлердің жалпы саны.

Әдетте фитоценоздардың , формацияның немесе өсімдіктер типінің флорасына талдау жасағанда оларды дербес географиялық элементтерге немесе геоэлементтерге бөледі. Географияльқ элементтерге бөлгенде негізгі континенттердің көпшілік макұлдаған бөлінyi алынады-голарктикалық, палеотропикалық, неотропикалық, австралиялық, қаптық және антарктикалық элементтері. Егерде Тянь-Шаньдагы бip формацияның флорасын алсақ, онда мынадай геоэлементтер бөлінеді: эндемдер , тянь-шань-джунгарлық , тянь шань-алтайлық,

тянь-шань сібірлік, тянь-шань-памирлік және с.с. космополиттерге дейін. Осылайша кез-келген географиялық аймақтың флорасына талдау жасауға болады .

Ареал - өсімдік түрлері немесе тұқымдастарының жер бетінің белгілі бір аумақ-жер көлеміне орналасуы. Ареалға тиянақты мән бермей өсімдіктер түрін, туысын, бірлестігін, алып жатқан аумағы мен көлемін білмей географиялық та, ботаникалық та тұжырым жасау мүмкін емес. Сондықтанда ареал өсімдіктер географиясының өлшемі, объектісі, негізгі құралы деп түсіндірген жөн. Түр немесе тұқымдас бір ареалда немесе бірнеше түр, тұқымдас /таксон/ бірлесіп бір ареалда өсуі мүмкін.

3 Ареалдың белгіленген бір ауданы, аумағы, көлемі түр, тұқымдас /таксон/ амплитудасы жоқ. Өсімдіктер жер бедеріне геологиялық, географиялық, экологиялық ерекшеліктерге, тікелей жер жағдайларына байланысты өсу, өнуі, орналасуы мүмкін. Өсімдіктер түрлері жер планетасының барлық материгінде кездессе – космополит деп, ал бір жерде өсетін болса – сирек кездесетін өсімдік түрлері деп атайды.

Космополитті өсімдіктер барлық материкте кездеседі деген мағынада, яғни, дала, шөлдала, тропика, батпақты, тундрада, тау, шалғынды жерлерде де өсе алады. Космополитті өсімдіктерде жыныстық жолмен көбеюі басым. Тамыр, сабақ, жапырақ мүшелері «жақсы» жетілген, экстремальды жағдайларға бейім өсімдіктер: құрақ /тростник-Phragmites communis /ушлисма/частуха-Alisma plantogo/, шолаң/рдес-Patomoqeton шалшықты шөп /лужайник-Limosella aguatica/, у таспа /мокрица-звездчатка-Senecio vulgaris/, зиягүл /крестовник-Stellaria media /, қалуен /осот-Sonchus oleraceus/, бақ-бақ/одуванчик-Taraxacum vulgare/, қырыққұлақ /папоротник-орляк-Pteris aguilina, Polypodium vulgare/т.б.

Көлемі үлкен, кең аумақта таралған өсімдіктер түрін-эврихорлы, таралу аймағы шектелген өсімдік түрлерін - стенохорлы деп атайды. Гүлді өсімдіктердің көпшілігі таралуы шектелуі – стенохорлы ареалы болатындығы, яғни бір пункте шоқталып/монокультура-роша/ өсетіндігімен ерекшеленеді/ әсіре таулы жерлерде/. Мысалы, қарағай/элдарская сосна-Pinus elolarica/. Грузияның таулы аймағында 50 гектар жерді алып жатыр. Майқарағай /камчатская пихта-Abies gracilis /Камчатканың шығыс жағында шоқ – тоғай қурап тұр.

Қандай да бір қолайлы, қоңыржай/топырақ құнарлылығы, ауа райы, температура, жеткілікті мөлшердегі ылғалдылық /болғанымен белгілі бір алқапта жалғыз /моновид/ өсімдік түрі өсіп тұрмайды. Тек, сол алқап – территорияның көбірек көлемді жерін алып ерекше бөлініпте, білініпте, көрініпте /доминант/ тұруы мүмкін. Доминантты өсімдіктердің экологиялық амплитудасы, диапазоны кеңірек, өзіне тән ерекшеліктері болады; тез тарау, қаулап өсу, басқа өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік бермеу. Осы ерекшеліктерінің арқасында өз тұқымдасын, өз түрлерін өте тез арада көбейтуге мүмкіндіктері болады. Мысалы: орман жаңғағы, емен, бересклет, үйеңкі, бетеге, шыршашөп т.б. өсімдіктер.

Материктерде кеңінен таралған, үлкен аумақты алып жататын арамшөп өсімдіктері. Олар бір континентке емес, бірнеше материктерге таралған – космополит. Мысалы, элодея /элодея канадская – Elodea cunadensis/, балдыршөп /ряска малая-Lemnaminor/, майда желек /мелколепестник канадский-Erigiron Canadensis/, жұмыршақ /пастушья сумка/Capsella Bursapastoris/ т.б.

Су өсімдіктерінің тез таралу себебі: басқа өсімдіктерге өте қажет – сумен мол қамтамасыз етілген, екіншіден, судағы «жағдай» ауа райына онша тәуелді емес. Міне, сондықтанда олар кез-келген аудандарда тіршілігін жалғастыра береді, жемісі, тұқымы, вегетативті жолмен көбейеді де сумен кедергісіз таралады. Арамшөптердің де кең етек жайып бірнеше континенттерде кездесіп, таралуы:

1.Ерекше, қолайлы жағдайларды, күтімді қажет етпейді.

2.Жер бедерінің құнарсыз, эрозияға ұшыраған, антропогендік факторлардан, геологиялық жағдайлардан «бұзылған» жерлерді тез иемденеді.

3.Арамшөптер тұқым саны өте көп болады.

4.Жаңа жерлерде оған бәсекелі /конкурент/ өсімдіктер жоқ.

Кейде үлкен алқапты жайлап алатын өсімдіктермен қатар, ареалы, таралуы шектелген де өсімдіктер бар. Мысалы, Секвоядендрон /мамонтовое дерево немесе секвоядендрон гигантский-Seguoiadendron giganteum/ Солтүстік Американың оңтүстік шығыс бөліміндегі кішігірім аудандарға ғана орналасқан. Ал, басқа жерлерде еш жерде жоқ, кездеспейді де, өспейді де. Дегенмен көптеген өсімдік жер бедері ғасырлар бойы көптеген геологиялық өзгеріске ұшырасада таралу шегі, ареалы тұрақты. Көптеген өзгерістерге ұшыраудың өзі негізгі фактор. Көпшілік жағдайда өсімдіктердің таралуына, ареалына көп әсерін тигізуші – ауа райы /климат/. Ауа райының құбылмалылығы қыста - өте төменгі температура, жазда жылылықтың жетіспеуі, атмосфералық ылғалдылықтың жетіспеуі немесе керісінше болатын жағдайларда өз әсерін ықпалын тигізбей қоймайды. Сондықтанда өсімдік жер материгінде, континентте ауа райына тікелей тәуелді жерлерде өседі. Таралу шегі бар. Таралу шегі бар дегенде тек су, ауа, жел, жан-жануарлар мен қатар таралуға кедергілерді атауға болады. Кедергілерден өсімдік таралу кезеңінде өте алмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда - өсімдіктер өзара арақатынасын конкуренция деп атайды. Дегенмен де жоғарыдағы ерекшеліктерін атап айтқандай таралуына, таралу шегіне әсер ететін факторлардың ішіндегі басымы да, «кереметі» де климат, қалған факторлар одан кейінгі орындарды алады.

Жан-жануарлар мен өсімдіктердің жер бетінде таралуы, өсуі өте күрделі процесс екендігі, оған жан-жақты қарау керектігі тарихи кезеңдермен қатар биосфера жағдайында егжей-тегжейлі білуді қажет ететіндігі түсінікті. Дегенмен, өсімдіктердің орналасуы, ареалдарының көлемі, аумағы – ауа райының т.б. факторлардың /жылу, су, топырақ/ әсерінен өзгеруі заңдылық деп есептесек, батыстан шығысқа қарағанда, солтүстіктен оңтүстікке қарай көбірек өзгеріске ұшырайтындығы, меридиан мен салыстырғанда ареалдардың ендікте көбірек көлем алатыны дәлелденді.

Материк – континенттерде алып жатқан аумағы, көлемі, конфигурация – пішіні әртүрлі бір-біріне ұқсамайтын болғандықтан белгіленген ареал типі жоқ. Тек, біртұтас және бөлінген /бір-бірінен алшақ орналасқан/ ареал типтері деп бөлеміз.

1.Біртұтас ареал – түрдің бөлінбей біртұтас, бүтін болып бір аймақта өсуі /4-сурет/.

2.Бөлінген /ажыратылған/ ареал-бір аумақта, не жер планетасында 1,2,3 бөлімдерге /пунктерге/ бөлінген. Бөлімдердің бір-бірінен ара-қашықтығы да, алып жатқан аумақ көлемі де әртүрлі. Мысалы, Aldrovanda vericulosa насекомдармен қоректенетін өсімдік /жер әлемінің әр жерінде /Оңтүстік Франция, Италия, Белорусия, Украйна, Воронеж, Курск, Волга жағалауы, Амур облысы, Жапония, Австралия/ «арал» тәріздес өсіп тұр. Қырыққұлақ /папоротник - Custopteris Sudetica/ - Карпат тауларында, Орал, Сібір жерлерінде кездеседі /5-сурет/. Тек таулы жерлерде кездесетін – тасжарған /камнеломка – Saxigraga, шерменгүл /горечавка – Gentiana. Материктер бойынша лента тәріздес созыла ұзарып, өзен, теңіз, террас жағалай аққайрақ /подбел - Petasites spurius/, ешкімия /смолевка Silene parviglora/ т.б. ал, ебе қаңбақ /качим – гипсолюбка - Gupsophila paniculata/, кекіре /василек - Centaurea marschalliana/, дала өсімдіктері белгілі бір аймақта біртұтас болып өседі де, бірте-бірте аумағы жіңішкеріп барып бітеді. Ғасырлар бойы бір жерде өсіп-өнген экологиялық өзгерістерге, факторларға /ауа райы өзгерістері/ қалыптасып, бейімделген өсімдік түрлерінің таралу шегі де, ареалы да өзгеріссіз қалады. Өсімдіктер ареалы да таралу шегі де тұрақсыз да, таралу шегіде өзгермелі, қалыптасу фазасында. Себебі:

1. Өсімдік түрлері ауа райы топырақ өзгерістеріне өте бейімделгіш

2. Өсімдіктер тарихи даудың /эволюция/ әсерінен көлемін, ареалын азайтуы мүмкін

3. Геологиялық, трансгрессия құбылысы әсерінен өсімдіктер ареалы кеңеюі де, кішреюі де мүмкін.

4. Адамзаттың /антропогендік фактор/ саналы еңбегі арқасында өсімдіктердің ареалы кеңеюі де, кішіреюі жағдайында ескеру қажет /плантациялар/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет