С 89 Сұлтанғазина Г. Ж. Регионалды флористика


Мақсаты: - флоралық құрамын толық анықтау - флоралык құрамын зерттеу әдістерімен танысу Жоспар



бет6/8
Дата19.02.2017
өлшемі1,85 Mb.
#10869
1   2   3   4   5   6   7   8

Мақсаты:

- флоралық құрамын толық анықтау

- флоралык құрамын зерттеу әдістерімен танысу

Жоспар:

1Фитоценоздың флоралық құрамы

2 Фитоценозды зерттеу оның флоралық құрамын анықтау
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Фитоценоздаң флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсіндік турлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторына бола алады. Сондақтан қауым туралы толық мағлүмат алу оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын жане тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндердіде есепке алу керек.

Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе еліміздің оңтүстік аудандарында (дала, шөл тагы с.с), өсімдік түрлерінін дамып жетілуі, вегетациялық кезендері бір мезгілде ете бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау ушін, ондағы түрлерді тізімге алу (инвентаризация) жұмысын өсімдіктердің вегетациялық кезеңі ішінде екі (көктемде, жазда) немесе үш (көктемде, жазда, күзде) рет жүргізген дұрыс. Кесте Қазақстанның шөлейт дала зона тармағындағы қауымдардың

түрлік құрамы (биокомплексные исследования в Казахстане, ч.З, 1976)




Өсімдіктертобы

Жіңішке жусанды-бетегелі-қауымы (ақшыл-сарғылт топырақта)

Жіңішке-жусанды-тырсық қауымы (ақшыл-сарғ. топырақта)

Сирекбас

жусанды-көкпек қауымы(сортаңдау кебірле)



Сирекбас жусанды-қауымында (кебірлі сортаңда)

түрлер

саны 0/0


жалпы саны 0/0

түрлер

саны


жалпы санынан

түрлер

саны


жалпы санынан

түрлер

саны


жалпы санынан

Гүлді өсімдіктер

























Мүктер

























Қыналар

























Балдырлар

























Микроскопиялық саңырауқұлақтар

























Бактериялар және актиномицеттер

























Барлығы:

























Соның ішінде:

























Автотрофтар

























Гетеротрофтар
























Тек сонда ғана вегетациялық кезеңі ұзақ және қысқа (көктемгі және күзгі эфемерлер және эфемероидтар) есімдік түрлерін толық қамтуға болады. Бірақ өсімдіктерді тізімге алған кезде, осы жерде кездесетін өсімдіктердің кейбір түрлерінің болмай қалуы мүмкін. Өйткені қауымның флоралық құрамының тізімін жасаған кезде олар тек дән (тұқым) түрінде топырақ бетінде кездесуі мүмкін. Сондықтан оларды жиып анықтап есепке алу керек. Жинаған өсімдік дәнін өсіріп көріп тек қана осы жағдайда өмір сүруге икемі барларын ғана тізімге кіргізу қажет.

Ескерту! Қазақша берілген өсімдіктердің орысша, латынша аттары:

1) Жіңішке-жусан - полынь тонковатая

2) Бетеге - типчак бороздчатый

3) қау – ковыль лессинговский

Нақтылы фитоценоздардың флоралық кұрамы оларға диаспоралардың (гректін dіаsроrа - таралу деген - өсімдіктің таратылуға арналған кез-келген бөлігі) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына байланысты анықталады.

Белгілі бір районның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасы мен жалпы танысып қана қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоциацияның флоралық құрамына баса көңіл аудару керек. Ассоциация (латын сөзі assосіаtіо-қосылу, қосылған) - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз - белгілі орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым.

Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап өсімдік турлерінің тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық құрам - фитоценоздардың маңызды белгісі. Көп жағдайда оған сипаттама бергенде тек қана күрделі өсімдіктерге және қыналарға көңіл бөледі. Олар мен бірге қауым құрамына балдарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар және актиномицеттер кіретінінде ескерген жөн (кесте).

Өсімдіктер қауымдарына терең талдау жасау қауымдарды бір-бірімен салыстыру үшін олардың байлығын және флоралық толықтығын білу өте қажет.



Әдебиеттер тізімі: 1, 33-35

Пысықтау сұрақтары:

1 Фитоценоздың флоралық құрамы дегеніміз не?

2 Фитоценозды зерттеу оның флоралық құрамын анықтау әдістері қандай?

9 тақырып Қостанай жерінің тарихы, физико-географиялық жағдайы Мақсаты:

- Қостанай жерінің физико-географиялык жағдайымен танысу



Жоспар:

1 Қостанай ауданның топырак-климаттык сипаттамасы


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Зерттеу жүргізілген шаруашылық қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Жылдың көп бөлігінде шығыстан келетін азиаттық антициклонның солтүстік-батыс бүйірінің әсеріне қарсы тұрады. Батыстан келетін ылғалды қоңыржай ауа массалары біздің аумаққа өте сирек келеді, себебі жолында Орал таулары сияқты кедергі кездестіреді.

Облыстың солтүстігінде табиғи кедергілер болмағандықтан арктикалық суық, ылғалдылығы шамалы ауаларының оңай өтуіне жағдай жасалған.

Климаты континенталды деуге болады, құрғақшыл, онын қысы мен жазы температурасының кенет өзгеруімен сипатталады.

Зерттеу жүргізілген аумакта климат шарттары негізінен төмендегі кестеде келтірілген көпжылдык мәліметтерге сәйкес деуге болады (кесте).

Жазы ыстық және құрғақ, кысы аязды және қатал. Қараусыз күндер мезгілі I 12-160 тәулік.

Жылдық жауын-шашын мөлшері 330-420 мм. Жауын-шашынның жылдағы басымдылығы жақсы байқалады.

Көктем және жазда аңызақтар байқалып тұрады. Ақырғы 30 жылда қуаншылық он жылда 2-4 рет байқалады.

Жылы кезең (орташа тәулікті температура 0° -ден жоғары) сәуірдің ортасынан қазанға дейін созылады және орташа 7 ай шамасында деуге болады. Ауа температурасы оң шамаға көшкенде жылда қалыптасатын және 4-5 ай тұратын қар жамылғысы бұзылады. Қардың калыңдығы ащық жерлерде 16-18см, ал корғау бар жерлерде 50-60см-ге дейін болады. Бірінші қар жамылғысы қазан айынын аягында байқалады, ал еруі сәуірдің бірінші жартысынан басталады. Топырақ 1м тереңдікке дейін тоңданады. Көктемі суық жылдары қар мамырдың ортасына дейін жатады, ал көктемі жылы жылдары наурыздың аяғында кетеді. Ауа райының бір ерекшелігі көктемде қар жылдам еріп кетуі де мүмкін.

Жылудың тез артуы сәуір және мамыр айлары бойында: орташа тәулік ауа температурасы +10° С онтүстікте мамырдың басында, ал солтүстікте айдың ортасында, ал +15° С тиісінше мамырдың ортасында және маусымның басында.

Көктемде температураның артуы кезінде суықтың қайта келуі жиі байқалады және ол түнде аяздармен жалғасады.

Маусымның аяғын, шілде мен тамыздың басын жылдың жылы бөлігі деуге болады. Шілде айында орташа тәулік температурасы +20° С жақындайды, максимум +40° С шамасында. Ауа температурасы +20° С жоғары болатын ыстық күндер жаз кезінде 30 күнге дейін болады.


Кесте - Ауа температурасы және жауын-шашын мөлшері

Айлар

Температура0, С

Жауын-шашын, мм

Қаңтар

-18,8

17,0

Ақпан

- 18,6

14,1

Наурыз

-11,1

13,0

Сәуір

3,4

26,2

Мамыр

12,2

31,0

Маусым

17,8

45,1

Шілде




55,0

Тамыз

17,6

35,0 П

Қыркүйек

11,2

30,0

Қазан

зд

40,2

Қараша

-5,3

20,0

Желтоқсан

-12,6

15,1

Орташа/° С/ және жылына/мм/

1,6

341,7

Зерттеу жүргізілген аумақта көп тараған оңтүстік аз гумусты қара топырағы. Бұл топырақтардың топырақ құраушы жыныстары болып қоныр-сары делювиалды құмбалшықтар саналады.

Табиғи өсімдіктер жамылғысы негізінен аралас шөпті-қызыл түсті ақселеулі, шөптілігі 80-85% далалардан тұрады. Астықты тұқымдастар ішінде басымдысы қызыл түсті ақселеу, бетеге және Лессинг ақселеуі, қылтанақсыз арпабас кездеседі.

Оңтүстік нагыз қара топырағы ортақ алыңды және шамалы қалыңды (қабатты) болып екі түрге бөлінеді.

Бұл топырақтардың морфологиялық көрсеткіштері мынандай: орта қалынды түрлерінде гумус қабатының қалындығы - 50-70 см, ал шамалы калыңды турінде - 30-40 см. Гумус қабатының түсі біркелкі емес, В қабатында тілсымақтасы көрінеді әсіресе ауыр құмбалшылықты түршелерінде. А қабаты үстіңгі бөлігінде бірсыпыра шымды, құрылымы тозаңды кесекті келеді, қалыңдығы І5-20см шамасында. Кәдімгі кара топырактарға карағанда карбонат және гипс қабаты жоғары мөлшерде тереңде қалыптасқан.

Әдебиеттер тізімі: 28, 32-35 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Қостанай жерінін физико-географиялық жағдайы қандай?

2 Қостанай ауданның топырақ-климаттық сипаттамасын беріңіз?


10 тақырып Флоралық байлығы

Мақсаты:

- Л.Г.Раменский бойынша фитоценоздарга түсінік беру



Жоспар:

1 Фитоценоздың флоралық байлығын анықтау


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Фитоценоздын барлык компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын жагдайда өсімдіктердің бірде-бір түрі доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралык құрамы жағынан өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі (кесте).

Л.Г.Раменский (1924) флоралық мүшелері толық және мүшелері толық емес фитоценоздар деген түсінік кіргізді. Егер фитоценоз құрамына онда өмір сүруге қабілеті бар өсімдік түрлерінің кейбіреулері кірмей қалған болса оны

Раменский мүшелері толық емес фитоценозға жатқызды. Фитоценоздардың флоралық мүшелері толық немесе мүшелері толық емес екендігін эксперимент жасап оларға қосымша тұқымдар сеуіп қана анықтауға болады.

Л.Г.Раменский фитоценоздарды мүшелері мүлде толық, жергілікті мүшелері толық, практикалық мүшелері толық және оның мүшелері толық емес деп бөлді. Мүшелері мүлде толық фитоценоздар жоқта болуы мүмкін. Фитоценоздарға адамның басқа аймактардан алып келген өсімдік түрлерін енгізу немесе оларды жергілікті фитоценоздарға әдейі саналы түрде кіргізу жұмыстары табиғатта флоралық мүшелері толық емес фитоценоздардың кең кездесетіндігін көрсетеді. Фитоценоздардың флоралық мүшелерінің толық еместігінің үлкен практикалық маңызы бар.
Кейбір өсімдіктер жабыны типтеріндегі түрлердің саны

(Корчагин, 1964).



Өсімдіктер

типі


Географиялық

район


Ассоциация немесе формация

Түрлердің саны

Әдеби

деректің

көзі


барлығы

ағаштар

бұталар

бұташықтар

Шөптер

мүктер

қыналар

Тундра













Орман













Дала













Шөл













Тропикалық орман












Ондай фитоценоздардың құрамына кіріп олардың өнімділігін арттыруға өабілеті бар өсімдік түрлерінің тұқымдарын өосымша себуге болады. Мысалы, шабындықтардағы бұршақ тұқымдастардың дәндерін қосымша себу жұмыстары. Әрбір фитоценозда өте мол, көп кездесетін және өте аз кездесетін өсімдік түрлері болады. Көп кездесетін өсімдік түрлерін көлемі кішкентай ауданнан да табуға болады, ал сирек кездесетін өсімдік түрлерін табу үшін көлемі үлкен ауданды қарау керек. Фитоценоздың флоралық байлыгын аныктау үшін алынған ауданның көлемі үлкен болған сайын ондағы өсімдік түрлерінің саны көбейе береді (әрине белгілі бір шекке дейін).

Көптеген зерттеушілердің жұмыстары бұл заңдылықтың толығынан осімдіктер қауымдарына сәйкес келетінін көрсетті. Зерттеушілер тәжрибеге негізделген (эмпиризмдік) мағлұматтарға сүйене отырып, әртүрлі ассоциациялар мен өсімдіктер типтері үшін сыналатын аудан көлемімен,онда осіп жетілетін өсімдіктер түрлерінің санының ара-қатынасын көрсететін қисық сызық жобасы жасалды .

Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% жуыгы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейміз (Раменский, 1925).

Қауымның немесе ассоциацияның флоралық байлығын табу ауданын ассоциацияны анықтау ауданымен шатастырмау керек. Ассоциацияны (анықтау ауданы дегеніміз ассоциацияның барлық негізгі белгілері (флоралық құрамы, құрылысы тағы с.с) айқындалатын ең аз аудан (Раменский, 1925).

Әдебиеттер тізімі: 1, 35-38 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Ассоциацияны анықтау ауданы дегеніміз не?

2 Қауымның немесе ассоциацияның флоралық байлығы дегеніміз не?


11 тақырып Өсімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері

Мақсаты:

- өсімдіктер үшін ең колайлы зонасына сипаттама беру

- өсімдіктер үшін колайсыз поляр зонасымен танысу

Жоспар:

1 Полярлық (арктикалық шөлдің зонасы), тундралық, орманды зоналар


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Биік солтүстік ендіктерде бір-бірінен оңай ажыратылатын, бірінін артынан бірі келетін, үш зона: полярлық (арктикалық шөлдің зонасы), тундралық, орманды зоналар циркумполярлы орналасады.

Олардың ең қаталы, сондықтанда өсімдіктер үшін ең қолайсыз поляр зонасы болып табылады. Бұл жерде вегетациялық кезең, төменгі температурада, қысқа поляр жазында етеді. Ең жылы ай шілденің (июль) орташа температурасы 0°С аспайды. Бұл қысыңқы зонаның құрамына Таймыр түбегінің солтүстік шеті мен аралдардың мынадай тобы: Жаңа Жердің солтүстік аралдары, Солтүстік Жер, Франц-Иосиф Жері, Новосибир аралдарының бір бөлігі, Геральда аралдары және т.б. кіреді. Бұл зонада өсетін өсімдіктердің түрлерінін жалпы саны 40-50-ден аспайды.

Жердің бетін түтас басып (жауып) жатқан өсімдіктер жабыны жоқ. Тек жекелеген өсімдіктер немесе мүктер мен қыналардың аздаған тобы (куртинки) қиыршық тастар мен үлкен тастардын арасында шашыраңқы болып өседі.

Поляр зонасына континентгі экватордан солтүстік және оңтүстік ендіктерге қарай 7-8°С-тың деңгейіңде орап жататын ылғалды (жаңбырлы) тропикалық ормандар зонасы (гилеи) мүлдем қарама-қарсы болып келеді. Бүл жердің ауа райы тұрақты болады. Жылдың орташа температурасы 18-20°С-тан төмен болмайды. Ең төменгі температураның өзі 0°С шамасында болады. Жаңбыры коп және ол жылдың барлық мезгілдерінде бірқалыпты жауады. Жылдық ылғалдылықтың мөлшері 8000-10000 мм-ге дейін жетеді. Өсімдіктер жабыны тұтас (сомкнутый), көп ярусты. Оның құрамында өсімдіктердің көптеген өмірлік формалары, экологиялық топтары және алуан түрлі түрлері бар. Жаңбырлы тропикалық ормандар батыс ендікте де, шығыс ендікте де жақсы жетілген. Құрылысы жағынан, түрлерінің құрамы және олардың комплексі (ассоциациясы) жағынан бұл ормандар біркелкі емес. Олардың тіршілік формаларының ішінде ағаштар - фанерофиттер айқын басымдық көрсетеді. Түрлерінің саны жағынан ағаштанған лианалар ағаштардан аз болмайды. Тек орман арасындағы ашық жерлерде (прогалинах), негізінен су жағалауларында, шөптесін өсімдіктердің қауымдастықтары (ассоциации) - биік шөптер түзіледі. Олардың құрамында банандар (Мusа туысы), аройниктер (Аrасеае тұқымдасы), канналар (Саnnа туысы), папоротниктер (Роlуроdiорhуtа бөлімі), бегониялар (Веgоnіа туысы) бар.

Екі бір-бірінен қарама-қарсы орналасқан зоналардың арасында бірін бірі занды түрде ауыстырып отыратын аралық зоналар жатады. Климаттың, сонымен бірге өсімдіктердің де зоналарға байланысты қалыптасатындығы жөніндегі ғылымның жалпы заңдылықтары өткен ғасырдың бас кезінде сипатталып жазылып және сол ғасырдың ортаңғы кезінде белсенді түрде жан-жақты зерттеле басталды (А.Гумбольт, Ф.Скоу, А.Де Кандоль). Ж.Константен жершарын алты климаттық зонаға бөледі:

поляр зонасы - температура жыл бойында 10°С төмен болады;

салқын зона - 1-4 ай бойы температура бірқалыпты қоңыр-салқын болып тұрады, ал қалған айлардың барлығында - салқын;

қоңыржай-салқын зона - жазы бірқалыпты қоңыр-салқын, ал қысы салқын; қоңыржай-жылы зона - жазы ыстық; субтропикалық зона - ыстық айлары көп;

тропикалық зона - жыл бойында температура 20°С жоғары болып тұрады. Осы зоналардың барлығы бір-бірінен климатымен ғана емес, сонымен бірге сыртқы көрнісіменде ажыратылады. Бір зонадан екінші зонаға ауысқанда өсімдіктердің және олардың қауымдастықтарының өзгергендігін айқын аңғаруға болады.

Зоналар туралы ұғымды және табиғаттың әртүрлі құбылыстарының арасындағы байланыстардың жалпы заңдылықтарын өткен ғасырдың аяғында, алғашқы рет сипаттап жазған биогеографияның негізін салушы белгілі ғалым В.В.Докутаев болған. Ол өлі табиғат пен тірі табиғаттың, өсімдіктер мен жануарлардың және минералдык дүниелердің арасында байланыстардың болатындығын айқын көрсетіп жазды.

Климаттың белгілеріне (критерий) осы жердің физикалық жағдайының сипаттамалары (температура, ылғалдың мөлшері) ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер мен олардың қауымдастықтарының ерекшеліктері де жатады. Сондықтаңда климаттың ең дәл берілген анықтамасына мыналар жатады: шөлдің климаты, тундраның климаты, жаңбырлы тропикалық ормандардың

климаты және т.б.

Сиво секілді жылы ағындардың да әсері үлкен болады.

БОР-дың европалық белігінің үлкен кеңістіктеріндс зоналық системаны өзгертетіндей орографиялық фактордың да (Среднерусская и Привольжская возвышенности, Донецкий кряж и др.), жылы ағынның да өсері болмайды. Батыс-Сібір ойпаты мен Қазақстан туралы да осыны айтуға болады.

БОР-дың европалық бөлігінде төрт сатылық зона айқын байқалады: поляр зонасы, тундра зонасы, орманды зона, шөлейт зона . Шөлді зона БОР-дың азиялық бөлігіңце, Волганың төменгі сағасынан бастап Алтай тауына дейінгі аралықты жалғастыратын түзуден, онтүстікке қарай жатқан кеңістікті түгелімен алып жатады. Дәлірек айтқанда шөлді зона Орта Азия республикалары (Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан) мен Қазақстанның жер көлемінің басым көпшілін алып жатады.

БОР-дың таулы аймақтарында (Түркменстанда, Қазақстанда,Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Кавказда, Алтайда және т.б.) жалпы зоналар өзгеріске ұшырайды. Таудың етегінен басына дейін бірін-бірі алмастырып отыратын, өсімдіктер жабынының әртүрлі жолақтарын кездестіруге болады, бұл жерде оларды биіктік белдеулері немесе биіктік зоналары деп атайды. Таудағы өсімдіктердің таралуы мен бөлінуін зерттеген ғалымдар мынаны дәлелдеген, тау экваторға неғұрлым жақын болса, солғұрлым өсімдіктердің биіктік белдеулері толық және айқын болады. Мысалы, биік солтүстік ендікте, тундра зонасында, таудың басына шыққанмен тундраның өсімдіктерінен басқа ештеме кездеспейді. Керісінше экваторға жақын шелді зонада орналасқан тауларда, мысалы Кли-манджарода, биіктік белдеулерінің өсімдіктер қауымдастықтарының толық спектрі айқын көрінеді. Яғни биіктік белдеуінің толықтығы кеңістік факторіне де (таудың биіктігі) және географиялық ендікке де байланысты болады екен.

Бірінен соң бірі келетін зоналардың күрт байқалатын шекарасы болмайды. Олардың арасында жер көлемі бірталай болып келетін аралық кеңістіктер болады (переходные полосы). Сонымен бірге тауда өсімдіктер белдеулерінің, өсімдіктер жабынының структурасы, турлерінің құрамы және тіршілік формалары біртектес болмайды. Мысалы, тундра зонасын мынадай үш жартылай зонаға бөледі: мүкті-қыналы тундра, бұталы тундра және орманды тундра.

Орманды зонаны және басқа зоналарды да жартылай зоналарға бөледі.

Сонымен, өсімдіктер зоналарының деңгейінде айқын басымдық көрсететін өсімдіктер қауымдастықтарын және ондағы өсімдіктердің түрлерін өсімдіктердің зоналық типі немесе өсімдіктердің зоналық түрлері деп атайды. Әдетте өсімдіктердің зоналық типтері көптеген кеңістікті алып жатады,

өсімдіктердің басқа типтерінен айқын басым болып келеді және оларды анықтау ешқандай қиындық келтірмейді. Мысалы, орманды зонада орман түзетін ағаштар басым болып келеді. Олар қылқан жалырақты және жалпақ жапырақты ормандар түзеді. Өсімдіктердін мұндай типін, басқа типтермен татыстыру мүмкін емес.

Өсімдіктердің зоналық типтері ешуақытта таза зонаның өсімдіктерінен ғана тұрмайды, олардың құрамында міндетті түрде зонаға тән емес кірме участкелер болады. Мұндай кірмелерді шығу тегіне және белгілі бір өсетін ортасына қарай: өсімдіктердің экстразональды интразональды және азональды типтері деп үш топқа бөледі.

Осылардың ішінде ең қызық және өзіндік ерекшелігі бар кірмеге өсімдіктердің экстразональды типі жатады. Өсімдіктердін экстразональды типі деп дербес зона түзуге қабілетті және өзінің дербес зонасын түзетін, бірақ кейбір ерекше жағдайларға байланысты жекелеген участкелерімен өзінің зонасынан тыс, көршілес зонаның территориясына кірме ретінде өтетін өсімдіктердің типін айтады. Экстразональдық құбылысқа жекелеген түрлермен де өсімдіктердің топтарымен де мысал келтіре кетейік. Қымыздық боздың (северный перистый ковыль - Stiра joannus) солтүстік бозды - әртүрлі шөпті иемесе шалғынды шөлейтте зоналық өсімдік екені белгілі. Бірақта ол онтүстік бозды - бетегелі шелейтте сирек экстразональды жағдайда ғана кездеседі. Басқаша айтқанда Омбы қаласының маңында және Қостанай облысының солтүстігінде бұл түр зоналық болып табылады, ал Есіл өзенінің бойында, Ақмола облысының оңтүстігінде, экстразональды. Сондай-ақ еменді орманның шөлейт зонадағы кішігірім үркіп шыққан участкелері де экстразональды болып табылады.

Өсімдіктердің интразональды типі деп, еш уақытта, еш жерде өзінің дербес аднасын түзбейтін, бірақ бір немесе бірнеше зоналарда кірме ретінде кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарын айтады. Бұған сортаң топырақтын, сор топырақтың және орманды зонадағы шымтезек батпақтарының өсімдіктер қауымдастықтары жатады.

Өсімдіктердің азональды типі интразональды типке өте жақын, өйткені оларда еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейді, бірақ бірнеше зонада, тіптен кез келген зонада кірме ретінде кездеседі. Өсімдіктердің азональды типтерінде өзендердің жайылма шалғындары немесе өзен жағасының ағашты бұталы тоғайлары мысал бола алады. Әрине шөлейт зонаны меридиональ бағытта кесіп өтетін өзендердің жайылма шалғындарының, өсімдіктер қауымдастықтарының флоралық құрамы, орманды зонаны кесіп өтетін өзендердің шалғындарының флоралық құрамынан айқын айырмашылығы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет