С 89 Сұлтанғазина Г. Ж. Регионалды флористика



бет8/8
Дата19.02.2017
өлшемі1,85 Mb.
#10869
1   2   3   4   5   6   7   8

Жұмыс барысы:

1 Кеппешөп даналарынан аралас орманда кездесетін мына эфемероидтарға: Жанаргүл (горицвет), қазжуа (гусиный лук), құндызшөп (прострел), айдаршөп (хохлатка), әйкен (чина) түрлері т.б. өсімдіктерге биоморфологиялық сипаттама беру. Олардың қыстаған бүршіктерінің орналасуына көңіл аудару.

2 Эфемероидтардың гүлдерінің құрлысын қарап, формуласын жазу.

Гетеростиллия (әр түрлі ұзындықтықты мойынды аналық) тән өсімдіктерді анықтау.

3 Аралас орманда кездесетін өсімдіктердің тізімін жасау.

4 Аралас орманда кездесетін өсімдіктермен, олардың тіршілік формаларымен танысып, биоэкологиялық сипаттама беру.

5 Аралас орманның: ағаш тектес, бұта, жартылай бұта тектес және шөп тектес өсімдіктермен танысып, олардың ярустық (биіктігі бойынша) орналасу ерекшеліктерімен танысу.

6 Орман өсімдіктерінің жапырақтарының пішініне, категориясына, жапырақ мозаикасына көңіл аудару, аналогиялық, гомологиялық органдары бар өсімдіктермен танысу. Қыстаған бүршіктерінің орналасуына қарай, Раункиер бойынша, өмір сүру, яғни тіршілік формалары. әр түрлі өсімдіктерді зерттеу.

7 Аралас орманда кездесетін өсімдіктер бірлестіғінің флоралық құрамын анықтап түрлеріне биоморфологиялық, фенологиялық сипаттама беру.

8 Үлгі бойынша дәптерге байқаудың нәтижелерін жазу.



Аралас орман өсімдіктерінің түрлерінің құрамы


№ р/б

Тұкымдасы, түрі

Фенологиялық фазасы

Молдығы (обилие)

Табылған жері

Өмір сүру (тіршілік) формасы
























































Қажетті материалдар: Аралас орман өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап.

Әдебиеттер тізімі: 6, 44-49 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Аралас орманда кездесетін өсімдіктерді атаңыз?

2 Аралас орманда кездесетін өсімдіктер бірлестігінің флоралық құрамы

3 тақырып Көгалдық-шалғындық өсімдіктер

Мақсаты:


  • көгалдық-шалғындық өсімдіктер

  • мезофиттік өсімдіктерге биоморфологиялық сипаттама беру


Жалпы түсінік

Көгалдық-шалғындық өсімдіктер бірлестігінде вегетаииялық кезеңі (дәуірі) ұзаққа созылатын (жазда үзіліссіз өсіп дамитын), көп жылдық мезофиттік өсімдіктер кездеседі. Шалғындық жердің топырағы және оның ылғалдылығы әр түрлі болады.

Шалғындық жайылым шығу тегі бойынша алгашқы және туынды болып бөлінеді.

Туынды немесе синантроптық жайылымдар адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (кесілген, өрттен қалған орман өсімдіктерінің яғни олардың жойылған орнында, батпақтарды құрғатқанда, суармалы жерлерде т.б.) пайда болады: жер бедерінде орналасуы бойынша - құрлықтық (тегіс жерлерде); жайылмалық (өзен аңғарларының бойында, көл табандарында, көлдердің алқаптарында т.б.) және тау шатқалдық (орманның жоғарғы шекарасынан биік орналасқан) болып бөлінеді. Бұлардың ішінде құрлықтық шалғындық жайылымдар ылғалдану сипатына байланысты сай-салалық және ойпаттық болып бөлінеді. Бұлардың өсімдіктер бірлестігінің құрамында аласа бойлы ксерофиттік астық тұқымдастар басым болады, аққылтан (белоус); бетеге (овсяница);қалтырауық (трясунка) т.б.. суккуленттер - боз кілем (очиток), мүктер және қыналарда кездеседі.

Ойпаттық (ылғалды) жайылымдар - тау аралық және төбе аралық жыра-жылғаларға тән. Бұл жайылымдар жиналған қар сумен, жер асты суымен және жауын-шашынмен жеткілікті (тұрақты) түрде ылғалданады. Бұлардың өсімдіктер бірлестігінде: қияқ өлең (осока), ұлпабас (пущица) және қамыстар басым кездеседі; мезофитті астық тұқымдастардан: айрауықтың түрлері (Са1аmаgrоstіs), су бидайық, немесе күреңше, (Весkmаnnіа), миядан - Орал миясы (Сlусуrrhіrа urаlіеnsіs) т.б. кездеседі.

Шалғындық жайылымда баска өсімдіктермен салыстырғанда көп жылдық астык тұқымдастар басым кездеседі.

Астық тұқымдастардың сабағы - сабаны, цилиндр тәрізді немесе сәл ғана қабысыңқы келеді, тығыз қампиып (кетеріңкі болып) біткен буындары және іші қуыс буынаралықтары болады. Жапырақтары, сабақтың буынаралықтарын қаусырып, қорғап тұратын қынаптан және ұзынша, жіңішке ланцет тәрізді, параллель жүйкелі, бүтін жиекті спираль сияқты екі қатар болып орналасқан жапырақ алақандарынан құралады. Астық тұқымдастардың көпшілігінің жапырақ қынаптары жапырақ алақанына қарама-қарсы жаққа ұзына бойынан жарылып бітеді де, бір-біріне жымдасып кіріп тұрған жиектерінің түсі ақшыл болады. Тағы бір ерекше белгісі - қынаптың жапырақ алақанына айналатын жеріндегі тілшесі мен құлақшаларының болуы. Тілше деп жарғақша бүртікті сабақты қаусырап тұратын және жапырақтың қынабына судың өтуін қиындататын мөлдірлеу жұқа қыртысты айтады. Құлақша деп жапырақ алақанынын түбінде өсіп сабақты қаусырып тұратын, ұштанып келген, бүйірлік ақ бүршіктерді айтады, кейбір астық тұқымдастарда бұлар болмайды, олардың орнын түк басып тұрады.

Гүл шоқтарындағы әрбір масақша бір, екі немесе көп гүлдерден құралады; сондықтан масақшалар бір гүлді, екі гүлді және көп гүлді деп аталады. Масақшаның түбінде екі масақ қабыршақтары болады, бұлардың біреуі сыртқы, (төменгі), ал екіншісі ішкі (жоғарғы) қабыршақ деп аталады. Кейде масақ қабыршақтары өсіп жетілмей де қалады. Масақшадағы әрбір кішкене гүлдердін сыртқы (төменгі) және ішкі (жоғарғы) гүл қабыршақтары болады. Ішкі гүл қабыршағынын құрлысы өте нәзік келеді. Гүлдің ішкі бөлігінде, гүл қабыршақтарының арасында екі жарғақша қауыз болады (лодикула), үш аталығы және бір аналық болады; аналықтын жатынының үстінде 2 қысқа

мойынына бекіген ұзын қауырсын тәрізді ауызы болады, кейде, жатынның

мойны болмай, ауызы отырыңқы (қондырмалы) болады. Жатыны жоғарғы,

тұқымы-дән.

Астық тұқымдастар жер бетіндегі мүшелерінің бұтақтануына немесе түптенуіне байланысты үшке бөлінеді: тамыр-сабақты, бос түпті, тығыз түпті. Осылардың ішінде, тамыр сабақтыға: жатаған бидайық (пырей ползучий) -Аgrоруrоn rереns, қылтықсыз арпабас (костер безостый) - Вrоmus inermis жатады, бұлардың жер асты тамыр сабақтары, аналық өсімдікте көлденең (горизонтальды) көлбеп, едәуір қашықтыққа кетіп өседі. Бұл тамыр сабақтан жер бетінде бір-бірінен алшақ орналасқан бірнеше өркендер пайда болады. Міне, осындай тіршілік ету ерекшеліктеріне байланысты бұл астық тұқымдастар шым топырақсыз, жұмсақ, қопсыңқы, ылғалдылығы орташа және құрымында органикалық минералдық заттары жеткілікті топырақта өсіп дамиды.

Бос түпті астық тұқымдастарға: жима таргац (ежа сборная) - Dасіtуlіs glomerata, қарабас шалғын (тимофеевка луговая) - Рhlеum рrаtеnsе, түлкі құйрық (лисохвост луговой) - Аlоресurus рrаtеnsіs, шалгындық бетеге (овсяница пуговая) - Fеstuса рrаtеnsіs т.б., бұлардың түптену буыны топырақ бетіне таяу орналасады және аналық өсімдіктің негізгі осінен тік бұрыш астынан жаңа өркендер кетіп, борпылдақ (бос) бірнеше түптер түзеді. Бұлардың өркендері бір- бірімен таяу орналасады, нәтижесінде тұрақты берік шөпті шым (дернина) түзіледі. Бұл топқа жататын астық тұқымдастардың да топырақтың аэрациясына, құнарлылығына т.б. қоятын талаптары жоғары және олар ылғалдылығы орташа топырақта жақсы өсіп дамиды.

Тығыз түпті, немесе шым түзуші, астық түқымдастарға: селеу (ковыль) -Stiрa, көдо типчак) - Fеstuса ақшұнақ немесе бетеге (белоус) - Nardus т.б. жатады.

Шалғындық жайылымда басқа шөп тектестерден көп жылдық қияқ (Суреrасеае) тұқымдастардың өкілдері — өлең шөптердің әр түрі кездеседі, олар қысқа және ұзын тамыр сабақты болып келеді. Бұлардың астық тұқымдастардан айырмашылығы, сабағы үш қырлы, буындары буылтықтанып көтеріліп шығып тұрмайды, іші толық болады. Жапырақтары сабақтың төменгі жағына үш қатар болып, кезектесіп орналасады. Жапырақтарының пішіні ұзынша, ланцент немесе біз тәрізді болып келеді, бүлардың кынаптары жабық келеді және тілшесі болмайды. Жапырактарының жиектері пышақтың жүзіндей өткір, бұдырмақты болып келеді. Қияқ өлеңнің (Саrех) гулдері дара немесе қос жынысты болады, гүл шоғы масақша. Гүлдері ұсақ, реңсіз, гүл серіктері болмайды, олардың орнында 1-6 қылшық тәрізді қабыршақтар болады, қылтанақтар саны әрбір түрге байланысты, мысалы, олар кейде үш-үштен екі қатар болып орналасады (қамыста); 1-3 елек шөпте (ситник), ал қоғаның (роrоs) гүлінде қылтанақ тәрізді қабыршақтар бірнешеу болып (5-13) және олар түптеніп кеткен, кейін бұлар тұқыммен бірігіп өсіп кетеді де, тұқымнын жел арқылы таралуына ықпалын тигізеді.

Аталықтарының саны үшеу, тозаң қапшықтары ұзын жіпшелеріне қозғалмайтын болып бекиді. Аналығы біреу, онын түп жағы тұтасып біткен жіп тәрізді үш немесе екі аналық ауызы болады. Жемісі жанғақша немесе тұқымша. Қияқ тұқымдасты өсімдіктердің жер беті мүшелерінің каттылығы онда артык кремнеземнің жиналуына байланысты, сол себепті мал азыктық шөп ретінде пайдалануға жарамсыз етеді. Өлеңнің қаттылығы мен қадалғыштығы жануарлардың асқазанының кілегей қабығын жыртып, қабындырып жібереді.

Шалғындық жайылымда басқа өсімдіктерден бұршақ тұқымдастардың (Ғаbасеае) өкілдері кездеседі. Көпшілігі көп жылдықтар, булар дәнді дақылдармен араласып, пішеннің сапасын жақсартады. Оларға: жоңышқа (люцерна), сиыр жоңышқа (горошек), әйнек (чина), пышан (лядвенец), беде (клевер) т.б. жатады.

Бұлардың кіндік тамырлары топырақтың терең қабатына жетеді, ал негізгі тамырдан горизонтальды түрде бірнеше жанама тамырлар кетіп, өсімдіктердің қоректену алаңын кеңітеді. Бұршақ тұқымдастар топырақты азотпен байытады, себебі бұлардың жас жанама тамырларының (екінші, үшінші қабаттардағы) сыртында қабық бөлімнен үлкенді-кішілі көлемі бар түйіртпектенген-түйнекшелер өсіп шығады. Тамыр түйнекшелері тамыр түктері арқылы жанама тамырлардың ішіне сол топырақта болатын арнаулы, азот бактерияларының өнуінен пайда болады. Бұлардың бір қасиеті — топырақтан өсімдіктің тамыр қабығының клетка аралық қуысына енген таза азотты өзіне сіңіріп, оны азот қосындысына айналдырады. Содан кейін тамыр түйнекшелері шытынайды да оның ішіндегі азот қосындысымен бірге бактериялар да сыртқа топыраққа шығып топырақты азот қосындысымен байытады. Бұршақ тұқымдастардың жапырағы күрделі. Гүлдері бұрыс-зигоморфты, гүл шоқтары көбінесе шоқпарбас немесе шашақ болып келеді. Олар тұқымымен және вегетативтік жолмен көбейеді.

Бұршақ тұқымдастылар тамыр жүйесі және вегетативтік жолмен көбеюі бойынша: кіндік тамырлы, атпа тамырлы және тамыр сабақты болып бөлінеді. Кіндік тамырлыға - кызғылт беде (клевер розовый), шабындық беде (клевер луговой), егістік жоңышқа (люцерна посевная), пышан (лядвенец) т.б. жатады, бұлардың негізгі тамырлары жақсы дамыған. көбеюге арналған Олярдың қыстаған бүршіктері тамыр мойнына жақын жатады. Тамыр атпалары арқылы - орақ жоңышка (люцерна серповидная), қызылбас беде (клевер красный) т.б. көбейеді, бұлардың негізгі тамырының мойынынан кеткен тамыр атпаларынан жаңа өркендер пайда болады; ал тамыр сабақтыларда жаңадан пайда болған үсті өркені, тамыр сабақтан дамиды: дат таспасы (гал датский); тышқан сиыр жоңышқасы (горошек), шалғындық әйкен (чина луговая) т.б. Бұршақ тұқымдастардың жер беті мүшелерінде белоктардың көп болуына байланысты, олар өте бағалы азықтық өсімдіктер болып есептеледі.

Шабындық жайылымда жоғарғы аталған өсімдіктерден басқа, әр түрлі

Көпжылдық, екі жылдық шөптектес өсімдіктер кездеседі. Мысалы, екі жылдық зире (тмин), шабындық қойжелкен (козлобородник луговой), ширатылған қоңыраубас (колоколъчик скученный)) т.б.; көп жылдық өсімдіктерден: Мыңжапырақ (тысячелистник), шабындық кекіре (горчак луговой), қазтамақ герань), сарғалдактар (лютик), қандышөп (кровохлебка) т.б. Шабындықта жуашықты өсімдіктерде кездеседі (бәйшешектер (подснежник), жуа (лук) т.б.), бұлардың жуашықтары топырақтың терең қабатында орналасады.

Жұмыс барысы:

1 Көгалдық-шалғындық жерлерде кездесетін мезофиттік өсімдіктермен танысып оларға биоморфологиялық сипаттама беру.

2 Шалғынды жердің гүлді өсімдіктерінің тозаңдану жолдарына, гүлдерінің құрылысына және кейбір басымырақ кездесетін өсімдіктердің шалғындық бірлестіктері әр түрлі түсті аспектісіне (көрінісіне) көңіл аударып, сипаттама жасау.

3 ІІІабындықтан жиналған өсімдіктерді тіршілік ету формуласына қарай жіктеу.

4 Гүлді өсімдіктердің гүлінің формулаларын жазып, құрылысын қарап, морфологиялық сипаттама жасау.

5 Бұршақ тұқымдастардың тамырларындағы түйнек бактерияларын қарап, суретін салу.

6 Бұршақ тұқымдастардың тамыр жүйесіне және вегетативтік жолмен

көбеюіне байланысты сипаттама беру.



Қажетті материалдар: шалғынды жердің өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап

Әдебиеттер тізімі: 6, 50-56.бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Көгалдық-шалғындық жерлерде кездесетін мезофиттік өсімдіктер

2 көп жылдық қияқ тұқымдастардың өкілдері


4 тақырып Дала өсімдіктері

Мақсаты:

- дала өсімдіктерінін есу ортасымен танысу

- дала өсімдіктерінің биоморфологиялык ерекшеліктеріне сипаттама беру
Жалпы түсінік

Даланың өзіне тән айрықша белгілері: ормандары жоқ, жері жазық, өсімдіктер бірлестігінде көпжылдық өсімдіктер басым келеді, көпшілігі ксерофиттер мен мезоксерофиттер. Олардың вегетациялық дәуірінде жаздық үзіліс болады, ал кейбіреулері үзіліссіз, бүкіл жаз бойына өсіп дамиды, және бұлардың ксерофиттік белгілері басым болады.

Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктер бірлестігінің негізін шым түзуші (дерновинные) астық тұқымдастар одан кейінгі орында қосжарнақтылар (кіндік тамырлы, тамыр атпалы, тамыр сабакты) және бір жылдық шөптектес өсімдікгер құрайды.

Дала жағдайларында өсімдіктер үшін негізгі шектеуші фактор - ылғалдың, әсіресе жазда, қарқынды булануынан судың жетіспеушілігі. Сондықтан далалық ксерофиттердің сыртқы пішіні және олардын құрылысы, бәрінен бұрын су балансын (тепе-теңдігін) сақтауға бағытталған; бұл әр түрлі жолмен іске асады; кейбір өсімдіктер (бұршақ тұқымдастар) ылғалдың қажетті мөлшерін топырақтың терең қабатына созатын кіндік тамырлары арқылы алады; екіншілері топырақтың жоғарғы қабатында жақсы тармақтанған жанама тамырлардың көмегімен алады (крест гүлділердің өкілдері); үшіншілері ылғал жетіспеген жағдайда жапырақтары тілімденіп уақ бөлшектерге бөлінуінің арқасында судың булануын азайтады (таспашөп, жусан, мыңжапырақ, қызылбояу, жебіршөп т.б.); ал төртіншілерінің жапырақтары және өркендері түктермен жабылған (таспашөп, жусан, мыңжапырақ, аюқұлақ, қайызғақшөп, қоңыраугүл, андыз, қазтабан т.б.); кейбір түрлер суды денесінде жинайды (бозкілем, қоян от т.б.); жапырақтары тік, меридиональдық жазықтықта орналасқан түрлерде болады (қалампыр, сүтжапырақ т.б.); ал кейбір астық тұқымдастардың жапырақтарының шиыршықтанып, түтікше болып оралып қалуға қабілетгілігінің арқасында, яғни, жапырақтарының үстіңгі бетіндегі устьица аппараттарының қалқаланып қалуы себебінен, судың булануы азаяды (селеу); хош иісті өсімдіктерден бөлініп шығатын эфир майлары олардың үстерінен бұлт жасап судың қатты булануынан сақтайды (жебіршөп, жусан, киікоты, жалбыз т.б.).

Дала жағдайында әр түрлі өсімдіктер бірлестігінің қалыптасуына рельефтің де (жер бедерінің) тигізетін әсері бар. Мысалы, жер бедерінің қар суы жиналатын шамалы жағымсыз элементтерін (табақша тәрізді шұңкырлар мен көтеріңкі төмпешік жерлер) қайын мен көктеректперден тұратын шоқ-шоқ ормандар алып жатады. Мұндай ормандардың маңында флораның түрлік байлығына және өсімдіктер формасының әр түрлілігіне әсер ететін мезофиттер бясым болады. Орман маңындағы өсімдіктер бірлестігінің қалыптасуын бұталар (бадам, талбұршақ, қараған, тобылғы, т.б.), жартылай бұташықтар (жебіршөп), көпжылдық астық тұқымдастар (шым түзетін: бетеге, селеу, т.б.), тамыр сабақтылар (бидайық, қазтабан мен бөденешөптің кейбір түрлері), түйнектілер (түйнекті қозықұлақ), тамырсабақты-шымдықтар (қияқтар. Қоңырбас), жуашықтылар (қазжуа), Шөп тектестер, эфемерлер, мүктер және қыналар қатынасады.

Дала өсімдіктер бірлестігінің өзгергіштігі вегетациялык кезеңдері сәйкес келмейтін әр түрлі түрлермен тіршілік формаларына байланысты болады. Бұл жерде ерте көктемде, қар кетісімен, топырақ пен ауаның температурасы онша көтерілмеген кезде, көктемгі ылғалды пайдаланып, жазғы құрғақшылық кезең басталғанша, вегетациялық дәуірі қысқа мерзім ішінде аяқталатын эфемерлер (шытыр-бурачок; әжік-крупка) және эфемероидтар (қызғалдақ, жанаргүл, желайдар, т.б.) өсіп дамиды.

Жазда, әр түрлі мерзімде, қуаңшылыққа төзімді ксерофиттік өсімдіктер өсіп-өніп, гүлдейді. Мысалы, жаздың басында бәйшешек пен құндызшөп, ал жаздың аяғында сырғақ чемерица т.б. өсіп-өніп гүлдейді. Жаздың ортасында ыстық және құрғақшылық кезең басталуына байланысты көпшілік өсімдіктердің вегетациясында үзіліс болып олардың жер бетіндегі мүшелері жартылай қурап түсіп қалады.

Күздегі жаңбырлардан кейін дала қайтадан жанданып өсімдіктердің көпшілігінде жаңа өркендер пайда болып өсе бастайды. Жоғарғы аталған өсімдіктерден басқа қаңбақ тәріздес өсімдіктерге де назар аудару қажет. Олардың жазық далаға бейімделу ерекшелігі терең. Бұлардың тұқымдарыньң таралу әдісінде, олардың пішіндері шар тәрізді, сабақтары бұтақты болады. Күздігүні тұқымдары піскен кезде бұл өсімдіктер түбінен үзіліп кетеді немесе оларды жел жұлып әкетеді; жер беті мүшесінің жеңіл болуының салдарынан олар бүкіл даланы шарлап домаланады да, тұқымдары барлық жерге шашылып қалады.



Жұмыс барысы:

1 Дала өсімдіктерінің өсу ортасымен танысып,олардың биоморфологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу.

2 Кеппешөп даналарынан басымырақ кездесетін дала өсімдіктеріне биоморфологиялық сипаттама беру, өсімдіктердің тізімін жасап, түрлерін

анықтау.


3 Гүлдену кезеңі бойынша ерте және жаздың аяғынада гүлдейтін дала өсімдіктеріне биоморфояогиялық сипаттама беру.

4 Вегетациялық дәуірі ұзақ, басымырақ кездесетін көпжылдық өсімдіктердің гүлдерінің, гүл шоқтарының құрылысымен танысып, гүлдерінің формуласын

жазу.

Қажетті материалдар: дала өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап.

Әдебиеттер тізімі: 6,57-60 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Далада қандай өсімдіктер басым кездеседі?

2 Дала өсімдіктері қандай бейімделушілік белгілерімен сипатталады?

5 тақырып Су жағалауында, ағын су және тоскауыл су қоймаларының өсімдіктері

Мақсаты:

- суда және су жиектерінде кездесетін өсімдіктердің түрлерімен, олардың морфологиялық ерекшеліктерімен танысу

- суда және су жиектерінде кездесетін өсімдіктердің қоректену, таралу жолдарымен танысу

- су өсімдіктерге биморфологиялық сипаттама беру


Жалпы түсінік

Суда өсетін өсімдіктер, немесе гидрофиттер, суға бүкіл денесімен батып тұрады немесе олардың сабағының жарым-жартысы судың үстіндегі және су бетіндегі вегетативтік мүшелерінің пішіні мен құрылысы жағынан бір-бірінен өзгеше морфологиялық айырмашылығы болады (жебе жапырақ, су саргалдағы). Жалпы су өсімдіктері су жиегінде мекендейтін гидрофиттер төрт топқа жіктеледі:

1) еркін жүзетін.

2) суға батып тұратын және бекіген,

3) жапырақтары қалқып жүретін, суға батып тұратын және бекіген,

4) жағалаудағы су өсімдіктері (әрі ауада, әрі құрлықта, әрі суда).

Еркін жүзетін өсімдіктер су қабатында немесе оның бетінде тіршілік етеді. Олардың құрылысының ерекшеліктерімен танысу үшін өзен көлдердің жағасына барып, ағысы баяу түбі құмайт жерлерді іздеп табу керек. Осындай өсу орталарында, жағаға жақын су бетіндегі нәзік өсімдіктер - бақа оты (Hydrocharis morsus гаnае),үш жапырақты балық от (Lemnatrisula), кішкентай балық от (L.minor) кәдігімгі дүңгіршек (Utricularis vulgaris) кездеседі.

Еркін жүзетін өсімдіктерде вегетативтік көбею қабілеті жақсы дамыған. Суға батып тұратын және бекіген өсімдіктердің тамырлары (элодея, шалаңның түрлері, валлиснерия) немесе тамыр сабақтары (егеу шөп - уруть) болады. Шалаңдар майшабақтардың уылдырық шашатын орны болғандықтан, балық шаруашылығында үлкен маңызы бар және құрамында кальцимен азоттың едәуір мөлшерде болуына байланысты, олар тамаша жасыл тыңайтқыш ретінде мпйдаланылады, сондай-ақ малға құнды азық болып табылады.

Суға батқан және су түбінде бекіген бірақ жапырақты сабақтары қалқып жүретін өсімдіктер әдетте су қоймаларының таяз жерлерінде кездеседі. Олардың кейбіреуі су түбіне тамыр сабақтары арқылы бекиді (сары тұңғиық, су лалагүлі) немесе тамырларымен (жүзгіш шалаң).

Құрлықта мекендейтін қос мекенді самалдықтың сабағының биіктігі небәрі 30-40см болады, ондағы буын аралықтардың саны көп болғанымен олар қысқа келеді және сабақтары мен жапырақтарының сыртын түк басқан. Су жағалауында өсетін өсімдіктер вегетативтік жолмен көбеюден басқа, олар тұқымдары арқылы да көбейе алады (жалпақ жапырақты қоға (рогоз широколистный)-ТурҺа latifolia, қамыс құрақ (тростник обыкновенный)- Phrngmites communis). Тұқымдары жел арқылы таралады.



Жұмыс барысы:

1 Суда және су жиектерінде кездесетін өсімдіктердің түрлерімен, олардың морфологиялық ерекшеліктерімен, қоректену (мысалы, насекомдар арқылы қоректенетін — дүңгіршектің) және бұлардың таралу жолдарымен танысып, биоморфологиялық сипаттама беру.

2 Гидрофиттер мен гигрофиттерге биоморфологиялық сипаттама беріп, гүлдерінің құрылысымен танысып, формулаларын жазу.

3 Кеппешөп данасында қаралған өсімдіктердің қайсысының гүлі жай қоршаулы (гүл серігі) және қайсысының гүлінде нектарлық-шырындық бар т.б. зер салып қарау

4 Суда және су жағалауында кездесетін өсімдіктерді (кербез гүлдің, қамыстың, шалаңның, жебе жапырақтың су шыршаның) т.б. жапырақтарының сағағының, сабағының) көлденең кесіндісін микроскоппен қарау және сабақтың ксилема элементтерінің орналасуын, құрлысын, механикалық ұлпалардың ерекшелігін, ауа қуыстарын ұқыпты түрде қарап, суреттерін салу.

5 Жәндіктермен қоректенетін дүңгіршектің гүл шоғырының, гүлінің құрлысымен танысып, формуласын жазу. Оның қармауыш аппаратының ішкі, сыртқы құрлысьн лупамен қарап, суретін салу.



Қажетті материалдар: Микроскоп, лупа, су өсімдіктерінің кеппешептері, анықтағыш кітап, ылғалды препараттар

Әдебиеттер тізімі: 6, 60-68 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Суда кездесетін өсімдіктерді атаңыз?

2 Су жағалауында кездесетін өсімдіктерді атаңыз?

6 тақырып Арам шөптер мен жол жиектерінде кездесетін өсімдіктер

Мақсаты:

- арам шөптердің көбею, таралу, биологиялық топтарының көп түрімен танысу

- арам шөптердің әр түрлі тіршілік формаларымен танысу


Жалпы түсінік
Арам шөптердің әр түрлі биоэкологиялық топтар құрайды. Олар егістіктер мен бау-бақшаларда мәдени өсімдіктермен бірге өсіп-өнуге бейімделген, сондықтан бұлар ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіреді. Егістік қалуен, егістік тікен қурай, жатаған бидайық, қышабас, жабайы шомыр, ақ алабота, ақ гүлтәж (Amaranthus) т.б. аса зиянды арам шөптер болып табылады.

Өмір сүру ұзақтығы және көбею жолдары бойынша барлық арам шөптер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық болып бөлінеді.

Екі жылдық арам шөптердің дамуы үшін екі толық вегетативтік кезең керек.Олар күзгі өскіндері пайда болған күннің өзінде екі рет қыстап шығады (шытырша-Веrtеrоа іnсаnа; дәрілік түйе жоңышқа - Меlіоtus оffiсіnаlіs; ботташық - Раstіnаса).

Сонымен, арамшөптердің барлық топтарына қарқынды және мол (көп) болып көбеюге беймделушіліктің әр түрі тән. Арам шөптердің тұқымдарының көпшілігі өнімділігін ұзақ сақтауға (ондаған жылдар бойы) қабілеті бар және олардың көп тұқым (2000-730000 тұқым) беретіндігін ерекше атап өту керек.



Жұмыс барысы:

1 Арам шөптердің көбеюге, таралуға және өскен ортасында сақталуға бейімделуінің әр түрлі жолдарын көрсете отырып, олардың биологиялык топтарының көп түрімен танысып білу.

2 Арам шөптердің әр түрлі тіршілік формаларымен танысып, сипаттама беру.

3 Көп жылдық арам шептердің ішінен тамыр-сабақтыларды, тамыр атпаларды, жатаған немесе төсеме және басқа да түрлерімен танысып, талдау жасау.

4 Кеппешөп даналарынан арам шөптерінің тізімін жасап, кең тараған 7-10 түріне биоморфологиялық сипаттама беру.

5 Жиналған арам шөптердің көбеюге арналған вегетативтік мүшелерінің құрлысына назар аударып қарау.

6 Тамыр сабақты арам шөптердің тамыр сабағының топырақта орналасу ерекшелігіне және қандай тереңдікке кететініне көңіл аудару (жатаған бидаиық, өгеи шөп т.б.).

7 Жатаған бидайықтың тамыр сабағының құрлысын қарап, олардың жер үсті өркендері қандай бүршіктен бұйыққан немесе төбе бүршіктен) пайда болатынына зер салып қарап, олардың сабағынан буын аралықтарын тауып, жапырақтарын сабақтан бөліп алып, оның жапырағының, қынабының, тілшесінің суреттерін жеке-жеке салу.

8 Сия көктің гүл шоғының түрін анықтап, лупамен гүлінің құрлысын қарап, нектарлық шырындығының суретін салу және гүлінің формуласын жазу. Қажетті материалдар: Микроскоп, лупа, арам шөптерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап

Әдебиеттер тізімі: 6, 68-70 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Екі жылдық арам шөптердің дамуы қалай өтеді?

2 Екі жылдық арам шөптерді атаңыз?

7 тақырып Симбиоздық (селбестік), өсімдіктер

Мақсаты:

- симбиоздық жолмен тіршілік ететін өсімдіктермен танысу

- эктотрофты, эндотрофты микоризалы тамырлары бар өсімдіктерге сипаттама беру
Жалпы түсінік

Симбиоздық (селбескен) өсімдіктер - бірін-бірі коректендіріп,өзара пайда

келтіретін екі түрлі өсімдіктер. Бұған мысал ретінде бұршақ тұқымдас

өсімдіктер (беде, жоңышқа т.б. түйнек бактериялылар) жатады,олар тамырдың сыртқы паренхималық клеткаларының араларына немесе олардың ішіне еніп алып, бос жүрген азотты өзіне сіңіріп оны азот тұзына айналдырады.

Селбесіп өсетін өсімдіктер тобына микоризаны да жатқызуға болады.

Микориза - жоғарғы сатыдағы көптеген шөптесін және сүректі өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың арасында кездесетін, селбесіп өмір сүрудің бір жолы. Тіршілік ету барысында саңырауқұлақтардың «гифтері», яғни тармақталған жіпшелері, өсімдік тамырларының ішіне еніп одан өзі органикалық зат ертінділерін қабылдап қоректенеді.

Шалғындықтарда шалғын өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіретін жартылай паразиттер кездеседі. Бұған қандыгүл (мытник) - Реdісulаris, қоңырау бас (погремок) Alectorolophus жатады бұл өсімдіктер сұңғылаға жақын тұқымдас – сабынкөк (Scrophulariaceae) тұқымдасына жатады. Бұлардың жартылай деп аталатын себебі, олар өздерінің нашар дамыған тамырларымен шалғындық өсімдіктердің тамырларына жабысып алады да, бірігіп кетеді, өздерінің су мен онда еріген тұздарды сорып алады, бірақ бұлардың өздерінің жапырақтары болады, олар ауадан көміртегін қабылдап, фотосинтез процесіне қатынасады, сондықтан бұл өсімдіктерді жартылай паразиттер дейді.

Жұмыс барысы:

1 Кеппешөп даналарынан симбиоздық жолмен тіршілік ететін өсімдіктермен танысу

2 Тамырларында түйнекшелі бактериялар жиналатын бұршақ тұқымдастардың өкілдерімен (жоңышқа, беде, бөрі бұршақ) танысу

3 Эктотрофты (сыртқы) микоризалы тамырлары бар ағаш тектестердің (қарағай, қайың, көк терек т.б.); эндотрофты микоризаны (ішкі) шөп тектес өсімдіктердің, тамырынан мысалы сүйсіннің (ятрышник), ал экто-эндотрофты микоризаны -, ағаш, бұта және кейбір шөп тектестерден (орхид тұқымдастардың өкілдерінен тауып қарау; олардың гифтерін (жіп шумақтарын) аталған өсімдіктердің тамырларынан (топырағымен бірге жанама тамырларын қазып алып), бір-біріне пайда келтіретін екі организмнің гүлді өсімдікпен саңырауқұлақтың бірлесіп (селбесіп) тіршілік ететініне көз жеткізіп, мұқият қарау.

4 Лабароториялық сабақта талдау жасау үшін тақырыпқа байланысты жиналған өсімдіктердің жанама тамырларын топырағымен бірге (түйіншек бактериялы бұршақ тұқымдастарды, микоризалы тамырлы) және паразитті, жартылай паразитті өсімдіктерді иелерімен қоса жазып алып, жан-жақты зерттеп, биоморфологиялық сипаттама беру.

5 Симбиоздық (селбестік) жолмен тіршілік ететін тамырларында түйнекшелі бактериялар жиналатын бұршақ тұқымдастардың өкілдерінің (жоңышқа, беде, бөрі бұршақ т.б.) жанама тамырларындағы тамыр түйнекшелерін лупа арқылы қарап, суретін салу.

6 Микоризаны (эктотрофты) немесе саңырауқұлақты тамырлары бар ағаш тектестердің (қарағайдың, қайыңның көк теректің және шөптектестердің (эндотрофты) микоризалы тамырларын (бүлдіргеннің, сүйсіннің) бинокулярлық лупамен мұқият қарап, гифтерінің суретін салу.

Қажетті материалдар: Микроскоп, лупа, симбиоздық (селбестік) өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап

Әдебиеттер тізімі: 6,71-78 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Микориза дегеніміз не?

2 Симбиоздык (селбестік) жолмен тіршілік ететін өсімдіктерді атаңыз?


8 тақырып Паразиттік және жартылай паразиттік өсімдіктер

Мақсаты:

- паразиттік және жартылай паразиттік өсімдіктермен танысу

- жартылай паразиттердің ерекшеліктерімен танысып, биоэкологиялық сипаттама беру
Жалпы түсінік

Эндотрофтық микориза (ішкі) - көпшілік гүлді өсімдіктерде кездеседі (алмада, қос жапыракты жүпар шөпте, бүлдіргенде, томатта, орхид

тұқымдастарында).

Микоризаның бұл түрінде тамырдың сыртындағы түкшелері сақталған, бірақ саңырауқұлақтың жіпшелері тамырдың сыртқы қабатының паренхималық клеткаларына тереңдеп кіріп, ал бір ұшы топырақта жатады. Эндотрофтық микориза: көк бұта, алмұрт-шөп, мүкжидек, қаражидек т.б. кездеседі. Сондай-ақ эндомикоризаның ерекше маманданған бұл түрі орхид тұқымдастарында кездеседі, (хлорофилсыз) немесе олардың клеткаларында хлоропластары нашар дамыған, осыған орай сабақтарында, еркендерінде т.б. фотосинтез процесінің жүрмеуіне байланысты олар органикалық заттарды басқа өсімдіктен алады. Бұған жоңышқа мен беде де, зығырда, қалақайда, құлмақта және басқа өсімдіктерде селбесіп өсіп-өнетін қауіпті паразит (шырмауық тұқымдасына жататын) арам сояу немесе арам шырмауық (Сusсиtа) жатады. Бұл паразит мекендеп өсетін өсімдіктердің әр түрінің өзіне сәйкес арам шырмауығы болады.

Мысалы, жоңышқада жоңышқа арам шырмауығы өсіп-өнеді. Оның тұқымы

жоңышқаның тұқымына ұқсас болады. Арам шырмауық тұқымы өнген кезде

одан тамыр өсіп шығады, сол тамыр арқылы жерге бекінеді, сонымен қатар

оның тұқымынан өсіп шыққан жіп тәрізді жіңішке сабағы жер бетіне

шығысымен айналмалы қозғалыс жасай бастайды. Егер оның маңайында өсіп

тұрған жоңышқаның сабағы болса, арам шырмауық соған оралып өседі де,

ерекше қосалқы тамырлар - еміздікшелер (гаусториялар) түзеді, бұл

гаусториалар (иесінің - жоңышқаның) жасыл сабағының ұлпасына еніп кейде

орталық цилиндріне дейін жетіп тұрады. Осыдан әрі қарай оның топырақпен

байланысы тез жойылып кетеді, өйткені тамыры мен сабағының түбі тез қурап қалады, оның бұдан былайға жердегі дамуының барлығы жонышқаның денесінде өтеді, арам шырмауық өзінің сорғыш гаусториялары арқылы жоңышқадан су, органикалық заттарды сорып алады. Арам шырмауықтың сабақтары сарғылт немесе қызғылт түсті, жіп тәрізді болып келеді, оның жапырағы болмайды. ал бара-бара көп тармақтанып «иесін» (жоңышқаны) мүлде шырмап тастайды, осының салдарынан жонышқа әбден нашарлап, ақыр соңында сола бастайды; арам шырмауық гүлдеп (қызғылт түсті гүл ашады), өте көп тұқым береді, күзде піскен тұқым жерге түседі де жоңышқаның тұқымына (кейбір арам сояудан алшақтау жерде орналасқан, немесе әдейлеп тұқымға

арнап сепкен жоңышқалар) араласып кетеді. Арам сояның тұқымының енгіштік қабілеті 6-10 жылға дейін сақталады.

Екінші өмір өте кауіпті паразит - сұңғыла тұқымдасына жататын сұңғыла

(Orobanche). Арам шырмауық сияқты, сұңғыла да әр түрлі өсімдіктерде:

күнбағарда, жоңышқада, бедеде, атпас бұршақта т.б. өсімдіктерде мекендеп

тіршілік етеді. Ол өте көп тұқым береді, бір тал сұңғыладан шыққан тұқым

саны 100 мыңға жетеді, бұл тұқымдар желмен ұшып барып топыраққа таралады да, сол түскен жерлерінде енгіштік қабілетін жоймай (7-10 жылға дейін) ұзақ сақталады. Сұңғыланың тұқымы өзі паразиттейтін (мекендейтін) өсімдік тамырларында жақсы өсуге бейімделген болады, мысалы, күнбағардың тамырларында тұқымы өнгеннен кейін, топырақта сұңғыланың вегетативтік мүшелері де дами бастайды. Сұңғыланың жер асты вегетативтік денесі күнбағардың тамырына тығыз жанасып өседі, одан (иесінен) ол қоректік заттарды сорып алады. Кейіннен жер бетіне оның қошқыл сұр қабыршағы, көкшіл-күлгін гүлдері сабағына отырыңқы болып орналасқан және жай масақ гүл шоғы болады.

Шалғындықтарда шалғын өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіретін

Жартылай паразиттер ксздеседі. Бұған қандыгүл (мытник) - Реdіісulаrіs, қоңырау (погремок) - Alectorolophus жатады, бұл өсімдіктер сұңғылаға жақын сабынкөк (Scrophulariaceae) тұқымдасына жатады. Бұлардың жартылай паразиттер деп аталатын себебі, олар өздерінің нашар дамыған

тамырларымен шалғындық өсімдіктердің тамырларына жабысып алады да,

бірігіп кетеді, өздерінің иелерінен су мен онда еріген тұздарды сорып алады,

бірақ бұлардың өздерінің де жасыл жапырақтары болады, олар ауадан көміртегін қабылдап, фотосинтез процесіне қатынасады, сондықтан бұл

өсімдіктердіжартылай паразиттер дейді.



Жұмыс барысы:

1 Кеппешөп даналарынан паразиттердің арам сояу өсімдіктерінің мүшелерін қарау

2 Жартылай паразиттерге - қандыгүл (мытник), сылдырмақ (қоңырбас -

погремок) т.б. селбесіп өмір сүру ерекшеліктерімен танысып, биоэкологиялық сипаттама беру.

3 Паразиттік (арам шырмауык, сұңғыла) және жартылай паразиттік жолмен тіршілік ететін (қандыгүл, сылдырмақ, немесе қоныраубас) өсімдіктерді әрқайсысының иелерімен бірге қазып алып, паразиттік өсімдіктердің гаусторияларының (арам шырмауық, сұңғыла) құрлысын лупамен қарап суретін салу

4 Жартылай паразиттік(қандыгүл, сылдырмақ) өсімдіктердің де, иелерінің де тамыр жүйесін қарап және олардың бір-бірімен жанасып өскен жерінен (тамырларының) көлденең кесіндісін жасап, микроскоппен қарағандағы көрінісінің суретін салу.

5 Олардың жер үсті мушелеріне биоморфологиялық сипаттама беру.

Қажетті материалдар: Микроскоп, лупа, паразиттік және жартылай паразиттік өсімдіктерінін кеппешөптері, анықтағыш кітап.

Әдебиеттер тізімі: 6,76-78 бет

Пысықтау сұрактары:

1 Паразиттік өсімдіктерді атаңыз?

2 Жартылай паразиттердін ерекшеліктері қандай?
9 тақырып Пайдалы өсімдіктер

Мақсаты:

- пайдалы өсімдіктердің тізімін жасап, оларды пайдаланылу түріне қарай жіктеу және оларға қысқаша сипаттама беру

- пайдалы өсімдіктерді пайдалану жолдарына қарай морфологиялық, биоэкологиялық сипаттама беру
Жалпы түсінік

Қазақстанның флорасы көптеген пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік, эфир-майлық өсімдіктерге бай. Қазіргі таңда республикамызда 100-ден астам дәрілік өсімдіктер кездеседі, олардың көпшілігі Мемлекеттік фармакопеяға енгізілген және халық медицинасында да кеңінен қолданылады, оларға төмендегі өсімдіктер жатады:

1. Adonis vernalis L. - көктем жанаргүлі (златоцвет весенний) сирек кездеседі.

2. Adonis volgensis Stev. - волгалық жанаргүл (златоцвет волжский) сирек кездеседі.

3. Betula pendula Roth. - қотыр қайың (береза повислая).

4. Crataedus sanguinea Pall.- қызыл долана (боярышник кроваво-красный).

5. Polygonum aviculare L. - қызыл таспа (горец птичий).

6. Polygonum hydropiper L. - бұрыш таран (горец перечный).

7. Melilotus officinalis (L.)Desr.- дәрілік түйежоңышқа (донник лекарственный).

8. Hypericum perforatum L. - шілтер жапырақты шайқурай (зверобой продырявленный).

9. Ziziphora clinopodio. - иісті көкемарал (зизифора пахучковидная), дәрілік, эфир-майлық.

10. Ziziphora bungeana Juz. - бунге кекмаралы (зизифора Бунговская).

11. Chamaeneriun angustifolium (L.) Scop. - жіңішке жапырақ Иван-шай (иванчай узколистный).

12. Limonium gmelinii Kuntze - томар бояу кермек (кермек - гмелина), дәрілік әрі илік.

13. Urtca dioica L. - қос үйлі қалақай (крапива двудомная).

14. Sanguisorba officinalis L.- қандышөп (кровохлебка лекарственная).

15. Filipendula ulrnaria (L.) Maxim. - шегіршін жапырақты жұлдызгүл (лабазник вязолистный).

16. Geranium pratense L. - шалғындық қазтамақ (герань луговая).

17. Lathyrus pratensis L. – шалғындық әйкен (чина луговая).

18. Gypsophila paniculata L. - шашақбас аққанбақ (качим метелчатый).

19. Syrenia siliculosa (M.B.) Andrz. - бұршаққынды әтеп (сирения стручковая).

20. Rubus saxatilis L.- тасбүлдірген (костянка) (Руишиевского).

аған (дурнишник обыкновенный).

Жұмыс барысы:

1.Әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде кездесетін пайдалы өсімдіктердің тізімін

жасап, оларды пайдаланылу түріне қарай (дәрілік, тамактык, мал азықтық т.б.) жіктеу және оларға қысқаша сипаттама беру.

2. Жергілікті жердің флорасында кездесетін әр түрлі өсу ортасынан жиналған

пайдалы өсімдіктерді пайдалану жолдарына қарай (дәрілік, эфир-майлық,

сәндік, жеміс-жидекті, мал азықтық т.б.) морфологиялық, биоэкологиялық

сипаттама беру.

З. Гербарийдегі өсімдіктерді өмір сүру ортасына қарай (Раункиер бойынша)

жіктеу және экотоптарға бөлу.

Қажетті материалдар: пайдалы өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш

кітап


Әдебиеттер тізімі: 6,106-114 бет

Пысықтау сұрақтары:

1. Пайдалы өсімдіктерді атаңыз?

2. Пайдалы өсімдіктерді пайдалану жолдарына қарай қалай жіктейді?


10 тақырып Улы өсімдіктер

Мақсаты:

- улы өсімдіктердің тізімін жасап, оларды жіктеу , қысқаша сипаттама беру

- улы өсімдіктерге морфологиялық, биоэкологиялық сипаттама беру
Жалпы түсінік

1 Шабындық шөптердің ішінде улы өсімдіктер аз емес, малды азықтандырғанда олардан сақтану керек (сарғалдақтар (лютик), сасыққурай (дорема), сүттіген (молчай), уқорғасын (борец), итжусан (амбразия) т.б.



Жұмыс барысы:

1. Әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде кездесетін улы өсімдіктердің тізімін жасап, жіктеу және оларға қысқаша сипаттама беру.

2. Жергілікті жердің флорасында кездесетін әр түрлі есу ортасынан жиналған улы өсімдіктерді пайдалану жолдарына қарай биоэкологиялық сипаттама беру.

3. Әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде жиналған улы өсімдіктердің тізімін жасап, оларға морфологиялық сипаттама беру.

4. Гербарийге жиналган өсімдіктерді өмір сүру ортасына қарай (Раункиер бойынша) жіктеу және экотоптарға бөлу.

Улы өсімдіктер

1. Solanum nigrum L. - қара алқа (паслен черный).

2. Solanum dulcamara L. - ащылау алқа (паслен сладко-горький).

3. Hyoscyamus niger L.- қара меңдуана (белена черная).

4. Datura stramonium L.- кәдімгі сасық мендуана (дурман обыкновенный).

5. Delphinium elatum L. - биік тегеурін гүл (живокость высокая).

6. Delphinium cyananthum Nevski. - көк тегеурінгүл (живокость синецветковая).

7. Aconitum Leucostomum Worosch. - ақ уқорғасын (борец белоустый).

8. Ranuculus aser L. - ойып түсетін сарғалдақ (лютик едкий).

9. Ranuculus sceleratus L. - улы сарғалдақ (лютик едкий).

10. Ranuculus grandifolius С. А.Меу. - үлкен жапыракты сарғалдак (лютик крупнолистный).

11. Ranuculus repens L . - жатаған сарғалдақ (лютик ползучий).

12. Chelidonium majus L. - үлкен сүйелшөп (чистотел большой).

13. Cynoglossum officinale L.- кәдімгі қаратамыр (черно-корень лекарственный).

14. Verbascum thapsus L. - дәрілік аюқұлақ (коровяк обыкновенный).

15. Xanthium strumarium L. - кәдімгі ошаған.



Қажетті материалдар: улы өсімдіктерінің кеппешөптері, аныктағыш кітап Әдебиеттер тізімі: 6,106-114 бет

Пысықтау сұрақтары:

1. Улы өсімдіктердің пайдалану жолдарына қандай?

2. Улы өсімдіктерді атаңыз?


11 тақырып Сирек кездесетін жойылып бара жатқан өсімдіктер

Мақсаты:

- сирек кездесетін жойылып бара жатқан өсімдіктермен танысу

- сирек кездесетін жойылып бара жатқан өсімдіктерге морфологиялық-экологиялық сипаттама беру
Жалпы түсінік

Қоршаған ортаға адамзаттын тигізіп жатқан әсерінің көлемі жыл сайын үдеп келе жатпаса кемімей отыр. Сондықтан табиғи флораның генофондын немесе көптүрлілігін сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін жекелеген аймақтардың флорасын түгелдеу ондағы тұқымдастар мен туыстарды терендетілген ғылыми тексерулер жүргізілуін қажет етеді. Әсіресе ауыл-шаруашылық айналымындағы жерлерді тиімді пайдалану, қалпына келтіру, сақтау, қорғау мәселелері қатар жүргізілуі қажет. Солтүстік Қазақстаннын табиғи-байлығы ежелгі уақыттан бері өндіріс, өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығында пайдалануына байланысты антропогендік өзгерістерге ұшырағанын өсімдіктер жабындысынан байұауға болады. Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Қостанай флорасында сирек кездесетін, өз ареалының бір шетінде орналаскан немесе жойылып кету қаупі төнген түрлері қарастырылып отыр.

Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауда «Қызыл кітапқа» енгізу, ботаникалық бақтарға интродукция жасау, әр түрлі мерзімдік ботаникалық қорықтар (заказниктер) ұйымдастырудың маңызы үлкен. Дегенмен барлық сирек кездесетін өсімдіктердің қорғауға жарамды жан-жақты тәсіл жоқ. Әр ерекшелігі және шаруашылық пайдалылығына байланысты өзіндік қорғау тәсілдерін қолдауды керек етеді. Сондықтан түрді қорғап сақтау ушін биоценоздарды да сақтау қажет, өйткені түрлердің бүкіл эволюциясы биоценоздарда етеді, сондықтан қорғауға алынған биоценоздарда түрлердің жақсы, сенімді сақталатыны анық.

Қазіргі уақытта сирек өсімдіктердің популяцияларын табиғи жағдайда сақтау үшін олардың географиялық таралуы қарастырылып өсетін жерлері карта-схемаға түсіріліп ұсынылып отыр.

Жасанды кешеттер арасында жол бойы эстрагон-жусан Аrtеmіsіа dracunculbs L., далалық сәлбен Salviа steppose shost. Азық дақылдар бірлестігінде кездеседі.

Қазіргі кезде Қазақстан солтүстігінде дәрілік өсімдіктердің көпшілігі өнеркәсіптік тоғайларда жасамайды, кішкентай популяциялар құрайды, жаратылыс өсімдік бірлестігінің құрамында кездеседі. Құм салаубас Неlісhrуsum аrеnагіum (L) Моеnсh қоры және таралу аумағы күрт азайды; табиғи фитоценоздарда аңдасанда популяциялар қалды, жиі бірлі жарым өсімдіктермен Қостанай облысының Тобыл ауданында бытыраған түрінде кішкентай топтары кездеседі. Оның шектеулі таралуы қазірдің өзінде осы өсімдікті мәдени түріне айналдыруының артықшылығын анықтайды.

Жалаңаш мияның Сlусуrrhіzа g1аbrа L. табиғи популяциясының көлемі қысқартылып жатыр. Орал мия Сlусуrrhіrа urаlеsіs Fіsсh ұлан-байтақ тоғайлары Қостанай облысы Боровой орманшаруашылығында кездеседі. Ең типтілік мекендейтін жері дала, ойыс жер, сортаңдық шалғындар.

Шегіршін жапырақты жұлдызгүл filipendula ulmaria (L) Махіm. ценеореалы Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының ормандыдалалы аумағында бар.

Халық және ғылыми медицинасында кең пайдаланатын басқада дәрілік

өсімдіктердің таралу ареалы қысқарды. Олар кәдімгі мыңжапырақ Achillea minefolium Т. птармик мыңжапырағы Achillea pfarmica Ь., танап қырықбуын Equisetiini arvense Ь., майда жапырақты күреңот Chamerion angustifolium (L.) Holub, атқұлақ Runie.x confertus, солтүстік қызылбояу Galiuin boreale L., кәдімгі түймешетен Tanacetum vulgare L., үлкен бақажапырақ Plantago major L., түйнекті әрем Plomis tuberosa L., жатаған жебір Thymus seppyllum L., Жұмыр басты лаңса Echinops sphaerocephalus және тегіс жапырақты көкбас өсетін тоғайлар табиғи фитоценоздарда Қостанай облысының Октябрь ауданында кездеседі.

Иілтек сәлбен Salvia nutans L, кәдімгі шашыратқы Cichorium intybus L, танап жалбыз Menta arvensis, сасық маралоты Thalictrum foetidum L, әптек бүршікгүл Sanguisorba offieinallis L., популяциялар азын-аулақ.

Сонымен, сирек кездесетін және жабайы өсетін дәрілік өсімдіктердің экологиялық-биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, табиғи жағдайларда олардың санын қалпына келтіру фитохимиялық сипаттамаларын жақсарту мақсатымен дақылдарды іріктеу әрбір аумақтарда өсіруге адаптация жұмыстарын өткізу генофендты сақтаудың мүмкіншіліктің бірі.



Жұмыс барысы:

Әр турлі өсімдіктер бірлестігінде табылған сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктермен, олардың өсу ортасымен танысу.

1. Кеппешөптегі есімдіктерді тізім бойынша топтарға (сирек кездесетін, жойылып бара жатқан) бөлу және тізімін жасау.

2.Сирек кездесетін өсімдіктерді өмір сүру формасына қарай және экотоптарға (ксерофиттер, мезоксерофиттер, мезофиттер т.б.) бөліп жіктеу.



Сирек кездесетін өсімдіктер

1. Gymnocarpium dryopteris (L.) Nevvm. - жалаңаштұқым (голокучник трехперый).

2. Gymnocarpium Robertianum (Hofftn.) Nevvm. - Робертов жалаңаштұқымы (голокучник Робертовского).

3. Lonicera Pallasii Ledeb. - Паллас ұшқаты (жимолость Палласа).

4. Dracocephalum peregrinum L. -басқажерлік жыланбас (змееголовник иноземный).

5. Saxifraga sibirica L. - Сібір тасжарғышы (каменоломка сибирская).

6. Atragene tianschanica N.Pavl. - Тянь-Шань ушырмауығы (княжик Тянь-Шаньский).

7. Athyrium filix - femina (L.) Roth. Tent. Fl. germ. - аналық таға (кочедыжник женский).

8. Festuca rubra L. - қызыл бетеге (овсяница красная)

9. Moneses uniflora (L.) A. Gray. -ірігүлді дарагүл (одноцветка крупноцветная).

10. Pulsatilla flavescens (Zucc.) Juz. - сарғылт құндызшөп (прострел желтоватый).

11. Pulsatilla multifida (Pritz.) Juz. -тілік құндызшөп (прострел многонадрезной).

12. Dryopteris filix - mas (L.) Schott. - еркек усасыр (щитовник мужской).

13. Orchis latifolia L. - айыл жапырақты сүйсін (ятрышник широколистный).

14. Althaea officinalis L. - дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный).

15. Hyporicum perforatum L. -шілтер жапырақты шайқурай (зверобой .. продырявленный).

16.Stipa pennata L. - қау боз (ковыль перистый).

17. Nuphar luteum (L.) Smith. - сары сугул (сары тұнғиық) кубышка желтая.

18. Nymphaea Candida Presl. - таза ақ тұңғиық; (кувшинка белоснежная).

19. Allium flavescens Bess. -сарғайғыш жуасы (лук желтеющий).

20. Calystegia sepium (L.) R.Вr. - дуал гүл шырмауығы (повой заборный).

21.Glycyrrhiza uralensis Fisch. - Орал миясы (солодка уральская).

22 Glycyrrhiza Korschinskyi G. Grig. -Коржин миясы (солодка Коржинского).

23. Spiraea trilobata L. - үшқалақты тобылғы (таволгатрехлопастная).

24. Tulipa patens Agardh. - қызғалдақ (тюльпан поникающий).

25. Helichrysum arenarium (L.) Моеnсh. Меth. - құм салаубас (тмин песчаный).

26. Arthrophytum betpakdalence End. Каr. еt Міr. - Бетпақдала сексеуілшесі саксаульчик бетпакдалинский).

27. Jsatis maxima N. Paul. - ірірек шытыршық (вайда крупнейшая).

28. Sameraria deserti N. Busch. – шөл сәдеп (самерария пустынная).

29. Lepidium deserti N. Pavl. - шөлдің шытырмағы (клоповник пустынный).

30. Astragalus sumneviezii Раvі. - Сумневич таспасы (астрагал Сумневича).

31. Astragalus Kuschakevitschii B. Fedtsch. - Кушакевич таспасы (астрагал

Кушакевича).

32. Zygophyllum betpakdalence golosk. Et N.Semiotr. - Бетпақдала түйетабаны парнолистник бетпакдалинский).

33. Zygophyllum belchaschense Boriss. Балқаш түйетабаны (парнолистник балхашский).

34. Zygophyllum budunense Semiotr. Будун түйетабаны (парнолистник будунский).

35.Lappula macra M. Rop. жүдеу кәріқыз (липучка тощая).

Қажетті материалдар: cирек кездесетін өсімдіктерінің кеппешөптері, анақтағыш кітап

Әдебиеттер тізімі: 6,115-121 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Сирек кездесетін өсімдіктерді атаңыз?

2 Жойылып бара жатқан өсімдіктерді атаңыз?

12 тақырып Эндемик өсімдіктері

Мақсаты:

- эндемді есімдіктердін даму нәтижесің игеру

- реликт өсімдіктерге түсінік беру
Жалпы түсінік

Өсімдік түрлерінің ішінде материктерде таралу шегі бар, белгілі бір географиялық регионда ғана өсетін, басқа жерлерде жабайы түрінде кездеспейтін өсімдік түрін - эндемді өсімдік деп атайды. Әрбір географиялық континент - материктердің өз эндемді есімдіктері бар.

Эдетте эндемик өсімдіктерге белгілі бір территорияда ғана кездесетін басқа жерде кездеспейтін өсімдіктер:

Жұмыс барысы:

1. Әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде табылған эндемдік өсімдіктермен, олардың өсу ортасымен танысу.

2. Кеппешөптегі берілген эндемдік өсімдіктермен танысу.

З. Өсімдіктерді өмір суру фррмасына қарай және экотоптарға (ксерофиттер, мезоксерофиттер, мезофиттер т.б.) бөліп жіктеу.



Эндемдік өсімдіктер:

1. Nymphaea cahdida J. еt С.Рrеsl. - таза ак тұнғиык (кувшинка белоснежная).

2. Рараvеr tеnеllum Тоlm - нәзік көкнәр (мак тоненький)

3. Аrtеmіsіа g1аbе1lа Кir. еt Кіr. - тегіс жусан (полынь гладкая).

4. Еuрhоrbіа аndrасhnоіdеs - андроховтық суттіген (молочай андроховидный).

5. Saxifraga sibirica L. - Сібір тасжарганы (камнеломка сибирская).

6. Glусуrrhіzа kоrshіnskуі Grig, (солодка Коржинского).

Қажетті материалдар: эндемдік өсімдіктерінің кеппешөптер, анықтағыш

кітап


Әдебиеттер тізімі: 6,115-122 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Эндемді өсімдіктер деп қандай өсімдіктерді атайды?



13 тақырып Реликтік өсімдіктері

Мақсаттар:

- реликт өсімдіктерге түсінік беру


Жалпы түсінік

Ерте кезеңдерде пайда болған, сол жерде өсу, даму, таралу тарихи өзгерістерден өсіп, қазіргі кезде аумағы тарылып, жойылып бара жатқан басқа жерде кездеспейтін өсімдіктер тобын реликт өсімдіктер деп атаймыз.

Реликт өсімдіктердің өсуі, үлкен ареалды алып жатуы, сол өсіп тұрған жердің ұзақ уақыт қолайлы жағдайлардың болғандығының дәлелі.

Ертеден өсіп келе жатқан өсімдіктер: Қазанақ (багульник Ledum polustre), мүк жидек (клюква Охусоссus роlustrіs), қызамық (брусника Vассіnum vіtіs іdаеа), қайың (низкорослая березка- Веtulа nаnа), су бүлдірген (водяника-Еmреtrum nіgrum), қоға (рогоз, пушица-Тrісhорhоrum аlріnum).

Жұмыс барысы:

1. Әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде табылған реликт өсімдіктермен, олардың өсу ортасымен танысу.

2. Кеппешөптегі реликтілік өсімдіктермен танысу.

2. Реликтік өсімдіктерді өмір сүру формасына қарай және экотоптарға (ксерофиттер, мезоксерофиттер, мезофиттер т.б.) бөліп жіктеу.



Реликтілік өсімдіктер:

1. Ріnus sуlусеstrіs L. - кәдімгі қарағай (сосна обыкновенная).

2. Juniperus communis L. – кәдімгі арша (можжевельник обыкновенный).

3. Juniperus sаbіnа L. - қазақ аршасы (можжевельник казачий).

4. Ерhеdrа dіstасhуа L. - қос масақшалы қылша (эфедра двухколосковая, хвойник).

5. Еquіsеtum hіеmаlе L. - қыстағыш қырықбуын (хвощ зимующий).

6. Руrоlа rоtundіfolа L. – дөңгелек жапырақты алмұрт шөп (грушанка круглолистная).

7. Drуорtеrіs fіlіх mas (L)- еркек усасыр (щитовник мужской).

8. Таmаrіх rаmоsіssіmа Ldb. - көпгүлді жыңғыл (гребенщик многоцвстковый).

9. Веrbеrіs kаrkаrаlеnsіs Коrn еt Роtар. - Қарқаралы бері-қарақаты (барбарис Каркаралинский).

10. Sоrаnthus Меуеrі Lеdеb - Мейер шоқгүлі (кучкоцветникіМейера).

11. Nуmрhаеа саndіdа Рrеsl - ақ тұңғиық аққу гүл (кувшинка белоснежная).

12. Nuphar lutеum (L.) Smіth - сары сугүл, дүңгіршік (кубышка желтая).

13. Рараvеr tеnеllum А. Тоlm- нәзік көкнәр (мак тоненький).

14. Vеrоnіса ріnnаtа L. - қауырсынды бөдене шөп (вероника перистая).

15. Маttеuссіа struthіорtеrіs (L.) Тоd. (страусник обыкновенный)

16. Аthуrіum fіlіх-fеmіnа (L.) Rоth, (кочедыжник женский)

17. Суstорtеrіs frаgі1іs (L.) Вегnh. ( пузырник ломкий).

18. Роlуроdіum vulgаrе L. ( многоножка обыкновенная)

Қажетті материалдар: реликт өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап

Әдебиеттер тізімі: 6,115-123 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Реликті өсімдіктер деп қандай өсімдіктерді атайды?




14 тақырып Себілген малазықтық шөптер

Мақсаты:

- жаңа мал азықтык өсімдіктермен таныстыру

- жаңа мал азықтық өсімдіктерден алынған жоғары өнімдеріне сипаттама беру
Жалпы түсінік

Шаруашылықка ұсынылған жаңа мал азықтық өсімдіктердің ішінде біржылдық өсімдіктер түрлері кездеседі. Бірақ, жаңа дақылдар көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Бұл дегеніміз, өндіріске ұсынылған жаңа мал азыктық дақылдардың негізгі бағалы ерекшелігі. Сондай-ақ, дақылдардың бұл қасиеттері бұрыннан себіліп жүрген әдеттегі мал азықтық дақылдардан әлдеқайда жоғары. Айталық, кейбір әдеттен тыс дақылдар бір жерде 30-50 жылға дейін өсіп өнімін төмендетпейді.

Көпжылдық мал азықтық дакылдарды 8-10 жылға дейін, ал кейбіреулерін 13-15жылға дейін шаруашылықта пайдалануға болады. Осы кездері олар өнімін

төмендетпей шаруашьшықта пайдалы болып келеді. Жаңа дақылдардың осылай ерекшеліктерін ғалымдар мен мамандар жоғары бағалап келешекте осының негізінде шаруашылықтарда көпжылдық сүрлемдік дақылдар егістіктерін ұйымдастыруға болатынын дәледеді.

Айта кету керек, барлық жерсіндірілген жаңа мал азықтық өсімдіктер өздерінің биологиялық өнімдерінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Олар үстеп қоректендіруге, алдыңғы қатарлы өсіру агротехникасына жақсы бейімделеді. Осы ерекшеліктеріне қарай оларды интенсивті және перспектизті дақылдар қатарына жатқызуға болады. Көпжылдық жаңа мал азықтық өсімдіктердің көк балаусасының әр гектардан түсетін өнімі орта есеппен 600-800, ал біржылдық өсімдіктердің өнімі - 350-500 ц-ге жетеді. Кейбір жекелеген тәжірибеде олардан өте жоғары өнімдер алынды.

Жаңа мал азықтық өсімдіктерден алынған жоғары өнімдердін әр гектарынан жиналған өнім мөлшерінің 150-300 ц азықтық өлшемге, ал қорытылатын протеиннің мөлшері 20-25 ц дейін жететін мысалдарың көптеп келтіруге болады.

Жаңа дақылдардың көк балаусасының жоғары өнімі оның сапасының да жоғарлылығымен ерекшеленетінін көрсетіп отыр. Оның химиялық құрамдары әдеттегі есіріп жүрген мал азықтық дакылдардан бірде-бір кем түспейді де, кейбір сапалық (витамиңдер құрамы т.б.) көрсеткіштері олардан артық болады.

Жаңа мал азықтық өсімдіктердің негізгі ерекшелігі оның көк балаусасындағы протеин мөлшерінің жоғары болуында. Көпшілік өсімдіктерден жиналатын азықтық өлшем қорытылатын протеинмен тиісті мөлшерде қамтамасыз етілген, немесе одан жоғары.

Жоғары өнім беретін өсімдіктердің әр гектарынан 10-15 ц дейін протеин жиналады.

Сондықтан осы өсімдіктерден дайындалған сүрлем мал азығына жетіспейтін белок проблемасын шешудің жолы болмақ. Және де түйіндеп айтатын бір мәселе, белок құрамының ауыстырылмайтын аминқышқылдарына бай, ал оның ішінде өте аз кездесетін түрлерінің болуы.

Жаңа мал азықтық өсімдіктердің көк балаусасында басқада қоректік заттар, күл элементтері, витаминдер және микроэлементтер көптеп кездеседі. Вейрих таранында, майтамырда, аю балдырғанында, қатыранда және кейбір басқада өсімдіктердің құрамында биологиялық белсенді заттар: алколоидтар, глюкозидтер, фломониод қосындылары, фитоэстрогендер, кумариндер, эфир майлары, гармондар, биогендік өсіру тездеткіштері кездеседі және оларды мал азықтандырғанда емдік профилактика ретінде пайдалануға болатыны анықталды.

Кейбір жаңа өсімдіктерде макро (кальций, фосфор) және микроэлементтер (кобальт, молибден, бор, цинк, марганец) көптеп кездеседі.

Алғаш рет үйренгенше көпшілік жаңа өсімдіктердің көбі балаусасын мал сүйсініп жей қоймайды. Ал үйреніп алғасын жақсы жей бастайды. Мұның себебі әртүрлі. Тағы бір айта кететін мәселе, көпшілік жаңа мал азықтық

өсімдіктердің сабағының ірі болып келетіндігінде. Сол себепті оны көк конвейер ретінде жас кезінде, яғни сабағы іріленіп кетпеген, жапырақ мөлшерінің (есімдік салмағының 60-70% құрағанда) көбірек болғанында пайдалану тиімді.

Жаңа мал азықтык дақылдардан дайындалған сүрлемді мал жақсы жейді. Оның қоректілігі жүгері сүрлемінен кем түспейді. Олардың сүрлемдік ерекшеліктері әр түрлі де, ол өсімдік құрамындағы қанттын мөлшеріне байланысты.

Ен жақсы сүрлемге салынатын өсімдіктер аю балдырғанының түрлері күн түйнегі, мақсары ұқсас марал шөбі. Бұлардың құрамында қант мөлшері сүрлемге салуға керекті мөлшерден 1,5-2,5 еседей жоғары. Майлы шалқан, күлқайыр, майтамыр сияқты өсімдіктерді таза күйінде тек қана тұқым салған кезінде сурлемге салуға болады. Өйткені бұлардың құрамында қант мөлшері аздау, сондықтан бұл өсмдіктерді жас кезінде басқа жақсы сүрленетін өсімдіктермен қосып сүрлемге салу тиімді.

Майтамырдын, ешкі шөбінін. күлқайырдың, марал шөбінің, таранның және басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге бай шөп ұнтағын дайындауға пайдаланады.

Қорыта келгенде жаңа өсімдіктерді көк балаусаға, сүрлемге, витаминді шөп ұнтақтарын дайындауға өсіруге болатынын зерттеулер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер көрсетті. Көпшілік жаңа өсімдіктер жақсы бал жинағыш ретінде де белгілі. Және де кейбір жаңа өсімдіктердің гүлдену кезеңінің жүруі басқа бал жинайтын дақылдардың гүлденуінің азайып кеткен кезінде болатыны анықталды.

Жаңа мал азықтық өсімдіктерге биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, олардың табиғатта белгілі бір жерде өсуіне қарамай әртүрлі экологиялық аймақтарда өсіруге бейімді болатындығы.

Ылғалды аймақтарда жақсы өсіп, жоғары өнім беретін өсімдіктер тобына: аю балдырғаны, Вейрих тараны сильфия, майтамыр, жер алмұрты, шығыстың ешкі шөбі, марал шөбі, кұлқайыр, майлы шалқан жатады.

Аю балдырғаны, май тамыр, марал шөбі, ешкі шөбі сияқты өсімдіктер өздерінің мезофидділер тобына жатуына қарамай, алғашқы өсу қарқынының жақсы жүруінің нәтижесінде құрғақ (ксерофитті) аймақтарда да жақсы өнім қалыптастырады.

Жалпы, барлық жаңа мал азықтық өсімдіктер жақсы алшын беруімен, яғни орып алғасын қайтадан қарқынды өсе бастауымен ерекшеленеді. Алшын өсуі олардың ағзаларының дамуының ерекше етуіне байланысты. Кейбір өсімдіктерде бұл ерекшеліктер жақсы дамыған да оларды вегетация кезеңінде 3-4 рет орьш алуға болады (майтамыр, ешкі шөбі). Көпшілік жаңа өсімдіктерді көбінесе 2 рет орып алады. Бірінші орын өнімді болады. Бірақ, жазғы маусым кезінде өсімдік қоректік заттармен, ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген және де бірінші ору ертерек жүргізілген кезде екінші және одан кейінірек алшынның өнімдері де жоғары болуы ықтимал. Айта кету керек, өсімдіктің жақсы алшын түзуі оның шаруашылық маңызын көтеретін ерекшелігі.

Барлық жаңа өсімдіктер: біржылдық болсын, көпжылдық болсын, күздің аяғына дейін есе беретінімен ерекшеленеді. Егер күзгі-1-20 суыққа жүгері, -2-3° суыққа күнбағыс үсіп зақымданатын болса, жаңа өсімдіктер мұндай суықтарда және күздің қалыпты күндері түскенге дейін өсуін тоқтатпайды. Күзгі айларда танапта көк азықтар азайған кезде көбінесе жаңа өсімдік танаптарын көк конвейер ретінде тиімді пайдалануға болады.

Келесі кемшілік жоғарыда айтылып кеткендей бірінші жылы арамшөптермен күресу мәселелері. Содан кейінгі мәселе тұқымдарының тыныштық кезеңдеріні ұзықтығы. Жаңа өсімдік тұқымдарының бұл қасиеті олардың түріне және сақталу ортасына байланысты әртүрлі болады. Өсімдіктердің осындай биологиялық ерекшеліктері олар шаруашылықта өсіргенде қиындықтар туғызады. Мысалы: кейбір өсімдіктердің тұқымын тезірек скарификацияда өткізіп, қыс алдында себуге тура келсе, кейбіреулерін көбірек тыныштық қалпында сақтап, скарификациялап себу тиімді.

Ал кейбір өсмдік түрлерінің тұқымын сақтаған кезінде олардың өнгіштігі төмендейді.

Жаңа өсімдіктердің бұдан басқада ірілі-ұсақты кемшіліктері кездеседі. Көптеген кемшіліктерді бұрыннан пайдаланып кел жаткан әдеттегі мал азықтық өсімдіктерден де байқауға болады. Сондықтан жаңа мал азықтық өсімдіктерді жақсарту, оны шаруашылықта өсіріп, пайдаланумен қатар жүруге тиісті.



Жұмыс барысы:

1 Жаңа мал азыктық өсімдіктерінің өсу ортасымен танысып, олардың биоморфологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу.

2 Кеппешөп даналарынан жаңа мал азықтық өсімдіктеріне биоморфологиялық сипаттама беру, өсімдіктердің тізімін жасап, түрлерін анықтау.

3 Гүлдену кезені бойынша ерте және жаздын аяғынада гүлдейтін жаңа мал азықтық өсімдіктеріне биоморфологиялық сипаттама беру.

4 Көп жылдық өсімдіктердің гүлдерінің, гүл шоқтарының құрылысымен танысып, гүлдерінің формуласын жазу.

5 Жаңа мал азықтық өсімдіктерінің құрамын аныктап, олардың орналасқан жерінің ерекшеліктерін сипаттау, тіршілік ету ортасына байланысты морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру.



Қажетті материалдар: жаңа мал азықтық өсімдіктерінің кеппешөптері

Әдебиеттер тізімі: 27, 12-18 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Жаңа мал азықтық өсімдіктерді атаңыз?

2 Жаңа өсімдіктерде кандай макро және микроэлементтер кездеседі?

Негізгі әдебиеттер:

1. Мухитдинов Н. Геоботаника негіздері. Алматы: 1992.-193 бет.

2. Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы /оқулық/. — Алматы 1997, 277бет.

3. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы: Дәуір, 2005,- 512 бет.

4. Остенова Г.С.,Бозшатаева Г,Т. Экология. /оқулық/, - Алматы: Экономика, 2002.- 405 бет.

5. Асанов Қ.Ә., Елешев Р.Е., Алимаев И.И. Жайылым және экология. -Алматы. «Ғылым», 2001-468 бет.

6. Ахметжанова А.І., Әуелбекова А.Қ., Жомартова Г.Ж. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясынан далалық практика: Оқу - әдіст. Құралы. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.- 128 бет.

7. Суворов В.В. и др. Пособие к учебной практике по ботанике. М: Колос, 1982-176 с.

8. Бедарев С.А. Учебное пособие по фитоценологии. Алма-Ата, Каз.ГУ, 1989. 61 б.

9. Быков Б.А. Геоботаника. Алма-Ата, 1978. 288 б. Қосымша:

10.Биологическая продуктивность растительности Казахстана. Алма-Ата, 1974.2886.

11.Василевич В.И. Современное предстовление о растительности сообществ.

Ботаника журнал, 1989 т 74, № 8

12.Карибаева К.Н., Курочкина Л.Я. Смены растительности и их регулирование при пастбищном использовании. Алма-Ата, 1991. 1676. ІЗ.Комгатексная характеристика пастбищ пустынной зоны Казахстана. Алма-

Ата, 1990.232 6.

14.Рачковская Е.И., Сафронова И.Н., Хромцов В.н. К вопросу о зональности растительного покрова пустынь Казахстана и Средней Азии. Ботаника журнал 1990, т. 75, № 1.

15.Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы /оқулық/. - Алматы 1997, 217 бет. 16. Бедарев С. Л. Учебное пособие по фитоценологии. Алма-Ата, изд. Каз.ГУ, 1989. 61 с.

17. Браун Д. Методы исследования и учета растительности пер. англ. М. изд-во иностр. лит,, 1957. 361 с.

18. Василевич В.И. Количественные методы изучения структуры растительности: Итоги науки и техники. Вып. Ботаника М: ВИНИТИ, 1972,т 1., с 7-83.

19. Василевич В.И. О методах классификации растительности Ботаника журнал 1985, т. 70, № 12 с. 1596-1604.

20. Миркин Б.М., Розенберг Г.С. Фитоценология. Принцпы и методы. Изд-во «Наука», Москва, 1978, 212 с.

21. Нешатаев Ю.Н. Методы анализа геоботанических материалов. Л. 1987.192с,

22. Методика интродукционных исследований в Казахстане. Алма-ата: Наука, 1987.-135 с.

23. Бейдеман И.Н. Изучение фенологии растений // Полевая геоботаника Л.: Изд. АН СССР, 1960, т.2, с. 334-363.

24. Работнов Т.А. Жизненный цикл многолетних травянистых растений в луговых ценозах //Тр. БИН АН ССР. Геоботаника. 1950. Сер. З.Вып.6. С.7-204,

25. Серебряков И.Г. Жизменные формы высших растений и их изучение // Полевая геоботаника. М-Л.: Наука, 1964. С. 146-202.

26. Арыстангалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Растения Казахстана. -Алма-Ата, 1977. -288с.

27.Әубәкіров К. Жаңа және аз тараған мал азықтык өсімдіктер. - Алматы: Білім баспасы, 2007.-232 бет.




Мазмұны

КІРІСПЕ.................................................................................................................

3

1 тақырып «Флора» және «өсімдіктер» туралы түсінік ...................................

4

2 тақырып Экологиялық факторлардың топталуы..............................................

7

З тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары....................................................

9

4 тақырып Фитоценоз туралы түсініктер............................................................

11

5 тақырып Фитоценоздардың қалыптасуы........................................................

13

6 тақырып Фитоценоздың құрамы.......................................................................

15

7тақырып Фитоценоздар географиясы................................................................

19

8 тақырып Ареалдың қалыптасуы........................................................................

24

9 тақырып Ареалдың бөлінуі................................................................................

25

10 тақырып Вегенер теориясы...............................................................................

28

11тақырып Эндемизм. Реликт және викаризм...................................................

30

12тақырып Өсімдіктер жабындарының зоналығы.............................................

32

1Зтақырып Дала өсімдіктері.................................................................................

34

14тақырып Шөл және шөлеитті жерлер өсімдіктері.........................................

36

15тақырып Тайга, тундра..................................................................................... .

39

Тәжірибиелік жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары.....................................

41

1 тақырып Ботаникалық географиясының элементтері.....................................

41

2 тақырып Өсімдіктердің экологиялық топтары...............................................

42

3 тақырып Абиотикалык факторлар. Биотикалық факторлар...........................

43

4 тақырып Геоботаника негіздері. Фитоценоз құрамы......................................

45

5 тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары...................................................

46

6 тақырып Фитоценоздардың ауысуы................................................................

48

7 тақырып Өсімдіктер фенологиясы....................................................................

49

8 тақырып Фитоценоздың флоралық құрамы және зерттеу әдістері................

51

9 тақырып Қостанай жерінің тарихы, физико-географиялық жағдайы............

53

10 тақырып Флоралық байлығы............................................................................

54

11 тақырып Өсімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері.................................

56

12 тақырып Жер бетіндегі флоралық облыстар..................................................

59

13 тақырып Флоралық толыктығы.......................................................................

61

14 тақырып Өсімдіктердін жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері...

62

15 тақырып Фитоценоздардын өнімділігі............................................................

64

Зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары..................................

67

1 тақырып Қарағайлы орман............................................................................... .

67

2 тақырып Аралас орманның өсімдіктері............................................................

68

3 тақырып Көгалдық-шалғындық өсімдіктер.....................................................

72

4 тақырып Дала өсімдіктері..................................................................................

75

5 тақырып Су жағалауында, ағын су және тосқауыл су қоймаларының өсімдіктері..............................................................................................................

77


6 тақырып Арам шөптер мен жол жиектерінде кездесетін өсімдіктер............

79

7 тақырып Симбиоздык (селбестік), өсімдіктер..............................................

80

8 тақырып Паразиттік және жартылай паразиттік өсімдіктер...........................

82

9 тақырып Пайдалы өсімдіктер.............................................................................

84

10 тақырып Улы өсімдіктер..................................................................................

85

11 тақырып Сирек кездесетін жойылып бара жатқан өсімдіктер......................

86

12 тақырып Эндемик өсімдіктер..........................................................................

89

13 тақырып Реликтік өсімдіктер...........................................................................

90

14 тақырып Себілген мал азықтық шөптер.........................................................

91










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет