Әдебиеттер тізімі: 1, 489-494 бет
Пысықтау сұрақтары?
1 Жер бетінің өсімдіктер жабыны неге зоналар бойынша орналасады?
2 БОР-дың территориясында қандай зоналар бар?
12 тақырып Жер бетіндегі флоралық облыстар
Мақсаты:
- Жер бетінің флоралық облысқа бөліну классификациясы
Жоспар:
1 Флоралық облыстарға сипаттама
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау
Жер бетін флоралық тұрғыдан бөлудің көпшілік мойындаған жолын Л.Дильс ұсынған. Ол жер бетін алты флоралық облысқа беледі.
Голарктикалық, (Ноlаrсtіс) немесе солтүстік (Воrеаlіh) облыс - бұл қарағайлар тұқымдасының (Sаlісасеае), талдар тұқымдасының (Sаlісасеае). қияқ-өлендер тұқымдасының (Суреrасеае), сарғалдақ гүлділердің (Rаnunсulаеае) өкілдері басым болып келетін, құрлықтың көптеген бөлігін алып жататын тұтастай айналмалы кеңістік (циркумпилярная масса). Оның құрамына үлкен континент Евразиянын Козерог тропикасынан онтүстікке қарай жататын және бір кездерде Тетис теңізінің аралдары болған Үндіқытай мен Үндістан жартылай түбектерінен басқа жерлердін барлығы кіреді. Бұған сонымен бірге солтүстік неотропикалық Африканы (Сахара шөлін қосып есептегенде), ал батыс жарты шарда Солтүстік Американы тұтастай дерлік жатқызады.
Голарктикалық облыстан оңтүстікке қарай екі тропиканың арасында (аздап Рак тропикасының солтүстігіне және Козерог тропикасының оңтүстігіне енеді) шығыс жарты шарда — палеотропикалық, ал батыс жарты шарда неотропикалық облыстар жатады.
Палеотропикалык, (Раlеоtrорis) облыс жер көлемі жағьшан голарктикалық облыстан кейінгі екінші орынды алады. Ол Африкада үлкен территорияны (Сахара шөлінен оңтүстікке қарай, континенттің аздаған ғана оңтүстік батыс бөлігінен басқа) Жаңа Гвинеяны, Жана Зеландияны, Австралияның солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауларың, Тынық мұхиттың тропикалық аралдарын (Филифин аралдарын, Малай архипелагын, Жиджи, Самса, Сандвичев араддарьш және т.б.) алып жатады. Бұл облыстың шамадан тыс шашыраңқы болуына қарамастан, палеоботаникалық мәліметтер оның флорасының бір екендігін - өте ертеде пайда болғандығьн және өте консервативті екендігін дәлелдейді. Бұл жерде мына тұқымдастардың: павдалар тұқымдасының (Раndоnасеае), непентестер тұқымдасының Nepenthасеае), диптерокарпалар тұқымдасының (Dірtегосаrрасеае) көптеген түрлері кездеседі. Пальмалар көптеп кездеседі - финика пальмасы (Рhаеnіх туысы), кариота (Саrіоta туысы), корифа (Согурhа туысы), ливистона (Livistqna туысы), каламус (Саlаmus туысы) және т.б. Климаты құрғақ аудандарда (аридных областях) суккулештер көп таралған - сүтгіген (Еuрhоrbіа туысы), алоэ (Аlое туысы) және т.б.
Неотропикалық, (Nеtrоріs) облыс Орталық және Оңтүстік Американы (континенттің қиыр оңтүстігінен, Чили мен Патагониядан басқа жерлерде), Флорида жартылай түбегінің оңтүстік бөлігін, Антиль аралдарға алып жатады. Флоралық жағынан алып қарағанда бұл ең ертеде пайда болған және өзіндік ерекшелігі бар облыс. Оның көлемінде 1800-дей түрі бар кактустар тұқымдасының (Сасtасеае); пальмаларға жақын цикланталар тұқымдасынын (Сусlаnthасеае); сонымен бірге пальмалардың бірнеше туыстарының, онын ішінде кокос пальмасының (Сосоs туысы) ареалдары жатады. Бұл жерде хин аіашының (Сіnсhоnа туысы) 40 түрі және рияндар тұқымдасының (мареновые -Rubіасеае) туыстары таралған. Тропикалық ормандарға эртүрлі эпифиттер ерекше сән береді. Олардың біреулері бромелилер тұқымдасына (Вrоmеlіасеае), екіншілері - сүйсіндер тұқымдасына (Оrсhіdасеае) жатады.
Бромелилер тек Американың ылгалды тропикалык ормандарына тән. Түйсіндер (архидные) бұл жерде ерекше кең таралған. Кейбір туыстары тек тропикалық Америкада кездеседі.
Австралия (Аustrаlіs) облысы оңтүстік жарты шардын үш тропикаға жатпайтын облыстарының ішіндегі ең үлкені. Ол Австралияны түгелдей дерлік және Тасмания аралын алып жатады. Бұл жерде шамамен 10 мыңдай жабық тұқымды өсімдіктердің түрлері кездеседі, олардың 8 мындайы эндемдік түрлер. Көп тараған тұқымдастарына: бұршақтар тұқымдасы (Ғаbасеае), мирталар тұқымдасы (Муrtасеае), астра гүлділер тұкымдасы (Аsterасеае), қияқөлеңдер тұқымдасы (Суреrасеае), қоңырбастар тұқымдасы (Grаmіnае, Роасеае) жатады. Тұқымдастардың тұтастай бір қатары тек Австралияға ғана тән. 300-дей түрді папоротник тәрізділер түзеді. Келесі флористикалық облыстағы секілді, бұл жерде өсімдіктер қауымдастықтарының ксерофитті типтері қалыптасқан және олар негізінен басым болып келеді.
Каn (Сареnsis) облысы - ен кішкентай флоралық облыс, ол Африканын оитүстік-батыс бөлігінде орналасқан (Қызғылт өзеннен оңтүстікке қарай және шығыста Айдаһар тауына дейін). Осы аздаған территорияда жоғары сатыдағы өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі (15 мыңдай). Олардың 3 мыңнан астамы эндемдер болып келеді. Салыстыру мақсатында айта кеткен жөн, Евразия континентінің көптеген территориясын алып жатқан БОР-дың өзінде бары-жоғы 19 мындай-ақ жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері өседі.
Антарктикалық, (Аntаrctis) флоралық облыс Оңтүстік Американың оңтүстік-батыс шетінде, Отты Жерде, Фолкленд арапдарында, сонымен бірге Тристан-да-Кунья, Кембелла аралдарында және т.б. Осыған дейінгі екі флоралық облыстарға керісінше бұл жерде ормандар басым болып келеді, ал ашық жерлерді - мүкті тундра алып жатады. Антарктикалық ормандардың флорасы түрлерінің саны жағынан бай болмайды. Мұнда 2 мыңдай өсімдіктердің түрлері еседі, олардың 75% эндемдер болып келеді. Антарктика аралдарының флорасы өте кедей болады. Олардың кейбіреулерінде жабық тұқымды өсімдіктердің бары-жоғы 20-25-тей ғана түрі өседі. Споралы өсімдіктер айқын басым болып келеді. Польша ботаник-географы В.Шафер жетінші - жерорта теңізі (Меdіtеrrаnіs) флоралық облысын бөледі.
Әдебиеттер тізімі: 1, 497-499 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Л.Дильс флоралық облыстарды қалай бөледі?
2 Жер бетінің флоралық облысқа бөліну классификациясының негізінде не жатады?
13 тақырып Флоралық толықтығы
Мақсаты:
- Қауымның флоралық толықтығына сипаттама
Жоспар:
1 Қауымның флоралық толықтығын анықтау
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау:
Қауымның флоралық толықтығын анықтағанда түрлерді санау оны барлық ауданында немесе оның бір бөлігінде жүргізіледі, бірақ ол ауданның мөлшері флоралық байлықты табу ауданынан кем болмауы керек. Флоралық байлықты табу ауданының мөлшері өсімдіктердін типітеріне байланысты әртүрлі, бірнеше шаршы метрден бірнеше мың шаршы метрге дейін болуы мүмкін. Флоралық байлығынан баска қауымның флоралық толыктығын анықтау керек. Қауымның флоралық толықтығы дегеніміз ол белгілі бір аудан көлемінде өсетін түрлердің саны, мысалы бір шаршы метрдегі немесе 100 шаршы метрдегі тағы с.с. Бұл да қауымның флоралық байлығы, бірақ белгілі бір аудан мөлшерінде анықталған.
Қауымның флоралық толықтығын шабындықтарда, далада 1,4 немесе өте сирек 100 шаршы метрде анықтайды.
Далалық жерлердегі қауымдардың флоралық байлығы бір шаршы метрдің көлемінде І2-ден (құрғақ дала) 50-60-қа )бозды дала - (кейде тіпті 80-ге) шалғынды дала) дейін өзгеріп отырады (Келлер, 1931, Алехин, 1936).
Ассоциацияда кездесетін әрбір түрдің маңызды белгісі ол оны тұрақтылығы (константа). Ассоциацияны сипаттағанда ондағы керекті түрлердің тұрақтылығы процент шамасымен көрсетіледі. Тұрақтылық дәрежесі 10 балдық шкаламен бөлгіленеді: 1-0-10%, П-П-20%, Ш-21-30%, IУ-31-40%, У-4І-50%, УІ-51-60%, УП-61-70%, УШ-7І-80%, 1Х-8І-90%,
Х-90-100%.
Әдебиеттер тізімі: 1, 38 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Қауымның флоралык толыктығын қалай анықтайды?
2 Қауымның флоралық толықтығы дегеніміз не?
14 тақырып Өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері
Мақсаттар:
- өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері танысу
- өсімдіктердің тіршілік күйлерімен танысу
Жоспар:
1 Көпжылдық өсімдіктердің тіршілік циклдары
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау
Дербес организмдердің жасын дәл анықтауға болмайтын жағдайда, популяция әртурлі жастық топтарға кіретін дербес организмдердің ара қатынасымен сипатталады. Мұндай жағдайда популяцияның жастық құрамы
емес, ол жастық спектрі болып табылады. Тұқымымен (дәнімен) көбейетін көпжылдық есімдіктерді жастық топтарға бөлудің негізіне олардың тіршілік циклдарын төрт кезеңге бөлу жатады (Работнов, 1945, 1950). Ол кезеңдер мыналар:
1. Жасырын (латентный) - бірінші тыныштық кезеңі
2.Виргинильді (кыздық кезең) - тұқымның өсуінен бастап дербес организмнің генеративтік жолмен көбеюіне дейін
3. Генеративтік кезең
4.Сенильді (кәрілік) кезең
Т.А.Работновтың (1978) пікірінше жастық топтарға жоғарыда көрсетілгендей бөлуді вегетативтік жолмен көбейетіндерге және папоротниктерге де қолдануға болады,
Т.А.Работнов (1950) ұсынған көпжылдық өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері кейіннен А.А.Урановтың басшылығымен жасалған жұмыстарда жетілдіріліп толықтырылды (кесте). Тұқымды өсімдіктердің жастық кезендері және тіршілік күйі
Кезең
|
Тіршілік күйі
|
Индексі
|
1.Латентті (жасырын)
|
1. Тұқым
|
sm
|
2. Прегенеративті
|
2. Өскін
|
pl
|
|
З. Ювенильдік
|
j
|
|
4. Имматұрлық
|
im
|
|
5. Виргинильді
|
w
|
3.Генеративті
|
6. Жас
|
g1
|
|
7. Піскен
|
g2
|
|
8. Қартайған
|
g3
|
4. Постгенеративті
|
9.Субсенильді
|
SS
|
|
10.Сенильді
|
S
|
|
11. Қурап бара жатқан
|
SC
|
Осы уакытқа дейін бірнеше жүздеген, жабық тұқымдас және папоротник тәріздес өсімдіктер түрлерінің тіршілік күйлері зерттелді.
Ботаникалық әдебиетте "Морфогенез фазалары" деген түсінік кең қолданылады. Ол өсімдіктің онтогенезі кезіндегі тіршілк формаларының өзгеруін көрсетеді. Соңғы кездердегі көптеген зерттеу жұмыстарына қарағанда "морфогенез фазалары", "жасына байланысты кезеңі", "жасына байланысты күйі" деген түсініктердің ара-катынастары әртүрлі тіршілік формаларында (бноморфа) тіпті бір тіршілік формасының әртүрлі түрлерінде әр қалай болуы мүмкін.
Поликарпты өсімдіктерді жоғарыда аталған тіршілік күйлеріне бөлуге болады.
Монокарпты өсімдіктердің генеративтік кезеңінде бір ғана жасына байланысты күйі болады, ал постгенеративтік кезең тіпті болмайды. Өсімдіктердің жасына байланысты тіршілік күйлерін сипаттау үшін қосымша бугометриялық көрсеткіштерді мысалы сандық сипаттама беретін (биоморфологиялық, анатомиялық, экологиялық және физиологиялық белгілерін пайдалануға болады.
Әдебиеттер тізімі: 1, 44-49 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері
2 Көпжылдық өсімдіктердің тіршілік циклдары
15 тақырып Фитоценоздардың өнімділігі
Мақсаты:
- биологиялык өнімділіктін түрлерімен таныстыру
- фитоценоздардың қызметтерінің негізгі ерекшеліктерін қарастыру
Жоспар:
1Фитоценоздың биологиялық өнімділіктерін сипаттау
Сабаққа дайындалуга әдістемелік нұсқау
Өнімділік дегеніміз тірі организмдердің органикалық жасау, консервілеу және өзгерту қабілеттілігі. Органикалық заттардын жасалуы және өзгеруі жиынтығын, энергияның сініріп әртүрлі дәрежедеұйымдастырылган био - жане экосистемалардан өтуін өнім процессі деп атайды . Биологиялық өнім дегеніміз фотосинтез және хемосинтез процессі кезінде организмдердің продуценттердің күн сәулесі энергиясын сіңіріп органикалық затты жинау қарқындылығы. Ол органикалық заттарды сосын қоректік зат есебінде консументтер немесе редуценттер пайдаланады. Өнімділіктің екі түрін ажыратады: бірінші - органикалық заттарды автотрофтар жасайды, екінші -органикалық заттарды гетеротрофтар жасайды; Органикалық затты өндіруді төрт сатыға бөледі:
1) жалпы бірінші өнім фотосинтез-процесінде құралған органикалық; зат мөлшері.
2) таза бірінші өнім - өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалғанынан қалған органикалық зат мөлшері.
3) шын таза бірінші өнім (органикалық заттын жиналу жылдамдығы , одан есептеу кезеңіндегі гетеротрофтардың пайдаланғанын және опадты-үзіліп түскен өсімдік бөлшектерін алып тастау керек .
4) екінші өнім (органикалык заттың гетеротрофты организмдердегі жасалуы).
Биологиялық өнім белгілі бір аудан мөлшерінде , белгілі бір уақытта синтезделген органикалық заттьщ мөлшерімен керсетіледі .
Сонымен жалпы бірінші өнім (ӨЖ) -өсімдіктер қауымының белгілі бір аудандағы (гектар.м ) белгілі бір уақытта (жыл,вегетациялық маусым, тәулік) құралган таза бірінші өнімге (Өт) өсімдіктердің демалуына жұмсалған (Өд),үзіліп түскен бөлшектерін (опад -Оо) және гетеротрофтар пайдаланғанын (Өг) қосқандағы фитомассаның кебеюі. Жоғарыда айтылған өнімділік көрсеткіштерін мынадай формуламен көрсетуге болады : Өж=Өт+Өд+Өо+Өг.
Фитоценоздардың биологиялық өнімділіктерін сипаттау үшін көптеген терминдер ұсынылды. Фитоценоздардың бұл көрсеткішін зерттеу үшін олардың фитомассасын анықтау керек. Фитомасса құрамына өсімдіктердің тірі және өлі мүшелері кіреді.
Өсімдіктердің өлі мүшелері мысалы ағаштар мен бұталардың бұтақтары, өлген тамырлар басқалары тірі өсімдіктермен байланысын сақтауы немесе жер бетіне үзіліп түсуі мүмкін. Өсімдіктердін әр-түрлі мүшелері жер бетіне түскен жағдайда , олар жинала-жинала ерекше төсеніш (подстилка) қабатын құрады .
Адамдар пайдаланбайтын немесе жеткіліксіз пайдаланатын тесін фитоценоздарда өсімдіктердің жер үстіндегі өркендері өлгеннен кейін біраз уақытқа дейін жердің астындағы мүшелерімен байланысын сақтап ветошь (ескі-құсқы) түзеді. Биологиялық өнімділкті зерттегенде, демек, тірі өсімдіктердің массасын ғана анықтап қоймай олардың өлген мүшелерінің де массасын анықтау керек. Ол үшін тірі өсімдіктермен байланысын үзген Мүшелердің (опад) ағаштар мен бұталардың өлген діндерін (отпад) және өлген жер асты мүшелерін (корнепад), ветошьті есептеу қажет.
Ценоэкосистема есебінде фитоценоздардың қызметтерінің негізгі ерекшеліктерін қарастырғанда тек қана автотрофты популяциялармен шектенуге болмайды. Бұл жағдайда биотаны (гректің - өмір, - биоценоздағы өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, және микроорганизмдер түрлерінің жиынтығы. Биота организмдері бір-біріман күрделі биотакалық, ал ортамен— трансбиотикалық қарым-қатынастармен байланысты.) түгел алған дүрыс. Егер бұны ескеріп, есепке алатын болсақ онда фитоценоздардың ценоэкосистема күйіндегі жұмысын былайша (Быков,1978) қорытындылауға болады:
а) автотрофты популяциялардың күн энергиясын фитоценозға кіргізуі;
б) олардың бірінші өнім-фитомассаны өндіруі;
в) заттың және энергияның трофикалық каналдар арқылы автотрофтардан конеументтерге редуценттерғе жеткізілуі,
г) гететрофтардың екінші өнім -биомассаны өндіру;
Жоғарыда аталған барлық жұмыстардың ішіндегі ерекше көзге түсіп бөлінетіндері биомассаның өндірілуі, трофикалық каналдар арқылы заттардың және энергияның жеткізілуі, заттардың айналымы.
Фитоценоздардың жұмысы үшін күн сәулесі энергия көзі болып табылады . Күн сәулесінің энергиясы автотрофты өсімдіктер популяциясы продуценттердің жасыл, хлорофилді мүшелері (жапырақтар, көк сабақтары, көк жемістері арқылы) енеді. Фотосинтез процесінің бір қасиетті ол энергияның жииалып биосфераның және бүкіл планетаның энергетикалық дәрежесінің өсуіне әкеледі.
Фотосинтез процесіне қатысатын және қатыспайтын мушелерінің миссасының ара-қатынасы әртүрлі болғандықтан өсімдіктердің жеке түрлерінің тыныс алуына жұмсалатын энергия бірдей емес. Балдырларды алатын болсақ олардың, жалпы биомассасының көп бөлігі фотосинтез процесіне қатысады, ағаштардың тек 1-2%, ал қылқан жапырақтылардың
4-5% ғана қатыса алады. Шөптесін өсімдіктер осы балдырлармен ағаштардың арасында орналасады . Қоныржай климатты аймақтарда ол индекс 4-5-ке тең. Көлеңкеде орналасқан жапырақтар орналасқан жапырақтарға қарағанда тыныс алуға органикалық затты аз жұмсайды Ал басқа жағынан қарағанда күн сәулесіне бейімделген жапырақтар көлеңкедегі жапырақтарға қарағанда оны жақсы пайдаланады (Лархер, 1978).
Табиғи фитоценоздар жағдайында жануарлар жейтін өнімнің мөлшері 10%-тен аспайды. Жайылым ретіңде пайдаланылатын фитоценоздарды алсақ оларда әрине малдар өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелерін көбірек пайдаланады .
Сонымен биотрофтардың пайдаланган өніміне өсімдіктердің үзіліп түскен мүшелерін (опад) және фитомасса өнімін қосып есептесек таза бірінші өнім шығады. Одан басқа, экосистемалар (биогеоценоздар) дәрежесінде таза өнімді ажыратады; оны жалпы өнімді және онын фототрофтармен гетеротрофтардың тыныс апуына жұмсалғанын есептеу арқылы анықтайды. Қалыптасқан тұрақты фитоценоздардың таза өнімі едеуір болуы мүмкін, ал биогеоценоздардың таза өнімі өте аз тіпті нөлге тең болуы мүмкін , өйткені фототрофтардың түзген заттарының бәрі биоценоз құрамына кіретін организмдердің тыныс алуына жұмсалып кетеді.
Биогеоценоздардын әртүрлі көптеген компоненттері ішінен фитомассаның жиналуында негізгі роль атқаратын шешуші факторларды бөлу керек. Сол шешуші факторларға әсер ету арқылы фитоценоздардың өнімділігін арттыруда үлкен табысқа жетуге болады. Бұл әрине бірыңғай табиғи процестің әртурлі жақтарының араларындағы байланысын жеткілікті дәрежеде зерттеуді талап етеді.
Әдебиеттер тізімі: 1, 100-115 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Өнімділік дегеніміз не?
2 Фитоценоздардың биологиялық өнімділігі дегеніміз не?
Зертханалық жұмыстардың әдістемелікнұсқаулары
1 тақырып Қарағайлы орман
Мақсаты:
- қарағайлы орманда кездесетін өсімдіктермен таньгсу
- қарағайлы орман өсімдіктеріне биоморфологиялық сипаттама жасау
- қарағайдың даму циклімен танысу
Жалпы түсінік
Қарағайлы орманның негізгі тұқым құраушы түріне кәдімгі қарағай мен арша жатады. Қарағай жалан тұқымдылардың ішінде кеңінен тараған, қылқан жапырақтылар класының өкілі. Оның басқа есімдіктер мен салыстырғанда өсу ортасына, яғни топыракка, қоятын талабы темен, ол құмды құрғақ, тау-тасты жерлерде тіршілік ете алады, бірақ жарық сүйгіш өсімдік. Сабағының сыртын қалың қатпарлы қыртыс жауып, сыртқы ортаның әр түрлі жағымсыз жағдайларынан (ыстықтан, аяздан, аңызғақ ыстық желден т.б.) сақтап тұрады. Қарағайдың сабағы моноподиалдық жолмен бұтақтанады, биіктігі 40 м. Негізгі сабағында шоқтанған бұтақтар пайда болып, жыл сайын буын түзеді. Қарағайдың жасыл осы негізгі сабақтағы (діңді, немесе осьте) пайда болған буындардың санына байланысты, яғни төменнен жоғары, санап анықтайды. Жанама бұтақтарындағы қысқарған өркендерде екі-екіден қылқандары орналасады. Қылқандар әрбір 3-4 жылда бір рет түсіп, жаңадан пайда болып отырады. Төменде бірінші пайда болған жанама бұтақтар жарықтың нашар түсуіне байланысты қурап, өліп отырады. Сондықтан қарағайлы орманда орманның басқа түрлерімен, мысалы аралас орманмен, салыстарғанда жарық мол болады. Ескеретін жағдай, кейде тұқымынан өсіп келе жатқан балашық қарағайлар өсу ортасында жарық жетіспесе, өліп қалады. Қарағайлы орманның топырағының ерекшелігі, топырақтың үстіңгі бетін күзде түскен қылқандар қураған бұтақтар мен басқа өсімдіктердің жапырақтары, бүрлер қалың төсеніш қабат құрап жауып жатады. Нәтижесінде, топырақ бетіне түскен қарағайдың т.б, өсімдіктердің тұқымдары, былтырғы жылда қыстап қалған өскіндер төсеніш қабаттын астында қатты аяздан, желден т.б. жағымсыз сыртқы орта жағдайларынан сақталып тұрады. Бұдан басқа, қалың жеңіл төсеніш қабат топырақта ылғалдың, жылудың ұзақ сақталуына, тұқымның өңгіштік қабілетінің жойылмауына және өскіннің алғашқы нағыз жапырақтарының қатты қабыршақсыз топырақ бетін кедергісіз тесіп шығып, өсіп дамуына көмектеседі.
Қарағайлы орманда, басқа ағаш тектестермен салыстырғанда, қарағай басым ал басқалардан қайың, көк терек кездеседі. Бұта тектестен шамалы түрде және өзіндік ярус құрмай итмұрын (шиповник), тобылғы (таволга), долана (боярышник), цара ырғай (кизилъник), үшцат (жимолостъ) және арша (можжеведьник) кездеседі. Шөптесін өсімдіктер қарағайлы орманда оқта-текте кездескенімен, түр жағынан әр түрлі болып келеді. Мысалы: қоңырбас (тонконог), бетеге (овсяница), боз кілем (очиток), қоян от (молодило), пршатыр (ястребинка), мысық табан (кошачья лапка), бөдене шөп (вероника), ип тау шаткалдарында - мыңжапырак, жусан т.б. кездеседі.
Қарағайлы орманда көп жылдық шөптесін өсімдіктерден жиі кездесетін: шатыр шөп (порезник) және тасшүйгін (патриния), бұдан басқа кейбір ылғалды жерлерінде қырыққулақ және мүктерден көкек зығыры кездеседі.
Жұмыс барысы:
1 Қарағайлы орманның жарық көп түсетін және ашық, құрғақ жерлерінде кездесетін өсімдіктермен, олардың өсу ортасымен танысып биоморфологиялық сипаттама жасау; қарағайдың даму циклімен танысу. Суккулентті өсімдіктермен: қоян от (Sempervivum),, боз кілем (Sedum) және мәңгі жасыл өсімдіктер - қарағай (Pinus) мен дөңгелек жапырақты алмұрт шөп (Pyrola rotundifolia),басқа ксерофиттерден: тасшүйгін (Patrinia), мысықтабан (Anlennaria) т.б. танысу.
Қарағайлы орман өсімдіктерініңботаникалық құрамы
Ярусы
|
Тұқымдасы
|
Түрі
|
Фенологиялық
фазасы
|
Биіктігі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 Гербарийге жиналган өсімдіктердің тізімін тіршілік формалары бойынша жазу керек. Мысалы. алдымен ағаштар тіршілік формасына жататын түрлер, одан кейін бұталар, жартылай бұталар, көп жылдық шөптер, екі жылдық шөлтер және т.б., одан кейін жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер — палортниктер, мүктер, ен соңында қыналар тіркеледі.
6 Лупа арқылы:
а) қарағайлы орманның күн жақсы түсетін жерлерінен жиналған өсімдіктерінің вегетативтік органдарын қарап, мысалы: боз кілем, мысық табан, саршатыр, коян от т.б. биоморфологиялық сипаттама беру;
б) гүлдерінің құрлысын қарап, олардын формуласын жазу;
в) қарағайлы орманда басымырақ кездесетін 7-10 түрлі көп жылдық шөптесін есімдіктерге биоморфологиялық талдау жасап, дәптерге жазу.
Қажетті материалдар: Лупа, қарағайлы орман өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап
Әдебиеттер тізімі: б, 41-43 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Қарағайлы орманда жие кездесетін көп жылдық өсімдіктерді атаңыз?
2 Қарағайлы орманда жие кездесетін ағаш тектес өсімдіктерді атаңыз?
2 тақырып Аралас орманның өсімдіктері
Мақсаты:
- аралас орманда кездесетін өсімдіктермен танысу
- аралас орманда кездесетін өсімдіктердің тіршілік формаларымен танысып, биоэкологиялық сипаттама беру
Жалпы түсінік
Құрамында немесе өсімдіктер бірлестігінде кең, - тар және қылқан жапыракты ағаш тектестер кездесетін орман түрін аралас орман дейді. Аралас орманда ағаш тектестерден басқа ірі бұта тектес, жартылай бұта тектес және шөп тектес өсімдіктер кездеседі. Жалпы жапырақты ағаш тектестер бірлестігінен тұратын орманды екіге бөледі: кең және тар жапырақты деп.
Орталық Қазақстанда негізінен аралас ормандарда басымырақ кездесетіндер тар жапырақты ағаш тектестер. Оларға қайың, көк терек, қандыағаш жатады, және бұлар температураға, топыраққа талғамы аз, бірақ жарық ылғал сүйгіш өсімдіктер. Сондықтан олар қылқан қылқан жапырақтылармен бірігіп аралас орман құрайды. Аралас орманда бұлардан басқа үйеңкі, шетен т.б., сонымен бірге бұта тектес есімдіктерден долана, үшқат, бөріқарақат, итмұрын, тобылғы, қара-қызыл қарақат, таңкурай, курил шәйіт.б. кездеседі.
Аралас орманда төменгі ярусты көпжылдық шөптесін өсімдіктер алып жатады. Оларда кездесетін ағаш тектестердің тұқымдары жел арқылы таралады, тұқымы ашық ылғалды жерге түссе, өскін пайда болып, олар жарық сүйгіш болғандықтан, күн сәулесінің қызуынан қорықпай тұтасып қаулап өсіп кетеді. Балашық ағаштар ылғал жеткілікті болса тез өсіп дамиды. еңсесі биіктеп бойлап кете береді. Бұлардан төмен орналасқан бұта тектес өсімдіктердің жемісі болғандықтан, олардың тұқымы мен жемісі жануарлар, құстар арқылы таралады, бірақ бұта тектестер вегетативтік жолмен де көбейе алады, мысалы, тамыр атпалары арқылы көбейеді.
Аралас орманда кездесетін бұта тектес өсімдіктердің халық
шаруашылығында үлкен маңызы бар. Мысалы, итмұрын мен қызыл долананың жемістері витаминдер және дәрілік препараттар алу үшін пайдаланылады, ал
кейбіреулерінің жемістері кәдімгі тамақ ретінде (таңқурай, қарақат т.б.)
қолданылады. Аралас ормандағы ағаштар жапырақ жайғанша, орман іші жарық болып тұрған кезде, яғни ерте көктемде, ондағы көп жылдық шөп тектес эфемероидтар: көктемгі жанаргүл (Аdonis vеrnаlіs), қазжуа (Gаgеа), ұйқы-шөп, (Pulsatilla patens), орман желайдары (Аnеmоnе sіlvеstrіs), астық тұқымдастардан
жатаған шағырбидай (Меlіsа nutаns) т.б. қар кетісімен вегетациялық дәуірге
көшіп және оны қысқа мерзім ішінде аяқтап, гүлдеп, жемістері мен тұқымын
береді. Аралас орманда кездесетін бұл өсімдіктердің жер астындағы тамыр
сабақтарында, жуашықтарында, түйнектерінде өсіп дамуға қажетті қор заттары болады. Бұдан басқа бұлардың қыстаған және былтырғы жылғы күзде пайда болған гүл бүршіктері үстінен қалың төсеніш қабатпен, қармен жабылып тұрғандықтан, топырақ беті қатпайды. Олар суықтан, аяздан, желден қар кеткенше сақталып тұрады. Қар ерігеннен кейін топырақта және оның жеңіл үстіңгі қабатында ылғал көп уақытқа дейін сақталып тұрады. Эфемероидтар осы мүмкіндіктерді пайдаланып, куб жылына басталсымен, бірден вегетациялық дәуірге көшіп қарқынды өсіп дамиды. Ал ағаштар жапырақ жайып, орман іші көленкеленген кезде, олардың вегетациялық дәуірі аяқталып тыныштық дәуірге ауысады. Жазда экскурсия кезінде бұл өсімдіктерді әр түрлі орман өсімдіктерінің бірлестігінде ажырату қиын, оларды тек тұқымы мен жапырақтары арқылы ғана айыруға болады. Аралас орманда ағаштардың қабық бөлімінің түсінің өзгеруіне байланысты олардың жас ерекшелігін анықтауға болады. Экскурсия барысында аралас орманның бірінші ярусын құрайтын кейбір көп жылдық өсімдіктердің өсу кезеңдеріне, яғни жас ерекшелігіне, байланысты жапырақтарының пішінінің (формасы) өзгеріп отыратындығына көңіл бөлу керек. Мысалы, орман бүлдіргенінің жас шағында жапырағы жай жапырақты болып келсе, ал ересейген шағында олардың жапырағы - үшқұлақ күрделі-ауысады. Сол сияқты қала шыршайы мен өзен шыршайының (гравилат городской, гравилат речной) жас кезеңінде жоғарғы жапырағы лира тәрізді болып өзгереді. Аралас орманның ылғалды, көлеңкелі жерлерінде бұтақтанбаған жалғыз сабағында шоқтанып орналасқан төрт жапырағы, бір ғана қап-қара жидегі бар сирек кездесетін қарғакөз (вороний глаз) және сүйсіннің (ятрышник) екі түрі кездеседі - айыл жапыракты және Фукс сүйсіні. Олардың күлгін түсті, жай масақ, жапырағының бетінде қоңырқай дақтар болады. Бұдан басқа аралас орманда мәңгі жасыл өсімдікке жататын дөңгелек жапырақты алмұртшөп (грушанка) кездеседі. Паразитті өсімдіктерден — арамсояу (повилика) кездеседі, ол таңқурай мен қалақайдың сабағына жармасып, селбесіп паразитті тіршілік етеді. Аралас орманда төменнен жоғары қарай өсімдіктердің тік болып биіктігіне байланысты қалыптасуы, яғни ярустылығы, жақсы байқалады. Ормандағы ағаш тектес өсімдіктердің биіктігін көз мөлшері бойынша анықтауға болады. Ол үшін сызғышты немесе таяқты созған қолға ұстайды да, ал оның ұшын ағаштың ен ұшына бағыттайды. Бұдан кейін бақылаушымен ағаштың арасындағы қашықтықты өлшейді және оның биіктігін мына формула бойынша есептеп шығарады:
А
Х=Аn+ h,
а
мұнда А- бақылаушыдан ағашқа дейінгі қашықтық;
а - бақылаушының көзінен сызғышқа дейінгі қашықтық;
n - бақылаушының көзінен ағаш ұшына дейінгі бағыттаушы сызықпен горизонталь сызықтың арасындағы сызғыштың бөліктер саны;
h — көз деңгейіне дейінгі бақылаушының бойы;
X — ағаштың биіктігі.
Егер ұзындығы созылған қолға, иықтан саусаққа дейін
(n=а) тең таяқ немесе сызғыш алсақ, онда ағаштың биіктігі мына формула бойынша есептеледі: Х=Аn+ h=А+ h
а
Достарыңызбен бөлісу: |