С 89 Сұлтанғазина Г. Ж. Регионалды флористика



бет5/8
Дата19.02.2017
өлшемі1,85 Mb.
#10869
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиеттер тізімі: 3, 494-495 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Жер бетінде тіршілік қашан және қайда пайда болған?

2 Өсімдіктер дүниесінің эволюциясы қалай жүрген?

2 тақырып Өсімдіктердің экологиялық топтары

Мақсаты:

- экологиялық топтар туралы ұғым беру

- экологиялық топтарға бөлінудің негіздерін анықтау

Жоспар:

1 Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтар

2 Өсімдіктердің жарыққа қатысты экологиялық топтарға бөлінуі
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

Гидрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың органдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке кутикуласы жоқ. клетка аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.

Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдығы жоғары болатын жерлерде өсетін есімдіктерді айтады. Олардың судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды. Эпидермисінің клеткаларының қабықшалары жұқа, кутикуласы жұқа, устъица аппараттары жапырақ тақтасының бетінде бірыңғай орналасқан, клеткалары үлкен, борпылдап бос жатады.

Жарыққа қатынасына байланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты беледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта көлеңкелі жерде өседі. Бұлар негізінен орманның төменгі ярусын құрайтын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық ұлпалары жетілмеген, хлорофиллдері аз болады. Бір өсімдіктің берікбасының денгейінде жарық сүйгіш және көленке сүйгіш жапырақтар деп бөледі. Жарық суйгіш жапырақтардың көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Өйткені ашық күнде, барлық уақытта өсімдіктерге жарық көп түседі де оны қыздырады, нәтижесінде судың булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда гигрофиттердің белгілерімен сәйкес келеді.

Жаңбырлы тропикалық ормандардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, өркендердің негізгі бөлігін үстінгі ярусқа, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің-ерекше тіршілік формалары - лианалар мен эпифиттер қалыптасады.

Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез өсетін өсімдіктерді айтады. Олар қатты сүйенішті пайдаланып күннің көзіне қарай жылжиды. Эпифиттер деп жердің бетінен көп жоғары жердегі ағаштардың діңдеріне қоныстанатын шөптесін өсімдіктерді айтады. Олар өз бетімен қоректенеді.

Әдебиеттер тізімі: 3,476-477 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Экологиялық топ дегеніміз не?

2 Ылғалға және жарыққа байланысты өсімдіктердің қандай экологиялық

топтары бар?



З тақырып Абиотикалық факторлар. Биотикалық факторлар

Мақсаты:

- экологиялық факторлардың классификациясымен танысу

- тақырып бойынша ғылыми ұғымдар және терминдерді игеру

Жоспар:

1 Қоршаған ортаның экологиялық факторларының топтары


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Экология - тірі организмдердің қоршаған ортамен жөне өзара қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. А.Гумбольт өсімдіктердің экологиясын ботаникалық-географиялық ғылым ретінде таныған. "Экология" деген терминді ғылымға алғашқы рет белгілі неміс ғалымы-дарвинист Э.Геккель (1869) ұсынған. Өсімдіктердің экологиясының, ботаникалық географиясынын негізінде дамуы ең алдымен А.Гризебахтың, АЭнглердің, О.Друденің аттарымен байланысты.

Өсімдіктердің экологиялық географиясын: түрлердің экологиясына, өсімдіктер топтарының экологиясына, ауылшаруашылық экологиясына, фитоценологияға бөледі. Әлемнің көптеген елдерінде экологияны экосистемалар (биоценоздар) туралы ғылым ретінде кеңінен таниды.

Өсімдіктердің өсетін ортасы, жекелеген элементтердің қатарынан -экологиялық факторлардан тұрады. Бүл факторлар өсімдіктердің тіршілік етуіне бірден-бір қажет және оларға қандайда бір болмасын әсер етеді, Қоршаған орта тірі (биотикалық) және өлі (физикалық) факторлардан тұрады. Экологиялық факторлар өсімдіктерге тікелей (жылу, ылғалдық, топырақтың құнарлығы) немесе жанама (теңіз деңгейінің биіктігі, ауа, жел) әсер етеді. Ортаның экологиялық факторлары әдетте мынадай топтарға бөлінеді:

климаттық факторға — жарық, жылу, ауа (оның құрамы, қозғалуы немесе ағыны), жауын-шашын, ауаның ылғалдығы, электр құбылыстары;

топырақ факторына — физикалық қасиеті, механикалық қасиеті, топырақ пен грунттардың химиялық, құрамы мен микробиологиясы;

биотикалық факторға — барлық организмдердің жиынтьны (жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер);

орографиялық (рельеф) факторға — теңіз деңгейінен биіктігі, беткейлердің экспозициясы (күннің түсуі) мен тіктігі;

антропогендік факторға - адам және оның шаруашылықтағы іс-әрекеттері жатады. Адам өзінің іс-өрекеттері арқылы өсімдіктерге және басқа экологиялық факторларға тікелей әсер етеді.

Алысқа бармай-ақ Қазакстанның өзінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Тың көтеруге байланысты Қазақстанның шөлейт аймағының мыңдаған гектар құнарлы жерлері есепсіз жыртылып, нәтижесінде табиғи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтарының үйлесімді жүйесі бұзылды. Онын үстіне соңғы кездері көптеген колхоздар мен совхоздардың тарауына байланысты, осы айдалған жерлердің көбісі пайдаланылмай ауылшаруашы-лық айналымынан шығып қалып отыр. Соған байланысты көптеген егістік жерлер эрозияға ұшырауда. Кейбір деректер бойынша соңғы жүз жылдықта планетамыздың егін егілетін жерлерінің 23% эрозияға ұшырап, ауылшаруашылығына пайдаланудан тыс қалып отыр. Жыл сайын теңіздер мен мұхиттарға 20 млн. м3 топырақ сумен шайылып кетіп отырады екен.

Бұған Арал тағдырын, Семей, Капустин-Яр полигондарының, Байқоныр космодромының және т.б. қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерлерін қосатын болсақ, антропогендік фактордың қоршаған ортаға тигізетін әсерінін ауқымының орасан зор екендігі ешбір талас тудырмайды. Қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы, адамның денсаулығына ғана есер етіп коймайды, сонымен бірге оның сол жерді мекендейтін халықтың генефонына да әсері үлкен болады. Соңғы кездері әр түрлі қолы немесе аяғы жоқ, болмаса ақыл-есі кеміс мутанттардың көптеп дүниеге келуі осының дәлелі болса керек. Бір сөзбен айтқанда антропогендік фактор аса қауіпті дерт, сондықтанда оның алдын алу жеке адамдардың шаруасы емес, ол мемлекет деңгейінде, қала берді әлемдік деңгейде қаралып, белгілі бір жоспармен жүргізілетін іс.

Ұсынылып отырған, тіршілік ортасын факторлерге бөлу және бұл жағдайда оларды бір-біріне қарсы қою әр уақытта болып отыратын нәрсе. Бірақ ол тек шартты түрде ғана жүреді және өте жасанды, кейде тіптен бір-біріне қайшы келеді. Сондықтан да барлық уақытта қоршаған ортаның элементгерін тығыз байланыста және бір-біріне ауысып отыру тұрғысынан қарау керек. Өйткені олардың біреуінің өзгеруі, міндетті түрде басқаларының да өзгеруіне әкеп соқтырады.

Белгілі бір факторлардың комплексі бар жекелеген территорияларды экотоптар (биотоптар деп атайды. Бұларға батпақты, құмды жерлерді, сылдырма тасты шөгіңділерді, құрғақ шөлейтгерді және т.б. жатқызуға болады. Жасыл өсімдіктердің өміріне қажетті климаттық және бірқатар топырақ факторларының физиологиялық маңызы өсімдіктердің физиологиясы курсында қарастырылады. Бірақта олардың белгілі бір ортаның әр түрлі жағдайында сан жағынан алғандағы ара салмағы және өсімдікке басқа факторлармен комплексте әсер етуі экология пәнін түзеді.

Өсімдіктер экологиясының ғылым ретінде практикалық маңызы, шаруашылықта құнды түрлерден немесе өсімдіктер жабынының участкелерінен жоғары өнім алу мақсатында, олардың өсетін ортасын зерттеу болып табылады. Тек үлкен дәлдікттен жүргізілген эксперименттік жұмыстың нетижесінде алынған мөліметтің негізінде ағаш дайындаудың, осы жердің техникалық немесе дәрілік өсімдіктерін дайындаудың қажетті мөлшерін (нормасын) жоспарлауға болады. Нормадан артық мөлшерде дәрілік өсімдіктерді және пішен дайындау немесе мал жаю табиғи өсімдіктер қорының жойылуына әкеліп соқтырады.

Отандық егін шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін жасау, даланың жағдайында эксперименттік экологиялық зерттеулер жүргізу В.В.Докучаев, Г.Ф.Морозов, С.П.Костычев, Г.Н.Высоцкий. Л.А.Иванов, В.Р.Вильямс, Б.А.Келлер, Е.П.Коровин, В.Н.Сукачев, П.АТенкель секілді орыстың ботаник-экологтарының жұмыстарында бірінші орында тұрды. Отандық экологиялық мектептің ұраны - ауыл-шаруашылық өндірісін табиғаттың стихиясы мен ауа райынын құбылмалылығынан құтқару болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанда ауылшаруашылығын механизациялаудың, химизациялаудың және электрификациялаудың деңгейі БОР-дың кезіңдегіден көп төмен болып отыр. Соған байланысты өсімдіктерге, өсіресе ауылшаруашылық дақылдарына оптимальды жағдай туғызудың мүмкіндігі агрономдар үшін оңайға түспей отыр.



Әдебиеттер тізімі: 3, 499-502 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Экологиялық фактор дегеніміз не?

2 Экологиялық факторларды қалай класссификациялайды?


4 тақырып Геоботаника негіздері. Фитоценоз құрамы

Мақсаты:

- өсімдіктер қауымдастықтарын зерттеу әдістерімен танысу

- өсімдіктер қалыптасуы мен дамуының себептерін ашу

Жоспар:

1 Ботаникалық географияның маңызы

2 Фитоценоздардың структурасы

Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Фитоценология - экологиялық географияның ең жас және шарықтап дамып келе жатқан саласы. Оның негізгі максаты өсімдіктер қауымдастықтарьн зерттеп, олардың қалыптасуы мен дамуының себептерін ашу және шаруашылықта пайдалануының жолдары мен тәсілдерін анықтау болып табылады. Сонымен бірге фитоценология өсімдіктер қауымдастықтарының кайта қалпьша келуін де зерттейді.

Фитоценоз - бұл белгілі бір территорияның бір тектес участоктерінде кездесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы болып табылады. Бұл анықтамада көңіл аударатын нәрсе мынау, фитоценоз -өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес, ол белгілі бір территориямен, басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын, өмір сүріп отырған ортасына бейімделушіліктің негізінде қалыптасқан, ұзақ уақыттар бойы журген тарихи дамудың жемісі.

Бір ғана турден тұратын фитоценоздар бар. Мұндай фитоценоздарды ерекше орталарда, түрлердің біреуінің бейімделушілік қасиетінің жоғары болуының нәтижесінде, басқа түрлерден айқын артықшылығы болатын жағдайда кездестіруге болады. Бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлерінің қалың болып өсуі, қара өлеңшөптің (камыша озерного) жер асты суының жақын жатқан жерлерінде қалың қопа түзуі мысал болады.

Тұрақты система ретінде, фитоценоздың ең маңызды қасиеттерінің бірі -оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Өсімдіктердің өздігінен қалпына келуге қабілетсіз үйлесімділігінің фитоценоздардан айырмашылығы сол, оларды өсімдіктердің топтары (группировки) деп атайды.

Фитоценоздарды универсалды бағдарламамен зерттейді. Ең алдымен олардың структурасын зерттеуге: түрлерінің құрамына, ярустығына (жер беті бөлігі мен тамыр системаларының), осы фитоценоздың түзілуіне жекелеген түрлердің ұатысына, жекелеген түрлердің өмірлік формаларына және басқа да параметрлеріне көңіл бөледі.

Фитоценологтардың басты мақсаты шалғындарды, ормандарды, тундраны, шөлейтті, шөлдерді және өсімдіктер жабынының басқа типтерін (оның ішінде мысалы, ауыл-шаруашылық дакылдары мен ағаштардың көшеттерімен ауыстырылғандары да бар) тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болыптабылады. Фитоценологтар агрономдармен, топырақтанушылармен, экологтармен, өсімдік шаруашылығын жақын арада қалайда жолға қоюдың жоспарын жасау үстінде. Олар шөлді және шөлейт аймақтарда, қорықтарда жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге олар ауылшаруашылығына пайдалы жерлерді дұрыс жоспарлауға (пландауға) және үлкенді-кішілі қалаларды, елді мекендерді, үлкен кен орындарын игеруге байланысты бүлінген жерлерді (терриковдарды, золоотвалдарды, хвосто-хранилищелерді) көгалдандырудың жоспарларын жасауға қатысады.

Әдебиеттер тізімі: 3, 502-503 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Фитоценоз дегеніміз не?

2 Ауылшаруашылық практикасыңда фитоценологияның маңызы қандай?


5 тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары

Мақсаты:

- тіршілік формаларының таралуы мен бөлінуін зерттеу тәсілдерімен танысу

- К. Раункиер бойынша тіршілік формалардың типтерімен танысу

Жоспар:

1 К.Раункиер тіршілік формасынның классификациясы


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Тіршілік форма (экобиоморфа) дегеніміз - формалар түзетін процестің (эволюциялық морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант). Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз — өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының морфофизиологиялық оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен жүреді. Тек осы генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына байланысты, сонымен бірге химиялық әсердің немесе сәулелердің әсерінің шамадан тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, реком-бинацияның (кайта түзілудің), полиподиянын негізінде өсімдіктерде серпінді өзгерістер (скачкообразные изменение) жүреді.

Тіршілік формалар туралы білім морфологияның үлкен бөлімін құрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде "Өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін салған Е.Вармингтің (1894 ж.) жұмыстарында кездеседі.

1903 ж. Дания ғалымы К.Раункиер, сол кездегі белгілі ғылыми мәліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған. К.Раункиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген. Бұл кітап та ол қысқартылып беріліп отыр: фанерофиттер (РҺ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жогары орналасады;

хамефиттер (СҺ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады);

гемикриптофиттер (Н) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады;

криптофиттер (К) - есімдіктің қайта көктеуге арналған буршіктері жердіц немесе судың астында орналасады;

терофиттер (Т) - біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді.

Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті - өсімдіктің жылдың тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері. К.Раункиердің классификациясы жан-

жақты (универсальды), ол жер шарының барлық экологиялық-географиялық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды. И.Джеффридің, А.Н.Красновтың, сонымен бірге Э.Сината мен Бейлидің (1914 ж.) салыстырмалы анатомиялық зерттеулері ағаштардың шөптесін өсімдіктерге қарағаңда ерте пайда болған деген көзқарастың дұрыстығын дәлелдеді. К.Раункиердің өзі тіршілік формаларын адаптациялық (бейімделушілік) эволюцияның барысында қалыптасқан феномен деп қараған. Тіршілік формаларының құрамы осы елдің климатының көрсеткіші (индикаторы) болуы мүмкін. Тіршілік формаларының таралуы мен бөлінуін зерттеу барысында К.Раункиер, статистикалық талдау (анализ) тәсілін ойластырып тауып, оны практика жүзінде колданған.



Әдебиеттер тізімі: 3, 474-476 бет

Пысықтау сұрақтары:

1.Тіршілік формасы дегеніміз не?

2.К.Раункиер тіршілік формасын калай классификациялайды?

6 тақырып Фитоценоздардың ауысуы

Мақсаты:

- ассоциацияға терминге анықтама беру

-ассоциацияны сипаттайтын диагностикалық белгілермен танысу

Жоспар:

1 Ассоциацияны сипаттайтын диагностикалық белгілер

2 Өңдеу процедурасының этаптары
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Ассоциация (ағылшынша -аssосіаtіоn, латынша -аssосіаtіо қосу, құрама)

- фитоценоздардың классификациясындағы негізгі синтаксон . Ассоциация терминін бірінші қолданған неміс ғалымы А.Гумбольдт (1805 ж) Брюссельдегі (1910 ж) конгресте ассоциацияга мынадай анықтама берілді: "Ассоциация "-тіршілік ететін орын жағдайлары біркелкі және сырт көрінісі (физиономиясы) біркелкі белгілі бір флоралық құрамы бар өсімдіктер қауымы". Сол уақыттан "ассоциация" термині көптеген елдерде өсімдіктер жабындарының негізгі өлшем бірлігі ретінде пайдаланылып келеді. Ассоциация өзінен кіші майда бөлшектерге бөлінеді (субассоциация, ассоциациялар варианттары), сонымен бірге флоралық ортақтығына ірі синтаксондарға (одақтар, қатарлар, кластар тобы, дивизиондар) біріктіріледі. Біздің елімізде (бұрынғы ССРО) ұзақ уақыт бойы ассоциациялар доминантардың ортақтығына байланысты бөлініп келді.

Содан кейін олар сыртқы (физиономиялык) белгілеріне қарай топтастырылды, Мысалы ассоцяациялар тобы, ассоциациялар класы, формациялар тобы, сформациялар класы өсімдіктер жабындарының типтері.

Біздің елімізде ассоциацияны атаудың өте қапапайым жүйесі кең тараған. Оның екі әдісі бар . Бірінші әдісіне бірнеше диагностикалық түрлерді "+" (бір яруста) немесе "-" (әр түрлі яруста) белгілерімен біріктіру арқылы құрастырылады. Синтаксон атына кірген түрлер атау септігінде беріледі. Егерде вегетациялык маусымда бір яруста доминанттар алмасатын болса онда олар стрелка арқылы қосылады:

Біздің елімізде қолданылатын осы екі әдістің әрине жоғарыда айтылып өткен біріншісі оңай әрі ыңгайлы. Бұл екі әдістеде ассоциацияға ат қою үшін доминанттар пайдалынылады. Біздің ойымызша жоғарыда айтылып өткен Браун-Бланке мектебі - сигматизмді қолдаушылардын тәжрибелерін, принциптерін пайдаланған мақсатқа сәйкес, орынды болар еді .

Ассоциацияны сипаттайтын диагностикалық белгілер бірнеше фитоценоздарды салыстырып зерттеу нәтижесінде анықталады. Ценоздарды салыстырмалы зерттеу нәтижелері құрама таблицаға (доминанттарының ұқсастығына байланысты бір ассоциацияға жатады а.у деген болжаумен) жинақталады. Кестенің жоғарғы бөлігінде ценоздарды сипаттап жазу номерлері, сипаттау уақыты және тіршілік ету орнын сипаттайтын белгілері келтіріледі.

Кестеде түрдің Друде бойынша және % тік шартты белгілері мынадай:

Қосу (+) немесе ип-өте сирек , проекциялық жабыну 1% аз;

1 немесе жеке; sоl-бірлі-жарым, проек. жаб. 1-5%;

2 немесе шаш; sр-шашыраңкы, проек.жаб. 6-15%;

3 немесе ед.мол; немесе сор, едәуір мол, проек.жаб. 16-25%;

4 немесе мол2; немесе сор2 - мол, проек.жаб. 25-50%;

5 немесе мол3; немесе сор3 өте мол, проек.жаб. 51-75%:

6 немесе бас, немесе sос- басым проек.жаб. 76-100%

сынақ аудандары осылайша сипаттап жазылған бланк-таблицалар зерттелетін

аимақтың өсімдіктер жабынын толық бейнелеуге пайдалынады. Пайдаланбас

бұрын ол бланктер өңделіп топтастырылып, алдын-ала оларға ат беріледі.

Өңдеу процедурасы мынадай этаптардан тұрады:

І) Эколого-флоралық анализ (талдау);

2) Флоралық құрамды фитоценотикалық талдау;

3) Қауымдарға далада қойылған аттарына сәйкес бланктерді бірінші сорттау

(іріктеу);

4) 0ртаның басты факторларына байланысты сынақ аудандарын орналастыру

5)Жинак таблицасын бірінші дайындау, яғни сынақ аудандарын сипаттап

жазудың жинақ тізімін жасау;

6)Таблицадағы мәліметтерге салыстырмалы анализ жасап

оларды ретіне қарай орналастырып қайтадан топтастыру;

7)Фитоценоздардың таксономиялық орнын және олардың аттарын біржолата

(соңғы)анықтау;

8)Ассоциациялардың және олардың бірлестіктеріне текстік сипаттамасын беру;

9)Бөлінген ассоциациялардың және басқада өсімдіктер жабыны бірлестіктерінің экологиялық және сукцееслялық байланыстарының графикалық бейнесін беру;

10) Ғылыми және практикалық қортындылар.

Әдебиеттер тізімі: 1, 144-150 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Ассоциацияны сипаттайтын диагностикалықбелгілер қалай аңықталады?

2 Өңдеу процедурасы қандай этаптардан тұрады?


7 тақырып Өсімдіктер фенологиясы

Мақсаты:

- Қазақстандағы интродукционды зерттеулердің әдістемелерімен танысу



Жоспар:

1 Қазақстандағы интродукционды зерттеулердің әдістемелері


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Қарастырып жатқан өсімдігіміздің вегетативті және генеративті мүшелерінің қалпын сипаттайтын фенологиялық формула белгілі бір уақытта журналға тіркелінді. Қолданыста бар барлық фазалар көрсетілді.

Өсімдіктің мерзімдік дамуының кешендік бағасы үшін, әрбір бақыланған фенофаза бойынша оның сандық көрсеткіші белгіленді және мүшелер санының визуалды тіркеу жолымен келтірілді. Оларды фенофазаның шартты белгілерінің алдында санмен жазады.

1 - белгілі бір фенофазаға кем дегенде 50% мүшелер енген күн;

2 - 50% - тен жоғары.

Әрбір түрге жататын өсімдіктің кем дегенде бес моделі таңдалып алынды. Әртүрлі жастағы және шығу тегіне қарай көрсетілген үлгілері бөлек қарастырылады, фенологиялық гетерогеннің ішкі түрін көрсету үшін, ол интродукциалды өсімдіктермен жұмыс істегенде маңызды болып табылады. Маусымдық дамудың ритмнің сәл өзгеріске түсуі, жаңа ортаға өсімдіктің әртүрлі адаптациялық өзгеріске әкелуі мүмкін.

Өсімдіктің вегетация кезінде кем дегенде 5 жыл ішінде аптасына екі рет фенологиялық бақылау жүргізіледі.

Шөптесін өсімдік

Вегетативті жерүсті өркендерінің фенологиясы:

В1 - маусымдық көктемгі өсуінің бастапқысы - өсімдік бүршігінен немесе гүл шанағынан өсіп шыққан күні, немесе өскіннің жоғары сыртқа қарай шығуы.

В2 - жапырақтың ашылуы жапырақ пластинкасының өзіне тән пішінге келуі, бірақ әлі де қалыптц мөлішерге келмеуі.

В3 - өркен өсуінің аяқталуы, яғни жапырақтың және сабақтың бойының өсуінің аяқталу уақыты.

Л1 - жапырақтың тіршілігін жоюы - жапырақтың түсінің алғашқы өзгерісінің пайда болған немесе кеуіп қалған күні.

Л2 - жапырақтың толық тіршілігін жоюы - барлық түрлерде вегетацияның аяқталуы, қысқы — жасылдан басқасы.

Б - бүршік қабыршақтарының ажыратылуы нәтижесінде гүл шанағы пайда

болады және оның жай көзбен көруге болады.

Ц1 — гүлденудің бастамасы — алғашқы гүлдің ашылуы

Ц2 - гүлденудің соңы - соңғы гүлдердің қурауы

Пл1 - жемістері пісіп, тұқымдарының шашыла бастауы.

Аталған бақылаулардан басқа фенологиялық журналға мезгілдік құбылыстармен байланысты келесі фактілерді енгізу ұсынылады:

М - көктемгі немесе күзгі үсіктермен өсімдіктің зақымдалуы

Р - вегетативті жаңартылған жерүсті мүшелерінің (мұртшаларының, тамыр еркендерінің және тагы басқа)

С - өздігінен егілудің пайда болуы

Алынған мәліметтердің негізінде өндеу жүргізу барысында келесідей силаттамалар орнатылады:

Вегетацияның ұзактылығы - маусымдық өсуінен (В1) вегетацияның соңына (В2) дейінгі өсімдіктін тіршілік уақыты.

Қыстайтын жапырақтары бар өсімдіктерде вегетацияның шектік кезеңін шартты түрде өсіп өну күнімен және кар жамылғысының пайда болуын есептеуге болады.

Өсу ұзақтылығы - көктемгі өркеннің өсу бастамасымен (В1) және өркеннің өсу соңының (В2) арасындағы уақыт кезеңі.

Феноритмотип өсімдіктің жерүсті мүшелерінің анықталады (В1 – Л2).

Гүлдену ұзақтылығы гүлденудің бастапқы (Ц1) және сонғы (Ц2)

аралықтағы уақыт кезеңі.



Әдебиет: 22, 26-28 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Өсімдіктің вегетативті сипаттайды?

2 Фенологиялық формула дегеніміз не?


8 тақырып Фитоценоздың флоралық құрамы және зерттеу әдістері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет