Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет1/3
Дата29.03.2017
өлшемі319,37 Kb.
#12718
түріСабақ
  1   2   3
Тақырыбы: Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік:             Оқушыларға Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята отырып, картамен жұмысты жандандыру, танымдық белсенділігін дамыту.

  1. Тәрбиелік: Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін сүюге, құрметтеуге, табиғатты аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Аустралияның физикалық  картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км². Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді. Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м.

  • Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк.

  • Аустралия — Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.

  • Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған

  • Материк жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.

  • Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр.

  • Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16м).

Географиялық орны. Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалауындағы нашар тілімденген, материктің оңтүстік-шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28ºС-қа жетсе, қыста +20ºС-тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі. Толысу кезінде ғана кемелер олардың арасымен ашық мұхитқа шыға алады. Аустралияны жан-жағынан мұхит сулары шайып жатқанымен , оның көпшілік бөлігіне жауын-шашын өте аз түседі. Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Тек шығыстағы Үлкен Суайрық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана палеозойлық қатпарлық құрылым тән болады. Көршілес орналасқан Тынық мұхит литосфералық плитасындағы қозғалыстарға байланысты материк бірнеше рет тұтастай көтерілді және төмен түсіп, майысуларға ұшырады. Соның әсерінен одан Жаңа Гвинея аралының Оңтүстігін құрайтын бөлік пен Тасман аралы бөлініп, бұғаздар мен шығанақтар жүйесі қалыптасты.

Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда орташа биіктігі 400-600 м-лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000-1500 м-га жетеді. Құрғақ климат жағдайында жүретін физикалық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалыптасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен құмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы құрылымдарымен шектескен бөліктеріне ойпаттар сәйкес келеді.

Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цирконий (алмастың түрі) кендеріне бай. Аустралияның оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газ мол қоры бар.

 

Жаңа сабақты бекіту:


  1. Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне ұқсас болып келеді?

  2. «Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері» тақырыбы бойынша Аустралияның зерттелу тарихындағы маңызды оқиғаларды еске түсіріңдер.

  3. Аустралияның жер бедері қандай, оны Африканың жер бедерімен салыстырыңдар.

  4. Физикалық картаны пайдалана отырып, материкте кең таралған пайдаоы қазбаларды атаңдар.

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Аустралия және мұхит аралдарын, географиялық орнын және жер бедері мен пайдалы қазбаларын айтып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §53-оқуға. Кескін картаға  Аустралия орталығын салып  келу

Тақырыбы: Мұхит аралдары

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларды Мұхит аралдарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұхиттың орталық және оңтүстік-батысында шоғырланған аралдардың тобын Мұхит аралдары деп атайды. Бұл аралдардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1,3 млн км² болады. Мұхит аралдары экватордың екі жағында, солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зелендия, Гавай, Фиджи және т.б. аралдар жатады. Тарихи географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдарына Меланезия («қара аралдар»), Микронезия («ұсақ аралдар»), Полинезия («көп аралдар») және Жаңа Зеландия болып бөлінеді.

Мұхит аралдары еуропалықтарға Ф.Магеллан саяхатынан кейін ғана белгілі болды. Кейіннен бұл аралдар туралы мәліметтерді Джеймс Кук пен орыс саяхатшылары жинақтап, толықтырды. Әсіресе, Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрған орыс ғалымы Н.Н.Миклухо-Маклай Мұхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде құнды ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Мұхит аралдарында саяхатшылардың құрметіне қойылған географиялық атаулар көп таралған.

Табиғаты. Мұхит аралдарының әсем табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аралдардың кейбірінде асқақтаған таулар басым болса, кейбіреуін, теп-тегіс жазықтар алып жатыр.

Мұхит аралдары Тынық мұхит табанындағы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Аралдардың басым көпшілігі жанартаулық әрекеттерден түзілген. Жанартаулық аралдардың ең ірісі – Гавай аралдары. Мұндағы сөнбеген Мауна-Лоа жанартауының биіктігі 4170 м. Ал екі литосфералық плиталардың жымдасу аймағында қалыптасқан аралдар геосинклиналдық аралдар болып табылады. Олардың ең ірісі – Жаңа Зеландия аралдары. Жанартау атқылауы геосинклиналдық аралдарда да күшті байқалады. Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы сөнбеген Руапеху жанартауының биіктігі 2796 м-ге жетеді.

Географиялық орнына сәйкес, Мұхит аралдарында ауа температурасы жыл бойы жоғары болады, бірақ мұхиттан соғатын ылғалды желдер климатты жұмсартады, ылғал бір қалыпты түседі. Жаңа Зеландия аралының қоңыржай белдеуге енетін оңтүстік бөлігінде ғана температура біршама төмен болады. Экватор бойында жатқан аралдарда жел болмайды. Ал екі тропиктегі циклондар жолында жатқан аралдар тайфундардың жойқын ықпалына жиі ұшырайды.

Халқы мен елдері. Адамдар мұхит аралдарын ежелден қоныстанған. Олардың аралдары қоныстануы мен шығу тегі жайлы көптеген жорамалдар болғанымен, ғалымдардың көпшілігі оларды Оңтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударғандар деп есептейді. Мұхит аралдарының негізгі халқы – папуастардың тұрмыс-тіршілігі туралы нақты ғылыми деректерді орыс саяхатшысы Н.Н.Миклухо-Маклайдың еңбектерінен табуға болады.

Мұхит аралдарында Папуа-Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия және тағы басқа ұсақ аралдық елдер орналасқан. Мұхит аралдарының қазіргі халқы кокос пальмасы, батат, ананас, банан, қант құрағы, күріш өсіреді, балық аулаумен айналысады. Сонымен қатар аралдарда тас көмір, алтын, мыс өндіріледі.

Мұхит аралдарындағы ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған ел – Жаңа Зеландия. Елдің жері екі үлкен арал мен көптеген ұсақ аралдардан тұрады. 3,5 млн-нан астам халқы бар. Жаңа Зеландияда Еуропадан қоныс аударғандардың ұрпақтары – жаңа зеландиялықтар тұрады.

Байырғы маорилер ел халқының 10%-ын ғана құрайды. Жаңа Зеландия халқының әл-ауқаты жоғары елдер қатрына жатады. Астанасы – Веллингтон қаласы.



Жаңа Зеландия ауыл шаруашылығы өте жоғары дәрежеде дамыған, халқы қой және ірі қара өсірумен, егіншілікпен, балық шаруашылығымен айналысады. Елдің әр тұрғынына шаққанда малдың басы 20-дан асады. Д.ж.-нің көптеген елдеріне қой жүнін, ет, сары май, ірімшік, жемістер мен балық өнімдерін сатады.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Мұхит аралдарының географиялық орнын анықтаңдар.

  2. Қалыптасуына қарай аралдар қалай топтастырылады?

  3. Аралдар табиғатын зерттеген қандай басты ерекшеліктері бар?

  4. Физикалық және климаттық карталарды пайдаланып, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландияның табиғат жағдайларын салыстырыңдар.

  5. Мұхит аралдарында қандай халықтар тұрады?

Қорытынды: Қорыта келгенде, Жаңа Зеландияда табиғатты қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Жерінің 16%-ын қорықтар мен ұлттық парктер алып жатыр. Елде 10 ұлттық парк бар.

Үйге тапсырма: §58-оқуға. Кескін картаға мұхит аралдарын түсіп келу.

Тақырыбы: Ауа температурасы мен қысымының таралуы

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру

  2. Дамытушылық: Ауа температурасын карта бойынша кестені оқу, білу және қысымды анықтау

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің тұрған жерлеріндегі ауа температурасымен қамтамасыз ету мәселесімен таныстыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Суреттеп түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Дүние жүзінің картасы, климат картасы

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындалу

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер шарының ауа қабаты – атмосфераның құрамы мен құрылымы.

Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары-бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға-қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеп соқтырады.

Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор.

Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобара, жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изогиета деп атайды.

Ауа массалары:


  1. Экваторлық – төмен қысым-0ºС

  2. Тропиктік – жоғарғы қысым-30ºС

  3. Қоңыржай – төмен қысым

  4. Антарктикалық – 65ºС

Ауаның әрқашан жоғары қысымды аймақтардан төмен қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Сол себепті экватор маңындағы жоғары өрлеген ауа төмен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуынабайланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 30ºс.е. пен 30ºо.е. маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде Жоғарғы қысымды белдеулер қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төмен қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.

Сонымен, жер бетінде жоғары өрлеген ауа ағыны басым аймақтарда төмен қысым, төмендеген ауа ағыны басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.

 

Жаңа сабақты бекіту:


  1. Атластағы климаттық карталарды пайдалана отырып:

  1. Еуразиядағы 60ºш.б. меридианы бойымен;

  2. 40º және 50ºс.е. бойынша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар.

  1. Жауын-шашынның жылдық мөлшері қанша болуы тиіс

  2. Қыс пен жазда ауа массаларының желдердің бағытын анықтау

  3. Төменгі ауа массалары нені білдіреді

  4. Қандай белдеуде ауа қозғалысы қалай пайда болады

 

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, атмосфераның жердегі тіршілігі үшін маңызын анықтадық. Жер бетінде ауа теапературасы мен қысымның таралуын, атмосфералық қысым белдеулерімен таныстық, білдік.

 

Үйге тапсырма: Атластағы климаттық картаны пайдалану, §6 оқу.      Климаттық картамен жұмыс жасау



Тақырыбы: Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб.

Мақсаты:                                                    

Білімділік: Оқушыларға масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез-келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме-дәл қағазға түсіруді үйрету.

Дамытушылық: Азимут туралы білімді одан әрі тереңдету, оқушыларды бағдарлауға, олардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде  оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі

  3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

  4. Сабақты қорытындылау кезеңі

  5. Бағалау кезеңі

  6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

 


Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі

(20 мин)


Масштаб дегеніміз (немісше мас-өлшеу; штаб-таяк)- жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек санды айтады.

Масштаб


 

Сандық                   атаулы                сызықты

1.      Сандық масштаб туралы айтып, мысал келтіру.

2.      Атаулы масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан атаулыға айналдыруды үйрету.

3.      Сызықты масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан сызықтыққа айналдыру жолдарын үйрету.


Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

 

 



 

 

 



3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

(10 мин)


Картадан материктердің Солтүстіктен Оңтүстік бағыттағы қашықтығын өлшеу, екі қала аралықтарын өлшеуді, масштабқа айналдыруды үйрете отырып төмендегі тапсырманы беру:

—          Еуразия материгінің С-О бағытындағы қашықтығын  өлше;

—          Алматы мен Астана қала аралықтарын өлшеп, масштабын анықта;

—          Мәскеу мен Астана қаласы аралығындағы ара қашықтықты өлшеп, масштабын анықтау, сандық маштабтан сызықтық масштабқа айналдыр.

 

 

 



 

 

 



 

Картаны пайдаланып тапсырмаларды орындау. Түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап алу.

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

(10 мин)


Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

1.      Масштаб дегеніміз не?

2.      Оның неше түрі бар?

3.      Масштабтың қандай маңызы бар?

4.      Түрлері бойынша мысалдар келтір.


Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

5. Бағалау кезеңі

(2 мин)


Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)


§ 8 оқу, Қара теңіз жағалауының ұзындығын анықтап, масштабын тап.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет