Сабақтың тақырыбы: Материктер мен аралдар
Сынып: 5
Мерзімі:
Сабақ мақсаты: Жер шарындағы материктердің орналасу жағдайы, аралдардың шығу тегіне қарай бөлінуі туралы, материк пен аралдардың айырмашылығын салыстыру арқылы баға беруге үйрену.
Күтілетін нәтиже:
1) Барлық оқушы: оқулық, карталар, кестелер арқылы жер шарындағы материктермен аралдарды анықтайды
2) Көпшілігі: Материктермен аралдардың шығу тегі бойынша ерекшеліктерін өзара салыстыра алады
3) Кейбір оқушылар: Атластар, оқулық, тапсырмаларды қолданып,материктермен аралдарды кескін картаға түсіріп,баға беруді үйренеді
Міндеттер:
- оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту;
- сабақ мақсатына жетуге мүмкіндік беру, қолайлы жағдай орнату;
-Атласпен,оқулық карталармен, суреттермен, кестемен жұмыс істеу тәсілдерін үйретуді жалғастыру;
- Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге, өзін әділ бағалай білуге тәрбиелеу болады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Құралдар: оқулықтар, қосымша материалдар, ДЖ-ның физикалық картасы, интерактивті тақта, маркер, қима қағаздар,атлас, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: топтық,текшелер арқылы бағалау ,диаграмма венн, кластер,
Номенклатура: Жер шарындағы материктерді, аралдардын аттарын,орындарын білу
Сілтеме: Б. Әбдіманапова «Атамұра» 2015, қосымша мәліметтер
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың
іс-әрекеті
|
Ұйымдас-тыру
кезеңі
|
3 м.
|
Оқушылармен амандасу, танысу. Оқушылардың сабаққа қатысу дайындығын тексеру.
Гүл сыйлау арқылы бір біріне жақсы тілек айту.
|
Оқушылар амандасады. Сабаққа дайындалады.
Гүл сыйлау арқылы бір біріне жақсы тілек айту.
|
|
6 м.
|
-Сыныптың сабаққа деген зейінін шоғырландыру және тақырыпқа шығу мақсатында жұмбақты қолдану.
Төрт бөшкеге 6 кит, 40 мың акулалар тұздалған. /материкпен мұхиттар/
Үлкен, кіші құрғақ жер, жан-жағынан су қоршалған./материктермен аралдар/
Олай болса біздің бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?
1,2,3 сандар арқылы топқа бөлінеміз.
Жұмысты геометриялық фигуралар арқылы бағалау:
Жұлдыз- өте жақсы
Төртбұрыш-жақсы
Үшбұрыш-орташа
Дөңгелек-төмен
|
Сыныптың эмоциялық ақуалы жұмбақтар арқылы қалыптасады.
- сабақтың мақсатын әр оқушы жеке-дара қояды.
Және мұғалімнің сабаққа қойған мақсатымен танысады.
|
Негізгі бөлім.
|
20 минут
3 мин
|
Күтілетін нәтижеге жету мақсатында топтарға әр түрлі тақырыпшалар беріліп, геометриялық фигуралар арқылы түсінік деңгейі бағаланады
1 топ- Материктердің табиғат ерекшеліктеріне қарай түрлілігі, картадан көрсету. ( Кластер арқылы ерекшеліктерін саралау)
2 топ- Кестені толтыру.
Материк-тердің аты
|
Ерекше-лігі
|
Қандай жарты шарда орналас-қан
|
Қандай мұхит суларымен қоршал-ған
|
|
|
|
|
3 топ- Шығу тегіне қарай аралдардың орналасуы,аттарын суреттер,карта арқылы көрсетіп, түсіндіреді.
Осы тапсырманы орындау үшін бағалау критерийлері беріледі.
Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, өнімнің/тапсырманың талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі)
5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі.Әр топқа түскен ойларын флипчартқа түсіру. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
«Сәйкестендіру» арқылы түсінік дәрижесін бағалау
Антарктида Маршалл
Калимантан материк Аустралия
Гавай архипелаг Гренландия
Бафин жері маржан арал-ы Мальдив
Африка материктік ар-р Үлкен Аустрия
Тосқауыл рифі
|
1 топ- Материктердің табиғат ерекшеліктеріне қарай түрлілігі. ( Кластер арқылы ерекшеліктерін саралау)
2 топ- Кестені толтыру.
Материк-тердің аты
|
Ерекше-лігі
|
Қандай жарты шарда орналас-қан
|
Қандай мұхит суларымен қоршал-ған
|
|
|
|
|
3 топ- Шығу тегіне қарай аралдардың орналасуы,аттарын суреттер,карта арқылы көрсетіп, түсіндіреді.Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, өнімнің/тапсырманың талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі)
5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі.Әр топқа түскен ойларын флипчартқа түсіру. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Оқушылар сәйкестендіру тест орындайды.
|
Рефлексия
|
7 мин
|
Тақырыпты қорытындылау, - Арал мен материктерді салыстыру
(Венн диаграммасы арқылы анықтау, мысалдар беру)
|
Тақырыпты қорытындылау,
Арал мен материктерді салыстыру
(Венн диаграммасы арқылы анықтау, мысалдар беру)
Табыс критерилері арқылы эксперттік топтар өзара бағалайды
|
Сабақты бағалау
|
6 минут
|
Сабақ басындағы мақсат пен күтілетін нәтижеге қайтып оралу, сабақты қорытындылауға мүмкіндік беру
Жалпы жұмыс бойынша кері байланыс
|
Оқушылар өз мақсаттарына қайтып оралып, жетістік критерилері арқылы өзін-өзі бағалайды,ауызша топтарында саралайды, қорытынды шығарады
|
Достарыңызбен бөлісу: |