1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты


-мәтін Шаштараз-стилист Қанат Құдайбергенов



бет64/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

7-мәтін
Шаштараз-стилист Қанат Құдайбергенов:
1 Шашты жуғанда сусабынды аз қолдану қажет. Көп мөлшерде қолдану шашқа артық
2 салмақ түсіріп, құрғатып жібереді. Ыстық су шашты құрғатады, қайызғақты көбейтеді.
3 Сондықтан жылы сумен жуған дұрыс. Сусабыннан соң міндетті түрде бальзам
4 немесе кондиционер шайғыштар қолдану керек.
5 Шашты ысқылап сүртіп, орамалмен орап тастау зиян. Шашты жуғаннан соң 4
6 минутқа ғана сәлде сияқты ораңыз. Майлы шашты аптасына 3 рет, құрғақ шашты 2 рет
7 жуу жеткілікті. Аптасына бір рет міндетті түрде шаштың түсуінің, құрғауының,
8 ұштануының алдын алатын маскалар пайдаланған абзал.


8-мәтін
Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Жағаға көкпеңбек жылтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз. Осындай кезде шыр-шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол-қайқықұйрық, қара торғай. Торғай шолп етіп, ағынды суға сүңгіп кетеді. Мөлдір судың түбінде жорғалап, тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. Әне, ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған. Оны да елең етпестен зыр жүгіріп, баяғысынша әндетумен болады.
Қандай ғажап құс! Бұл құсты «су торғайы» дейді. Ол қысы-жазы бірдей жемін су түбінен табады.


4-мәтін
Мен бірде орман ішінде келе жатып, жабайы алма ағашын көрдім. Маусым айы болатын, алмалар әлі піспегендіктен жасыл еді. ...... мен қып- қызыл болып піскен алманы байқап қалдым. Қызыл алма сөйлеп қоя берді: - Менің қызыл болып ерте піскеніме таңғалып тұрсың ба?- Әрине. Бірақ мен сенің сөйлей алатыныңа ерекше таңданып тұрмын. - Мен сиқырлы алмамын. Әр маусым сайын мен осы алма ағашында пісіп, жетілемін. Мені жеген адам өте бақытты болады. Кел мені жей ғой. Мен алманы тістеп жеп көріп едім, бойымды шаттық биледі. Ал алманы жеп бітірген кезде шексіз бақытқа бөлендім.


5-мәтін
Мұз сұп-суық. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден жан жылулығын күтіп ұзақ тұрды. Ол үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп кетуге бар еді.
Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тірліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен күлімдеді. - Неткен сұлу! – деді Күн. - Сен де, - деді Мұз.
Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты.


7-мәтін
Соңғы үш жылда Елордада бала саны көбейген. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді.«Астана жастар қаласына айналып келеді. Қала тұрғындарының басым бөлігі – жас отбасылар. Барлығы дерлік балалы-шағалы. Егер 2008 жылы қалада 58 мың бала тіркелсе, биыл бала саны 90 мыңға жетті. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш»,- деді А. Балаева. Биыл Елордада «Балапан» бағдарламасы аясында 6 балабақшаның құрылысы аяқталыпты. Тағы 4 балабақша жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет