1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет60/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

Оқушының аты-жөні_______________________________________________________________
1-мәтін
Торғай
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды.
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.
Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды. Мен жөніме кеттім.


2-мәтін
Қазақ хандары
ХV ғасырда құрылған Қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген. Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Әрбір жүз тайпаларға, тайпалар - руларға, рулар аталарға бөлінген. Қазақ халқында қоғамның билеуші тобының жоғарғы сатысында - хан тұрған. Халқымыздың ең ірі хандары Тәуке, Абылай және т.б.болды.
3-мәтін Киімдер
Ерлердің киімдері: жейде, шалбар, қамзол, ішік, тон. Ерлердің бас киімінің түрлері көп: қалпақ, тымақ, бөрік, малақай, т.б.
Әйелдердің ұлттық киімдері ерекше болады. Олардың киімдері әсем өрнектермен оюланып тігіледі. Көйлектердің сыртынан алтын жіппен, асыл тастармен әшекейлеген қамзол киіледі. Үйлену тойына киілетін сәукеле қымбат тастармен, күміс, маржанмен әшекейленеді. Бұны жасаушылар бір жыл еңбектенген, көп қаржы жұмсаған.
4-мәтін
16 желтоқсанның ақ таңы алаулай атты. Ашық аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Арқаның шыңылтыр аязы шымырлата қысқанымен, ауа таза, төңірек тымық. Ақ қарды күн нұрымен шағылыстыра, көз қарықтыра шықырлатқан Арқаның аязы ару Астананы арайландыра түскен. Мереке құшағындағы елорда тұрғындары мен қонақтары қыстың қысқа күні арқан бойы көтерілген кезден-ақ Есілдің сол жағалауына ағылуда. Аязбен алабұртқан жұрт жүзінде ерекше бір тамашаға ынтыққан әуестік бар. Иә, бүгін «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы ашылды!
5-мәтін
Бала кезіміз. Ауылдың дәл іргесінде көлшік бар. Қаулап өскен қалың қамысы ауыл шетіне тиіп тұр. Басы аппақ үлпілдек қамыс. Бүкіл бала біткен күнұзақ соны қызықтаймыз. Бір күні маған: «От тигізіп көрер ме еді» деген қызықты ой келді. Үйден сіріңке алып шықтым да, әй-шәй жоқ үлпілдекке от тигіздім де жібердім. Міне, қызықтың көкесі... Әбден қурап тұрған қамыс лаулай жөнелді. Қуанышымызда шек жоқ. «Алақайлап жүрміз». Бірақ қуанышымыз ұзаққа бармады. Алапат өрт тура ауылға қарай лапылдап барады. Мұндай болар деп кім ойлапты. Жұрттың бәрі улап-шулап қоя берді. Жан алып, жан беріскен арпалыс басталды. Көпшілік қоя ма, өлдім – талдым дегенде ауыздықтады.


6-мәтін
Сыртқа шыға келсе, көп адам әлденені тамашалап тұр екен. Шоқан олардың қасына келеді. Топтың ортасында қара өгізге теріс қаратып мінгестірген еркек пен әйел, беттері қара күйе.

  • Бұл не масқара? – дейді Шоқан.

  • Мына екеуі шариғат жолын бұзған жүзіқаралар, бұл - сол үшін оларға берген атаңыздың жазасы.

Шоқан жәбірленген екеуді дереу босаттырып жіберіп, әкесіне келеді де:

  • Ата, әлсізге әңгір таяқ ойнатқаныңыз не? Егер шариғат жолы десеңіз, осындай қылығы үшін өз ұлыңыз Жақыпқа неге жаза қолданылмай жүр? – депті.



7-мәтін
Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден озар алдында қасына ұлын шақырып алып: «Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір байлығым бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан,»- депті.
Күндердің бір күні бала әкесінің қалдырған қазынасын іздеймін деп жолға шығып, әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.

  • Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ, - деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін тауып беріпті.



3-мәтін
«Бақытым бар үшінші – Отан деген» деп ақын жырлағандай адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Атамекенді сүйе білген адамда бәрі де: баспана да, құрмет те, атақ та, асқақ арман да болады. Әркімнің туып-өскен ауылы, қаласы - оның кіші Отаны. Қазақ жері – кең өлке.
Отанымыздың табиғаты да таң қаларлықтай бай. Еліміз осындай жетістіктерге бірден жеткен жоқ. Батыр бабаларымыз жер үшін жаулармен күресті. Тәуелсіз ел болуды аңсады. Атамекенін қорғады. Олардың қорғап қалған кең-байтақ қазақ жері – өз ұрпақтарына қалдырған мұрасы, тапсырған аманаты! Сол аманатты көзіміздің қарашығындай қадірлеп ұстауға тиістіміз!
Қазақ тілі 6-сынып
1-мәтін
Су асты жартастарының арасындағы жолды тек дельфин ғана білетін және әрқашан көмекке келетін. Бұғаздан аман-есен өткен теңізшілер қуаныштан дельфинге қолдарын бұлғап: «Алақай!» деп шуласып жататын. Бұл жолы бұғазда «Пингвин» атты кеме пайда болды. Әдеттегідей, дельфин көмекке асықты. Бірақ бір жауыз әрі ақымақ адам палубада тұрып, мылтықтан оқ атты. Сөйтіп, ол дельфинді жаралады. «Пингвин» атты кеме бұғазда жартасқа соғылып апатқа ұшырады. Міне, бақытсыздық деген.


2-мәтін
Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады. Әйелі оған бір кесе беріп:
- Мына кесеге еріген май құйғызып әкел,- деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының
шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. ........ май кесеге сыймай, асып кетеді.Сол жерде сатушы:
- Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді. Қожа жалма -жан кесесін төңкеріп жіберіп:
- Қалғанын мына жағына құй - деп, кесесінің түбіне құйғызып алыпты.
3-мәтін
Көктем еді. Сабақ аяқталды да, мен далаға жүгіріп шықтым. Ауладағы орындықта мені Әсел мен Алма күтіп отыр. Мен оларды көргеніме қатты қуанып, шаттана күліп жібердім.
Біз үшеуіміз қала көшесімен келе жатырмыз. Көктемнің ашық аспаны, жанға жайлы самал желі рахатқа бөлейді. Айнала әсем де көңілді еді. Балалардың сыңғырлаған күлкісін, үлкендердің көңілді дауыстарын есту қандай тамаша!
Кешке үйге қайтып келе жатқанда ерекше бір хош иісті сезіндім. Сөйтсем, дүңгіршекте сатылып жатқан гүлдер екен. Мен мамама гүл сатып алдым. Мамамның қуанышты жүзін елестеткенде, өзімді бақытты санадым. Иә, бақыт деген достарыңды..... анаңды қуанышқа бөлеу екен ғой! Мен осыны түсіндім.
«Бала би» журналы
6-мәтін
Бір сыныпта сабақ басталады. Оқушы мұғалім ағайдан:
- Ағай, адам еш нәрсе істемесе, оны жазалауға бола ма?
- Әрине, жазалауға болмайды. Сен неге сұрадың?
- Ағай, кеше берген үй тапсырмасын орындамадым. Енді сіз жазалай ма деп қорыққан едім.
7-мәтін
Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпова радиодан балаларға арнап ертегілер ... . Радиоспектакльдерге қатысып, балаларға арналған ертегілерге қоса, М.Әуезовтің, С.Сейфулиннің, И.Байзақовтың көркем шығармаларынан үзінділер оқиды. Әртістің үн тазалығы,жағымды даусы тыңдаушысын ерекше баурап алатын.Қазақ тілінің байлығы, керемет ертегілері З.Шәріпованың әуезді үнімен қазақ даласына кең таралып жататын. Қазірде де З.Шәріпованың оқыған ертегілері радио арқылы балалардың рухани әлемін байытып келеді.

6-мәтін

- Жақсылық Қазымұратұлы, Бауыржан Әліқожа, Олжас Қасым деген жігіттер ойымнан шығып жүр. Жақсылық тәп-тәуір жазады. «Қара ала сырмақ» деген кітабы шықты. Бауыржанның тілі жатық. Образды ойлау жүйесі тың, поэзиядағы дыбыс, ырғақ, әуенді жақсы сезінеді. Мен поэзияда образ, тіл, музыка – үшеуін жоғары қоямын. Бауыржанда осылардың бәрі бар. Қарапайым адам көрмейтін құбылыстарды көреді. Көрген дүниесін шебер суреттейді, теңеулері жақсы. «Пойызда» өлеңі керемет. Олжас Қасым да жақсы ақын болады. Кейде өлеңге салдыр-салақ қарап кетеді. ...... бастысы ақындық қасиеті бар. Осы үш жігіттен үміт күтемін.


«Ақ желкен» журналы



7-мәтін

- Дос табу оңай ма? – депті қарт. - Ата, дос табу ..... оңай, ..... қиын, - депті жігіт.


- Жоқ, балам, ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанмен жақсылары жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең досты іздемей-ақ табады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың; досың бала болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет