10-мәтін
Сәлеметсіңбе, «Бала Би»!
Мен өзіңмен алғаш сыныптас досым Әсел арқылы таныстым. Әсел журналды сыныпқа әкеліп көрсетті. Біз журналды оқи отырып, көптеген мағлұматтар алдық. Әсіресе «Дарынды достарың», «Ауыл+қала», «Туған табиғат жауһарлары» деген беттер бізге ұнады. Енді «Ауыл+қалаға» өз шығармаларымызды жіберіп отырмақпыз.
4 «Ә» сынып оқушылары атынан: Мөлдір, Құралай.
Текст 1
Қыз күндердің күнінде серуендеп жүріп, қарлығаштың өлі денесін көріп қалады. Қыз күн батқанда қарлығаштың жанына келіп, … көрпе жауып, денесін жылытпақшы болады. Міне ғажап, құс тіріліп кетеді! Қыз оның жүрегі соға бастағанын естиді. Ол құсты қыс бойы бағып,күтеді. Бір-біріне бауыр басып кетеді.
Г.Х.Андерсен. «Түймеқыз» ертегісінен.
Текст 3
Қазақ циркінің даму қарқынына көңілі толмаған қазақтың жап-жас бес жігіті өз алдына топ құрып, өнерлерін өсіретін орта іздейді. ..... Швейцариядан бір-ақ шығады. Бірінші гастроль. Шет тілін білмеу деген де сұмдық кедергі. Тепсе темір үзетін шақ. 8 айда неміс тілін әжептәуір игеріп, цирк тәсілдерін үйреніп, елге оралады.
«Айгөлек» журналы
Текст 4
Ең алғашқы журналдар, негізінен, Еуропада басылып шыққан. Дүниежүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 жылы 5 қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Дәл осы жылы Англияда, 1668 жылы Италияда, 1682 жылы Германияда журналдар шығарыла бастады. Алғашқы журналдар түрлі кітаптарға шолу жасап, көркем әдебиет, ғылым, көркемөнер, дін салаларындағы жаңалықтарды баяндаумен ғана шектелді.
… қазақ тіліндегі алғашқы журнал – «Айқап». 1911-1915 жылдар аралығында оның 88 нөмірі жарық көрген. Шығармаларының дені ғылыми әрі көркем туынды түрінде жарияланған.
«Ертіс өңірі» газеті
Текст 6
Күз. Күн көкжиекке таянған кез. Жайық өзенінің жағасында бір топ бала асық ойнап жүреді. Оларға ұшыраса кеткен салт атты жолаушылар жол сұрайды. Сонда топ ішіндегі кішкене бала:
- Ағайлар, ендігі ауыл алыс, осында қонғандарыңыз жөн болар, – дейді.
- Сенен ақыл сұрамаймыз, шырағым, тек алдымыздағы ауылды айт, - дейді жолаушы.
- Ендігі ауыл қашық, көнбесеңіз жол ашық! Алдыңызда ауыл көп. «Көрінеменің» ауылы бар. Одан әрмен «Ойпыр-ай», «Әттеген-ай» дегендер де бар. Қайсысын сұрайсыз?
«Баламен бала болып тұрамыз ба?» – деп жолаушылар аттарына қамшы басып, жорта жөнеледі. Олар күн батып, қас қарая қырқадан ойға түседі. Сонда кәрі жолаушы:
- «Көрінеменің» аулы көріне ме? – деп сұрайды.
Қария әрі-бері жүрген соң «Ойпыр-ай, тым болмаса ошақ оты көрінуі керек еді ғой!» – дейді.
Күздің кей түні суық болмай ма? Сондай түнге кезіккен жолаушылар тоңып, әбден шаршайды, әрі бағытынан айырылады. Сонда: « .... , баланың қон деген ақылы дұрыс екен», –депті.
«Айгөйлек» журналы
Достарыңызбен бөлісу: |