1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет12/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
28-мәтін
Әнші әнді нақышына келтіріп, шебер орындайтын адам. Бірінші кезекте әуен жақсы болғанмен, сөз құдіретінсіз әннің бағы жануы тағы да екіталай. Екеуі бір жерден үйлесім тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады.
Қазіргі жастардың көпшілігі репертуарының мазмұнды болуына мән бермейді. Әннің мәтініне көңіл бөлмейді. Аға буынның өкшесін басып келе жатқан жас әншілер олардың деңгейінен озуы керек. Себебі, олардың ойы жүйрік, қиялы ұшқыр. Өздері түрлі техниканың тілін меңгерген, басқа елдердің өнерінен хабардар.
Әншінің бағасын беретін қарапайым халық екендігін ұмытпауымыз керек. Ал сол қарапайым халықтың көбісі, қазақи, тілге айтылуға да ... әндерді жүректеріне тез қабылдайды. Қазақта «Әу демейтін қазақ жоқ» деген сөз қолданысы бар. Әнші ретінде танылып, суырыла алға шығып даралану үшін асқан дарын, талант қажет. Қатаң сындардан сүрінбей, өзіндік сипатпен өзгешеленуі тиіс. Әнді кең тыныспен, асқақ үнмен, шыңына жеткізе шырқай білу - шеберліктің шырқау биігі, бұл - әншіге қойылатын қатаң талап. Әнші атағын халық берген, қашанда сырт көзбен сыншы болған халық шынайы өнерді бағалағанда лайық көрген өнер иесін әнші деп атаған.

Нақышына келтіріп, шебер орындайтын адам – человек, который красиво и мастерски исполняет
Бірінші кезекте – в первую очередь
Әуен – мелодия
Жақсы болғанмен – несмотря на то, что хорош(-а)
Құдірет – сила, мощ
Бағы жануы(фраз.) – стать успешным
Екіталай – невозможно (сомнение в успехе – вряд ли, не факт, что так будет)
Үйлесім – гармония
Жүрек – сердце
Жол тартады – находит путь, отправляется, сможет достучаться
Қазіргі – нынешняя
Көпшілігі – множество, большинство
Мазмұнды – содержательный, имеющий смысл
Мән бермейді, көңіл бөлмейді – не обращают внимания
Аға буын – старшее поколение
Өкшесін басып келе жатқан (фраз.) – следующий
Деңгей – уровень
Озуы керек – должны быть впереди
Ойы жүйрік – сооброзительны
Қиялы ұшқыр – креативны
Меңгерген – владеют
Хабардар – информированный
Бағасын беретін – оценивающий
Қарапайым – простой
Ұмытпауымыз керек-не должны забывать
Тез қабылдайды – быстро принимают, воспринимают
«Әу демейтін қазақ жоқ» (тұрақты тіркес)- нет ни одного казаха, который не поет
Сөз қолданысы – фраза
Суырылып алға шығу – лидировать, быть лучшим
Даралану, өзгешелену – выделяться
Дарын – дар, одаренность
Қатаң сын – жесткая критика
Сүрінбей – не спотыкаясь
Кең тыныс – широкий диапозон
Асқақ үн – высокая мелодия , звучание
Шыңына жеткізе шырқай білу – уметь исполнять на всыоком уровне, доведя до кульминации
Шырқау биігі – пик, высокий уровень
Қатаң талап – строгое требование
Қашанда – всегда
Сыншы – критик
Шынайы – настоящий
Лайық көрген – которого считали достойным



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет