1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет88/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
5-мәтін
Аманхан Әлімұлы: - Cерікболдың кемшілігін айтып жатырсыз. Қанша дегенмен жас ақын ғой. Жетістігі де бар шығар...
-Әлбетте. «Бәрі де өзгерген», «Басқаша болады...» деген өлеңдері тамаша. Мұнда ақынның әдемі сыр ашуы бар. Адамды сырласуға шақырады. Серікбол-ақындық мүмкіндігі бар жігіт. ... өлеңге шындап кіріспеген сияқты. Атүсті қарайтын болуы керек. Прозаизм басымдау.
-Аға, жаңадан бері жас ақындарды шықпыртып сынап жатырсыз. Сіздің көңіліңізден шығып жүрген жастар бар ма?
-Жақсылық Қазымұратұлы, Бауыржан Әліқожа, Олжас Қасым деген жігіттер ойымнан шығып жүр. Жақсылық тәп-тәуір жазады. «Қара ала сырмақ» деген кітабы шықты. Бауыржанның тілі жатық. Образды ойлау жүйесі тың, поэзиядағы дыбыс, ырғақ, әуенді жақсы сезінеді. Мен поэзияда образ, тіл, музыка – үшеуін жоғары қоямын. Бауыржанда осылардың бәрі бар. Қарапайым адам көрмейтін құбылыстарды көреді. Көрген дүниесін шебер суреттейді, теңеулері жақсы. «Пойызда» өлеңі керемет. Олжас Қасым да жақсы ақын болады. Кейде өлеңге салдыр-салақ қарап кетеді. Бірақ бастысы ақындық қасиеті бар. Осы үш жігіттен үміт күтемін.
7-мәтін
Астанада ҚР Президенттік мәдениет орталығының көрме залында «Ақша тарихы» көрмесі ашылды.Бұл көрме Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына және ұлттық төл теңгеміздің арнайы туған күніне арналып отыр.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын жасап шығару мәселесі 1993 жылы 12 қарашада зор бастама болып қолға алынды. 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен ұлттық валюта-теңге енгізілді. Ең басты назар теңге тарихына аударылмақ.Көрмеге XIV-XV ғасырлардағы ежелгі Сарайшық қаласынан табылған мыс тиындар және Ресей империясының тиындары,сонымен қатар VII-XV ғасырлардағы түркеш, шағатай, қарахан, тимурид тиындары қойылып, ... ... ұсынылды.


1-мәтін
Түркі елінде Қазақ деген бала жастайынан батырлығымен танылыпты. Ол садақ атып, ат үстінде өнер көрсетуді үйреніпті. 13 жасында елін жаудан қорғауға аттаныпты. Жолда бір бәйтеректің түбіне тоқтап демалады. Ұйықтап жатқан батыр ысылдаған дауыстан оянады. Айдаһар бәйтерек басындағы Самұрық құстың балапанына өрмелеп барады екен. Қазақ батыр оны садақпен атып өлтіреді. Самұрық құс қауырсынынан жұлып береді:- Қауырсынымды тұтатсаң, көмегімді көрсетемін,- дейді.
Батыр қалмақ еліне жете бере, қазып қойған жасырын орға түсіп кетеді.
2-мәтін
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына талай жыл. Сол сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсеткен белгісіз батырлар қаншама. Солардың бірі-қазақтың аяулы қызы Хиуаз Доспанова. Атақ апайды алпыс жыл адасып жүріп тапты. Ол кісінің кеудесінде қазір «Халық қаһарманы» ордені жарқырайды. Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова 300-ден астам рет ұрысқа шығып, талай жауды жеңген. Орал қаласындағы орта мектепті бітіргенде «әскери ұшқыш» деген атағы бар еді. Хиуаз апа Қырым, Кавказ, Украина, Белоруссия, Польша, Германия майдандарында болды. Әуедегі ұрыстардың жеңімпазы.
3-мәтін
Жапондар наурыз айындағы зілзала мен цунамиден зардап шеккен аймақтардағы үйінділер астынан табылған 3,7 миллиардтай иенді (48 миллион АҚШ доллары) полицияға апарып берген.
Билік орындарының айтуынша, сонымен қатар 5700 сейф табылған, олардың ішінде 2,36 миллиард иен көлемінде ақша болған.Жергілікті тұрғындар тапқан ақшаларын өз еріктерімен полицияға тапсырыпты. Полицияның баспасөз хатшысы «бұл - таң қаларлық жайт емес, Жапонияда табиғи нәрсе» дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет