1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты


Әжесі: «Бұны қайдан алдың?» Алма қуана



бет51/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

Әжесі: «Бұны қайдан алдың?»
Алма қуана: «Көршінің үйінен».
Әжесі: «Жіпті орнына апарғаның жөн болар!» - деп жібін алмапты.
Алмаға жіпті алудан гөрі, апару қиынға түсті. Қорыққанынан жүрегі жарылып кете жаздады.
.
3-мәтін
Құмырсқа мен көгершін

Құмырсқа су ішкісі келіп, бұлаққа қарай түсті. Бұлақтың толқыны құмырсқаға соғып, жуып кетті, ол бата бастады. Бір көгершін бұтақ әкеле жатыр екен. Құмырсқаның батып жатқанын көріп, оған бұлаққа бұтағын тастады. Құмырсқа бұтаққа мініп, аман қалды.


Аңшы торын қойып, көгершінді ұстамақ болды. Ұстайын деп жатқан жерінен, құмырсқа аңшының аяғын шағып алды. Аңшы ыңқ ете қалған кезде, қолынан торы түсіп қалды.
Көгершін ұшып кетті.
4-мәтін
Асыл шөп
Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала, төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Злиха аһлап-үһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдеп келе жатады. Сонда Злиха айтты:

  • Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?

  • Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - деді Бәтима.

  • Ай, ондай шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, - деді Злиха.

  • Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: «сабыр» деген, - деді.



5-мәтін
Тазы мен елік

Күндердің күнінде бір тазы жайылып жүрген елікті көріп, қуа жөнеледі. Тазыдан қашып келе жатқан елік:



  • Тазым, әуре болма. Сен маған ешқашан жете алмайсың! – дейді.

  • Неге? – деп тазы ентіге еліктен сұрайды.

Елік:

  • Себебі, мен өз өмірімді сақтау үшін қашып келемін. Ал, сен өзіңнің иеңе жағыну үшін қуып келесің! – деген екен.



Қоян

Қоян күнделікті әдеті бойынша үйшігіне қашып кіреді. Әркім артына түсе бергендіктен, ол қатты ыза болады.



  • Мен әркімнен бір сескенем. Менен ешкім қорықпайды. Бүйтіп жүргенше суға түсіп өлгенім жақсы, - деп суға қарай жүгіре жөнеледі.

Су бойында жатқан қойлар зымырай шыққан қоянан үркіп қалады. Оларға қарап басқа қойлар да тас-талқан болып үрке жөнеледі. Сонда қоян ойланып:

  • Менен де қорқатын хайуандар бар екен, - деп көңілі жай болады. Қайтадан үйшігіне оралады.

Сол қол
Сол қол тым икемсіз еді. Шай құйып жатқан. Оған көршісі – оң қол:

Сол қол тыңдаған жоқ. Ақыры шай толы шәйнекті құлатып тынды.
1- мәтін
Қалалардың өзіндік ерекше микроклиматы болады. Мұнда бетоннан, кірпіштен, шыныдан салынған құрылыстар өте көп. Сонымен бірге көшелерге асфальт төселген. Ал бетон, кірпіш, шыны және көшелерге төселген асфальт атмосфералық ылғалды ұстап тұра алмайды. Сондықтан түскен ылғал жойылады да, ауа құрғап кетеді. Қала атмосферасы ылғалдығының төмен болуының бір дәлелі- қалада тұманның өте сирек болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет