8-мәтін
Бір күні екі дос қасиетті тауға шығып, ата-бабаларын еске алмақшы болады әрі құдайдан өздеріне және туған-туысқандарына әл-ауқат пен байлық сұрамақшы болады. Әйелдері жолға қампиған шелпек, қоржындарына қазы салып береді. Ерте ме, кеш пе екі жолаушы таудың етегіне де келіп жетеді. Тау өте биік болатын, шыңы бұлтпен таласқан, тіп-тік, жүгіңмен көтеріле алмайсың.
Көтерілу үшін жеңіл болсын деп, достардың бірі жалғыз шелпекті қалдырып, қалғанын қалдырып кетпекші болады, ал екіншісі мұндай байлықтан айырылғысы келмей, бәрін жеп қояды, суды түгел таусып ішеді. Сосын досына жетіп алмақшы болады, бірақ тойып алған ол досына жете алмай жолда қалады. Ал оның досы екі тәулік нәр татпастан тауға шығады, түсте күн төбеде тұрғанда, мұз шыңға шығады. Аппақ қармен жуынып, шомылып, шелпегінің жартысын жейді, ал қалғанын .................. қалдырып, төмен қарай беттейді.
Содан бері оның өзі, жақындары ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіп, оның тегінде де ешкім ауру дегенді білмепті, бақытсыздық та оның отбасынан аулақ болыпты деседі.
6-мәтін
Он саусағынан өнер тамған ісмер әйелдер, қыз-келіншектер, бұрынғыдай көп емес. Неше түрлі жібек жіптен төгілдіріп кесте тоқитын, ұзатылар қыздың бар жасауын қолымен тігіп, ою ойып, сызу сызатын нәзік, шебер қолдар қазір ине ұстаудан қалып барады. Бәрі дайынға үйреніп «уақыт жетпейдіні» сылтауратады. Қолмен істер істің құндылығын, қадірін түсінсек те, тікемізден тік жүріп кеттік.
7-мәтін
Айдостың атасы жазу жазып отырған. Ызыңдаған бір қара шыбын ары –бері ұшып,
тынышын кетіре берді.
Қап, мына шыбынның қорлығын –ай, ә! Әбден мазамды алып бітті ғой!-деді бір кезде қатты ренжіп. Мұны естіген қасындағы бүлдіршін немересі Айдос:
Ата, сонда мен де шыбынмын ба?-деді аз-кем іркілістен кейін.
Неге балам?-деді түк түсінбеген атасы оған бұрылып.-Не айтайын деп едің?
8-мәтін
Ең алғашқы журналдар, негізінен, Еуропада басылып шыққан. Дүниежүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 жылы 5 қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Дәл осы жылы Англияда, 1668 жылы Италияда, 1682 жылы Германияда журналдар шығарыла бастады. Алғашқы журналдар түрлі кітаптарға шолу жасап, көркем әдебиет, ғылым, көркемөнер, дін салаларындағы жаңалықтарды баяндаумен ғана шектелді.
Қазақ тіліндегіалғашқы журнал – «Айқап». 1911-1915 жылдар аралығында оның 88 нөмірі жарық көрген. Шығармаларының дені ғылыми әрі көркем туынды түрінде жарияланған.
«Ертіс өңірі» газеті
13-мәтін
Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Жағаға көкпеңбек
жылтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз.
Осындай кезде шыр-шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол-қайқы
құйрық, қара торғай. Торғай шолп етіп, ағынды суға сүңгіп кетеді. Мөлдір судың түбінде
жорғалап, тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады.
Әне, ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып
қалған. Оны да елең етпестен зыр жүгіріп, баяғысынша әндетумен болады.
Қандай ғажап құс! Бұл құсты «су торғайы» дейді. Ол қысы-жазы бірдей жемін су
түбінен табады.
Достарыңызбен бөлісу: |