1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет56/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

14-мәтін.
Ұялы телефондарға жүргізген зерттеулері бойынша мынандай тоқтамға келген: әр аптада күніне 10 минуттай уақыт ұялы телефонды пайдалану – адам ағзасын функционалдық өзгерістерге ұшыратады екен. Яғни небәрі 10 минуттық тілдесуден кейін ағзаңыздың өз қалпына қайта келуі үшін 8 сағат керек. Тәжірибе кезінде 8 жыл бойы күнделікті ұялы телефонды пайдаланған адамды медициналық тексеруден өткізгенде, оның ағзасының паталогиялық жағынан едәуір өзгерістерге ұшырағаны анықталған.


1-мәтін
Адамның көзі – мүлде тоңбайды. Ол суықты сезбейді, оның бойында температураны сезетін рецепторы жоқ. Ең қызығы көз температурасының өзгеруіне – адамның өтірік айтуы әсер етеді екен. Яғни, адам өтірік айтқанда, көздің ыстығы жоғарылайды. Осыны байқаған ғалымдар да «Өтірік детекторын» жасарда бұл құбылысты басты назарға алған. Көзден бөлінетін сұйықтықтың – жас екенін бәріміз білеміз. Баланың 1,5 айға дейінгі жасы - «ерекше жас» аталады. Бұл жас сәбидің көзінің айналасын жұмсартып, оны түрлі инфекциядан қорғайды ..... , балаға жылау пайдалы екен.


2-мәтін
- Керемет түсірілім екен.
- Иә, маған да ұнады.
- «Көшпенділердің» режиссері кім екен?
- Хабарым жоқ. Бірақ Ілияс Есенберлиннің романынан түсірілгенін білемін.
- Мен одан өзіме көп мәлімет алдым.
3-мәтін
Ұлықбек – ОртаАзияны билегенАқсақ Темірдің немересі. Ұлықбек астрономия, жаратылыстану ғылымдарын сүйген. Ұлықбектің әкесі Шахрухтың бай кітапханасы болған. Ұлықбек кітапты көп оқыған. Ол ұлы ғалым болған, Самарқан қаласында үлкен обсерватория ашқан.Ұлықбек астрономдар мен географтар үшін өзінің «Зиджи Гурагани» деген үлкен еңбегін қалдырды.
4-мәтін
Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді адамның да басына жастық екі келмейді. Жастық – біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін күз келеді, сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақы кісілер жаздың күні қыстың азығын даярлап қояды. Адам да жас кезінде өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинауы тиіс. Осылай істемесе қартайғанда рақат өмір сүре алмайды.


5-мәтін
Біреуді мейрамымен немесе туған күнімен құттықтағың келгенде, кітап сыйлағаның дұрыс-ақ. Өйткені кітап – ең жақсы сыйлық. Рас, қажет кітапты мұқият таңдап ала білуің керек. Өзің мазмұнын білмейтін, кез келген кітапты бере салғаның дұрыс емес. Тағы бір ескеретін нәрсе - құттықтау сөзіңді кітапқа жазуға болмайды. Кітапты біреуге жазып беру - тек оның авторына ғана жарасады. Ал сенің құттықтау сөзді открыткаға жазып, кітаптың ішіне салып бергенің мақұл.


6-мәтін
1. Көктем еді. Сабақ аяқталды да, мен далаға жүгіріп шықтым. Ауладағы орындықта мені Әсел мен Алма күтіп отыр. Мен оларды көргеніме қатты қуанып, шаттана күліп жібердім.
2. Біз үшеуіміз қала көшесімен келе жатырмыз. Көктемнің ашық аспаны, жанға жайлы самал желі рахатқа бөлейді. Айнала әсем де көңілді еді. Балалардың сыңғырлаған күлкісін, үлкендердің көңілді дауыстарын есту қандай тамаша!
3. Кешке үйге қайтып келе жатқанда ерекше бір хош иісті сезіндім. Сөйтсем, дүңгіршекте сатылып жатқан гүлдер екен. Мен мамама гүл сатып алдым. Мамамның қуанышты жүзін елестеткенде, өзімді бақытты санадым. Иә, бақыт деген достарыңды ..... анаңды қуанышқа бөлеу екен ғой! Мен осыны түсіндім.
8-мәтін
Теңіз орамжапырақтары дәрумендер мен минералдарға бай. Уэльсте қызыл балдыр ретінде де белгілі қызыл теңіз орамжапырағы былқылдақ масса болғанға дейін қайнатылады да майға қуырылады. Оны «нан» ретінде жейді. Жапондықтар теңіз орамжапырағын бірінші болып өсіре бастады. Мұнымен шұғылданатын фермерлер теңіздің саяз жерлеріне балдырлардың оралып өсуі үшін ағаш бөренелерді қатар тізіп қояды. Жинап алғаннан кейін теңіз орамжапырағын тағамның алуан түрлерінің құрамына қосады. Егер сіз тағам салынған қораптардан «агар», «альгин», карагенин деген атауларды көрсеңіз, олардың құрамында теңіз орамжапырағы бар екенін біліп жүріңіз.


9-мәтін
Балалардың таза ауада көп серуендеуі оларды алыстан көрмеушілік ауруынан қорғайды. ... Кембридж университетінің ғалымдары анықтады. Зерттеушілер бұрын балалардың көз ауруларына қатысты жасалған 8 ғылыми жұмысқа талдау жүргізді. Бұл зерттеулерде 10 мың адамның ауру тарихы жазылған.Оларды қорытындылай саралаған кезде, алыстан көрмейтін балалардың таза ауада аз серуендегені анықталды.Дәрігер ғалым Джастин Шеруиннің айтуынша , қоршаған ортаны тамашалау, соның ішінде алыс пен жақынды бажайлап қарау көздің физикалық белсенділігін, көргіштігін арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет