1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет58/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

5-мәтін
Астанадағы Хан шатырында Тәуелсіздіктің 20 жылдық құрметіне жалпы салмағы 300 келі болатын ет асылмақшы. Акция 16 желтоқсанда «Хан Шатырында» Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Бұл туралы кеше «ҚАЗБРЕНД» қоғамдық қоры мәлімдеді.
Жобаның мақсаты – жастар атынан Отанымызға Тәуелсіздік күніне арналған сый тарту.Келешекте дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды әлемдік қауымдастық алдында ерекше әдіспен – «Гиннестің рекордтар кітабы» арқылы таныта түсу.
Тағамның құрамдары алдын ала өлшеніп, аспазшылар оны диаметрі 4 метрлік тостаққа салып, содан соң жұртқа ұсынбақшы. Арнайы пісірілген қамыр үстіне піскен жылқы еті туралады. Туралған пияз бен аскөк үстіне құйылған ыстық сорпасымен ұсынылған қазақша етке астаналықтар мен қала қонақтары риза болмасына күмән жоқ. Сол күні балбырап піскен еттен мыңнан астам адам дәм татып, жаппай «Қара жорға» биін билеуге де мүмкіндігі бар.
«Айқын» газеті, 10.12.11


1-мәтін
I. Назерке ұйқысынан кештеу тұрды. Жуынып-шайынып, құрбысы Гүлжанның үйіне бет алды. Жолда бірге оқитын Маржанның ауласына көзі түсті. Сап-сары гүлдер көз жауын алады. Көңілін қызғаныш биледі. Жақында екеуі ұрсысып қалған. Қақпадан ішке еніп, гүлдерді аяусыз үзе бастады...
II. Гүлжан үйіне келді. Назерке Маржанның ауласынан жинап алған бір шоқ гүлін ұсынды.
III. Арада екі-үш күн өтті. Бүгін Назеркенің туған күні. Достары жинала бастады. Маржан да келді. Қолында – бір шоқ гүл. Гүлдерімді бұзық балалар үзіп, таптап кетіпті, – деді ол.
IV. Назеркенің іші удай ашыды. Қанша оқталса да, досына «мен кінәлімін» деп айта алмады. Бірақ іштей енді қайталамауға ант етті.

2-мәтін
1.Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың дауысы мен қимылына еліктеуден әуен құралады.
2.Сазгер, академик, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов музыка жайлы: ”Қазақ күйлерінде шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда қалықтап жүрген бүркіттің қанатының суылы бар…” — деп ерекше тебірене жазыпты.
3.Жақсыән мен сазды музыка – жаназығы. Әсем ән, сазды музыканың............... қанайналу, заталмасупроцесіжақсарады. Музыка көңілдікөтереді, қайғыныжеңілдетеді, бойдысергітеді, жанғажайлы эмоция тудырады.
4.Калифорниядағы Стэнфорд университетінің медицина факультетінің ғалымдары музыканың адамның ми жүйесіне әсер ететінін анықтаған. Музыка ми зейіндерін жақсартады екен. Шығыстың ұлы емшісі Авиценна музыканың адамды емдейтін емдік қасиеті бар екенін айтқан. Ертеде музыкалық-медициналық орталықтарда музыкамен депрессияны, қайғы-қасіретті емдеген.
5.Музыка инструментінде ойнаған кезде адамның қабілеттері ашыла түседі. Сонымен қатар музыкамен айналысқан бала шет тілдерін жақсы меңгерген.


4-мәтін
Сіздің шет тілін оқығыңыз, білгіңіз келетін шығар, мысалы испан тілі? Онда сізге Испаняға бір жылға баруыңыз керек немесе испанша сөйлейтін елге барып, бір отбасында тұруыңыз керек. Бір жылдан кейін сіз испанша жақсы білесіз және тамаша сөйлейсіз. Халықаралық тіл мектебі сізге елді таңдауға және отбасын табуға көмектеседі.

5-мәтін
Мұз сұп-суық. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден жан жылулығын күтіп ұзақ тұрды. Ол үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп кетуге бар еді.
Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тірліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен күлімдеді. - Неткен сұлу! – деді Күн. - Сен де, - деді Мұз.
Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты.

6-мәтін
Алматы қаласындағы №138 мектептің 5-сынып оқушысы Мақсат Бейсембетов – өнерлі де талапты бала. Ол спортты жанына серік етіп жүр. Мақсат спорттық акробатикамен айналысады. Бұл – жалпы жұртқа аса таныс емес спорт түрі. Мақсат №9 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің ашық біріншілігіне тұрақты қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. 2010 жылы ол акробатикалық жолда секіру бағдарламасы бойынша бірінші орын жеңіп алса, биыл да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Мақсат болашақта үлкен спортшы болуды армандайды.
8-мәтін
Ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған. Атаның емес, адамның баласы болуды насихаттаған. «Сен адамсың! Сен азаматсың! Сенде ұят, масқара болу сезімі бар! Жеке басыңның, отбасыңның абыройы, өз ұлтыңа деген мақтаныш-парыз сезімі бар! Туған халқың есіміңді айтуға арланып, сені мәңгі бақи қарғамайтындай әрекет еткін»,- деген Бауыржан атамыз.
1-мәтін
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. ....... киіз үй оның тұрағы,құтты мекен-жайы,еншісі,баспанасы,мақтанышы деп бағаланады.Шынында да арғы,бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі зор екеніне көз жеткіземіз. Атап айтқанда,ата-бабаларымыздың ақыл-ойы,тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем болмағанын көреміз.Бұрынғы- соңғы ғұламалар айтып кеткендей осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлемі , есептеу жүйесі туралы да, экономикалық біліктілігі , мәдениет пен өнердегі талғамы туралы да- жалпы алғанда өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Біздің киіз үйіміз сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды.
С.Кенжеахметұлы. «Жеті қазына» 38-бет.
2-мәтін
Жоңғарлардың ең үлкен батыры Мықтым далада жүрген жерінде Қабанбайға жолығып қалады да, «мен сіздің атыңызды сырттай естіп,әттең, бір сайыссам деп жүр едім,бүгін жақсы кезіктік, маған сүт пісірім уақыт беріңіз, сауыт-сайманымды киіп сізбен жекпе-жек бір айқассам»дейді. Мұны Қабанбай мақұл көреді. Мықтым тез барып сауыт –сайманын киіп келеді де,дереу екі батыр жекпе-жекке шығады. Әрі алысып, ...... алысып бірін-бірі жеңе алмайды. Сұрапыл шайқастың нәтижесінде, ақыры, екі батырдың да сауыт-саймандары қаусап жерге түсіп, аттарының аяқтары тізеден жерге кіріп кетеді. Ең соңында Мықтым батырдың аты жығылып, Қабанбай оны әрең жеңеді. Ал, Мықтым болса, «қазақты жеңу қиын екен, ендігі жерде екі жақ соғысты тоқтатып, тату-тәтті өтелік» деген келісімді мойындайды. Содан былайғы жерде қазақ пен моңғол соғыспай өткен екен дейді.


3-мәтін
16 желтоқсанның ақ таңы алаулай атты. Ашық аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Арқаның шыңылтыр аязы шымырлата қысқанымен, ауа таза, төңірек тымық. Ақ қарды күн нұрымен шағылыстыра, көз қарықтыра шықырлатқан Арқаның аязы ару Астананы арайландыра түскен. Мереке құшағындағы елорда тұрғындары мен қонақтары қыстың қысқа күні арқан бойы көтерілген кезден-ақ Есілдің сол жағалауына ағылуда. Аязбен алабұртқан жұрт жүзінде ерекше бір тамашаға ынтыққан әуестік бар. Иә, бүгін «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы ашылды!
4-мәтін
Ғылымда тұңғыш рет өсімдіктердің өзара тідесе алатыны туралы тұжырым жасалды. Эксетер қаласы университетінің зерттеушілері қырыққабат өскен бақшада тәжірибе жүргізген. Мамандар қырыққабат жапырақтарын қырыққан кезде, олар беймәлім бір газ бөліпті. Ал оның әсерінен жапырақтары қырқылмаған көкөністер әлдеқандай қауіпке дайындалғандай ішкі қорғаныш тетіктерін іске қосқан, қырыққабаттардың биохимиялық балансында улы заттар көбейе түскен. Биологтердің айтуынша, қырыққабаттардың қорғаныш қабілетін арттыруына жапырағы қырқылған көкөністердің «кеңесі» себеп болды.
5-мәтін
Бала кезіміз. Ауылдың дәл іргесінде көлшік бар. Қаулап өскен қалың қамысы ауыл шетіне тиіп тұр. Басы аппақ үлпілдек қамыс. Бүкіл бала біткен күнұзақ соны қызықтаймыз. Бір күні маған: «От тигізіп көрер ме еді» деген қызықты ой келді. Үйден сіріңке алып шықтым да, әй-шәй жоқ үлпілдекке от тигиздім де жібердім. Міне, қызықтың көкесі... Әбден қурап тұрған қамыс лаулай жөнелді. Қуанышымызда шек жоқ. «Алақайлап жүрміз». Бірақ қуанышымыз ұзаққа бармады. Алапат өрт тура ауылға қарай лапылдап барады. Мұндай болар деп кім ойлапты. Жұрттың бәрі улап-шулап қоя берді. Жан алып, жан беріскен арпалыс басталды. Көпшілік қоя ма, өлдім – талдым дегенде ауыздықтады.


6-мәтін
Сыртқа шыға келсе, көп адам әлденені тамашалап тұр екен. Шоқан олардың қасына келеді. Топтың ортасында қара өгізге теріс қаратып мінгестірген еркек пен әйел, беттері қара күйе.

  • Бұл не масқара? – дейді Шоқан.

  • Мына екеуі шариғат жолын бұзған жүзіқаралар, бұл - сол үшін оларға берген атаңыздың жазасы.

Шоқан жәбірленген екеуді дереу босаттырып жіберіп, әкесіне келеді де:

  • Ата, әлсізге әңгір таяқ ойнатқаныңыз не? Егер шариғат жолы десеңіз, осындай қылығы үшін өз ұлыңыз Жақыпқа неге жаза қолданылмай жүр? – депті.



7-мәтін

Бердібек Соқпақбаев: «Жұмыс орнымда отыр едім. Біреу хабарласып, Тахаңмен (Тахауи Ахтанов) сөйлесті. Ол: «Өзің келсең, мына Бердібек те отыр. Не нәрсені де шешуге болады ғой»,- деп телефон тұтқасын қойды да: «Бердібек, сен осы ана балаларға арналған шығармаларыңды киноға бейімдесең қалай болар екен? Мен жаңа Абдолла деген режиссерді шақырып едім. Кино жағынан ол үлкен талант. Саған нағыз таптырмайтын адам», - дегенше екі мұрты едірейіп Абдолла да жетіп келді. Тахаң әй-шәй жоқ Абдоллаға: «Мына кісінің үлкен жазушы екенін білесің ғой», - деді. Ол да «иә, иә» - деп басын изеп қалбалақтап қалды. Сосын Тахаң Абдоллаға бір, маған бір қарап: «Осы сендер тізе қосып жұмыс істесеңдер қайтеді?» - деп жауап күткендей бізге алма-кезек қарады».


Сонымен не керек, Бердібектің өз өмірінен алынған «Менің атым Қожасы» фильмге айналып кете барды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет