Каспий теңізі
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Оның сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады.
Табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан Капустин Яр, Азғыр полигонының
ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты балықтардың (бекіре) қырылуы,
уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
аңызақ желдердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
http://kk.wikipedia.org/wiki/
1-мәтін
Дәулеттің отбасы жазда Бурабайдағы демалыс үйлерінің бірінде демалды. Олар тоқтаған демалыс үйі «Алтын орман» деп аталады. Жаздыгүні орман іші керемет әрі тыныш. Олардың отбасы орман аралап, көлде шомылғанды ұнатады. Таңертең күн салқын болды. Олар орман аралады. Саңырауқұлақ теру үшін себеттерін ала шықты. Орман ішінде саңырауқұлақтар мен гүлдер өте қалың өсіпті. Көп ұзамай олардың себеті саңырауқұлаққа толды. Қарағай мен шыршаның хош иісі мұрныңды жарады. Бурабайдың ауасы да, суы да тамаша!
2-мәтін
Аударыспақ – қазақтың ұлттық спорт ойыны. Ойынның ежелден қалыптасқан шарты бойынша, сайыскерлер бір-бірін жекпе-жек бәсекеде ат үстінен аударып түсіруі қажет.
Аударыспақ – қарулықты, батылдықты, ептілікті, ат құлағында ойнауды талап ететін спорт. Спорттың бұл түрінен халықаралық біріншіліктер өткізіліп тұрады. 1997 жылы Венгрия астанасы – Будапеште өткен ат спортының мерекесінде Қазақстан командасы жеңіске жетті.
3-мәтін
Ағаларыммен танысудың реті енді келді.
Смағұл – әкемнің інісі. Мұрт шыға бастағанына аз ғана жыл. Мен бұл кісіні тәте деймін. Шешем қазақ әйелдерінің салты бойынша атын атамайды, «Шырақ» дейді.
Шырақ үйленбеген, бойдақ.
Смағұл әкемдей сылбыр емес, әрі пысық, әрі өнерлі адам. Қолынан өрімшілік, ұсталық бәрі келеді. Істеген ісін жапырып өндіріп істейді. Аурушаң шешеме үйде бірден бір қолғабыс болатын осы кісі.
Тәтемнің мінезінің шайпаулығы бар. Ашуланса, су тамған ыстық майша шатыр ете қалады. Ашуланса ол ұрып та жібереді. Қолы балғадай қатты.
Бірге туған ағайым Сатылғанның жасы жиырмаға жаңа ілінген. Азды-көпті оқуы бар, жаңалыққа бейім жан. Мінезі жұмсақ, майда жүріп, майда тұрады. Сатылған мінезінің сынықтығымен жұрттың бәріне жағады. Біреуден озсам деп, жағаласуды білмейді. Шамасы келсе, бой түзеп, киініп жүруге тырысады. Ағайым мені ұрмақ түгіл, дауыс көтеріп, ұрсып көрген жан емес.
4-мәтін
Психологтар баланың салған суреті арқылы оның ішкі күйін білуге болады дейді. Мысалы, фантастикалық айуанды суретке салса, жанжалға жақын тұратын бала бұл айуанға мүйіз, тырнақ, сорайған тіс салады, ал жалқау бала жұмысқа керекті қолын салуды ұмытып кетеді. Литваның бір психологі отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын білу ...... балалардың суретін пайдаланған. Егерде салынған суретте отбасы мүшелері қатар-қатар тұрса, әрқайсысының өз бетімен жүретінін аңғартады. Егер ата-аналар араз болса, олардың ортасына өзінің суретін салып қояды.
5-мәтін
-Айбар, сіз отбасыңызбен қай жерде демалдыңыз? -Біз «Оқжетпес» шипажайында демалдық.
-Қалай демалдыңыздар?
-«Оқжетпес» денсаулығын түзеймін деген адам үшін баға жетпес орын. Көкшенің шипалы көлдерінің минералды суларының дәрулігіне қоса, қалың өскен қарағайын аралап, таза ауада демалу керемет!
-Бурабайда қандай жерлерді тамашаладыңыздар?
-«Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Абылай алаңы», «Жеке батыр» және «Кенесары үңгірі» сынды тарихи орындарды аралып, тамашаладық.
-Сіздер жыл сайын «Оқжетпес» шипажайында демаласындар ма?
-Иә, бізге сонда демалған өте ұнайды.
6-мәтін
Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі 97 метр, диаметрі 27 м. 97 метр болу себебі, Астана қаласы Қазақстанның астанасы болып 1997 жылы атанды. «Астана-Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. «Астана-Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті.
7-мәтін
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтап отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған.
8-мәтін
Менің болашақ мамадығым-банк ісі. Мен банк колледжінде оқимын. Мамандығым өзіме қатты ұнайды. Менің әкем де –банк ісінің маманы. Біз әкем екеуіміз бұл мамандық туралы көп әңгімелесеміз. Екінші курста қысқы оқудан соң, мен қалалық банкке тәжірибе алуға бардым. Мен онда несие беру бөлімінде жұмыс істедім. Несие алушыларға ақыл-кеңес беру, арнайы құжаттарды тексеру маған қатты ұнады.
9-мәтін
Мұнда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ... мен Сәкен Сейфуллин атындағы Республикалық көпшілік кітапханасы бір күмбездің астында орналасқан. Мұражайда ... дәстүрлі әшекей бұйымдары, ат әбзелдері, көне жиһаздар, тұрмыс ..., сирек кездесетін кітаптар, фотоқұжаттар сақталған. Орталық залда Қазақстан Республикасының Президентіне жасалған ... қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |