6-мәтін Шешілмегенмәселе шаш ететкен «Қазақ тұлпары» РМҚК директоры Нәбидолла Кикебаевтың айтуынша, бүгінде қазақ даласын 1 млн. 500 мың жылқы дүбірге бөлеп жүрсе, 2020 жылға қарай ол екі есеге көбейіп, 3 млн басқа жетпек. Алайда, бұл жылқыға қатысты мәселе жоқ деген сөз емес. Мәселен, бізде жылқыны жете зерттейтін арнайы ғылыми институт жоқ. Бір қызығы елімізде балық, құс, жем-шөп институттары - бөлек отау. Жалғыз ғана жылқыға институт бұйырмаған, дейді Нәбидолла Кикебаев. Оның _______, институт ашылса, үлкен ауқымдағы селекциялық жұмыстардан бастап қымызды өндіруге дейінгі аралықтағы небір шаруаларды шешумен шұғылданар еді. Осындай орталықтың жоқтығынан болар, біздің қазы-қартамызды француздар патенттеп, көкпарды қырғыздар құжаттап алған. Бұдан шығатын қорытынды: жылқы саны миллионнан асты деп жайбарақат жатпау керек.
7-мәтін Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.
Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.
Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындатты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді.
«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық,
Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын!