5. МГТ 1,2,3,4 кластың пландық жүйелерінің айырмашылығын түсіндіру негізінде, 1,2,3,4 кластық биіктік невилирлік тораптарын анықтау әдісін құрастырыңыз Мемлекеттік нивелирлеу торлары. Мемлекеттік нивелирлеу торы пункттерінің биіктіктерін геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды. Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі. Мемлекеттік нивелирлеу жүйесінің пункттерінің биіктіктерін геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды. I класты нивелирлеу жүйесі периметрі 2000 км-ге жуық тұтас полигонды құрайтын жүрістерден тұрады. I класты нивелирлеу мейлінше жоғары дәлдікпен жүргізіледі, оған барынша жетілдірілген аспаптар мен бакылау әдістерін қолдану арқылы жетуге болады. Салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттык кездейсоқ қателігі 1 км жүрісте mh 0,5 мм болады. И класты нивелирлеу сызығы I класты нивелирлеу пункттерінің арасында периметрі 500-600 км полигондар түрінде салынады. II класты нивелирлеу жүрісінде салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттык кателігі 1 км жүрісте mh =0,8 мм-ден аспауы керек. III класты нивелирлеу жүйесі I және II класты нивелирлеу полигонының ішінде жүйе немесе II кластык полигонды периметрі 150-200- ден 6-9 полигонға бөлетін жеке жүрістер түрінде жасалынады (1км жүрісте mh=1,6 мм-ден аспауы керек). III класты нивелирлеу жүйесін одан ары жиілендіру IV класты нивелирлік жүрістер жүйелерін құру аркылы орындалады. Олар топографиялық түсірулердің тікелей биіктік негізі болып табылады. Оларды салу жиілігі түсіру масштабымен және жергілікті жердің жер бедерінің сипатымен сабақтас болады. Барлық кластағы нивелирлеу жүрістері жергілікті жерде орташа есеппен алғанда 5 км сайын тұракты реперлер және таңбалармен бекітіледі. I класты нивелирлеу тораптары периметрі 2000 км-ге жуық тұтас полигонды құрайтын жүрістерден тұрады. I класты нивелирлеу мейлінше жоғары дәлдікпен жүргізіледі; оған барынша жетілдірілген аспаптарды және бақылау әдістерін қолдану арқылы жетуге болады. Биікайырымды анықтаудың орташа квадраттық кездейсоқ қателігі 1 км жүрісте mh = 0,5 мм болады. II класты нивелирлеу сызығы I класты нивелирлеу пункттерінің арасында периметрі 500—600 км полигондар түрінде салынады. II класты нивелирлеу жүрісінде биікайырымды анықтаудың орташа квадраттық қателігі 1 км жүрісте mh = 0,8 мм-ден аспауы керек. I I I класты нивелирлеу жүйесі I және II класты нивелирлеу полигонының ішінде торап немесе II кластық полигонды периметрі 150—200-ден 6—9 полигонға бөлетін жеке жүрістер түрінде жасалынады (1 км жүрісте mh =1,6 мм-ден аспауы керек). III класты нивелирлеу торабын одан ары жиілендіру IV класты нивелирлік жүрістер жүйелерін құру арқылы орындалады. Олар топографиялық түсірулердің тікелей биіктік негізі болып табылады; оларды салудың жиілігі түсірудің масштабымен және жергілікті жердің жер бедерінің сипатымен сабақтас болады.
III -IV класс нивелирлеу. Геодезиялық пункттердің биіктігін нивелирлеу әдісімен анықтайды. Нивелирлеу арнайы аспаптың көмегімен пункттер биіктігінің айырмасын, яғни биіктік өсімшесі арқылы пункттердің абсолютті биіктіктері Н – есептеледі. Өз кезегінде нивелирлеу геометриялық, тригонометриялық, барометрлік, механикалық – барометрлік болып бөлінеді. Тригонометриялық нивелирлеу дегеніміз сәулемен жердегі нүктелердің биіктіктерінің айырмашылықтарын анықтау тәсілі. Бұл үшін 1 нүктеден екіншіге еңкіш бұрышты – α , болмаса арақашықтықты өлшеу керек.