2.МГТ құрастыру кезінде өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін гравиметриялық әдістер қолдану принциптерін сипаттаныз. Триангуляция әдісі. Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрыштар торабын кұрудан тұрады; оларда барлық бұрыштар және кейбір базис қабырғаларының ұзындығы өлшенеді (5.1- сурет). Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі. I класс триангуляциясынын тұтас жүйесін орасан зор аумақта құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан I класты геодезиялық торапты, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бірінен бірі 200 км-ге дейінгі алыс қашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар қатары түрінде құрады. I кластық триангуляция қатары периметрі 800 км-ге дейінгі тұйық полигонды кұрастырады
2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және I класты пункттерімен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды. 3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялық тораптардың одан арғы жиілендіруі болып табылады және ірі масштабтағы топографиялық түсірулерді негіздеу үшін қызмет атқарады, Ол бұлжымайтын тораптың ендірмесі немесе жоғарғы кластық тораптың жеке пункттері ретінде құралады. I және 2, 3 класты мемлекеттік геодезиялық торап 50-60 км2 -қа бір пункт тығыздықпен жасалынады. Пункттердін осындай тығыздығы 1:25000 және 1:10000 масштабтағы топографиялық түсірулерді қамтамасыз етеді. Ірі масштабтағы түсірулерді жүргізу үшін және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде инженерлік есептерді шешу үшін геодезиялық жиілендіру және түсіру торлары құрылады.
Трилатерация әдістері. 3 және 4 класты мемлекеттік геодезиялық толар трилатерация әдісімен де құрылуы мүмкін. Трилатерация триангуляция тәрізді, барлық қабырғалар ұзындықтары өлшенген үшбұрыштар торабы болып саналады. Үшбұрыштарды шешу арқылы горизонталь бұрыштарын, ал одан қабырғаларынын, дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядағыдай жүргізеді. Трилатерация торабында қабырғаларының ұзындығы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштерімен өлшеніледі. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек: 3 класс үшін — 1 : 100000, 4 класс үшін — 1 : 40000