жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау.
Стандарттың жаңа нұсқасында (ИСО 9000:2000) кәсіпорынның сапаны басқару жүйесінің талаптары түрінде сапа менеджментінің сегіз негізгі принциптері қабылданған.
1 принцип. Тапсырыс берушіге «фокус». Ұйым тапсырыс беругілерге тәуелді және сол себепті ағымдағы және болашақтағы тапсырыс берушінің қажеттілігін түсінуі, тапсырыс берушінің сенімін артуға ұмтылуы тиіс.
2 принцип. Басшылық (лидерлік). Басшылар ұйымның мақсаты мен стратегиясын орнатады; олар жұмысшылардың кәсіптік қызметінің кеңістігін, ортасын құрып, ұстайды, бұл қызметкерге масқатқа жетуге қатысуына мүмкіндік береді.
3 принцип. Қызметкердің қатысуы (тартылу). Қызметкер – ұйымның ең негізгі байлығы; қызметкерлердің ұйым қызметіне саналы, белсенді қатысуы қосымша табыс береді.
4 принцип. Үрдістік тәсілдеме. Ресурстарды және қызметтерді басқару процесс ретінде қарастырылғанда, қалаған нәтижег қол жеткізу біршама тиімдірек. Үрдістік тәсілдеме ұйымға өзара байланыс қызметін орнатуға және байқауға көмектеседі.
5 принцип. Менеджментке жүйелік бағыт. Берілген мақсаттарға жеткенде өзара әрекет ететін процесстерді сәйкестендіру, түсіну және басқару ұйымның тиімділігін, экономикасын жақсартады.
6 принцип. Үздіксіз жақсарту. Қызметті үздіксіз жетілдіру ұйымның тұрақты мақсаты болуы тиіс.
7 принцип. Дерек негізінде шешімдер қабылдауға бағыт. Тиімді шешімдер мәліметттерді, ақпараттарды және құзыреттілікті фактологиялық талдауға негізделуі тиіс.
8 принцип. Жеткізушілермен өзара тиімді әріптестік. Ұйымдардағы сапаны басқарудың барлық процесстері нәтиженің мақсатынан бастап бағасына дейінгі толық қызмет кезеңін құрайтын қызметтерден тұрады.: мақсатты болжалдау, бағдарламалау (жоспарлау арқылы жобалау), бағдарламаны, талдауды және бақылауды (баға) жүзеге асыру.