"Қаржы жүйесінің"ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын айтады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан — ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпеншектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
қаржы қатынастарының жиынтығы;
ақша қорларының жиынтығы;
басқарудың қаржы аппараты.
Қаржы қатынастары - ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығын құрайды.
Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:
мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорлары-
ның толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қаты-
настары.
Ақша қорлары - қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы жүйесін айтады.