1 Модуль. Жалпы қаржы теориясына кіріспе тақырып қаржының негіздері негізгі ұғымдар



бет1/9
Дата02.10.2023
өлшемі50,71 Kb.
#183369
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1. ҚАРЖЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ


1 Модуль. Жалпы қаржы теориясына кіріспе
ТАҚЫРЫП-1. ҚАРЖЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Негізгі ұғымдар:

    • Ақша түсінігі

    • Ақшаның функциясы

    • Ақша айналысы

    • Ақша жүйесі

    • Қаржы түсінігі

    • Қаржы функциясы

    • Қаржы ресурстары

    • Қаржы қорлары

    • Қаржы жүйесі


Мазмұны:
1.1 Қаржының мәні мен атқаратын функциялары
1.2 Қаржы ресурстары мен қаржы қорлары
1.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағдалары


1.1 Қаржының мәні мен атқаратын функциялары
Материалдық игіліктерді игеру, олардың үздіксізділігін қамтамасыз ету яғни ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдістерінің жүзеге асырылуы ақшалай түрдегі құн қозғалысынсыз мүмкін емес. Ақша айналымының негізінде қаржы немесе ақша сомасының бір адамнан екінші адамға өту үрдісі жүзеге асады. Бұл ерекше үрдіс нәтижесінде «қаржы» термині қалыптасты. «Қаржы» термині латынның «finantia» деген сөзінен, мағанасы –«аяқтау», «табысқа жету», «қолма қол ақша» деген ұғымдарды білдіреді, яғни төлемді аяқтау, төлену деген мағыны береді. Кейінірек бұл термин француздың «finance» сөзінен шыққан түрінде беріліп, кең мағынада ақшалай төлемдер мен мемлекеттің табыстарының, қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық санаттың (категория) бірі болып табылады.
Қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» (Шесть книг о государстве) деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Жан Боденді айтуға болады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты - ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Ал тауар өндірісінің негізі - тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы — ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, мемлекеттің,  аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория). Осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар  мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша—бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Қаржы — бұл шаруашылық, жургізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды удайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін ќанағаттандыруга пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің ќұнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық, заңдардық іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет