Жоспар
Кіріспе
I Қазақстан Республикасының салық жүйесі
1.1 Салық мәні,мазмұны және элементтері
1.2 Жалпы мемлекеттік салықтар
1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салық жүйесі туралы көзқарастар
II Жанама және тікелей салыққа сипаттама
2.1 Тікелей салықтар және жанама салықтар
Қорытынды
Кіріспе
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсат салық жүйесінің мәні мен мазмұнын оқушыларға ашып көрсету,оның қалыптасуы мен дамуы туралы ақпаратты енгізу, аудиттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсету.Яғни осы курстық жұмыста жазылған мәліметтер салықтар жөнінде жалпы мағлұмат береді.
I тарау: Қазақстан Республикасының салық жүйесі
1.1 Салық мәні,мазмұны және элементтері
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
реттеушілік;
фискалдық;
қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
а-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
Қазахстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциалрда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фескалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы категориясының ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.
Қайта болу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз).
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.
Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.
Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық.
Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері мыналар:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.
Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
*Салық көзі – салық салынатын табыс.
*Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
*Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
*Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.
*Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды.
Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.
Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:
уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;
1.2 Жалпы мемлекеттік салықтар
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық.
Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер, коммерциялық емес ұйымдар).
Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінен басқа резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
-кәсіпкерлік қызметінен алынған табысы бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар.
Салық салу объектісі болып, салық салынатын табыс саналады.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық, табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жылдық жиынтық табыс.
Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың күнтүзбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады, оларға:
өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс жанама салықтарсыз;
үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құның инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс;
сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:
- проценттер, берілген кредиттер мен депозиттер үшін төлемдер және процент бойынша басқа да табыстар;
- заңды тұлғаға қатысудан түскен акциялар бойынша алынғанда дивиденттер, сондай-ақ заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлуден түскен табыс,бұған инфляцияны ескере отырып жарғылық қорға қосылған жарналар кірмейді;
- тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты;
- роялти;
- өтелетін шегерістер;
- басқа да табыстар;
- есепті жылы анықталған өткен жылдардағы табыс;
- банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін азйтудан түскен табыстар;
Резидент емес заңды тұлғаның табыс мөлшерінің мынадай ерекшелігі бар:
-Резидент емес заңды тұлғаның барлық қызметінен жалпы түсімдегі Қазақстан Республикасындағы өткізілген өнімнен алынатын жалпы түсімнің үлес салмағы;
-Резидент емес заңды тұлға шығысының сомасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметке байланысты шығындардың үлес салмағы.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынған табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады.
Резидент – Қазақстанда салық жылы басталатын немесе салатын кез келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетел Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде төлеуші жеке тұлға.Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезіңнің алдындағы кезең үшін резидент ретінде қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы аяқталған жылдан кейінгі жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.
Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысы резидентінің қандай көздерден алынғанына қарамастан Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан сырт жерде алған табыстарынан құралады.
Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысына оның Қазақстан Республикасында немесе одан сырт жерде алынғанына қарамастан Қазақстандағы көздерден алынған табыстары кіреді.
Кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан немесе негізгі жұмыс орнынан басқа жерде кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалардан ақшалай немесе заттай нысанда табыс алушы жеке тұлғалардың табысы айлық есептік көрсеткіштің белгіленген мөлшердегі сомасына азайтылмайды.
Тұрақты мекемемен байланысты емес бейрезидент жеке тұлғалардың Қазақстандағы көздерден алынған табыстардан жоғарыда көрсетілген шегерістерге құқығы жоқ.
Жеке тұлғаның салық салынатын табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
10еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
|
Салық салынатын табыс сомасының 5 проценті
|
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 20 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
|
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 10 проценті
|
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 30еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
|
20 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 15 проценті
|
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
|
30 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 20 проценті
|
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 50 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
|
40 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 30 проценті
|
50 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан жоғары
|
50 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін соманың 40 проценті
|
1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салық жүйесі туралы көз қарастар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары: А. Базарбаева
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің мекен – жайына аумақтық салық органдары жіберген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға салық төлеушілерден шағымдар түсуде. Бұл ретте Салық кодексінде салық актісі бойынша хабарламаларға жасаған салық төлеушілердің шағымдарын уәкілетті мемлекеттік органның қарауы көзделген.
Сондай – ақ аумақтық салық комитеттерінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасы туралы хабарламалар жіберген жағдайлар болды.
Соған байланысты мынадай түсініктеме жасаймыз.
Салық кодексінің 517 – бабында салық бақылауының нысандары салық тексерістері түрінде де, сондай – ақ камералдық бақылау түрінде де көзделген.
Салық кодексінің 18 – бөлімінің ережелерінде есептелген салықтар, өсімдер мен айыппұлдар сомаларына қатысты Салық тексерістері актілері бойынша хабарламаларға салық төлеушілер шығымдарын қарау тәртібі айқындалған.
Айтылғандарға байланысты, алдағы уақытта хабарламалардың дұрыс ресімделмеуіне және мұндай шағымдардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне түсуіне жол бермеу үшін облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттеріне және № 1 Аймақаралық салық комитетіне осы түсініктемені төменгі тұрған аумақтық салық комитеттері мен салық төлеушілерге жеткізу тапсырылады.
Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер : А.Д. Байдүйсенов
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Баршамызға белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқаумызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі қажет : мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Үкімет басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұндайды экспорттау тек салық түрінде ғана мемлекеттік бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары шамасындағы қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерін құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында орын алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттардың мөлшерін қандай болар екен ?
Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.
Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер енгізу аса қажет. Кіріс министірінің атап өткеніндей, жаңадан қабылданған салық кодексінде айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, демек, жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкін. әрине енгізілетін өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы қажет. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш – бес жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт болып табылады.
Тұрақсыз экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді жағдайында бұл өте қиынға соғады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға соғады, ал олардан түсетін экономикалық тиімділік айтарлықтай болары анық.
II тарау: Жанама және тікелей салықтарға сипаттама.
2.1 Тікелей салықтар және жанама салықтар
Салықтардың анықтамасы; мәні және мазмұны жоғарыда айтылған болатын. Оған тоқталмай, енді салқтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
1) салық салу объектісіне байланысты;
2) қолданылуына қарай;
3) салық салу органына байланысты;
4) экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
мүлік салығы;
жер салығы;
бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы)болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы)салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы)нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материялдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судъялар табыс етеді.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық соммасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық;
2) есептеу әдісі;
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оның Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың,салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
1. корпорациялық табыс салығы.
2. жеке табыс салығы.
3. қосылған құн салығы.
4. акциздер.
5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлімдері.
6. әлеуметтік салық.
7. жер салығы.
8. көлік құралына салынатын салық.
9. мүлікке салынатын салық.
2. Алымдар:
1. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2. жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 3. жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4.радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
8. дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені алым үшін.
9. автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10.аукциондардан алынатын алым.
11.елтаңбалық алым.
12.жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым.
13.телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радио жиелік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақы.
3. қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлемақы.
4. жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4. Мемлекеттік баж.
5. Кеден төлемдері:
1. кеден бажы.
2. кеден алымдары.
3. төлемақы.
4. алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комиттеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық» және «салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда-бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде-экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу)процесі.
Жанама салықтар – жоғарыда атап өткендей, баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздердің, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с.
Алайда тұтынуға салынатын салық өсуінің кемшіліктері де бар, бұл кемшіліктерге олардың инфляциялық және регресифтік сипатын жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға өсетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да өсетін болса, онда бұл салықтардан түсетін түсімдер бағаның өсуімен көбейтетін болады. Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік береді. Бюджет жүйесіне инфляцияға қарсы автоматты механизм кіріктірілетін болды.
Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатының есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында,тұралаушылықты - өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметтік қолдануды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік процестегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы еңгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объектісі материялдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.
Демек, бұл салықтың ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім – ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілдердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. 2001 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 21,8 % құрайды.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшін есептелген ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғыда салық бойынша есепке алу механизмі көрінісін табады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС-тың салық салу объектілері болып есептеледі. ҚҚС-тың төлеушінің тауарларды (жұмыстар, қызметтер көрсетуді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды. Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер көрсетудің) құны қандай бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті,Қазақстан аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады.Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны, сондай- ақ қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер соммалары қосылады.
Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кеден төлемдері - әкелем, әкеттілім, сондай – ақ транзит тауарларынан, заттары мен қызметтер көрсетуден, өндіріліп алынатын баждар мен алымдар болып табылады.
Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілетін қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Қорытынды
Осы жазылған курстық жұмысымды қорытындылай келе , мынадай мәселелерге көңіл бөлінгенін айтуға болады .
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Ұйымдық-құқықтық жағынан алғанда салықтар – бұл заңмен алдын-ала анықталған, белгілі бір көлемде және белгіленген мерзімде қажет қорына түсетін міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым- қатынастарымен анықталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні , олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Осы жоғарыда келтірілген мәселелер курстық жұмыстың толықтай мазмұнын ашады және ол болашақ білікті мамандар үшін өз пайдасын тигізеді . Бірақ та бұл жұмыста келтірілген деректер салық жүйесін бастағысы келген адамға аз болады ,салықтың әлі де мазмұнын ашатын мәселелері толықтай қарастыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мелников В.Д., Ильясов К.К. «Финансы».- Алматы 2001.
2. Мелников В.Д., Ильясов К.К. «Финансы».- Алматы 2001: Қаржы-қаражат,1997.
3. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. «Қаржы теориясы»Оқу құралы-Алматы: Мерей,2001
4. Есенғалиев В.А.,Хайруллина.Орал 2002
5.Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)Қазақстан
6. Егемен Қазақстан 1999-18 мамыр
7. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 20
8. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 23
9. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 24
10. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 14
11. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 3-4
12. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 17
13. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 9
14. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 11
15. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 49
16. Салық кодексі. Юрист,2001-2002
Достарыңызбен бөлісу: |