1 Модуль. Жалпы қаржы теориясына кіріспе тақырып қаржының негіздері негізгі ұғымдар


-кесте. Қаржылық ресурстардың құрамы



бет6/9
Дата02.10.2023
өлшемі50,71 Kb.
#183369
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1. ҚАРЖЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1-кесте. Қаржылық ресурстардың құрамы

ЖАЛПЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨНІМ

С

V

m

Материалдық шығындар

Қажетті өнім

Қосымша өнім

ӨЗІНДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР)

Амортизациялық аударымдар

Айналым қаражаттары

Материалдық шығындар құрамындағы төлемдер

Ұлттық табыс

Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық)

Таза табыс (пайда)

Халықтан алынатын салыктар

Жанама салықтар (ҚҚС, акциздар, басқалары)

Қарыздар

Ерікті жарналар

Табиғат ресурстары үшін төлемдер

Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер

Баждар, лицензиялар үшін төлемдер, тіркеу алымдары

Табиғатты қорғау қорларына төленетін төлемдер




Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түскен түсімдер




Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (инвестициялар, қарыздар, трансферттер, гранттар)



Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы ендірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:

  1. Мемлекетгік күрделі жұмсалымдар (бұл әдіс экономиқаны
    жандандыру, өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдаланылады);

  2. Мемлекеттік көтере сатып алу (оның көмегімен жиынтық
    сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақтылы өтуіне
    мүмкіндік туғызады);

  3. Субсидиялар (өтеусіз берілетін қаражаттар). Олардың мына­дай түрлері болады: демеуқаржы (залалдарды, берешектерді, мысалы, жалақы жөніндегі, жабуға пайдаланылатын субсидиялардың түрі); субвенциялар (мақсаты шығындарға жұмсалатын субсидиялардың түрі); экспорттық сыйлықтар (экспортталатын тауардың бағасын төмендету үшін пайдаланылатьш субсидиялардың түрі). Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.

Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.
Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары бо­лады: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету; өндірісті қысқарту; тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқарту; материал сиымдылығын қысқарту; меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.
Мемлекеттің қаржылық ресурстары көлемінің динамикасы мен құрылымының үрдістері рыноктық қатынастарға көшу бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуге интенсивті факторлармен шарттастырылған көздердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет