Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түскен түсімдер
Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (инвестициялар, қарыздар, трансферттер, гранттар)
Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Орталықтандырылған қаржы ресурстарыбюджет және макродеңгейдегі ұдайы ендірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:
Мемлекетгік күрделі жұмсалымдар (бұл әдіс экономиқаны
жандандыру, өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдаланылады);
Мемлекеттік көтере сатып алу (оның көмегімен жиынтық
сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақтылы өтуіне
мүмкіндік туғызады);
Субсидиялар (өтеусіз берілетін қаражаттар). Олардың мынадай түрлері болады: демеуқаржы (залалдарды, берешектерді, мысалы, жалақы жөніндегі, жабуға пайдаланылатын субсидиялардың түрі); субвенциялар (мақсаты шығындарға жұмсалатын субсидиялардың түрі); экспорттық сыйлықтар (экспортталатын тауардың бағасын төмендету үшін пайдаланылатьш субсидиялардың түрі). Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстарышаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.
Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары болады: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету; өндірісті қысқарту; тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқарту; материал сиымдылығын қысқарту; меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.
Мемлекеттің қаржылық ресурстары көлемінің динамикасы мен құрылымының үрдістері рыноктық қатынастарға көшу бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуге интенсивті факторлармен шарттастырылған көздердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.