Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демокротизмнің үйлесу қағидаты.Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағида жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғары қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындалады.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау қағидаты.Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағиданың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесінің құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымның ұлттық мемлекеттік және әкімшілік аймақтық құрылымына сай келеді.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидалары. Орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттары мен алдын ала айқындалып отырады. Қаржының барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өз ара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отырады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялдық арналымының қағидасы.Қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан ары тездетуге қаржы жүйесінің ықпал етуін күшейту, жинақтық ұлттық табыстың, қаржылық ресурстардың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, қоғамдық өндірістің барлық буындарында шаруашылық коммерциялық есептерді нығайту болып табылады.
Талқылауға арналған сұрақтары 1. Ақшаның пайда болу себебі неде:
2. Ақша дегеніміз не:
3. Қағаз ақшалардың шығуына не себеп болды:
4. Ақшаның атқаратын функцияларын атаңыз?
5. Ақша айналысы дегеніміз не?
6. Қаржы дегеніміз не?
7. Қаржының атқаратын функциялары?
8. Қаржы жүйесі дегеніміз не?
9. Қаржы жүйесінің сфералары?
10. Қаржы ресурстары мен қаржы қорлары