1 Модуль. Жалпы қаржы теориясына кіріспе тақырып қаржының негіздері негізгі ұғымдар



бет3/9
Дата02.10.2023
өлшемі50,71 Kb.
#183369
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1. ҚАРЖЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1.2 Қаржының функциялары және ролі

Қаржының мәні оларды функцияларында айқын байқалады. Функция дегеніміздің өзі қаржының атқаратын жұмысы. Бүгінгі таңда шет елдерде қаржылардың функцияларының саны мен мазмұны бойынша көптеген пікірлер туындауда.


Қаржының мәні, іс-әрекет ететін механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржы екі функция орындалады: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), со­нымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекетак мүлікті сату операцияларын шығарып тастағаңда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нєтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне үшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, єлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, өлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:
қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жүмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржылық, бақылауда — жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жүмсауға бақылау жасауда көрінеді.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді біддіретін қаржы аппараты болып та­былады. Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді.
қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол көсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет