Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық санат (категория), яғни өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақшалай қорлар түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастардың тұрақты иелері болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржылық ресурстары болып табылады.
Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары — бұл жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу үрдісінде жасалынатын экономикалық субъектілердің және мемлекеттің қаржылық әдістердің көмегімен құратын ақшалай қорланымдарымен ақшалай қорлары.
Қаржы ресурстарында негізгі құндық элементтері: таза табыс (пайда), қосылған құнға салығы, ақциздер, кедендік төлемдер, әлеуметтік мұқтаждарға төленетін жарналар, қоғамдық мүдделерге және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар.
Қаржы қорлары(қорланым, босалқы қор) — қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері.
Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының кездерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді.
Екіншіден,қаржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы "байланған" қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.
"Қаржы ресурстары" ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
1. Шаруашылық жүргізу практикасында "қаржы ресурстарының" ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезендегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдардың алғашқы және қайта болудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржылық ресурстары болып саналады.
2. Егер жиынтық онімнің (c+v+m) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның белінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді.
Қаржы ресурстарының көздері қоғамдық өнім құнының барлық үш элементі: "с", "v", "m ", болып табылады (1.1 сызбаны қараңыз), бірақ олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі әртүрлі. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, "С" элементін көбейту ұшін қосымша ресурстар тарту керек. "V" элементі қызметкерлердің жеке (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін); сақтық төлемдері (сыйақылар); басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т.б сияқты). "m" элементі табыс (пайда), өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылады.