1.1.3 Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.
Баға - жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді.
Қаржыеңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық белудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы телеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды.
Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен ќызметтерге ақы тµлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік әдіспен — банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.
Жалақы көмегімен v толық және т ішінара белінеді. Қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы — салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды.
Қоғамдық өнім құнын белуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасына жатады. Қаржы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.
Кредиттің көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың (үй шаруашылығының) арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында көптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі бөлгі өндірістік қорлардың (капиталдардың) толық айналымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады.