1.1.1 Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы.
Орталық Европадағы алғашқы буржуазиялық төңкерістің нәтижесінде мемлекет басшысының қазынадан айыру үрдісі орын алды. Осының нәтижесінде жалпы мемлекеттік ақша қорлары – бюджет қалыптасты. Мемлекеттік бюджеттік қалыптасуы мен дамуы жүйелі сипатта орын алып, мемлекеттік кірістер мен шығыстардың жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің кірістері заттай түрдегі еңбек өнімдерінен емес, ақшалай нысандағы салықтардан құрала бастады.
Қаржы бұл тарихи санатты сипаттайды. Олар мемлекеттің қалыптасуынан бастап, қоғамда сыныптарға бөліну қалыптасқан уақыттан бері орын алып келеді. Капиталистік құрылымға дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы - ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды. Қаржылық қатынастар ХХ ғасырда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін кең дами бастады. Барлық мемлекеттерде ұлттық табыстың көп бөлігін мемлекет иелігінде пайдалану жүзеге асырылды. Ақшалай қаражаттардың ірі көлемін иелене отырып, мемлекет ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісіне өз әсерін тигізе бастады. Осы уақытта әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысы кең ауқымда дами түсті. Дамыған шет мемлекеттерде ұйымның акционерлік қоғам нысанындағы түрі кең етек жайды. Оған акцияны шығарудың капиталды жинақтаудың түрі ретінде қолданылуы өз әсерін тигізді.
Қаржының дамуын екі негізгі кезеңге бөліп көрсетуге болады:
1 кезең – Қаржының жетілмеген нысаны. Капиталистік құрылымға дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды. Қаржылар өндірістен тыс сипатта орын алды. Осы кезеңде шығындар негізінен тек қорғаныс саласына жұмсалынды
2 кезең – Қаржының жетілген нысаны. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |