Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?!
Жолбарыспын, қайратыма кім тұрар?!
Көкте – күнмін, жерде – желмінгулеген
Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?!
2. Ақын метафораны (ауыстыру) шебер қолдана білген. Екі нәрсенің бір-біріне ұқсастығына қарай бір-бірімен ауыстырып айту арқылы мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейтеді. Сөзіміз дәлелді болсын:
...Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей
Жұлдызды – жүзік, айды – алқа ғып берейін...