1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


С витамині, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата31.10.2022
өлшемі1,21 Mb.
#155920
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Химмм

83. С витамині, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік 
қажеттілігі, табиғатта таралуы. 
С витамині, аскорбин қышқылы, антискорбутты немесе цингаға 
қарсы витамин. 


Құрылысы/хим.табиғаты
: С витаминінің құрылысы глюкозаға 
ұқсас - гамма-лактон (гексозаның туындысы) болып табылады. 
Оның молекуласында 2 ассимметриялық көміртек атомы (4С, 5С) 
және 4 оптикалык изомер бар. L-аскорбин қышқылы ғана 
биологиялық активтілікке ие. Аскорбин қышқылы 
дегидроаскорбин қышқылымен редокс-жұп тузеді. 
Биологиялық әсері
: Аскорбин қышқылы келесі процестерге 
қатысады: 1) триптофанды 5-гидрокситриптофанға 
гидроксилдейді 2 ) холестериннен бүйрек үстi безінің 
гормондарының синтезінде стероидтарды гидроксилдеуге 
қатысады 3) фенилаланиннің тирозинге, тирозиннің 
диоксифенилаланинге, диоксифенилаланиннің норадреналинге 
айналуын катализдейді 4) фоль қышқылының ТГФҚ айналуын; 5) 
коллаген синтезінде пролин мен лизиннің гидроксилденуіне 
қатысады; 6 ) ішекте аскорбин қышқылы Fe3 -тi Ее2+-ке 
тотықсыздандырады, оның сіңірілуіне жағдай жасап, 
ферритиннен темірдің босауын тездетеді 7) С витамині 
жасушаішілік антиоксиданттық қорғаныс жүйесінде басты орын 
алады, ол жасушаішілік антиоксидант болып табылады. 8 ) С 
витамині цитохром Р450 оксигеназды жүйесі жузеге асыратын 
токсиндердің, антибиотиктердің және т.б. бөгде заттардьң 
залалсыздануына қатысады. 9) аскорбин қышқылы қатерлі ісіктің 
алдын алады (асқазан ішек ауруларында). 10) Тыныс алу 
тізбегінде цитохром с үшін электрондардың доноры 11) Көп 
мөлшерде бактерицидтік активтілікті және нейтрофилдердің 
миграциясын стимулдейді 12) Ig А жэне Ig М антиденелерінің 
түзілуін күшейтеі 13) Интерферондардың түзілуін және бөлінуін 
күшейтеді. 
Авитаминозы: 
С витамині жетіспегенде тез шаршау, асқа 
тәбеттің төмендеуі, жұқпалы ауруға төзімділіктің төмендеуі, 
теріде көгерген (қанталау) аймактар пайда болады. Қызыл иек 
канауы - С витаминінің гиповитаминозының асқынған бейнесi, С 
витаминінің мүлдем болмауы цинга (скорбут) ауруына 
шалдықтырады. Цинганыц негізгі симптомы капиллярлардың 
өткізгіштігінің. Сонымен қатар гиповитаминоздың клиникалық 
көріністepi: кызыл иектің қанауы, тістердің босауы, 
байламдардың iciнуі, сүйектің зақымдануы, терінің солғын 
тартуы, жараның жазылуының кешігуi. С гиповитаминозы 


кезінде организмнің иммундық қорғаныс реакциялары әлсіреп, 
сәуле, iciк , атеросклероз, диабет жэне т.б. аурулардың 
патогенезң негізінде жатқан бос радикалды тотығу 
реакцияларының кушеюі байқалады.
Тағам көздері
: өсімдік текті тағамдар, әсіресе бұрыш, қара 
қарақат, аскок, балдыркөк, орамжапырак, цитрустар, жабайы 
бүлдірген, итмурын С витаминіне бай. 
Тәуліктік қажеттілігі: 
60-100 мг 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет