Е витамині организмнің иммундық қорғаныстық күшін
нығайтуға кабілетті тиімді иммуномодулятор болып
табылады.
Авитаминозы:
Е витамині жетіспегенде эритроциттердің
гемолизі байқалады, оларда антиоксиданттық қорғаныс
функцияларының активтілігі төмендейді Токоферолдыың
жеткіліксіздігінің симптомдары: бұлшық ет дистрофиясы,
бедеулік, бауыр некрозы, ми бөлімдерінің, әcipece мишықтың
жұмсаруы барлық жасушалар мен субжасушалық
құрылымдардың мембраналарының өткізгішітігінің артуымен,
оларда липидтердің пероксидті тотығуының өнімдерінің
жиналуымен түсіндіріледі. Е витамині гиповитаминозының
алғашкы сатыларында зақымданған тіндерден ферменттердің
(креатинфосфокиназа, аланинаминотрансфераза) қан сары суына
шығуы және қан сары суында липидтерің пероксидті
тотығуының өнімдерінің мөлшерінің көбеюі байқалады.
Тәуліктік қажеттілігі:
20-40 мг
Тағам көздері
: өсімдік майы, салат, орамжапырақ, астық
өнімдерінің ұрықтары, сары май, жұмыртқа сарысы.
Достарыңызбен бөлісу: