1. Нормативтік құжаттармен танысу 4



бет1/7
Дата24.05.2023
өлшемі146,81 Kb.
#177614
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
есеп 20 ПДк1 Жанар1.0922

МАЗМҰНЫ


Кіріспе 1
1.Нормативтік құжаттармен танысу 4
1.1. Аударма теориясының пәні, міндеттері және әдістері 5
2. Орындалған жұмыстардың сипаттамасы 8
2.1. Аудармадағы қателіктердің сипаты және аударманың сапалы шығу ұсыныстары 9
Қорытынды 11
Қосымша А 12
Қосымша Ә 16
Қосымша Б 19
Қосымша В 22
Қосымша Г 26
Қосымша Ғ 30
Қосымша Д 32
Қосымша Е 35
Қосымша Ё 39
Қосымша Ж 42
Қосымша З 45
Қосымша И 48
Қосымша Й 50
Қосымша К 53
Қосымша Қ 57
Қосымша Л 60
Қосымша М 65
Қосымша Н 69
Қосымша Ң 73
Қосымша О 81




Кіріспе


Осы оқу-технологиялық өндірістік практиканың жұмыс оқу бағдарламасы 0512000 "Аударма ісі"мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында орта буын мамандарының практикалық оқудан өту үшін құрастырылған.
Өндірістік оқу-технологиялық практикумның мақсаты теориялық және практикалық оқыту процесінде алынған білімді, білік пен дағдыларды бекіту, тереңдету және жүйелеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешіледі: еңбек қызметіне тарту және ақпараттық құзыреттілік, коммуникативті құзыреттілік сияқты негізгі құзыреттерді анықтау; аударма қызметінің оқу-теориялық негіздерінің дағдыларын дамыту; әрекетке, ынтымақтастыққа, шығармашылық белсенділікке қабілеттілік пен дайындықты дамыту; жетілдіру қажеттілігін, шығармашылық жұмысқа құндылық көзқарасын дамыту; интеллектуалдық, рухани, кәсіби өзін-өзі дамытуға, жаңа құзыреттер мен оларды жүзеге асыру әдістерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеруге, оқытудың жаңа озық технологиялары мен бағалау рәсімдерін меңгеруге бағытталған өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігін дамыту; бір тілдегі мәтінді екінші тілдегі мәтінге түрлендіру, яғни аударма трансформацияларын қолдана отырып, аударылатын тілдік тұтастықтың барлық аспектілерін ескере отырып, мәтінді түрлендіру; қиындап бара жатқан түпнұсқа мәтіндерді практикалық аударуға жаттығу; әртүрлі жанрлар мен стильдегі мәтіндерді аударуға байланысты лексикалық, грамматикалық және стилистикалық қиындықтардың жиынтығын жеңу арқылы алған білімдерін пайдалану; аударманың өзіне тән белгілерін ажырата білу; барлық аударма түрлендірулерін қолдану, аударма мәтіні бастапқы мәтіндегі барлық ақпаратты мүмкіндігінше жеткізу үшін олардың логикалық қолдану себептерін білу; аударма тілінің нормаларын сақтау; аударма мәтіндегі белгілі бір сөздің мағынасын толық беру үшін сөздердің дұрыс таңдалуын сақтау.
Оқу-технологиялық тәжірибе барысында студенттер келесі құзыреттерді меңгеруі қажет:
Білімдер: аудармашы мамандығының әлеуметтік мәнін; аудармашының кәсіби құзыреттілігінің түрлері; шетелдік серіктестермен кездесулерді, келіссөздерді ұйымдастыру ерекшеліктері; рухани құндылықтар мен нормалар; әртүрлі ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралдары; ақпаратты өңдеу, сақтау және пайдалану тәсілдері, интернетпен, электрондық поштамен, АКТ-мен жұмыс істеу; аударма қызметі үшін заманауи ақпараттық ресурстардың тізбесі; ақпаратты жинау, талдау және жүйелеу әдістері; әртүрлі қарым-қатынас жағдаяттарында оқытылатын шет тілінде салыстырмалы толық (жалпы мағыналы) мәлімдемелер.
Икемділік: тілдік материалды зерттеу әдістерін қолдану; басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнату; нақты өмірлік жағдайларда өз мәселелерін шешу үшін ағылшын тілінде диалогтық және монологтық сөйлеуді сауатты қолдану; қарым-қатынас тақырыбына сәйкес қажетті ақпаратты таңдау; курс аясында ұсынылатын тақырыптар бойынша когнитивтік сипаттағы аутентикалық аудио немесе бейне мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну, олардан қажетті ақпаратты таңдап алу; жеке және іскерлік сипаттағы хатта құбылыстарды, оқиғаларды сипаттау, фактілерді көрсету; әртүрлі үлгідегі сауалнамаларды, есеп құжаттарын толтыру, оқытылатын тілдің елінде/елдерінде қабылданған нысанда өзіңіз туралы есеп беру ақпараты; кәсіптік және күнделікті хат алмасуда қолданылатын сөз тіркестерін-клишелерді жазуда қолдана білу.
Дағдылар: ағылшын тілінде әңгімелесу; ағылшын тілінде коммуникативті дағдыларды дамыту; коммуникативтік мәселелерді шешуге барабар ағылшын тілінің стильдері мен жанрларын таңдау және пайдалану; аударма бойынша ақпаратты таңдау, жүйелеу, талдау; өзін-өзі жоспарлау; заманауи АКТ пайдалана отырып, аударма қызметі үшін ақпаратты талдау, таңдау; аударма қызметі үшін ЭМЖ пайдалану; коммуникативтік тапсырмаға байланысты оқудың негізгі түрлерін (кіріспе, оқу, қарау/іздеу) пайдалана отырып, әртүрлі стильдегі (публицистика, көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік және техникалық) түпнұсқалық мәтіндерді оқу.
Мен Жунусова Жанар Сериковна 01.09 – 05.10.2022 ж.ж аралығында 3 курстағы аударма іс тәжірибемді Шығыс Қазақстан Облысы, Өскемен қаласында орналасқан ЖШС «Строй Бизнес Партнер» мекемесінде өттім.
Аудармашы ісін тиянақты түрде жұмыс істеуге және өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы аудармашы мамандығына деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді аударма іс тәжірибесі кезінде барынша дамытуға тырыстым.
Аудармашы жұмысымен таныстым және болашақ аудармашы ретінде мекеменің материалдық-техникалық базасымен, мекеме ұжымымен және де аудармашының міндеттерімен, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, міндеттер және құқықтармен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де мәтіндердің деңгейін ескере отырып, аудармашы жұмысының ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Мәтіндердің деңгейіне байланысты анализ жасаумен де айналыстым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет