Педагогика (каз.) - 2 вариант
1-нұсқа.
1. Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі:
А) Ғылыми дүниетаным. В) Білім беру мазмұны. С) Әлеуметтік тәжіриебе.
Д) Оқыту нәтижесі. Е) Ғылымдар жүйесі.
2. Дүниетаным:
А) Шындықты ұғыну. В) Басқа адамды түсіну әдістері. С) Адам санасының ерекше айрықша формасы.
Д) Адамдар қарым-қатынасын түсіну. Е) Өзіндік позициясын таңдау.
3. Оқыту пәнінің мазмұнын ашатын, тақырыптардың кезектестігін, оларды игеруге бөлінген уақыттарды және оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын құжат:
А) Оқу құралы. В) Оқыту бағдарламасы. С) Мемлекеттік стандарт. Д) Оқулық. Е) Оқыту жоспары.
4. Адамгершілік мазмұнды нақты фактілер мен оқиғаларды жарқын, эмоционалды баяндау:
А) Түсіндіру. В) Этикалық әңгіме. С) Талап қою. Д) Жаттығу. Е) Әңгіме-кеңес.
Достарыңызбен бөлісу: |