4. Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам:
А) «епті адам» В) «қытай адамы» С) «саналы адам» D) «үңгір адамы»
Е) «тік жүретін адам».
5. Солтүстік Қытайда табылған «тік жүретін адам»:
А) неандертальдық В) питекантроп С) синантроп D) кроманьондық
Е) епті адам.
6. Жер бетіндегі алғашқы адам қаңқалары табылған жер:
А)Еуропа В) Азия С) Африка D) Америка Е) Аустралия.
ІІ. 7. 8 нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңда. Мезолитке қатысты деректерді тап:
А. Үңгірлерді паналады.
В. Микролиттер жасады.
С. Мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын-табын болып жүретін аңдар жойылды.
D. Ірі жануарлар сүйегінен баспаналар салды.
E. Баспана көлемі 40-60 шаршы метр болатын.
Ғ. Мұз басу дәуірі.
G. Адам отты өзі жағуды үйренді..
H. «Саналы адам».
А) А,D,Е В) В,С,Е С) С,Е,G D) D,F,H E) A,D,H.
8.Хронологиялық ретпен орналыстыр:
1. Мұз дәуірі аяқталды.
2. Мустье кезеңі.
3. Ежелгі адамдардың тас құралдарының ең көнесі жасалды.
А) 1,3,2 В) 1,2,3 С) 2,1,3 D) 3,1,2 Е) 3,2,1.
9. Сәйкестеңдіру: Мезолит адамдарының кәсібі.
1. Аңшылық
|
A. Гарпунды пайдаланды.
|
B. Тұрғындар бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді.
|
C. Мұздық ерігеннен кейін су мол болды.
|
2. Балық аулау
|
D. Алғашқы қайық түрлері жасалынды.
|
E. Адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды.
|
F. Жеке жүретін бұғы, қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды.
|
А) 1- В,Е,F; 2- А,С,D.
В) 1- A,E,D; 2- B,F,C.
С) 1- A,D,F; 2- B,С,E.
D) 1- B,F,D; 2- С,E,A.
Е) 1- B,С,D; 2- A,E,F.
Достарыңызбен бөлісу: |